Информатика курсының педагогикалық функциясы.
Мектептегі И және ЕТН курсының мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі қарама-қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобі әсер етеді:
Ғылыми және практикалық факторлар. И және ЕТН оқу пәнінің мазмұны информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл пәнді оқыту барысында ірг елі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсіби қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс.
Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар.Оқу пәнінде қамтылған материалды меңгеруге оқушының шамасыкелетіндей болуы керек,олардың ойлау қабілетінің деңгейі мен білімі,іскерлігі ,дағдыларына сай болуы тиіс.Содай-ақ И және ЕТН курсы информтика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні бар мәліметтерді қамтуықажет.Қорыта айтқанда мектептегі інформатика курсы бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің күрделенген талаптарына жауап беруі керек,екінші жағынан қарапайымболуы қажет.
Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазіргі заман ғылымының үш ірг елі ұғымына негізделеді:
Информация – алгоритм – ЭЕМ
Оқушылардың меңгеруіне міндетті болатын теориялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесі арқылы анықталады:
Орта мектептің сатылары бойынша Информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырады.
кезең (7-9 кластар)- негізгі курс деп аталады, ол информатика пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ- нің архитектурасы және информациялық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу процес інде компьютерді жан- жақты, тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс- әрекеттерін қалыптастырады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрлымдары (сызықтық, тармақталған, қайталану), программалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы мағлұиаттар алады.
кезең (10-11 кластар)- бағдарлы курс, мунда оқушылар кәсіптік байдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабылетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен бірігіп, оларға кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі.
Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы төмендегідей негізгі факторлармен сипатталады.
Біріншіден, бұл күндері информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту тереңдігі мен материялдың баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір- бірінен едәір айырмашылығы бар, әр түрлі оқу құралдары мен оқу бағдарламалары пайдаланылады.
Екіншіден, қәзіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғарғы кластарда ғана емес, төменгі буынға көшіру қажеттілігі анықталып отыр. Жарияланып жатқан тұжырымдамаларда жалпы білім беретін орта мектепте информатикадан берілетін міндетті білім көлемін қамтитын базалық курс орта мектептің 7-9 кластарына көшу керектігі көрсетілген.
Үшіншіден, есептегіш техниканың мектепке жаппай енгізілуі жағдайында барлық пәнді оқытудағы компьютердің қолданылуы төменгі кластарда компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудан бастап, мектептегі барлық оқу пәндерінде қалыптастырылатын жалпы оқу іскерлігімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |