Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы
Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында кездесетін басты мәселелерге өндіріс тиімділігінің артуына бөгет болып отырған жабдықтардың жоғары деңгейде тозғандығы (60-70%), тапсырыстың (мемлекеттік тапсырыстарға және мұнай-газ компанияларының тапсырыстарына тәуелділігінде, бұлар өз кезегінде әлемдік мұнай бағасымен тікелей байланысты) және айналым қаражатының жеткіліксіздігі, қолданыстағы өндіріс қуаттылығының толық пайдаланылмауы. өңдеу секторындағы бөлек салалардың бәсекеге қабілеттілік дәрежесінің жетіспеушілігі; өнімнің маусымдылығы (мысалы, құрылыс материалдарының) және ресей нарығындағы жоғары баға бәсекелестігі. Агроөнеркәсіптік кешен Агроөнеркәсіптік кешен азық-түлік қауіпсіздігін және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі облыс экономикасының маңызды секторы болып табылады. Оның негізін ауыл шаруашылық саласы құрайды, онда еңбекке жарамды халықтың үштен астам бөлігі қызмет етеді және жалпы өңірлік өнімнің 3-4%-ін қалыптастырады. Еліміздің ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінде облыстың үлесі 2015 жылы - 3,5%, 2016 жылы - 3,7%, 2017 жылы 3,4% құрады. 9 - кесте Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі млн.теңге
Облыс экономикасындағы ауыл шаруашылығы үлесінің шамалы болғанына қарамастан, облыстың барлық тұрғындарының 23% аграрлық секторда жұмыспен қамтылған. Облыс халқының тең жартысы ауылдық жерлерде тұрады және аграрлық сектордың тиімді дамуы ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі болып табылады. Жыл сайын ауыл шаруашылығы кешенін қаржыландыру ұлғаюда. 2017 жылы АӨК қолдауға республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 10,3 млрд.теңге бөлінді, бұл 2016 жылғы деңгейден 10,7%-ке көп. Мал шаруашылығы Облыстың табиғи-климаттық жағдайы мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы болып табылады және оңтүстік өңірлерде ерекшеліктерінің негізгі факторлары болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында саланы мемлекеттік қолдау шешуші рөл атқарады. Асыл тұқымды мал төлін ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен және сатумен айналысатын 213 субъект жұмыс істейді, асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен 170 қожалық айналысады (39,0 мың бас), 22 шаруашылық қой өсірумен айналысады (21,2 мың бас), 20 - жылқы (9,8 мың бас), 1 шаруашылық түйе өсірумен айналысады (277 бас). Асыл тұқымды ірі қара мал үлес салмағы - 8,1%, қой шаруашылығында – 3,6%, жылқы шаруашылығында – 6%, түйе шаруашылығында 11,3% құрайды. Асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен 170 қожалық айналысады, солардың 133 - қазақтың ақбас тұқымын (31,7 мың бас), 19 - герефорд тұқымын (4,3 мың бас), 9 – абердин-ангус тұқымын (993 бас), 3 - симментал тұқымын (269 бас), 5 - голштин тұқымын (1558 бас), 1 - қызыл далалық тұқымын (104 бас) өсіреді. Облыс бойынша барлығы ауыл шаруашылығымен айналысатын 6149 субъект тіркелген, жұмыс жасайтыны – 5943, соның ішінде 463 ауыл шаруашылық кәсіпорны және 5480 шаруа (фермерлік) қожалығы. 2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда ет өндірісі – 10,5%-ке, сүт – 2,4%-ке, жүн 3,1%-ке өсті. 10 - кесте Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
Облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі өндірушілері халық шаруашылығы болып табылады. 2017 жылы барлық өндірілген өнімнің халық шаруашылығы үлесіне ет өндірісіне 51,7%, сүт 73,4% тиесілі, бұл өндірістің ұсақ тауарлық екені туралы мәлімдейді, бұл осы саланың дамуын тежейтін басты фактор болып табылады. Мал шаруашылығын дамытуға негізгі жұмыс мал басын көбейтуге, өнімділігін және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара малы 542,5 мың басты құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 15,3%-ке, қой мен ешкі – 1155,6 мың бас (2,3%-ке), жылқы – 166,9 мың бас (27,0%-ке), құс – 1378,8 мың бас (63,1%-ке) өсті. 2017 жылы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 1736,5 тонна ІҚМ еті тірі салмақта экспортталды, оның ішінде 799,3 тонна сиыр еті, 937,2 тонна ет өнімдері. Сонымен қатар 505,7 тонна қой еті экспортталды. Облыста 13,4 мың басқа арналған 8 бордақылау алаңы жұмыс жасайды. «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері 6228 шаруа қожалығы 7,7 млрд теңгеге несие алды және 38,9 мың бас аналық мал және 1591 бас тұқымдық бұқа сатып алды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 2,5 млрд.теңгеге 7,7 мың бас сатып алынды. «Алтын асық» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 0,9 млрд.теңгеге 36,0 мың бас ұсақ мал сатып алынды. Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдарды суландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2015-2017 жылдар аралығында шаруа қожалықтары үшін 260 ұңғыма бұрғыланды және пайдалануға берілді. Өсімдік шаруашылығы облыста дәнді, майлы, азықтық дақылдар, картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсірумен ұсынылған. Облыс бойынша өсімдік шаруашылығымен негізінен Бөрлі, Зеленов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының агроқұрылымдары айналысады. Облыста өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша әртараптандыру өткізілуде. Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының 2017 жылы егу алаңы 491,4 мың га құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 0,7%-ке көп. Егістік құрылымында астық алқаптары 250,1 мың га құрайды, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 3,8%-ке аз. Майлы дақылдар 65,4 мың га егілген, бұл 2015 жылғы деңгейден 30,5%-ке көп, соның ішінде күнбағыс – 42,8 мың га (22,3%-ке көп). Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының алаңы 2017 жылы 9,1 мың га құрады (картоп – 3,9 мың га, көкөніс дақылдары - 3,6 мың га және бақша дақылдары – 1,6 мың га) немесе 2015 жылғы деңгейден 21,5%-ке аз (11,6 мың га). Соңғы жылдары мал шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты жемге сұраныс артуда. Мал шаруашылығын жем-шөп базасымен қамтамасыз ету үшін 166,6 мың га алаңында азықтық дақылдар егілді, бұл 2015 жылдың деңгейінен 0,2%-ке көп. 11 - кесте Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары мың га
2017 жылы тамшылатып суару жүйесі 563,2 га алаңында қолданылған, 2015 жылмен салыстырғанда 68,1%-ке өсті (335 га). Маусымаралық кезеңде ерте пісетін көкөністермен ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін облыста жалпы ауданы 54,1 мың ш. м 86 жылыжай бар. Күрт континенттік ауа-райы жағдайлары, яғни жиі қайталанатын құрғақшылық, ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациялық кезеңінде жауын-шашынның болмауы өсімдік шаруашылығы саласы өнімдерін өндіруді кеңейтуін шектейді. 2017 жылы дәнді дақылдар жалпы жиналған өнімі 15,1 ц/га құрады, 368,6 мың тонна астық алынды немесе 2015 жылғы деңгейге 3,9 есеге көп. Майлы дақылдардың жалпы жиналған көлемі 51,9 мың тонна, бұл 2015 жылғы деңгейден 4,4 есеге көп. Картоп және бау-бақша өнімдері өндірісі сәкесінше 15,2%-ке және 3,4%-ке азайды. 12- кесте Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімі мың тонна
Жыл сайын АӨК материалдық-техникалық базасы нығаюда. 2017 жылы облыстың агроқұрылымдарымен 8,4 млрд. теңге кредиттік ресурстар тартылды. Лизингке 1,6 млрд.теңгенің 308 бірлік ауыл шаруашылық техникасы алынды. Облыста 9990 трактор, 49 себу кешені, 1208 комбайн, 400 дестелегіш бар. Қайта өңдеу өнеркәсібі салалары арасында астықты және етті қайта өңдеу жақсы дамуда. Ұн тарту өнеркәсібінде 3 ірі кәсіпорын және 10 диірмен жұмыс істейді, сүт саласында - 7 кәсіпорын, етті өңдеумен 7 кәсіпорын айналысады, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, сақтау және өңдеу бойынша 3 ӘКК құрылды. Орал қаласында және қала маңындағы аймақта (Ақжайық, Зеленов және Теректі аудандары) ірі қайта өңдеу кәсіпорындары шоғырланған. 2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе өндірісі – 7,4 есеге, қалбырдағы балық – 2 есеге, басқа сүт өнімдері – 71,8%-ке, қалбырдағы көкөніс – 38,6%-ке, өңделген сүт және кілегей – 10,0%-ке, нан – 10,1%-ке, кондитер бұйымдары – 8,0%-ке, макарон өнімдері 7,3%-ке ұлғайды. 2015-2017 жылдары 19 инвестициялық жобалар жүзеге асырылды: 4,8 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы, мал сою цехы, вакуумдық орамдағы ірі кесекті және блоктық ет өндіру бойынша ет өңдеу кешені, ірі қара мал мен ұсақ мал өсіру бойынша 3 репродуктор шаруашылығын құру, мал азығын өндіру жобасы, сүт сату және қышқыл сүт өнімдерін өндіру бойынша жоба, бордақылау алаңының құрылысы жобасы, картоп өсіру үшін жабдық пен техниканы сатып алу жобасы, тамшылатып суару жүйесін қолдану бойынша жоба. 2017 жылы өнімдерді қайта өңдеу өндірісінің көлемін арттыру мақсатында 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылды және 159 жаңа жұмыс орны құрылды. «Жайык Агро ЛТД» ЖШС құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 6,2 мың тонна құс етін өндіретін кешен іске қосылды. Жоба толық қуаттылығымен іске қосылғаннан кейін облыс тұрғындарының құс етіне деген қажеттілігін қамтамасыз етеді. «ПОШ Руно» ЖШС жобалық құны 2,2 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 182 мың дана ІҚМ және 624 мың дана ұсақ малдың терісін өңдейтін кәсіпорын іске қосылды. жүктеу 1,45 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |