Желілік аспектілер
Берілгендер мен дыбысты радио байланыс арқылы жеткізу үшін мобильді желінің бір ғана функциясы болып табылады. Бұл желі жабатын географиялық аймақтың ұяшықтарға жіктеу, сота мен каналды алмастыру механизмін жүзеге асыру қажеттілігін тудырады. Сонымен қатар мобильді станция мемлекет көлемі мен мемлекеттер арасында орын алмастыра алатындықтан, тіркеу (registration), авторизациялау (authentication), маршруттау (call routing) және тұрғылықты мекен жайды өзгерту (location updating) функцияларын специфкациялау қажет.
2.3-сурет. GSM хаттамаларының сигналдық құрылымы
GSM сигналдар алмасу хаттамасы үшдеңгейлі модельге негізделеді.
1-деңгей:каналдар құрылымын пайдаланатын физикалық деңгей.
2-деңгей:берілгендерді байланыстыру деңгейі Um интерфейсінде берілгендерді байланыстыру деңгейі ISDN-де пайдаланылатын LAPD хаттамасының модификацияланған түрі секілді, және LAPDm деп аталады. А- интерфейсте жетінші номерлі сигналдық жүйенің (Signalling System Number 7) хабарламаларды жіберу бөлігі (Message Ttanster Part) пайдаланылады.
3-деңгей: GSM сигналдар алмасу деңгейі, үш ішкі деңгейге жіктеледі:
а) Радиоресурстарды басқару (Radio Resources Management) ішкі деңгейі, бастапқы баптау (орнату), радиоканалдар мен бекітілген каналдардың терминациясы мен әрекет ету ұзақтығын қолдау процестеріне жауап береді, оған сота мен канал ауыстыру (handover) процедурасы да кіреді.
б) Мобильділікті басқару (Mobility Management) ішкі деңгейі. Тіркеу және тұрғылықты мекен-жайды ауыстыру процедураларына жауап береді. Абонентті авторизациялау және құпия қол жеткізу процедураларын басқарады.
в) Байланысуды басқару (Connection Management) ішкі деңгейі. Жалпы қоңырауды басқару процедурасына (Q.931-ге ұқсас) жауап береді және қосымша сервистер мен қысқа хабарламалар сервисін басқарады.
Желінің бекітілген бөлігіндегі әртүрлі обьектілер арасында сигнал алмасу (HKR және VLR). Мобильді қосымшалар бөлімі (Mobile Application Part) ұсынымдарында сипатталған. Мобильді қосымшалар бөлімі (MAP) 7-ші номерлі сигналдық жүйе деңгейінің (Signalling System Number 7). Мүмкін транзакциялар бөліміне (Transaction Capabilities Application Part (TCAP-7 номерлі сигналдық жүйенің жоғарғы деңгейі) қарай бапталады. MAP спецификасы - GSM ұсынымдарының ауқымды және көлемді бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: |