Және экономика» факультеті «математика және информатика» кафедрасы дәріс конспектілері (тезистері)



жүктеу 0,57 Mb.
бет23/42
Дата15.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#44744
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Дарис конспекти ИОА Инф

Сыртқы жадының ұйымдастырылуы. Сыртқы жады құрылғыларында ақпарат файлмен ұйымдастырылады. Файл – сыртқы жадының ең кіші бірлігі. Оқушыларға бұл ұғымды кітапқа ұқсастырып түсіндіруге болады. Мысалы, файл – аты аталған кітаптың ең кіші бөлімі.
Файл (file – қапшық, десте) – белгілі бір атпен, өңдеуге логикалық байланыспен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпарат (мәтін, бейнелеу, бағдарлама, бейнефильм, т.б.) жиынын айтады.
Файлда сақталған ақпаратта бит, байттан тұрады. Әйтсе де, ішкі жадыдан айрмасы дискілерде байттар адрестелмейді. Сондықтан сыртқы тасушыда керекті ақпаратты табу үшін файлдың аты нұсқалуы керек.
Винчестердің құрылымы: герметикалық корпустың ішінде бір осьте қабатпен орналасқан бірнеше қатты магниттік дискілердіңдестесінен тұрады. Олар өте үлкен жылдамдықпен айналады. Ақпарат дискінің екі бетіне де (орысш. – поверхность) жазылады.
Дискінің әр беті (магнитті беттер) концентрлі жолдарға, оның әрқайсысы секторларға, ал секторлар «торшаларға» , байттарға бөлінеді.Бір дискідегі барлық секторлардың көлемі бекітілген болады. Әр дискіге жақындатылған магнитті бас тиектер көмегімен ақпаратты оқу/жазу үрдісі бір уақытта дестенің барлық дискілерімен қатар орындалады. Деректерді дискіден оқу және жазу жұмыстарының барлығы толық секторлармен орындалады.
Винчестерге дәстүрлі C: атауы беріледі. Әдетте жұмысқа ыңғайлы және сенімділік үшін оны бірнеше логикалық дискілерге: C: D: E: – атауларымен бөлінеді.
Кітапқа ұқсастырып түсіндіру дискінің түбірлік каталогы қызметін айқындауға көмектеседі. Кітаптың мазмұны сияқты, дискінің түбірлі каталогында файлдар туралы мәліметтер тізімінен тұрады. Кейде оны дискінің директориясы дейді.
Каталогта файл жөнінде мағлұмат болады (аты, байтпен көлемі, құрылған күні және уақыты, соңғы өзгертулердің уақыты мен күні). Бұл ақпарат әрқашан белгілі бір жолдарда сақталады. Егер де файлдар тізімін экранға шығаратын болсақ, онда кітаптың мазмұнындағы сияқты дискінің құрамы жөнінде мәлімет алуға болады.
3. Дербес компьютердің архитектурасы.
Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы – оның негізгі бөліктерін: процессорды, жедел сақтау құрылғысын (ЖСҚ), бейнежүйені, диск жүйесін, сыртқы құрылғыларды және енгізу-шығару құрылғыларын қиыстыру (орысша компоновка) болып табылады..
IBM корпорациясы құрастырған дербес компьютердің ашық архитектурасы мыналардың:
- жалпы жүйелік шинаның болуы, оған кеңейту қосқыштары (орысша разъем) арқылы қосымша құрылғылар қосылуын;
- компьютердің модульді құрылуын;
- барлық жаңа құрылғылардың және бағдарламалық құралдардың бұрынғы нұсқаларымен үйлесімділігін ұсынады.
Ашық архитектура принципі – бұл жалпы компьютерді және оның бөліктерін, жасап шығарған фирмаға тәуелсіз, өзара толығымен үйлесімді жаңа құрылғыларды қолданып әрқашан кемелдендіру мүмкіндігі. Бұл пайдаланушыға үлкен пайда береді, олар жаңа құрылғыларды сатып алып оны жүйелік (аналық) тақшаның бос қосқыштарына (слотына) қойып, өз компьютерлерінің мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Дербес компьютердің модульді құрылуы – ақпарат алмасуы да магистральді (шиналық) принципке сүйенеді. Құрылғылар арасында ақпарат алмасу көп сымды ортақ байланыс ақпараттық магистралі – шиналар арқылы жүреді (3.3-сурет). Мұндай құрылымды – магистральды-модульдік немесе ортақ шиналық архитектура деп аталады. Суретте дербес компьютерлерге тән ақпараттық өзара әрекеттестік принципі қарапайым түрде бейнеленген
Сыртқы құрылғылар магистральға контроллермен (үшбұрыштармен белгіленген) арқылы жалғанады.

3.3-сурет
Дербес компьютерде процессордың рөлін микропроцессор (МК) орындайды. Микропроцессор ДК-ң негізгі құрылғысы оның миы. МК-ның мүмкіндігі компьютер мүмкіндігін анықтайды. Компьютердің жұмыс жылдамдығы процессордың негізгі екі сипаттамасы – ырғақ жиілігі және разрядтылығына тәуелді.
Процесссордың ырғақ жиілігі – процесссордың әрекет жылдамдығын көрсететін шама, яғни оның бір секунд аралығында орындайтын қарапайым амалдар саны. Бұл көрсеткіш процесссордың ең маңызды қасиеті болып табылады. Ырғақтық жиілік Мегагерцпен (Мгц), Гигагерпен (Ггц) өлшенеді. Дербес компьютердің жылдамдығының өлшем бірлігі 1 Мгц = 1 млн. герц/ сек.). (100Мгц –ол 1 секундта орындалатын амалдар саны, яғни 100 миллион қарапайым амалдар).
Процесссордың разрядтылығы – процессордың бір ырғақта тұтастай өңдейтін немесе жіберетін екілік кодтардың максималды ұзындығы.
Мысалы: 32–разрядтты (бір машиналық сөз) немесе 64-разрядты (екі машиналық сөз) процессор бір ырғақта тұтастай, (машиналық сөздерге сәйкес) 4 немесе 8 байт ақпарат өңдейді.
Дербес компьютердің бейнежүйесі. Графикалық бейнелерді шығаратын негізгі құрылғы – дисплей. Дисплей жұмысын бейнконтроллер басқарады. Немесе оны бейнеадаптер, немесе ДК-де оны бейнекарта деп атайды.
Дисплей құрылымы жөнінде оқушылардың алатын ұғымдары: экранның дискреттік (пиксельдік) құрылымы; пиксельдер сеткасы (растр), растрды электрондық сәулемен сканірлеу; сканірлеу жиілігі; түсті монитордың пиксельдің үш түсті құрылымы.
Бұл материалда кездесетін ұғымдар: электрондық сәуле, люминесценция, үш базалық түстің араласуы. Бұл ұғымдар оқушылар әлі танысып үлгермеген электроника және физикалық оптика курстарында оқытылады, сондықтан бұл сұрақтарда көп тоқталып, ұзақ түсіндірудің қажеті жоқ. Оқулықта келтірілген түсіндірулер жеткілікті.
Бұл бөлімнің материалы бейнконтроллердің сипаттамасын береді. Бейнконтроллер екі бөлімнен – бейнежады және дисплейлік процессордан тұрады. Экранда бейнені алу процесіндегі бұл құрылғылардың рөлін оқушылардың білуі қажет.
Жадыда екілік код түрінде сақталған ақпаратпен компьютердің жұмыс жасауы – ЭЕМ үшін негізгі әмбебапты принцип болып табылады. Сондықтан экрандағы кез келген бейне – ЭЕМ жадындағы ақпараттың бейнеленуі – яғни, бейнеақпарат. Алғашқыда бейнеақпарат жедел жадыда қалыптасады (графикалық файл ашылғанда, графикалық редакторда жұмыс жасалғанда). Экранға шығару, бейнеақпаратты монитордың контроллеріне беру нәтижесінде жүзеге асады: монитор жұмысын басқаратын дисплейлі процессордың үздіксіз жұмыс істеу салдарынан, ақпарат бейнежадыға жазылып, бірден экран бетіне шығарылады.
Сонымен, бейнежады ЖСҚ мен дисплей арасындағы ерекше өзіндік буфер болып табылады. Бейнежадыдағы ақпараттың ауысуының салдарынан экрандағы «сурет» ауысып отырады. Экранға шығару жүйесі – шығарылатын ақпараттың қандай түрі болмасын (мәтін, қозғалмайтын сурет немесе анимация) – бәріне бірдей жұмыс жасайды. Осы қағиданы оқушылар жақсы түсінуге тиіс. Беттегі бейнені компьютер жадына енгізу құралы – сканер.

жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау