43
маманның жастардың бір-біріне жақын танысуына жағдай жасауы керек. Бұл
үшін әр түрлі интерактивті әдістерді, тренинг элементтерін пайдала отырып
сабақ жүргізу кезіндегідей пайдалануға болады, сондай-ақ бейресми
кездесулер, мерекелер, және т. б. ұйымдастыруға болады.
Келесі құрамдас бөлік – бұл топ ішінде де, топ пен жастармен жұмыс
жөніндегі маман арасында да жағымды қарым-қатынас пен ынтымақтасты
қалыптастыруға мүмкіндік беретін атмосфера қалыптастыру. Топ ішіндегі
ынтымақтастықты қалыптастыру үшін жастармен жұмыс жөніндегі
маманның топ мүшелеріне топ ішінде болып жатқан жағдайларды талдау, ол
туралы пікірлерін білдіру мүмкіндігін беруге міндетті. Ынтымақтастықтың
табысты болуына күтуді келістіру (жастар сүйемелдеуден не күтеді және
жастармен жұмыс жөніндегі маман жастардан не күтеді), рөлдер мен
міндеттерді бөлу маңызды. Жұмыстың табысты болу үшін бастапқыда
ақпараттың қалай берілетіндігі және ынтымақтастықтың қалай өрбитіндігі
туралы келісіп алу керек.
Қажеттіліктер мен құзыретті анықтау
Жастармен жұмыс жөніндегі маман үшін топ мүшелерінің тәжірибелері,
мүдделері туралы мәліметтер мен олардың қандай құзырларын дамыту
керектігін білу маңызды. Тіпті бастапқыда жастардың жұмыстары үшін
қажетті дағдылар мен құзырларды дамыту қажет болса да, олар мұны өз
бастамаларын іске асыру барысында қалыптастыра алады. Жастармен жұмыс
жөніндегі маманның жастар бастамасын сүйемелдеудегі міндеті жастарға
тағы ненің үйрену керектігін анықтауда жәрдемдесу.
Бұл кезең барысында жастармен араласа отырып, олармен кездесулерде
және жеке әңгімелесулерде пікір алмаса отырып, сұрақтар қойып жастармен
жұмыс істейтін маман жастардың белгілі құзырларының қаншалықты
дамығандығын талдайды және білім мен дағдыны жетілдіру тәсілдерін
ұсынады. Бұл кезең де, басқа кезеңдер сияқты тексеріледі, өйткені, жұмыс
барысында топ мүшелерінің құзырлары дамып, салдарынан, олардың білім
алудағы қажеттіліктері үнемі өзгеріп отырады.
Көбінесе жастар бастапқыда өз бастамаларын іске асыруға ынталы,
алайда, жұмыс барысында ол төмендеуі мүмкін, сондықтан тұрақты міндеттің
бірі - сүйемелдеу барысында ынталандыру.
Жастарды ынталандыру
Жастардың ынтасын білу маңызды: оларға не ұнайды, не қажет, оларды
топта бірге жұмыс жасауға не ынталандырады, неге өмірдің дәл осы кезеңі
таңдалды және т. б. Ынталандыру – бұл адамдардың өз міндеттерін жақсы
атқаруға ниеттері, волонтерлік қызметімен барынша зейінді айналысуға
ниеттері, мақсатқа ұмтыла отырып, ерекше сезіммен кірісуі. Ынталы жастар
қиын жағдайлардың көпшілігін оңайлықпен шеше алады, өз әлеуетін ашады,
мәселені шешуде ынтымақтасады және жауапкершілікті өз мойындарына
алады.
Жастардың ынталарын анықтау үшін, құзыреті мен қажеттіліктерін
білу үшін жастармен жұмыс жөніндегі маман бағдарламаға қатысулары
барысында жастарға көрсетілетін көмек құралын анықтап алады.
Бастамаларын жүзеге асыру барысында жастарды қолдайтын бірнеше
құралдарды атауға болады: ақпарат беру, жұмысты ұйымдастыру, тренингтер,
супервизия және басқа да құралдар. Бұл жағдайда сүйемелдеуде негізгі және
44
басты деп анықталатын әдістер болмайды, бұл негізінен жастармен жұмыс
жөніндегі маманның өз білімі мен тәжірибесін беру үшін қандай құралды
қолданатындығына байланысты.
Жоғарыда сипатталған құрамдастардан басқа жеке буын деп
қарастыруға болмайтын элемент бар, бұл - мониторинг және бағалау.
Мониторинг және бағалау бір жағынан бағдарлама мақсаттары мен
міндеттерінің қаншалықты жетістікпен жүзеге асырылып жатқандығын
қадағалауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан - оқытудың нәтижесін бағалауға
мүмкіндік береді. Мониторинг және бағалау сүйемелдеу барысының өзіне
талдау жасауға көмектеседі. Мониторинг және бағалау барысына жастардың
өздерінің қатыстырылуы аса маңызды, олар сүйемелдеу барысының қалай
өтіп жатқандығы туралы кері байланыс береді, түрлі үрдістерді
оңтайландыру бойынша ұсыныстар айтады, топтың да, жастармен жұмыс
жөніндегі маманның да тиімді жұмыс жасауына байланысты пікір білдіреді.
45
7-қосымша
ЖРО-да жастар бағдарламалары мен
жобаларын басқару
Жастар бағдарламаларын мен жобаларын жастар үшін, жастармен бірге
және жастардың өздерімен жүзеге асырылуы ұсынылады. Кей жағдайларда
бұл жергілікті деңгейде жастардың өздері үшін ғана емес, тұтас қоғамға
пайдасын тигізетін қызметке қатысудың жалғыз жолы болып табылады.
Сондықтан, жастар бағдарламалары мен жобалары жастарға қоғам өміріне
қатысудың іс жүзінде қандай екендігін білуіне және тексеруіне, оның барлық
мүмкіндіктері мен шектеулерін ескере отырып, қатысу қандай қағидалар
бойынша қамтамасыз етілетіндігін түсінуге мүмкіндік береді.
ЖРО қызметін жоспарлау кезінде әрқашан бағдарламаның немесе
жобаның мақсаты болуын ескеру қажет: нақты айқындалған мақсаттар нақты
нәтижелердің кепілі. Бағдарламалардың немесе жобалардың негізгі мақсаты –
белгілі бір «проблеманы» шешу, ал, ол – мұқият және жан-жақты талдау
жасауды қажет етеді. Бір немесе бірнеше шешім ұсына отырып, жоба
әлеуметтік салаға айтарлықтай өзгеріс енгізуге бағытталған.
Бағдарламалар мен жобалар шынайы болуы керек, яғни, олардың
мақсаттары қол жеткізімді болуы шарт, бұл жүзеге асыру талаптарының
қаржылық және адами ресурстарға тең болуын білдіреді. Сондай-ақ,
бағдарламалар мен жобалар жаңа идеялардан туындайтындықтан, олардың
әр қайсысы өздерінің өзгешеліктерімен ерекшеленуі тиіс. Олар ерекше
проблемаларды ерекше тұрғыда шешеді, оның үстіне қашан да инновациялық
сипатта болады. Бағдарламалар мен жобалар мониторинг және бағалаудан
өтуі тиіс, себебі олар нақты мақсаттар үшін жоспарланады және жүзеге
асырылады. Ал, осы мақсаттар тиімділікті бағалау үшін ашық болуы тиіс.
Жастар бағдарламалары мен жобалары белгілі құндылықтарға
негізделеді. Сәйкесінше, жоба ұйымдастырушысы және барлық мүдделі
тараптар жастардың қатысуын қамтамасыз ету үшін неге қол жеткізгілері
келетіндіктерін білулері керек. Жастар бағдарламалары мен жобаларында
қамтылуы тиіс негізгі құндылықтар:
1) өзара құрмет: басқалардың (кішілердің де, ересектердің де) әр түрлі
пікір мен көзқарас иесі болу құқықтарын мойындау;
2) ынтымақтастық: жастардың қоғам өміріне қатысуына мүдделі
тараптар ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет етулері керек
және бір-біріне өзара қолдау көрсетулері қажет;
3) жауапкершілік: барлық мүдделі тараптар ынтымақтастық және қол
жеткізілген нәтижелер үшін жауапты;
4) жастардың тәуелсіз болуы: жастардың жоба аясында кейбір
автономияға ие болулары керек;