Және экономика» факультеті «математика және информатика» кафедрасы дәріс конспектілері (тезистері)


Алгоритмнің қасиеттері, жазылу тәсілдері, түрлері



жүктеу 0,57 Mb.
бет25/42
Дата15.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#44744
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Дарис конспекти ИОА Инф

2. Алгоритмнің қасиеттері, жазылу тәсілдері, түрлері.
Алгоритмнің мынадай негізгі қасиеттері бар:
Дискреттілік. Алгоритм аяқталған іс-әрекеттер тізбегінен –қадамдардан тұрады. Келесі қадамға өту тек алдығы қадам жүзеге асқан соң немесе аяқталған соң ғана орындалады. Әрбір жеке қадамның орындалуы орындаушыға арнаулы нұсқау арқылы алдын-ала көрсетіледі. Алгоритмнің жеке қадамдардан тұру қасиетін дискреттілік деп аталады.
Анықтылық. Бұл қасиет, алгоритмнің әрбір ережесі анық, бірмәнді және ешқандай күмән туғызбауы керектігінен тұрады. Бұл қасиеттің арқасында алгоритмнің орындалуы ешқандай қосымша нұсқау немесе есептер туралы мәлімет қажет етпейді.
Бір алгоритмнің бірнеше орындалуы немесе бірнеше орындаушының бір алгоритмді орындауы нәтижесінде алатын жауап әруақытта бірдей болуы керек.
Әрбір қадамды орындағаннан кейін келесі қай қадамды орындау керектігін орындаушы дәл білуі қажет.
Жалпылық.Алгоритмнің көмегі арқылы тек бір ғана тиянақты есепті шығаруға емес, сонымен катар соған ұқсас есептер жиынын шығаруға болады. Мұндай есепті шешудің алгоритмі жалпы түрде құрылады. Ал есептер бір-бірінен тек бастапқы берілгендерінен ғана ажыратылады.
Нәтижелілік. Бұл қасиет алгоритмнің қадамдарының белгілі бір саны есепті шешуге алып келуі керектігінен тұрады.
Мыс: Квдрат теңтеуді шешуиалгоритмі
Ax2+bx+c=0

  1. a,b,c мәндерін енгізу

  2. b2-4ас формуласы бойынша d-ны есептеу.

  3. Егер d<0 болса, онда 6-шы қадамға өту .

  4. Х1,Х2 мәндерін формуласы бойынша есептеу.

  5. Есептің шешімі ретінде х1және х2-нің мәндерін алу,яғни 7-ші қадамға өту.

  6. d 0-ден кіші болғандықтан есептің шешімі болмайды.

  7. Соңы

Алгоритмнің жазылу тәсілдері.
Сөзбен жазылу тәсілі. Алгоритмді үйренудің алғашқы кезінде қолданылады да және ол адамның орындауына арналған. Бұл тәсілде жазудың нақты бір ережесі жоқ, түсінікті, анық болса болды.
Алгоритмдік тіл –алгоритмдер мен олардың атқарылуын бірыңғай және дәл жазуға арналған белгілер мен ережелердің жүйесі. Алг. Тіл бір жағынан әдеттегі тілге жақын. Бұл тілде алгоритмдер әдеттегі текст секілді оқыла да, жазыла да алады . Екінші жағынан агоритмдік тіл өзіне математикалық символиканы, сандарды, шамалар мен функциялардың белгілерін, операция таңбаларын , жақшаларды т.б.қамтиды.
Алгоритмдіктілдің басқа әрбір тіл секілді өзінің сөздігі бар. Кез-келген алгоритмдегі атарушының командалар жүйесіне енетін командаларды жазуға қолданылатын сөздер осы сөздіктің негізін құрайды. Мұндай командалар жай командалар деп аталады.
Алгоритмдік тілде мағынасы мен қолдану тәсілі біржола берілген санаулы сөздер ғана пайдаланылады. Бұл сөздер қызметші сөздер деп аталады.
Қызметші сөздер- алдын-ала мағынасы анықталған, тілдің құрамының бір бөлігі болып табылатын сөздер.
Алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің аты болуы керек. Алгоритмнің аты берілген алгоритмнің қандай есептің шшуін сипаттайтыны айқын болатындай етіп таңдалады. Алгоритмнің атын көрсету үшін оның алдына алг деген қызметші сөз жазылады.
Әр алгоритмнің жазылуы оның тақырыбынан басталады. Алгоритм тақырыбының жалпы түрі мынадай:
Алг алг. Аты
Арг аргумент аттары
Нәт нәтижелер аттары
Бірнеше аргумент,бірнеше нәтиже болса, онда олар үтір арқылы ажыратылып жазылады.
Алгоритмнің басы мен соңын көрсету үшін оның командалары басы мен соңы деген қызметші сөздерінің араларына жазылады. Командалар тізбектеліп жазылады. Бір команданы жазу кезінде, егер қажет болса,оны екінші жолға жалғастырып жазуға болады. Егер бірнеше команда бір жолға жазылса, онда олар бір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады.
Сонымен алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің жалпы түрі мынадай болады.
Алг алгоритмнің аты
Арг
Нәт
Басы
Алгоритм командалары (серия)
Соңы
Алгоритмдік бірінен кейін бірі орындалады бірнеше командасының тібегі серия деп аталады. Серия бір ғана командадан да тұра алады.
Мыс: у=(4х+3)(8х+6)
Алг өрнектің мәнін табу.
Арг х
Нәт у
Басы
R1=4*x; R2=R1+3; R3=8*x; R4=R3+6; у=R2*R4
Соңы
Бір сериялы жай командалардан құралған алгоритмдер алгоритмдік тілде сызықтық алгоритм болады. Жоғарыда мысал сызықтық алгоритм.
Графиктік тәсіл -күрделі есептерді шешуде алгоритм құруды жеңілдету үшін қолданылатын көмекші тәсіл болып табылады.
Графиктік тәсілде қолданылатын геометриялық фигуралардың атқаратын стандартты қызметтері бар:



  • овал-эллипс-алгоритмнің басы мен соңын белгілейді.






  • тіктөртбұрыш – есептеу және меншіктеуді белгілейді.






  • ромб- шарт тексеруді белгілейді.






  • параллелограмм – енгізу және шығаруды белгілейді.




жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау