48
және қандай дәрежеде екендігін тексеруге болады. – Қол жетімді: жоба
мақсаттары бірден көпке қол жеткізуді көздемейді. – Шыншылдық: қолда бар
ресурстармен мақсатқа қол жеткізуге болады. – Уақыт бойынша есептелген:
мақсатқа қашан қол жеткізілетіндікті анықтауға болады.
5-қадам: Әдістеме таңдау.
Еуропа Кеңесінің Жобалық менеджмент бойынша нұсқаулығында
міндеттердің кезекпен орындалу әдісі әлеуметтік, білім беру немесе
ұйымдастыру үрдістері ретінде қарастырылған. Бұл жағдайда әр түрлі іс-
шаралар мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Әдістемеде
бағдарламаны немесе жобаны ұйымдастырудың және басқарудың барлық
үрдістерін анықтайтын тәсіл де қарастырылады. Белгілі қызметке қатысты
тәсілді таңдаудың бірнеше маңызды салдары бар, мысалы, жоба немесе
бағдарлама неге, қалай, кім және кіммен бірге жүзеге асырылады. Іс жүзінде
бұл қатысушы тараптардың бағдарламаның немесе жобаның элементтеріне
нақты ықпал ететіндіктері, оларды басқарудың немесе тиісті мәселелер
бойынша шешім қабылдаудың жастардың қатысуымен бірге іске
асырылатындығын білдіреді.
Әдісті әдістемемен шатыстыруға болмайды: әдістер - бұл әрекет етудің
нақты құралдары немесе тәсілдері (мысалы, іс-шаралар немесе жаттығулар).
Жобаның немесе бағдарламаның әдістемесін жастармен бірге жоспарлай
отырып мыналарға кепілдік беру маңызды:
– жастар бағдарламаның немесе жобаның мәнісін және неге қол жеткізу
керектігін түсінеді;
– жастар бағдарламаның немесе жобаның әр түрлі элементтеріне ықпал
етеді;
– жастар бағдарлама немесе жоба бойынша белгілі міндеттерге ие;
– жастардың белгілі міндеттемелері бар;
– жастар жоба немесе бағдарлама бойынша өз көзқарастары мен
пікірлерін білдіру мүмкіндіктеріне ие;
– жастар бағдарлама немесе жобаға қатысуға қажетті дағдыларды игеру
мүмкіндіктеріне ие;
– жастар бағдарлама немесе жоба бойынша құрбан немесе объекті емес,
серіктес ретінде танылады;
– бағдарлама немесе жоба аясында атқарылатын шаралар жастарға
қолайлы және қажеттіліктеріне сай.
6-қадам: Қызметті жоспарлау.
Бағдарламаны немесе жобаны дайындаудың осы кезеңінде, алдыңғы
қадамдарды негізге ала отырып жоба немесе бағдарлама аясында жүзеге
асырылуы тиіс шаралардың жоспарын құру қажет. Бұл кезеңде қызметтің әр
түрі бойынша шешілуі тиіс міндеттердің тізімін жасап алу керек. Ал, мүдделі
тараптар атқарулары тиіс жұмыс көлемін нақты білулері керек. Бұл іс жүзінде
қанша уақыт пен ресурстардың (мысалы, қаржы) қажет екендігін болжауға
мүмкіндік береді. Бағдарламаны немесе жобаны іске асыру бойынша
әрекеттер кейде айсбергтің шыңы сияқты көрінеді, өйткені жобаның осы
бөлігі ғана сырттай көрінеді. Бағдарламаны немесе жобаны дайындау, оны
басқару үрдісінің ауқымы кеңірек, ол тек қатысушыларға ғана көрінетін
көптеген міндеттер мен шараларды қамтиды.
7-қадам: Қызметті жүзеге асыру.
49
Жоспарлау кезеңінен кейін, көздеген мақсатқа жету үшін қадам басуға
болады. Бағдарламаны немесе жобаны жүзеге асыру түрлі міндеттерді
дайындау мен орындауды білдіреді, бұл қатарға жобаға немесе бағдарламаға
жалпы басшылықы ету де жатады, атап айтар болсақ:
– адами ресурстарды басқару және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету,
олардың күштері мен таланттарын тиімді пайдалану;
– жастарға жауапкершілік пен міндеттерді бөлу бойынша көмек көрсету;
– басқа қол жетімді ресурстарды басқару: қаржы, инфрақұрылым, ноу-
хау, уақыт және т. б.;
– бағдарламаның немесе жобаның түрлі аспектілеріне қатысты
күнделікті шешімдер қабылдау;
– іске асыру жоспарын бақылау;
- бағдарламаның немесе жобаның түрлі аспектілерін тұрақты түрде
бағалау;
– жастармен ынтымақтастықтың сапалы болуын қамтамасыз ету;
– бағдарламаны немесе жобаны жаңа жағдайларға бейімдеу (егер қажет
болса);
– жобаны немесе бағдарламаны жүзеге асыру барысында орын алған
күтпеген өзгерістерге және жоба жетекшісінің бақылауынан тыс факторларға
қатысты шешімдер қабылдау.
8-қадам: Бағалау.
Жобаның немесе бағдарламаның аяқталуы алдында міндеттердің
қаншалықты толық орындалғандығын, бағдарламаның немесе жобаның
орындалу барысының қандай болғандығын білу үшін, сонымен қатар
болашақтағы осындай бастамалар бойынша атқарылатын жұмыстарға
тұжырымдар мен ұсынымдар дайындау керек. Бағалау көптеген жағдайда
жағымсыз қабылданады (атқарылмаған қызметтердің тізімін жасау деп
қабылданады), сондықтан оны мұқият жоспарлау маңызды. Бұл жетістіктер
мен кемшіліктерді анық көрсете алатын сапалық бағалау жасауға алғышарт
болады. Жастар бағалау барысының белсенді қатысушылары болулары керек,
бұған бірлескен тәсіл арқылы қол жеткізуге болады. Бұл тәсіл келесі
қағидаларға негізделуі тиіс:
– бағдарламаны немесе жобаны бағалау барысы жастарға белгілі
міндеттер үшін, жауапкершілік алу үшін кеңістік қалыптастырады;
– жастарға бағалау шарасы барысындағы олардың рөлдері түсінікті;
– жастарға "бағаның" не екендігі мәлім және оның бағдарлама немесе
жоба үшін маңыздылығын біледі;
– бағалау жастармен бірге жоспарланған;
– жастардың бағалау барысында маңызды рөл атқару үшін қолдау
көрулері керек;
– жастардың көзқарастары мен пікірлері ересектердің көзқарастарымен
тең;
– бағалау үрдісі жастарға пайдалы;
– бағалау үрдісі жобаның қазіргі ахуалы мен болашақтағы жағдайына
шоғырланған.
9-қадам: Әрі қарай жасалатын қадамдар.
Жастар бағдарламалары мен жобалары жергілікті деңгейде белгілі
өзгерістер жасауға бағытталған. Басқаша айтқанда, жоба аяқталғаннан кейін