Компьютерлік сауаттылық.
Көптеген жоғары оқу орындарындағы оқытушыларды дайындауда ЭЕМ-ді қолдануға және сәйкес технологияны оқу процесінде қолдану қажеттілігін түсінеміз. Әйтсе де, бұл мәселені талқылау кезінде бірқатар сұрақтар туындайды
Жоғары оқу орындарында педагогтар үшін, арнайы зерттеушілер тобының есептеуі бойынша “Компьютерлік сауаттылық” анықтамасының анағұрлым дұрысы Д.Ватсон ұсынған анықтама. Ол “Компьютерлік сауаттылық” – педагог оқушыларға сабақ бергенде ЭЕМ-ді оқу құралы ретінде пайдаланып, жемісті нәтижелерге үйретуші құрал ретінде қолданып, компьютерлік – жету мақсатындағы жолда ақпараттық технологияны жоғары білімділік пен қабілеттілік деңгейінде көрсете білуі. Дәл осылай мектеп мұғалімдеріне арналған компьютерлік сауаттылық ұғымын енгізуге болады, бұл кезде ЭЕМ мектеп оқытушылары мен мұғалімнің ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметінің құралы ретінде қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.
Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.
3-ші дәріс
Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар
Жоспары:
1. ҚР «Білім туралы» заңы.
2. Жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты.
3. Оқу жоспарлары.
Дәрістің мазмұны:
1. ҚР «Білім туралы» заңы.
ҚР «Білім туралы» Заңы – бұл білім берудегі ең басты нормативті құжат. Ол мынадай тараулардан тұрады:
1-тарау. Жалпы ережелер
|
(1-3 баптар)
|
2-тарау. Білім беру жүйесін басқару
|
(4-9 баптар)
|
3-тарау. Білім беру жүйесі
|
(10-12 баптар)
|
4-тарау. Білім беру мазмұны
|
(13-25 баптар)
|
5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру
|
(26-39 баптар)
|
6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері
|
(40-49 баптар)
|
7 тарау. Педагог қызметкердің мәртебесі
|
(50-53 баптар)
|
8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу
|
(54-60 баптар)
|
9-тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету
|
(61-64 баптар)
|
10-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет
|
(65-66 баптар)
|
11-тарау. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
|
(67-бап)
|
12-тарау. Қорытынды ережелер
|
(68-бап)
|
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі.
Достарыңызбен бөлісу: |