Жиіліктік спектрді тиімді пайдалану


GSM стандартында ақпаратты жеткізу жылдамдығын көтеру тәсілдері



жүктеу 0,62 Mb.
бет9/24
Дата13.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#40605
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
GSM дипл гот

2.3 GSM стандартында ақпаратты жеткізу жылдамдығын көтеру тәсілдері

GSM технологиясы алғашқы күннен бастап қарқынды дамуға әрдайым орын қалдырып отырды. Алғашқы GSM-да сөзді кодтау үшін RPE-LTP (Regular Pulse Excitation-Linear Predictive Coding) әдісі таңдалынған, ол сөздік сигнал жылдамдығы 13 кбит/с биттік ағымға түрлендіруді анықтайды.


Сөз сапасын жақсарту: GSM желілерінде жүзеге асырылған толық жылдамдықты кодтау жіберілетін сөздің жақсы соталық сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда желінің қарқындап дамуына байланысты қарапайым телефон желілеріндегі сөз сапасына қол жеткізу мүмкін болды.
ETSI институтының Special Mobile Group (SMG) комитеті GSM желілеріне арналған жақсартылған толық жылдамдықты сөзді кодтау әдісін стандарттауға қажетті жұмыс процедуралары мен талаптарын анықтау бағытынды жұмыстар жүргізді. Жаңа кодекке қойылатын талаптардың арасында төмендегі талаптар болды:
а) сөз сапасының G.728 стандартына сай болуы
б) дыбыс қаттылығының (громкость) базалық станцияға дейінгі арақашықтыққа тәуелсіздігі де G.728 стандарты бойынша анықталуы
в) бір басынан екінші басына жетуге жұмсалатын уақыт RPE-LTP әдісіндегіден көп болмауы.
Сөзді толық жылдамдықта жетілдірілген кодтауға мүмкіндік беретін кодекті Nokia фирмасы және Шербрук қаласының университеті (Канада) ойлап тапты. Жаңа кодек бұрыннан бар кодтау каналдарының схемасын пайдалана отырып биттік ағымның шығыс жылдамдығын 13 кбит/с-қа жеткізді. Сынақтар нәтижесі жаңа кодектің GSM жүйесінің әрекет ету облысының барлық дерлік көлемінде қарапайым телефон желісіндегі сөз сапасын беретінін көрсетті.
Өткізу қабілетін көтеру: Сөзді жеткізу тұрғысынан қарағанда GSM дамуының тағы бір бағыты кодталған сөз биттік ағымының жылдамдығын одан әрі кеміту және соған сәйкесті жүйені пайдаланушылар санын (қол жетімді сөздік каналдар санын) көбейту. Жартылай жылдамдықпен кодтау осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған.Жартылай жылдамдықты кодтаудың техникалық сипаттамасы 1995 ж SMG комитетінде мақұлданған.
Сота көлемін үлкейту: Жартылай жылдамдықпен кодтау кезінде толық жылдамдықты канал пайдаланылатын болса, қосымша қателіктерден қорғау (каналдарды қосымша кодтау) жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл технология ETSІ-де тіркелмеген.
Каналдарды қосымша кодтау олардың потенциалын (Link budget) 5 ДБ-ге дейін өсіруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде сота радиусын 1,4 есе өсірсе, сәйкесті сотаның жалпы көлемі 2 есе өседі. Бұл есептеулерге сүйеніп, толық жылдамдықты каналдарда жартылай жылдамдықпен кодтауды пайдалана отырып, бір ауылдық жерге толық жылдамдықты кодтауға қарағанда пайдаланылатын базалық станциялар санынан 2 есе кем базалық станциямен қызмет көрсетуге болады деп қорытындылауға болады. Бұл жаңа GSM желілерді іске қосу құнын төмендететін маңызды фактор болып табылады. Бұл әдістің кемшілігі, үлкейтілген сота аумағындағы сөз сапасы RPE-LTP кодектеріндегі сөз сапасынан артық болмайтынында.



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау