Жастар ресурстық орталықтары қызметінің стандарты және бағалау



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет17/26
Дата01.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#6807
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

35 

 

3) хабарламаларыңызды шығаратын уақытты таңдаңыз: кешкі 8 бастап 



таңғы  сағат  7  дейін  жазылған  посттар  пайдаланушының  белсенділігін  20% 

арттырады; 

4) сондай-ақ хабарламаларыңызды өзіңіз бөлісіп отырған оқиғалардың 

күнімен сабақтастырыңыз: ол тым ерте және тым кеш болмасын. Қаңтар айы 

жастар жазғы фестивалі туралы ақпарат беру үшін жақсы уақыт емес, бірақ Сіз 

мұны бұрын фестивалге бір күн қалғанда жазатын болсаңыз - өте кеш; 

5)  контенттің  түрі:  жастар  әр  түрлі  контентті  пайдаланады  –  суреттер, 

видео, сілтемелер және тағы басқалар. Сұрақтар қойыңыз! Контенттің бұл түрі 

"сұрақсыз"  хабарламаға  қарағанда  екі  есе  көп  пікір  жинайды.  "Бланкты 

толтырыңыз"  сияқты  посттар  хабарламалардың  басқа  түріне  қарағанда 

пікірді тоғыз есе көп жинайды. 

Жастарды  ақпараттандыру  және  консультация  беру  жастармен 

жасалатын жұмыстың басты бағыттарының бірі болғаныдықтан, оны жүзеге 

асыру барысында жоғарыда аталған ұсыныстарды басшылыққа алған абзал. 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


36 

 

5-қосымша 

 

Жастарды өмірлік маңызы бар 

дағдыларға үйрету

 

 



 

Соңғы  екі  онжылдықта  дамыған  елдер  жастардың  позитивті  дамуына 

көптеп  көңіл  бөлуде,  бұл  жастардың  тұлғалық  және  әлеуметтік  дамуын 

қамтамасыз  ететін  амал  болып  қалыптасқан.  Дүниежүзілік  банк  атап 

кеткендей, жастарды позитивті дамыту Қазақстанда мәселелерді  үш бағытта 

пысықтап алуды талап етеді: 

1)  басқа  адамдарға  қамқорлық  жасау  мен  әл-ауқатын  жақсартуға 

ынталандыру  және  жастардың  қоғам  өміріне  интеграциялану  деңгейін 

арттыру мақсатында қоғам өміріне араласу немесе белсенді қатысу; 

2)  дағдыларды  дамыту,  атап  айтқанда,  мектептен  өнімді  жұмыспен 

қамтылу  кезеңіне  өту  үшін  қажетті  мінез-құлық,  өмірлік  маңызы  бар  және 

техникалық дағдылар; 

3)  бастамашылық,  жастардың  бойына  туа  біткен  тапқырлық, 

шығармашылық сияқты қасиеттерді пайдалану. 

Еуропа  елдері  мен  АҚШ  тәжірибесі  көрсетіп  отырғандай,  осы 

міндеттерді  жастарды  өмірлік  маңызы  бар  дағдыларға  баулып,  жастардың 

бастамаларына қолдау көрсету арқылы орындауға болады. 

Бүгінгі  таңда  қазақстандық  жастар  білім  алудың  ресми  форматын 

ұстанады,  бірақ,  оқу  бітіргеннен  кейін  олар  еңбек  өміріне  тиісінше  дайын 

еместіктерін аңғарып жатады. Заманауи экономиканың негізгі секторларына 

қатысы  бар  дағдылардың,  мәселен,  техникалық,  өзара  қарым-қатынас 

дағдылары 

көптеген 

жағдайда 

білім 

берудің 


ресми 

жүйесінде 

қамтылмайтындығынан,  жұмыс  берушілер  жұмыс  орнында  жетістікке 

жеткізетін  дағдылардың  сәйкессіздігімен  жиі  кездеседі,  аталған  дағдыны 

меңгергендерді  де  жиі  кездестіреді.  Бұл  қазіргі  заманғы  жастарға  қатысты 

маңызды сын, ал оны шешудің басты бағыты - жастарды өмірлік маңызы бар 

дағдыларға үйрету. 

Бұл  тәсіл  жастардың  қауіп  төндіретін  мінез-құлықтарының  алдын  алу 

мәселелерін шешуде өзінің тиімсіздігін танытқан ақпараттық-ағарту тәсіліне 

балама  ретінда  алынды.  Аталған  әдістің  тиімсіздігі  қоғам  өміріне 

интеграциялану,  өмірлік  қиыншылықтарды  жеңу  және  өзін-өзі  тәуекелден 

қорғау  мәселелерін  шешу  үшін  жастардың  әлеуметтік  және  мінез-құлықтық 

дағдыларын қалыптастырудың қажеттілігін алға тартты. Өмірлік маңызы бар 

дағдыларды  қалыптастыру  бағдарламасы  оқытудың  интерактивті  әдістерін 

қолдануды  меңзейді:  жағдайда  модельдеу,  рөлдік  ойындар,  шағын  топтарда 

жұмыс істеу, пікірталас, дебат, «ми шабуылы», көрнекі құралдарын пайдалану, 

жобалық қызмет және т. б. 

Интерактивті әдістерді қолдану себебі  жастар  үшін ақпарат алмасудың 

жеткіліксіздігінде,  олардың  ынталарының  жылдам  жоғалып,  білім  алуды 

тоқтатулары мүмкін. 

Сондай-ақ,  сабақтар  аясынан  тыс  жерлерде  болатын  тәжірибелік 

тапсырмалар  жастарға  өздерінің  жаңа  дағдыларын  нақты  өмірлік 




37 

 

жағдайларда  пайдалану,  құндылығын  түсіну  мүмкіндігін  береді.  Топтаса 



жұмыс  істеу  немесе  түрлі  жағдайдағы  жеке  жауапкершілік  сияқты 

дағдыларды  өмірде  қолдануға  үйретеді.  Қоғамдық  бастамалар  негізінде 

әлеуметтік  жобаларды  қолға  алу  және  іске  асыру  арқылы  оқытуды  қолдау 

жастар мен қоғам арасында тікелей және белсенді байланыс қалыптастырады. 

Бұл  жастардың  өз  мақсаттары  мен  жетістіктерін  айқындауға  көмектеседі  де, 

дәл  осындай  ортада  жастар  өзгелерге  қоғамға  пайдалы  үлес  қоса  алатын 

"өзгерістер  агенті"  ретінде  қарайды.  Оқытудың  осындай  амалдарына  мысал 

ретінде  өмірлік  маңызы  бар  дағдыларға  үйретудің  Польшалық  нұсқасын 

айтуға  болады.  ТжКБ  студенттері  өмірлік  маңызы  бар  дағдыларды  меңгеру 

бойынша  оқулары  аяқталғаннан  кейін  шағын  топтарда  өздері  жеке, 

әлеуметтік  жобалар  ұйымдастырады  және  жүзеге  асырады.  Жастардың 

өміріндегі жобалық қызмет рөлінің үздік көрсеткіші - кейбір студенттердің әр 

түрлі ұйымдарда ерікті болып қызмет етуін жалғастырулары. 

Халықаралық  жастар  қорының  (АҚШ)  тәжірибесі  көрсетіп  отырғандай, 

табыс  деңгейі  төмен  елдердің  жастарына  бейімделген  өмірлік  маңызы  бар 

дағдыларды үйрету бағдарламалары: 

1)  жастар  үшін  экономикалық  жағдайдың  жақсаратындығын  көрсетті: 

өмірлік  маңызы  бар  дағдыларды  үйрету  бағдарламалары  жастардың  табыс 

әлеуетін  арттырды,  сонымен  қатар,  жастарды  ең  жақсы  жұмыс  орындарына 

қабылдануға ынталандырады; 

2)  жастарға  білім  беру  нәтижелерінің  жақсаратындығын  көрсетті: 

жастар 


әлеуметтік-когнитивтік 

дағдыларды 

дамытуға 

бағытталған 

бейакадемиялық  шараларға  барғанда  оқыту  нәтижелері  жақсарады,  бұл 

оқудың табысты аяқталуын қамтамасыз етеді; 

3)  жұмыс  берушінің  жаңа  қызметкерлерге  қанағаттанатындығын 

көрсетті: өмірлік маңызы бар дағдыларды үйрету бағдарламалары жастардың 

көптеген  саладағы  қабілеттерін  шыңдайды,  осындай  қабілеттерді  жұмыс 

берушілер  жаңа  қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау  барысында  жоғары 

бағалайды. 

Жұмыс 


берушілер 

дағдыларды 

үйренуден 

өтпеген 


қызметкерлерге  қарағанда,  өмірлік  маңызы  бар  дағдыларды  үйренген  жаңа 

қызметкерлерге қанағаттанатындықтарын жиі айтады; 

4) 

жастардың 



тұлғалық 

мінез-құлықтары 

және 

әлеуметтік 



ұстанымдарының  өзгеретіндігін  көрсетті.  өмірлік  маңызы  бар  дағдыларды 

үйрету  бағдарламалары  жастарға  өмірлік  жоспар  құру  және  қойылған 

мақсатқа жету үшін тиісті қадамдар жасауға шешім қабылдау мүмкіндіктерін 

береді,  жастардың  өз  жағдайларын  түсінуіне,  тұлғалық  мінез-құлықтарын 

жақсартуға  көмектеседі.  Сол  арқылы  ерте  жүктілік,  есірткі  мен  ішімдікке 

салыну,  тұлға  аралық  зорлық-зомбылық  сияқты  жағдайлар  азаяды. 

Нәтижесінде  жастардың  тұлғалық  қадір-қасиетіне  беретін  бағалары  артып, 

өзінің және балаларының болашағына деген жарқын үміт пайда болады. 

Еуропалық  елдік  баяндамалар  нәтижесі  мен  тақырыптық  зерттеу 

қорытындылары  көрсеткендей,  жастардың  жұмысқа  тұрақты  қатысуы 

арқылы  жастар  белгілі  бір  дағды  қалыптастырып,  құзыреттер  шеңберін 

кеңейтеді,  өзінің  таныстық  аясын  ұлғайтады  және  әлеуметтік  капиталы 

артады,  сондай-ақ  мінез-құлықтарын  өзгертеді.  Оның  үстіне,  кейбір  адамдар 

үшін  жастармен  жұмысқа  қатысу  өмірлеріндегі  жаңа  даму  белестері  болып 

табылады. Жастармен атқарылатын жұмыс нәтижесінде жастарда ең алдымен 



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау