- Әлеуметтік педагогтің мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалармен жұмысы
- Орындаған: Әлеуметтік педагог Жонисов Ержан
- Аралтөбе - 2016 ж
- «Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Аты-жөні: Жонисов Ержан Мержанович - Аты-жөні: Жонисов Ержан Мержанович
- Туған күні, жылы: 24 .12.1990
- Білімі: жоғары
- М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ, тарих және құқық факультеті
- Мектеп атауы: Жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі
- Еңбек өтілі: 2 жыл, 3 ай
- Баланың мінез-құлқының ауытқуына әр түрлі себептер әсер етеді: отбасындағы жағдай, қоғамдағы өзгеріс, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынас, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар, т.б. Бұндай балалармен жұмыс жүргізу, оларды түзету, қоғамдық ортаға бейімдеу- әлеуметтік педагогтің жұмыстарының бір бағыты.
Қазіргі кезеңдегі мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психикалық ерекшелiктерiн теориялық негіздеу және тәжірибеден өткізіп, ұсыныстар беру . - Қазіргі кезеңдегі мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психикалық ерекшелiктерiн теориялық негіздеу және тәжірибеден өткізіп, ұсыныстар беру .
Егер мінез - құлқында ауытқушылығы бар балалармен психокоррекциялық жұмыстар тиімді және мақсатты түрде жүргізілсе, онда олардың мінез-құлқының өзгеруіне оң ықпал етеді. - Егер мінез - құлқында ауытқушылығы бар балалармен психокоррекциялық жұмыстар тиімді және мақсатты түрде жүргізілсе, онда олардың мінез-құлқының өзгеруіне оң ықпал етеді.
мінез - құлқында ауытқушылығы бар балалардың ерекшеліктері бойынша теориялық білім жүйеленді, «ауытқушы» түсінігі нақтыланды - мінез - құлқында ауытқушылығы бар балалардың ерекшеліктері бойынша теориялық білім жүйеленді, «ауытқушы» түсінігі нақтыланды
- мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың теориялық аспектілері көрсетілді
- мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері жинақталды
- мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың психикалық ерекшеліктері бойынша диагностикалық материалдар ендірілді
- психологиялық қасиеттің төркіні «характер» деген грек сөзінен шыққан. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынаны білдіреді.
- Мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшелік
- Мінез – бұл жеке тұлғаның мәнді қасиеттерінің даралық – өздік бірігіп келуі
- Мінез дегеніміз – адамдардың істеген әрекеттеріне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелігі
- адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы
- Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар.
- Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу.
- Ойлау қызметінің әлсіздігі болады
- Өзін-өзі реттеу жүйесінде «Мендігі» басымырақ болады
- Өзін-өзі бақылай алуы төмен
- Өзгенің әрекетіне сын көзбен қарай алмайды
- Сана сезімінің төмендігі сол әрекетті орындар алдында емес, орындалғаннан кейін байқалады
- Оқушылардың мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторлары
- дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
- жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орындамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;
- енгізу, құндылықтар бағдарламаларының өзгеруі және соның негізінде «нені және қалай оқыту?» мәселесінің туындауы;
- психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;
- ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
- қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар;
- мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі.
- Балалалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторлар
- 1. Қоғамдағы өтіп жатқан үрдістер:
- - қоғамдық құндылықтар иреархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
- заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
- жұмыссыздық (нақтыжәнежасырын);
- экономикалықтұрмысытөменбалалыотбасыларғаәлеуметтіккепілдіктерменжәнемемлекеттікқолдаудыңжоқтығы;
- өскелеңұпақтыңәлеуметтенуініңдәстүрліинституттарыныңкүйреуі мен дағдарысқаұшырауы;
- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;
- Балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы;
- темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.
- 2. Отбасының жағдайы және оның ахуалы:
- толық емес отбасы;
- отбасының материалық жағдайы;
- ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;
- отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);
- ата-аналардың ішімдікті, нашақорлық заттарды пайдалануы;
- ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беру
- 3. Мектепішілік жұмыстың жеткіліксіз ұйымдастырылуы:
- Оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі;
- Мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы;
- Қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және мектептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы;
- Сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырылуы;
- Мектепте балалар ұйымдарының болмауы;
- мұғалімдердің бала және жасерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі;
- «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарының автолитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы;
Өзінің қажетсіздігін және өзінің орны жоқтығын сезінуі - Өзінің қажетсіздігін және өзінің орны жоқтығын сезінуі
- Өзіндік бағасының төмендеуі
- Өз-өзіне сенімсіздік
- Өзін-өзі бақылау мен өзіндік тәртіптің жетсіліксіздігі
- Адекваттық шешім қабылдай алмауы
- Басқаларға өзінің сезімдері мен реакцияларын көрсете алмауы
- Мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушымен әлеуметтік педагогтің жұмыс кезеңдері
- Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде оқушы тәртібінің төмендеу себептерін анықтайды. Баланың жалпы психикасын жан-жақты талдап, адамдармен, оқушылармен қарым-қатынасындағы жақсы қасиеттерін бағдарлауға назар аударады.
- Екінші кезең –әлеуметтік педагогтің сынып алдындағы жауапкершілік кезеңі. Педагог өзінің мағыналы ісімен сынып алдында абыройға ие болғанда ғана қиын жасөспірімдермен екі арада сыйластық, сенімдік қарым-қатынастар орнығады.
- Үшінші кезең – өзгеріс кезеңі. Бұл кезеңде мінезінде ауытқушылығы бар баланың ішкі дүниесінде «күрес» пайда болады. Күреске шыққан екі қарсыластың бірі- бұрынғы теріс қылықтары да, екіншісі – қалыптаса бастаған жаңа, жақсы мінез машықтары. Бұрынғы теріс қылықтары баланы еліктіріп артқа тартса, үздіксіз жүргізілген тәрбие жұмысы оны алға сүйрейді.
Қалыптастырушы эксперименті - Қалыптастырушы эксперименті
-
- өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижелермен салыстырып бағалау
- «Шеңбер бойынша сөз тізбегі»ойыны
- Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы «бақта алмалар түсіп жатыр». Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы, және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды
Бақылау эксперименті - Бақылау эксперименті
- 1-әдістеме. Шмишектің «Мінез акцентуациясын бағалау» тесті
- 2-әдістеме. Оқушыларға тапсырма.
- «Табиғатта жоқ жануар» әдістемесі
- Мінез- құлық ерекшеліктері
| | | | | | | | | | | | - Оқушылардың жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігін зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық:
- 1. Оқушылардың мінез-құлық үйлеспеушілігінің анық байқалатын кезі жеткіншектік жас кезеңі. Оның бірнеше себептері бар. Жеткіншек жасында кездесетін үйлеспеушілік әлеуметтік және психофизиологиялық себептермен байланысты орын алуы мүмкін. 2. Мінез-құлық ауытқуларына себеп болатын факторлар келесі деп анықтадық: - аффективті спектрлар ауытқуының өсуі (психосоматикалық себептер, терең эмоциялар, депревивті жағдайлар);
- - отбасындағы ауыр психологиялық жағдайлар;
- -баланың өзіне және өміріне қанағаттанбауы; - өз құрбыларымен, үлкендермен және өзінен кішілермен қарым-қатынас құруға қиналатындығы;
- -үлгерімі нашарлығы.
- 3. Орта сыныптарда оқитын оқушылардың мінез- құлық ерекшеліктерін, темпераменті мен невротизмінің көрініс беруін Айзенк тесті және Басса-Дарки тестін қолданып зерттеу нәтижесінде жеткіншек жастағылардың басым көпшілігінің мінез-құлқында нормадан ауытқулар анық байқалатыны диагностикаланды.
- мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды мектептің қоғамдық жұмысына көбірек тарту, оларға сенім арту; - - мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды мектептің қоғамдық жұмысына көбірек тарту, оларға сенім арту;
- - балаларды тәрбиелеуде кешенді мақсатты бағдарлама жасау;
- - оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |