Жиіліктік спектрді тиімді пайдалану



жүктеу 0,62 Mb.
бет6/24
Дата13.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#40605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
GSM дипл гот

9,6

14,4

32

64

128

384



Дыбыс, SMS

+

+

+

+

+

+

+

E-mail

-

+

+

+

+

+

+

Видеобейне (фото)

-

+

+

+

+

+

+

БҚ жұмыс

-

-

+

+

+

+

+

ПБ

-

-

±

+

+

+

+

Видео (баяу)

-

-

±

+

+

+

+

Интернет

-

-

±

±

+

+

+

Толық видео

-

-

-

±

±

+

+

2.1-кесте. Әртүрлі жылдамдықтағы қосымшалар жұмысының сапасы және қызметтер тізімі



Технология

2G

2.5G

3G

Базалық қызметтер

Сөз

Сөз, берілгендер

Видеоберілгендер, сөз, берілгендер

Жеткізу жылдамдығы кбит/с

9,6-14,4

115 (1 фаза)
284 (2 фаза)



2048 (1 фаза)
104 (2 фаза)



Коммутация типі

Каналдар коммутациясы

Аралас (каналдар коммутациясы басым)

Аралас
(пакеттік басым)

Радио қажеттілік базалық технологиясы

GSM, TDMA
PDC, cdmaOne

GPRS, EDGE, IS-136+, IS-95B/C
cdma 2000 1X

IMT-2000 СТАНДАРТТЫ СЕРИЯСЫ

2.2- кесте. Жүйелер сипаттамасы



Стандарт
Міндеті

GSM



TDMA

cdmaOne

Мобильді/
бекітілген

Мобильді/
бекітілген

Мобильді/бекітілген

Қолданылатын технология

TDMA

TDMA

СDMA

Жиіліктік жолақ ені, МГц

0,2

0,2

0,03

1,23

1,23

1,23

Вокодер жылдамдығы кб/с

13

6,5

8

8

13

8

Ақпараттық каналдар саны

8

16

3

23

12

35

Үш секторлы сотада жиілік пайдалану коэффициенті

4

4

7

113

113

1/3

3 МГц жолағы сотаға ақпарарт каналдар саны

30

60

42

138

72

258

Жүйе жылдамдығы

10

20

14,3

56,1

29,6

86,2

Сигнал/шу қатынас

9

16

6-7

2.3- кесте. GSM, TDMA және CDMAOne стандарттарының салыстырмалы сипаттамалары


Көптеген қызмет түрлерін қамтамасыз ету үшін 128 кбит/с жылдамдық жеткілікті.


2.2 GSM ұсынатын қызметтер, желі архитектурасы

ITU-T (CCITT) анықтаулары бойынша телекоммуникациялық сервистер тіректік сервистер (bearer services), телесервистер (teleservices) және қосымша сервистер (supplementary servieces) болып бөліне алады. GSM қолдау көрсететін негізгі телесервис – телефония болып табылады.


Берілгендерді жеткізу бағытында бірнеше қызметтер ұсынылады. GSM пайдаланушылары POTS (Plain old Telephone Service), ISDN, Packet Switched Public Data Network (пакеттерді коммутациялау желісі) және Circuit Switched Public Data Network (каналдарды коммутациялау желісі) пайдаланушыларымен әртүрлі хаттамалар бойынша (х.25 немесе х.32 хаттамалары) берілгендермен алмаса (9600 кб/с дейін) алады. Факсимильді сервистерді пайдалану үшін факс-адаптер (fax-adapter) талап етіледі. GSM ұсынатын бірегей мүкіндік (аналогты жүйелерде жоқ) қысқа хабарламаларды (Short Message Service-SMS) жіберу. Әріптер мен сандар тізбегінен тұратын қысқа (160 байтқа дейін) хабарламаларды жіберуге арналған екі жаққа бағытталған қызмет. Хабарламалар «сақта-және-жібер» принципі бойынша жіберіледі. Абонент-абонент типті қысқа хабарламалар желінің басқа абонентіне немесе желінің өзіне (қысқа хабарламалар сервисіне) жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар кеңауқымды хабарламалар (cell-broad coast барлық ұяшық/сотаға арналған) да болуы мүмкін, олар трафиктің өзгеруі немесе жаңалықтар секілді ақпаратты тарату үшін пайдаланылады.
GSM ұсынатын қосымша сервистер телесервитер мен тіректік сервистерге негізделеді. Оларға қоңырауларды қайта адрестеудің (бағыттау) бірнеше нұсқасы, кіріс және шығыс қоңырауларға тыйым салу секілді қызметтер жатады.
GSM желісі қызметтері мен функциялары спецификацияланған функционалдық бөліктерден тұрады.



2.1-сурет. GSM желісінің жалпы архетиктурасы


GSM желісі негізгі үш бөлікке бөлінеді: мобильді станция (Mobile Station) радиобайланыстың мобильді станциямен байланысуын басқаратын базалық станцияның ішкі жүйесі (Base Station Subsystem), және желі ішкі жүйесі (Network Sudsystem), оның негізгі бөлігі Коммутациялау мен мобильді байланыс құралдарын басқару орталығы (Mobile services Switching Center) болып табылады.


Жаңа желілерді жұмысқа дайындау және желіде болып жатқан операциялардың дұрыстығына Басқару және қызмет көрсету орталығы (Operations and Maintenance Center) жауап береді. Мобильді станция және базалық станция секілді ішкі жүйелер, ауалық интерфейс (air interface) және радиобайланыс (radio link) атауларымен танымал Um-интерфейс (Um-interface) арқылы хабар алмасады. Базалық станцияның ішкі жүйесі А-интерфейс (А-interface) арқылы Басқару және коммутациялау орталығымен хабар алмасады.
Мобильді станция (MS) мобильді құрылғы (терминал) мен карточкадан тұрады. Карточка - Абонентті идентификациялау модулі (SIM-Subscriber Identity Module) деп аталады. SIM-картада пайдаланылатын мобильді құрылғыға тәуелсіз абонентке ұсынылатын қызметтер туралы ақпарарт болады. Картаны кез келген GSM терминалына орналастыруға болады, бұл абонентке өзі жазылған қызмет түрлерін алу үшін осы терминалды пайдалануға мүмкіндік береді. Мобильді құрылғы бірегей мобильді құрылғылардың халықаралық интерфикаторларымен (IMEI-International Mobile Eduipment Identity) идентификацияланады. SIM-картада мобильді абоненттің халықаралық идентификаторы (IMSI-International Mobile Suberiber Identity) болады, бұл абонентті идентификациялау үшін жүйеге қажетті қол жеткізу басқа да ақпаратты алуға арналған құпия кілт. IMEI және IMSI идентификаторлары өзара тәуелді емес. SIM-картаны парольдар жүйесінің көмегімен рұқсат етілмеген операциялардан қорғауға болады.
Базалық станцияның ішкі жүйесі негізгі екі бөліктен тұрады. Олар: Базалық станция трансивері (BTS-Base Transceiver Station) және Базалық станция контроллері (BSC-Base Station Controller).
Олар әртүрлі өндірушілер өндірген жүйе компоненттеріне өзара әрекеттеуіне рұқсат ететін, стандартталған Abis-интерфейс (Abis-interface) арқылы хабар алмасады. BTS мобильді станциямен хабар алмасу протоколдарын басқаратын, ұяшық өлшемдерін (көлемін) анықтайтын радиотрансиверлерден тұрады.
Қаланың үлкен аумақтарында көптеген BTS қызмет етуі мүмкін болғандықтан, оларға келесі талаптар қойылады: а) портативтік (жылжымалы); б) құны қымбат болмауы; в) айқасқан аумақта қызмет ету мүмкіндігі және сенімділігі.
BSC бір немесе бірнеше BTS радиоресурстарын басқарады. Ол радиоканалдың орнатылуын, жиілік ауысуын, канал немесе ұяшық ауысуы процесін бақылайды. BSC мобильді станция мен басқару және коммутациялау орталығы арасындағы GSM желісінің аралық элементі болып табылады.
Желі ішкі жүйесінің (Network Subsystem) негізгі компоненті Басқару және коммутациялау орталығы (MSC) болып табылады. MSC PSTN және ISDN желілеріндегі коммутациялау түйіні секілді әрекет етеді. Тек оған абоненттің мобильділігін басқаруды қамтамасыз ету үшін қажетті абонентті тіркеу (registretion), абонентті авторизациялау (authentication), орналасу орнын алмастыру процедурасы (location updating), канал және сота ауыстыру процесі (handover), жылжымалы абонентке қоңырауды маршрутизациялау (call routing) секілді функциялар қосылады. Бұл қызметтерді желі ішкі жүйесінің өзара байланысты бірнеше функционалдық бөліктері қамтамасыз етеді. Желі ішкі жүйесінің функционалдық бөліктері арасында сигнал алмасу SS7 (Signalling System Number 7) протоколына негізделеді. Бұл протокол жалпы қызметтегі желілерде кеңінен таралған.
Өзіндік абоненттер мен қонақтар реестрімен (HLR-Home Location Register және VLR-Visitor Location Register) Басқару және коммутациялау орталығы (MSC) бірігіп, маршрутизациялауды қолдайды және GSM желісінің абоненттеріне орын алмастыру (жылжу) мүмкіндігін береді. HLR –де сәйкесті GSM желісіне тіркелген әрбір абонент жайлы барлық административті ақпарат сақталады. VLR-де берілген географиялық аумақта «қонақта» жүрген абоненттер туралы административті ақпарат болады. Бұл ақпарат қоңырауды басқару және абонентке қажетті қызметті көрсету үшін қажет. MSC-те қандай да бір нақты мобильді станция туралы ақпарат болмайды, барлық ақпарат сәйкесті реестрлерде сақталады.
АuС және EIR реестрлері авторизациялау және құпиялылықты сақтау мақсаттары үшін пайдаланылады. Құрылғы идентификациясы реестрі (EIR-Equipment Identity Register) берілген желіде жарамды мобильді құрылғылар тізімінен тұратын берілгендер базасын сипаттайды, мұнда әр мобильді станция IMEI номерімен идентификацияланады. IMEI дұрыс емес деп саналады, егер мобильді станцияның ұрланғаны туралы хабарлама түссе немесе сол типті станция сынақтан өтпеген болса. Қол жеткізуді авторизациялау орталығы (АuС-Authentication Center) қорғаныс деңгейі жоғары берілгендер базасын сипаттайды, мұнда абонентке қол жеткізуді авторизациялау және радиоканал бойынша ақпарат жібергенде шифрлеу әдісін анықтау үшін пайдаланылатын әр абоненттің SIM-картасында сақталатын құпия кілт көшірмелері сақталады.



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау