Жастар ресурстық орталықтары қызметінің стандарты және бағалау



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет16/26
Дата01.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#6807
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

33 

 

Бұл 



Сіздің 

бизнес-ақпаратты 

пайдалана 

алмайтындығыңызды 

білдірмейді.  Бұл  кез-келген  ақпаратқа  сақтықпен  қарау  керектігін  білдіреді. 

Автор  туралы  деректерді  тексере  отырып  жастармен  жұмыс  істейтін 

маманның оның беделі мен біліктілігіннен де хабардар болуы шарт. Ақпарат 

объективті ме, әлде бұл жай ғана автордың пікірі ме? Субъективті пікірлерді 

ақпарат  көзі  ретінде  пайдаланғанда  аса  сақ  болыңыз.  Бірақ  бұған  ешқандай 

тыйым  салынбаған  және  олардың  шын  мәнінде  пайдалы  сілтемелер  болуы 

мүмкін,  алайда,  үнемі    келіп  түсетін  деректерді  өзіңіздің  талабыңызға 

қаншалықты сай екендігін тексеріп қана пайдаланыңыз. 



2. Ақпарат қаншалықты дәл болып табылады? 

Әрдайым  ақпараттың  алғашқы  көзін  табуға  тырысыңыз.  Егер  басқа 

ақпарат  көзіне  сілтеме  болса,  соны  пайдаланыңыз.  Ешқашан  қайта  басылған 

ақпаратты басшылыққа алмаңыз. 

Ақпараттың пайда болған күніне қараңыз. Ескі ақпарат көздерін табуға 

уақыт кетірмеңіз, ең жаңа нұсқаларын қараңыз. 



3. Ақпарат қолжетімді ме және оны пайдалану оңай ма? 

Мәтін  жақсы  топтастырылған  ба,  оңай  оқыла  ма?  Арасынан  өзіңізге 

қажеттісін  табу  оңай  ма?  Мәтіннің  дизайнында,  оның  тілінде  және 

мазмұнында  жастардың  қажеттіліктері  ескерілген  бе?  Бұл  көрсеткіштер 

айтарлықтай  ерекше  емес,  бірақ  олар  ақпарат  жеткізушілер  мен  олардың 

кәсібилігі  туралы  біраз  мағлұмат  бере  алады.  Осының  барлығын  ақпаратты 

өңдеу  барысында,  немесе  оны  жастарға  беру  үшін    "қайта  дайындау" 

барысында ескеру керек. 

«Онлайн  ортадағы  қауіпсіздік  пен  сапа  бойынша  нұсқаулық» 

тақырыбындағы  ERYICA  жарияланымы  ақпараттарға  қойылатын  талаптар 

офлайн-ортаға да, онлайн-ортаға да қатысты дейді: 

1) ақпарат көзінің кім/не екенін анықтаңыз; 

2) авторлардың ақпарат берудегі мотивін ойлап көріңіз; 

3)  әрдайым  деректерді  тексеріңіз  және  басқа  көзден  алынған 

деректермен салыстырыңыз; 

4) сыни тұрғыдан ойлауды да ұмытпаңыз; 

5)  күмән  бар  болса  ақпаратты  қолданбаңыз  немесе  оның  дұрыстығын 

тексеруге екі есе күш жұмсаңыз. 



4. Ақпараттық қажеттіліктер 

Ақпараттық  қажеттілігін  үнемі  қадағалау  және  жаңарту  керек.  ЖРО 

көпшілігі  өздерінің  мақсатты  аудиториясында  сауалнамалар  жүргізеді,  содан 

кейін тиісті түрде алынған ақпаратты бейімдейді.  

Кейбір  сұрақтар  мен  оларға  алынған  жауаптарға  сүйене  отырып, 

астарындағы  мотивтерді  анықтауымыз  керек.  Жас  қыз-жігіттердің  ЖРО-ға  

"Жұмысты қайдан тапсам болады?" деген сияқты қарапайым мәселе бойынша 

жүгінуі мүмкін. Кәсіпқой тұлға бұл сұрақты кеңірек талқылауға міндетті: неге 

келіп тұрған тұлға  жұмысқа мұқтаж,  оның жеке сипаттағы қиыншылықтары 

бар  ма,  оның  алдыңғы  тәжірибесі,  білімі  негізінде  қандай  ақпаратты  беру 

лайықты  және  т.б.  Бірақ,  біз  жастарға  олардың  құқықтары,  жұмысқа 

қабылдану  тәртібі  және  ең  төменгі  жалақы  көлемі  сияқты  ақпараттарды 

беруге  міндеттіміз,  демек,  жастардың  білмеуі  мүмкін  мәліметтермен 

таныстыруымыз керек. 




34 

 

Сондықтан  қарапайым  сауалнама  жағдайға  жәрдемдесе  алмайды.  Егер 



ақпараттық  қажеттіліктерін  түсінгіңіз  келсе,  әр  түрлі  зерттеу  әдістерін 

пайдаланыңыз. 

Фокус-топта 

талқыға 


салуды 

ұсыныңыз. 

Сапалық 

зерттеулердің  бұл  түрі  сандық  деректер  емес,  қызмет  алушының  ортасы 

туралы  құнды  ақпарат  береді.  Жасы  14-18  аралығындағылар,  әдетте,  көп 

уақыттарын өздерінің құрбыларымен, достарымен өткізеді. 

Жастармен  жұмыс  жөніндегі  маман  құрдастардан  құралатын  фокус-

топтарда  пікірталастар  өткізуге  әбден  лайық  тұлға.  Мұндай  ортада 

жасөспірімдер  неғұрлым  ашық  және  өз  ойларын  нақты  тұжырымдауға 

бейімірек,  құрдастары  тарапынан  болатын  қысымға  қарсы  тұруға  қауқарлы. 

Оларға  өздерін  толғандыратын  мәселелерді  талқыға  салу  шынымен  ұнайды. 

Алайда, фокус-топ оңай іс емес. Пікірталасқа дайындалуға және жетекші рөлін 

атқаратын  тәжірибелі  адам  табуға  уақыт  керек.  Лайықты  қатысушыларды 

іздеу де мәселеге айналуы мүмкін. 

Фокус-топтардағы  пікірталас  әдісі  -  жақсы  іс,  бірақ  Сіз  өзіңізді  сыбыр-

жыбыр  еткен  жасөспірімдермен  бетпе-бет  келгенде  жайсыз  сезінетін 

болсаңыз,  ақпаратты  танымал  етудің  басқа  амалын  қарастырыңыз.  Бұл  істе 

онлайн  құралдар  қашан  да  пайдалы.  Әлеуметтік  БАҚ  жастармен  қарым-

қатынас  құралы  екенін  де  ұмытпауымыз  керек.  Ғаламторда  қойылған 

қарапайым  сұрақтың  өзі  әңгіме  өрбітуі  әбден  мүмкін,  ал  провокациялық 

мәлімдемелер,  фотосурет  немесе  бейнебаяндар  әлеуметтік  желілерде  қызу 

пікірталас тудырады. 



5. Әлеуметтік медиа мен жаңа технологиялар 

Жастармен жұмыс  жөніндегі мамандардың жас  буын арасында кеңінен 

танымал  жаңа  тенденциялардан  және  технологиялардан  хабардар  болуы 

керек.  Оның  үстіне  олардың  ең  белсенді  болулары  керек:  бір  қадам  кеш 

жүргенше, екі қадам алда болған жақсы. 

Жастар  жаңа  технологияларды  жақсы  көреді  және  өз  замандастарына 

сіңісіп  кету  үшін  оларға  мұқтаж.  Тенденциялардың  мұндай  үйлесімі 

әлеуметтік  желілердің  көбіне  жаңа  технологиялар  арқылы  дамуына  әкеледі. 

Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың әлеуметтік медианы пайдаланудан 

бас  тартуы  жастарды  қамтудың  неғұрлым  маңызды  құралынан  бас  тарту 

болып  бағаланады.  Ал  егер  оларды  тиімді  пайдаланбаса,  мысалы,  Твиттер 

сияқты 


сервистің 

лайықтылығын 

бейімдеу 

арқылы 


қолданбаса, 

қызығушылық жойылып,  мақсатты топ ыдырайды. 

Facebook-тегі жаңалықтар қатарын оңтайландыру бойынша кеңестер: 

1) аз, яғни жақсы: күніне екі-үш хабарлама жеткілікті, әйтпесе адамдар 

мұны  спам  ретінде  қабылдап,  сіздің  парақшаңыз  "ұнамайтын"  парақшалар 

санатына  кетеді.  Күніне  бір  немесе  екі  пост  жазғанда,  осы  парақшаны 

қараушылардың  белсенділіктері  40%  құрайды.  Аптасына  бір  -  төрт  пост 

жазылатын парақша қараушыларының белсенділіктері 71%-ға дейін артады. 

Күрделі  посттар  қызық  емес.  Қарапайым  хабарламалар  салыстырмалы  түрде 

94%-дан артық оқырман тартады; 

2) таңбалар санын қысқартыңыз: 80 және одан да аз таңбалы посттарға 

белсенділіктің  66%-дан  астамы  тиесілі.  Өте  қысқа  хабарламалар  –  1-40 

таңбалы посттар қамтудың ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді; 



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау