Жиіліктік спектрді тиімді пайдалану


Берілгендерді жеткізу каналдарының дамуы



жүктеу 0,62 Mb.
бет10/24
Дата13.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#40605
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
GSM дипл гот

Берілгендерді жеткізу каналдарының дамуы

GSM стандарты 9,6 кбит/с жылдамдықпен берілгендерді жеткізудің мөлдір (ашық, transparent) және мөлдір емес (ашық емес, nontransparent) қызметтерін ұсынады, мұнда қате ықтималдылығы (Bit Error Rate, BER) 10-2 және 10-8 сәйкесті болуы мүмкін. Берілгендерді жеткізу жағдайында сыйымдылықты арттыру, ең бастысы аз сыйымдылықты радиоканалдарды пайдалану эффективтілігін арттырумен сипатталады.


GSM желісінің берілгендер каналының дамуында ең маңыздысы берілгендерді жеткізу жылдамдығын арттыру. 90-жылдардың өзінде жаңа қосымшаларға қойылатын негізгі талаптардың бірі ерілгендерді жеткізудің жоғары жылдамддығын қамтамасыз ету екендігі белгілі болды. Жоғары жылдамдыққа бағытталу қарапайым телефон желілері мен берілгендерді жеткізу желілерінде маңызды орынға шықты. Қарапайым мәтіндк ақпаратты жеткізу үшін GSM желісінің берілгендерді жіберу сервисін пайдалану мүмкіндігі болғанымен, көптеген қызмет түрлері мультимедиялық ақпарат алмасуды қажет етті. Үлкен жылдамдықты қажет ететін ақпаратқа файлдар мен видеолар жатады.
Берілгендерді жеткізу жылдамдығын арттыру: GSM дамуының 2+ этапы көлемінде SМG комитеті жасаған берілгендерді жеткізу жылдамдығын көтерудің бірнеше әдісі бар:

  • берілгендерді комутацияланған каналдар арқылы жіберу (HSCSD),

  • берілгендерді пакеттік жіберу (GPRS),

  • мобильді эволюцияға арналған берілгендерді жіберудің жоғарғы жылдамдығы (EDGE-Enhanced Data Rates for Globаl Evolution) - UMTS-ке көшудегі соңғы сатысы.

Үш әдісте де бір пайдаланушы берілгендерді жіберу үшін сегіз толық жылдамдықты уақытша слоттарды (барлық слоттар TDMA кадрына қарасты) бөлу мүмкіндігіне негізделген, жоғары жылдамдықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кезде берілгендерді жіберудің максималды жылдамдығы HSCSD-де 57,6 кбит/с, GPRS-те 171,2 кбит/с, EDGE-де 384 кбит/с болады.
GSM желісінің операторлары тұрғысынан қарағанда, аз шығынмен берілгендерді жіберудің жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз ету үшін жүйенің жоғары иілгіштігін қамтамасыз ету керек. HSCSD үшін бұл берілгендермен жұмыс жасайтын пайдаланушылар үшін базалық станцияның бір немесе бірнеше тасымалдаушы жиіліктерін резервке қойып қоймауды білдіреді. Пайдаланушылар үшін максимал қолжетімді өткізу жолағын желі динамикалық түрде бөлінуін қамтамасыз ету керек. Байланыс орнатылатын сәтте пайдаланушы (қосымша) берілгендерді жіберуге қажетті минимал мүмкін жылдамдықты анықтауы (бекітуі) мүмкін. Ал желінің жұмысы әр уақыт моментіндегі қол жетімді өткізу жолағын қамтамасыз ету. Байланыс уақыты кезінде берілгендерді жіберу жылдамдығын өзгертуге қосымша мүмкіндік берсе, ол жылдамдық динамикалық түрде өсуі немесе кемуі мүмкін, бұл пайдаланушы жаңа сотаға өткенде немесе телефон байланыстары үшін талап етілген өткізу қабілеті кемігенде немесе өскенде орындалуы мүмкін.
GPRS-те иілгіштік ортаға қол жеткізуді басқару хаттамасымен (Media Access Control) көмегімен автоматты жүзеге асады, себебі радио канал өткізу қабілеті әр берілгендер пакеті үшін бөлінеді. Сонымен қатар ресурстарды каналдар коммутациясы мен пакеттер коммутациясын пайдаланатын абоненттер арасында бөлу, тек каналдар коммутациясын пайдаланатын абоненттер арасында бөлуге қарағанда неғұрлым динамикалық түрде жүзеге асады. Егер коммутацияланған канал бос болмаса, оны пайдалануды көздеген абонентке GSM канал бөлінеді, коммутацияланған канал босағаннан кейін GSM канал оны пайдаланушыларға босатылады.
Әртүрлі қызметтер арасында ресурстарды динамикалық бөлу, ресурстарды пайдалану эффективтілігін көтереді, бұл желілердің табысын өсіреді. Алайда жоғарыда сипатталған иілгіш жұмыс схемасы берілгендермен жұмыс жасайтын пайдаланушыларға ақпарат алмасудың жоғарғы жылдамдығын тек желі жүктемесі аз уақытта, яғни түнде ғана ұсына алады. Мұндай жағдай клиенттерге қолайсыз және желілердің табыстылығына кері әсер етеді. Бұл схеманы мысал ретінде қарастырайық.
Желі әрбір базалық станция секторына екі тасушы сәйкес келетін болып конструкцияланған деп алайық. Бұл дегеніміз егер қызметтік ақпаратты кең аумақта беруде уақытша 16 слоттың бірі пайдаланылатын болса, әр секторда 15 толық жылдамдықты транспортты канал болады деген сөз. Бұл желі 2% -к блок қою деңгейі есептелінген, яғни желі жүктемесінің ең көп уақытының өзінде байланыс орнату ықтималдығы 98 % деп алайық. Бұл, осы уақыттың өзінде 6 транспорттық каналдың бос болатынын білдіреді. Бұл бос өткізу каналдары GSM пайдалушыларына бөлінуі мүмкін.

GSM Phase2+

GSM Phase 2+ (9.6 Kbps)

HSCSD

High Speed Circuit switched data (38.4 Kbps)

GPRS

General Packet Radio System (115 Kbps)

EDGE

Enhanced Data GSM Environment (560 Kbps)

UMTS

Universal Mobile Telephone Service (2Mbps)

2.4-кесте. Ауыспалы кезең технологиясы





2.4-сурет. III-кезең жүйесіне өту сатылары


Сота өлшемін үлкейту: Берілгендерді жіберу жылдамдығын стандартталған 4,8 және 2,4 кбит/с–қа дейін кеміте отырып, сота өлшемін үлкейтуге болады. Берілгендерді жеткізу жылдамдығын кеміту концепциясы мен GSM сөздік каналдардағы «қызмет көрсету сапасын» төмендету концепциясы секілді жүзеге асады, қызмет көрсететін аумақты кеңейту немесе желі дамуының құнын төмендету арқылы жүзеге асады. Осылайша берілгендерді жіберу жылдамдығын 9,6-дан 4,8 кбит/с-ке қателік шамасы ықтималдығын (BER) сақтай отырып кеміту арқылы пайдалы сигналдың шуға қатысты шамасын шамамен 3,5 ДБ-ге арттыру арқылы сота көлемін үлкейтуге болады.



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау