Жастар ресурстық орталықтары қызметінің стандарты және бағалау



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет18/26
Дата01.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#6807
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

38 

 

келесі  дағдылар  қалыптасады:  өзіндік  тиімділік,  көшбасшылық,  шешім 



қабылдау,  жанжалдарды  шешу,  ақпаратты  басқару,  орнықтылық,  тіл 

табысқыштық,  мақсатқа  ұмтылушылық,  ынталану,  ұжымда  жұмыс  істеу 

қабілеті, өзара түсіністік, ұмтылыс пен сенімділік. 

Қазақстандық  жастар  үшін  өзекті  өмірлік  маңызы  бар  дағдыларды 

анықтау  үшін  2016  жылдың  қараша  айында  «Жастар»  ҒЗО  жастар  арасында 

«Жастардың  өмірлік  маңызы  бар  дағдыларды  үйренуге  қатысты 

қажеттіліктері»  тақырыбында  сауалнама  жүргізді.  Бұл  сауалнаманың  негізгі 

мақсаты  –  жастар  үшін  оқыту  жұмыстарын  өткізу  үшін  өмірлік  маңызы  бар 

дағдылар қатарын және оқыту форматтарын анықтау болды. 

Сауалнамаға  барлығы  Қарағанды,  Қостанай,  Қызылорда,  Павлодар, 

Солтүстік  Қазақстан  облыстарынан  және  Астана  мен  Алматы  қалаларынан 

1222  адам  қатысты.  Сауалнамаға  қатысқандардың  63,5%-ы  18-23  жас 

аралығындағылар, 19,5% орташа топтағы 14-17 жастағылар және 17% ересек 

топтағы  24-28  жастағы  тұлғалар.  Этникалық  тиістілігі  бойынша  23%  - 

қазақтар, 22,6% -орыстар. 54,2% - ерлер, 45,8% - әйелдер.  

Сауалнамаға  қатысқан  жастардың  93,4%  өмірлік  маңызы  бар 

дағдыларға  үйрету  жастардың  жағымды  дамуын  қамтамасыз  етеді  деген 

тұжырыммен келіседі және 92,7% өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгерген 

жастар еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие деп санайды. 

Жастардың  пікірі  бойынша  қазақстандық  жастардың  өзі-өзіне 

сенімділік  (52,1%),  өзіне  және  басқаларға  деген  құрмет  (42,2%), 

жауапкершілік  (38,9%),  тәуекелді  қабылдау  (37,1%),  коммуникативтілік 

(33,7%), оң қарым-қатынас және өзін-өзі ынталандыру (32%), креативті ойлау 

(32,1%), жанжалдарды басқару (29,1%), эмоцияларды басқару (28,4%) сияқты 

дағдылары дамымаған.  

Жасыратыны  жоқ,  дұрыс  өмірлік  құндылықтар  мен  дағдыларды 

қалыптастыру  тұлғалық  және  әлеуметтік  дамуға  ықпал  етеді.  Бәлкім, 

қазақстандық жастардың мұндай пікірлері Қазақстан үшін қазіргі уақытта аса 

өзекті  болып  табылатын  жастар  арасындағы  қылмыстың  өршуін,  суицид 

жағдайларының  жиілеуін  және  жастар  ортасының  радикалдануын 

түсіндіретін шығар. 

Сауалнамаға  қатысқан  жастардың  пікірлері  мен  халықаралық 

сарапшылардың  кеңестерінің  ескерілуімен  қазақстандық  жастар  арасында 

үйретілуі тиіс өмірлік маңызы бар дағдылардың ТОП-20 тізімі жасалды:  

1) топтық жұмыс (23,4%); 

2) өзін және басқаларды құрметтеу (25%); 

3) жауапкершілік (29,6%);  

4) эмоцияларды басқару (26%); 

5) жанжалдарды басқару (23,4%); 

6) оң қарым-қатынас және өзін-өзі ынталандыру. Сенімділік (30,6%); 

7) мақсат қоюшылық (28,7%); 

8) коммуникативтік дағдылар (26,6%); 

9) тәуекелді қабылдау (28,4%); 

10) сәтсіздікті жеңу (25,3%); 

11) көшбасшылық (34,5%); 

12) гендерлік теңдік (сарапшылардың пікірі);  

13) уақытты жоспарлау және басқару (36%); 



39 

 

14) шешім қабылдау (37,4%); 



15) сын тұрғысынан ойлау (30%); 

16) креативті ойлау (35,4%); 

17) ақпаратпен жұмыс (22%); 

18) қаржылық сауаттылық (41,5%); 

19) басқару дағдылары (26,6%); 

20)  есірткіге,  ішімдікке,  темекіні  тартуға,  ерте  жыныстық  қатынасқа 

«қарсылық» білдіру (23%). 

Осылайша,  жастардың  өмірлік  маңызы  бар  дағдылары  бойынша 

оқуларын  осы  тақырыптар  бойынша,  бейресми  білім  беру  қағидаларын 

пайдалана отырып жүзеге асыруды ұсынамыз.  



Тренингтер жүргізу бойынша қосымша ұсыныстар

9

 

Ресми  білім  беруге  қарағанда,  бейресми  білім  беруде  анағұрлым 

«жұмсақ»  ұғымдар  қолданылады.  Мәселен,  «оқушы»  немесе  «тәрбиеленуші» 

сөздерінің  орнына  қатысушы  термині  пайдаланылады  -  бұл  білім  беру 

үрдісінің қатысушысы. Бұл мәртебеге қарамастан әр түрлі рөлдерде қатысуға 

болатындықты білдіреді. Қатысушы әр түрлі жағдайларда оқушы да, мұғалім 

де, тәуелсіз сарапшы да, зерттеуші де бола алады. Мұғалімдер бейресми білім 

беру  барысында  тренерлермен,  модератормен  немесе  фасилитатормен 

алмастырылады, ол жастармен жұмыс істейтін маман болуы мүмкін. Бейресми 

білім беру барысында тренер мен қатысушының рөлдерінің тең екендігін айта 

кету  керек,  демек,  олардың  позицияланулары  иерархия  бойынша  ақпаратты 

неғұрлым  толық  игеруге  байланысты  анықталады.  Тренердің  міндеті  білім 

беру емес, білім беру үрдісін тиімді етуге жағдай жасау болып табылады. 

Тренердің  міндеті  (жастармен  жұмыс  жөніндегі  маманның)  – 

тыңдаушыны есту, түсіну, оның білім алу мүдделерін түсіну және әр адамның 

қажеттіліктері  тең  болатын,  әр  қатысушы  және  әр  топ  алға  қойылған  білім 

беру мақсатына жетуге ұмтылатын оған жағдай жасау. 

Кейде  тренингті  бір  тренер  ғана  жүргізеді,  мұндай  жағдайда  барлық 

жауапкершілік  соған  жүктеледі.  Ал  семинарды  көбінесе  жастармен  жұмыс 

жөніндегі  мамандардан  түратын  топ  жүргізеді,  мұндай  жағдайда 

жауапкершілік  барлығына  тең  бөлінеді.  Топта  жұмыс  істеу  —  бұл  әрқашан 

кешенді және күрделі, бірақ қызықты және пайдалы қызмет. Тренерлер тобы, 

әдетте,  қандай  да  бір  ережелер  бойынша  емес,  бір-бірін  психологиялық 

толықтыру  мен  үйлесімділік  бойынша  құрылады.  Кәсіби  тренер  кез  -  келген 

әріптесімен  жұмыс  жасай  алады.  Мұндай  ынтымақтастықта  жетістікке 

жеткізетін  басты  тетік  -  сауатты  қалыптастырылған  кері  байланыс.  Тренер, 

қандай  да  бір  семинар  өткізуге  келісім  бере  отырып  қатысушылар  туралы 

ғана  емес,  өзі  туралы  да  ойлайды.  Сондықтан,  топтық  жұмыстың  табысты 

болуы үшін семинарды жоспарлау алдында әр тәлімгердің мотивтері мен жеке 

мүдделерін талқылап алу керек. 

Топта  жұмыс  істеу,  жалғыз  қызмет  ететін  тренерге  қарағанда, 

тренингтің  қарқындылығын  арттырады  және  қатысушыларды  жұмысқа 

қабілетті  жағдайда  ұстай  алады.  Тренерлер  міндеттемелерді  өзара  бөлісіп 

алады,  осындай  жағдайда  жұмыс  жасау  оңайырақ,  мысалы,  пікірталас 

                                                           

9

   А.Богдзевич, О.Иванова, А.Назина, М.Степанов. Тренер – группа – семинар: другой путь образования 



молодежи, Берлин, 2009 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау