Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы


Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері



жүктеу 1,45 Mb.
бет3/17
Дата06.01.2020
өлшемі1,45 Mb.
#25953
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері

млн. теңге



Сала атауы

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

НКИ 2017 жыл 2016 жылға, % -пен

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы

Өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде

107 057,7

126 646,9

161 650,0

102,9

100

мұнай өнімдерінің өндірісі

11 040,0

11 694,7

24 096,5

126,0

14,9

машина жасау

23 970,6

35 594,0

38 011,0

84,0

23,5

металлургия

7 368,2

9 636,5

11 844,9

110,9

7,3

құрылыс материалдары өндірісі

10 234,8

9 552,5

12 478,8

93,3

7,7

тамақ өнімдері өндірісі

38 325,4

42 872,8

49 316,2

109,6

30,5

жеңіл өнеркәсіп

1 065,0

1 032,8

1011,2

95,3

0,6


Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

Облыс мұнай өнімдерін қайта өңдеуге маманданған Қазақстанның төрт аймағының бірі болып табылады. Мұнай мен газды қайта өңдеу үшін Қарашығанақ қайта өңдеу кешені, газойль, мазут және жанармай өндіруге маманданған шағын тоннажды қондырғы сияқты қуаттылықтар бар. Жекелеген көмірсутегі фракциялары қондырғыларын күкіртті сутегі мен меркаптаннан тазалау мақсатында жаңғырту жұмыстары жүргізілді, бұл тауардың коммерциялық құнын арттырып, өндірістік қауіпсіздігін күшейтті.

Негізгі өнім түрлері: ауыр дистиллятты сұйық отын, газойль фракциясы, мұнайды айырып шығару қалдықтары.

Мұнай өнімдерін қайта өңдеудің өндіріс көлемі 2015 жылы 11,0 млрд. теңгеден 2017 жылы 24,1 млрд. теңгеге дейін өсті. 2016 жылы «Конденсат» АҚ қуаттылығы жылына 600 тонна экологиялық дәрежесі К5 мотор отынының өндірісін іске қосты. 2017 жылдың сәуірінде вакуумды айырып шығару секциясы іске қосылды, бұл максималды таза мұнай өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 2017 жылы көмірсутек шикізатын жылына 600-ден 850 мың тоннаға дейін мұнай өңдеу зауытының қуатын арттыру бойынша жобасын іске асыру жұмысы аяқталды, дизель отынын сументазалау бойынша секция құрылысы жүргізілуде. Жалпы аталған жобаларды іске асыруға кәсіпорынмен 51 млрд. теңге (155 млн. доллар) шамасында инвестициялар бағыттайды.

2011 жылдан бастап КПО б.в. компаниясының "Конденсат" АҚ-ға тұрақсыз конденсатты жеткізуді тоқтатуы саладағы проблемалық мәселе болып табылады. "Конденсат" АҚ негізгі шикізаттың көлемін РФ-нан сатып алды. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап дайын өнімнің құны 200 АҚШ долл. құрағанда, шикізаттың құны бір тоннаға 230 АҚШ долл. дейін өсті.

К5 экологиялық сынып бензинінің өндірісі жобалық қуаттылыққа шығуымен саланың даму серпінінің тұрақтануы күтілуде.



Машина жасау

Облыста орналасқан машина жасау кешенінің мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, энергетикалық машина жасау, кеме жасау, прибор жасау сияқты басым бағыттар бойынша салаларды дамытуға арналған әлеуетінің маңыздылығы зор.

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «Омега» прибор құру зауыты» АҚ, «Оралагрореммаш» АҚ, «Орал механикалық зауыты» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС және т.б.

2017 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласының кәсіпорындары сомасы 38,0 млрд. теңгеге өнім өндірді, ал 2015 жылы – 24,0 млрд.теңгеге.

2017 жылы машина жасау саласында еңбек өнімділігі 2016 жылмен салыстырғанда 11,5%-ке артты және 6,8 мың АҚШ доллары/ адамға құрады.

Қазіргі таңда 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ шеңберінде ұлттық кластерді дамыту бойынша жұмыс басталды. «Мұнайгаз өнеркәсібі үшін машина жасау» Кішікластерді дамыту бойынша жол картасы әзірленіп және жүзеге асырылуда, кішікластерді Басқарушы комитеті құрылды.

Облыста өндіріс өсімін қамтамасыз ету мақсатында жаңа өндіріс түрлерін игеру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Мысалы, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ General Electric компаниясымен бірлесіп газтурбиналарды жөндеу бойынша қызмет көрсету орталығын ашты. Жобаны жүзеге асыру мақсатында General Electric компаниясымен ынтымақтастық жөнінде келісім жасалды, тораптарды және Frame 3/Frame 5 тетіктерін жөндеу үшін жабдықтардың бөлігі сатып алынды, бөлек тораптарды және агрегаттарды жөндеуге құжаттар әзірленді, арнайы әбзел және бөлек тораптар мен агрегаттар жобаланып, дайындалды. Техникалық процесстерді сертификаттау жүргізілді.

«Alageum Electric» компаниялар тобына кіретін «Орал трансформатор зауыты» ЖШС түрік инвесторларымен бірлесіп электротехникалық жабдықтар өндіретін «URAL ELECTRIC» ЖШС кәсіпорны құрылды.

2016 жылы индустрияландыру Картасы аясында «Зенит» Орал зауыты» АҚ су сыйымдылығы 600 тоннаға дейін кемелердің өндіріс жобасы іске асырылды. Болашақта кәсіпорынмен 0310 «Бұлан» жобасының сыйымдылығы шамамен 720 тонна көп функционалды кемені және басқада кемелерді игеру жоспарлануда. Зауытта өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейту үшін резервтер бар, сондай –ақ қорғаныс өнеркәсібі үшін, азаматтық өнімдері үшін.

Машина жасау кәсіпорындарының басты проблемасы кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырыстарға және мұнай-газ компанияларының тапсырыстарына тәуелділігінде, бұлар өз кезегінде әлемдік мұнай бағасымен тікелей байланысты.

Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі

Саланың негізгі кәсіпорындары: «КазТрубпром» ЖШС, «Орал құю-механикалық зауыты» ӨК, «Казармапром» ЖШС.

2017 жылы металлургия өнеркәсібі саласындағы өндіріс көлемі 11,8 млрд. теңге құрады, нақты көлем индексі – 110,9% (2015 ж. – 7,4 млрд. теңге). 2015 жылмен салыстырғанда түрлі диаметрдегі құбырлар, легірленбеген болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісі тиісінше 18,6%-ке және 14,8%-ке көбейді.

«КазТрубпром» ЖШС өнімі мұнай-газ саласына бағытталып, бұрғылау, құрылыс, мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және жөндеу кезінде пайдаланылады. Өнімділігі 60 мың тонна сорғыш-компрессорлық және шегендеу құбырларын құрайды. Кәсіпорын негізгі өнім көлемін сыртқы нарықтарға (РФ) жеткізеді.

Дайын металл бұйымдарын өндіру саласындағы өндіріс көлемі 2017 жылы 22,0%-ке өсіп, 11,6 млрд. теңгені құрады (2015 ж. – 6,4 млрд. теңге). Металл құрамаларының өндірісі 2015 жылдың деңгейіне 30,4%-ке ұлғайды.

«ҚазАрмапром» ЖШС базасында әртүрлі бағытта қолданылатын темір және шойын құйындыларын термиялық өңдеу жөніндегі өндірісті құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Аталмыш жобаны жүзеге асыру сапалы құйындылар үшін технологиялық базаны құруға мүмкіндік береді, олар алдағы уақытта сорғы жабдықтарын, механизмдерді шығару және жөндеу базасын құру үшін пайдаланылатын болады. Қазіргі уақытта кәсіпорынмен темір және шойын құйындыларын термиялық өңдеу жөніндегі өндірісі игерілді. Бұйымдардың эксперименттік түрлері дайындалды.

«Орал құю-механикалық зауыты» ӨК негізінде барлық таңбалы тербелме-станокты дайындау бойынша жоба жүзеге асырылуда, мұнай сорғыларды игеру және жасау жоспарлануда. «Орал құю-механикалық зауыты» ӨК жабдықтар жеткізілді және құрастырылды, тербеткіш станоктарға (редукторлар және т. б.) қосалқы бөлшектер өндірісі игерілді, балқытылатын үлгілер бойынша желі іске қосылды: ОЖЖ сорғыларға жұмыс дөңгелегі. Компания сонымен қатар ортадан тепкіш сорғылар шығара алады. Сондай-ақ өнімді өткізу бойынша проблемалар орын алуда.

Құрылыс материалдарының өндірісі

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ, «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Стекло Сервис» ЖШС, «СВ-плюс» ЖШС, «Алим» ЖШС, «Алтимстройдеталь» ЖШС.

Облыстың құрылыс индустриясын силикатты және керамикалық кірпіш, темірбетон бұйымдары, тауарлы бетон, кеуекбетон, ағаш бұйымдары, құмды-қиыршықтас қоспалары, металл құрастырмалары, сэндвич-панель, профлист, металлжабынқыштар, терезе, есік және т.б. тауарларды өндіретін кәсіпорындар құрайды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарымен 12,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл сала өндірісінің нақты көлем индексі 93,3% құрады. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда тауарлық бетон өндірісі 10,4%-ке артып, 395,2 мың тоннаны құрады, силикатты кірпіш - 10,5%-ке және 176,1 мың тоннаны құрады.

Термотөзімді және көп қабатты оқшаулағыш әйнек өндірісі ұйымдастырылды («Стекло Сервис» ЖШС), керамзит өндірісі жаңғыртылды («Стройкомбинат» ЖШС), қуаттылығы жылына 25 мың текше метр ұяшықты бетон шығаратын зауыт іске қосылды («Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ). Жоба табиғи жолмен кебетін (кебекбетон) неміс технологиясы бойынша дайындалады.

Үй құрылысы комбинаттар қуаттылығы жылына 40 және 50 мың шаршы метр тұрғын үй «Болашақ-Т» ЖШС және «СВ-плюс» ЖШС базасында ірі панельді объектілер құрылысын жүргізуде. Кәсіпорындар «Elimatic» (фин компаниясы), «Elcon» (түрік компаниясы), «Weiler», «Vollert» және MAP (неміс және итальяндық компаниялар) сияқты танымал шетел компаниялардың технологияларын қолданады.



Тамақ өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің барлық өнімінің 30,1% құрайды. Өндіріс көлемі 2015 жылдан 2017 жылға дейін 38,3 млрд. теңгеден 49,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Азық-түлік өнімдерінің нақты көлем индексі 2017 жылы 2016 жылғы деңгейге 109,6% құрады.

Сала кәсіпорындары: «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Попков» ЖШС, «Фирма Родник» ЖШС, «БелесАгро» ЖШС, «Агропродукт LTD» ЖШС, «Казкон» ЖШС, «Свит» ЖШС және т.б.

2017 жылы 2015 жылға қарағанда шұжық өнімдері – 5,7%-ке, ірімшік және сүзбе – 2,8 есеге, нан – 9,8%-ке, сары май 19,9%-ке өсті. Саланың негізін шағын кәсіпкерлік субъектілері құрайды. Өндірістің негізгі проблемасы отандық өндірушілердің тамақ өнімдері импортталатын тауарлармен бәсекеге қабілетсіздігі, әсіресе РФ-дан әкелінетін арзан бағалы тауарлармен.

Индустрияландыру картасы

ІІ-бесжылдық шеңберінде (2015-2019 жж.) тұрақты 1460 тұрақты жұмыс орын құрумен сомасы 88,4 млрд. теңгеге 31 жоба іске асырылуда.

Оның ішінде 2015-2017 жылдары 81,1 млрд. теңгеге 22 жоба жүзеге асырылды, 2782 жұмыс орын, соның ішінде 1131 тұрақты жұмыс орын ашылды. 2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде Карта жобаларының үлесі 14,3% құрады.

8 - кесте



Индустрияландыру картаның жобалары





Жобаның атауы


Жобаны ұсынушы


Жұмыс орындары

Жоба құны, млн.тг

пайдалану кезінде

құрылыс кезінде

1

2

3

4

5

6

2015 жылы іске қосылған инвестициялық жобалар

1

ГТЭС 200 МВт. 100 МВт бірінші іске қосу кешені

"Батыс Пауэр" ЖШС

70

47

17 112,0

2

Сүт өнімдерін шығару цехы

«Жұмағұлова Б.М.» ЖК

3

3

20,0




Барлығы:_____73__50__17_132,0'>Барлығы:




73

50

17 132,0

2016 жылы іске қосылған инвестициялық жобалар

3

К5 экологиялық дәрежесімен мотор жаңар майын өндіру (Аксай қ.)

«Конденсат» АҚ

28

850

45 287,0

4

Бөтелкедегі ауыз су өндіретін кешеннің құрылысы

"Фирма Родник" ЖШС

121

101

350,0

5

Етті қайта өңдеу кешені

«Батыс Нық» ЖШС

22

20

380,9

6


Ұсақ бетондық бұйымдарды шығару бойынша зауыт құрылысы

«Спецстройсервис» ЖШС

25

35

1000,0

7

Бетондық бұйымдарды шығару бойынша зауыты

«Орал Полимер» ЖШС

25

40

210,0

8

Бекіре балықтар және қара уылдырық шығару аквакешенінің құрылысы

«Тәжірибе-өнеркәсіптік аква

өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС



42

29

4 424,0

9

2013-2015 жылдарға арналған құрғақ салмағы 600 тоннаға дейін жаңа класты кемелер өндірісін игеру және ірі габаритті өнімдер шығару

«Зенит» Орал зауыты» АҚ

30

15

288,5

10

Етті өңдеу кешені

«Кублей» ЖШС

45




878,0

11

ІҚМ және ҰҚМ терісін өңдеу цехы

«Пош Руно» ЖШС

84

40

2 250,0

12

Түрлі бағыттағы газ тұтқыш өндірісін ұйымдастыру

«GuzuAlmaty» ЖШС

100

15

859,2




Барлығы:




522

1 145

55 927,6

2017 жылы іске қосылған инвестициялық жобалар

13

Макаров кірпіш зауыты

«Жапбаркулов Ж.К.» ЖК

30

27

130,0

14

Электр қалқандар өндірісі

«Урал Электрик» ЖШС

120

-

500,0

15

Қуаты жылына 6000 тонна құс фабрикасының құрылысы

«Жайық Агро ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

80

4 200,0

16

Макарон фабрикасының құрылысы

«Желаев нан өңдеу комбинаты» АҚ

68

-

1 594,0

17

Асфальт-бетон зауытының құрылысы

«Бірлік» ЖШС

24

35

275,0

18

Құрғақ таңғы ас өндірісін ұйымдастыру

«KAZKON» кондитерлік фабрикасы «Енсепова М.Б.» ЖК

24

-

194,0

19

Аяқ киім тігу фабрикасы

"As&Ar COLLECTION" ЖШС

50

30

376

20

Есік өндірісі

«Евразия Тренд» ЖШС

50

40

200

21

Ағаш-алюминий есіктер мен терезелер өндірісі

"GF LAMMIN" ЖШС

10

4

197,7

22

Сұйық азот өндіретін зауыт

"RT Alliance" ЖШС

10

30

354,3




Барлығы:




536

246

8021

2018 жылы іске қосылатын инвестициялық жобалар

23

Кірпіш өндіру бойынша зауыт құрылысы

«134» ЖШС

70

30

455,2

24

Химиялық өндіріс базасының құрылысы

«Топан» ЖШС

40

90

854,0

25

Сендвич-панельдер өндіру зауыты

"Агран" ЖШС

20

-

800

26

Жануар тектес қалдықтарды өндеу цехы

«Кублей» ЖШС

5

20

551,6

27

Кондитерлік өнімдер шығаратын цехты жаңғырту

«Хасанов» ЖШС

10

4

94,4

28

Бетон араластыру торабы

«Global Procurement» ЖШС

9

8

256

29

Май комбинатын жаңғырту

" Теректі май комбинаты" ЖШС

108

108

857




жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау