40
модерациясы: бірі сұрақ қояды, пікірталас барысын бақылайды және
арасында түйіндеме жасап отырады, ал басқасы өз пікірлерін білдіргісі
келетіндерді жазып алып, сөз береді. Тренерлердің топтық жұмыс жасауы
қатысушылар үшін де пайдалы, өйткені дауыс тембрі мен мінез-құлық
мәнерінің өзгеруі қатысушылардың назарын аудартады да, аз шаршатады.
Тиімді нәтижелерге жету үшін және топтың тақырыпқа толыққанды
кіруі үшін тренингтерде қатысушылар саны 20 адамнан көп емес болуы
ұсынылады.
41
6-қосымша
Жастар бастамаларына менторлық
жасау
Менторлық (тәлімгерлік) – жас тұлғаға әр түрлі амалмен әрекет ету
үлгілерін және кері байланыс қалыптастыру әдістерін беру арқылы оқыту.
Тренингпен салыстырғанда бұл әдіс "жекелендірілген", бірақ көбіне көп күш
пен уақытты талап етеді.
Менторлық жеке, топтық және ұжымдық болуы мүмкін. Көбінесе біз
жеке менторлықпен кездесеміз. Мұндай жағдайда жастармен жұмыс жөніндегі
бір маман бір тұлғамен жұмыс жасайды. Бұл тәлімгерліктің тағы да бір
артықшылығы. Топтық (бір тәлімгер жастар тобымен жұмыс жасайды) немесе
ұжымдық менторлық (бірнеше тәлімгерлердің бір адаммен немесе жастар
тобымен жұмыс жасайды) сирек кездеседі.
Үйретушілікті, коучингті және менторлықты ажырату керек. Бұл
ұғымдар бір-бірін толықтырады және ұқсас, бірақ:
1) Коучинг білім мен дағдыларды қалыптастыруға емес, өздігінен білім
алу және өзін-өзі дамытуды белсенділендіруге бағытталған. Бұл жағдай мен
мәселелерді бірлесе отырып талқылау және саралау барысында үздіксіз кері
байланыс беру арқылы іске асырылады.
2) Менторлық коучинг және оқытушылық қызмет белгілерін біріктіреді.
Мұнда да кері байланыс маңызды, бірақ жақсы теориялық қор қосылады.
Ментор алдымен теорияны айтады, содан соң мысал көрсетеді, содан кейін
ғана үйренуші тапсырма орындап, кері байланыс алады.
3) Үйретушілікте тәжірибеге көп көңіл бөлінеді. Неғұрлым тәжірибелі
қызметкер өз білімімен және тәжірибесімен бөліседі. Негізінен үйретушіліктің
үздіксіз жүргізілуі ықтимал.
Тәлімгер ментор деп аталады. Атауы ежелгі грек аңыздарынан алынған.
Ментор есімді кейіпкер дана ақылшы болыпты, оған барлығы сеніп, түрлі
сұрақтармен келген, кеңестер мен көмек сұраған.
Әдетте, ментор ретінде тәжірибесі жоқ жас тұлғаға қиыншылықытарды
жеңу бойынша кеңес беретін, білімі мен кәсіби тәжірибесі бар жастармен
жұмыс жөніндегі маман қызмет етеді.
Ментор әр түрлі қызметтер атқарады:
Ментор – зейінді көмекші
—
Ментор – қатал ұстаз
Зейін мен эмпатия танытады,
қолдайды
және
ынталандырады.
Қосымша
дамыту
сұрақтарын
қояды.
"Оқушымен" сенімді қарым-
қатынас
қалыптастырады.
Мұндай ментор – дос.
Қатал ұстаз. Кері байланысты адал
және тіке береді. Ақпаратты нақты
баяндайды, нақты орындауды талап
етеді. Ұрысуы да мүмкін. Жұмыстың
сапалы орындалуын талап етеді. Ол
сын-тегеурін
салады.
Мұндай
ментордың бастапқыда "оқушының"
үрейін
тудыруы
мүмкін.
Бірақ
42
ментордың мұндай позициясы ең
қысқа уақыт ішінде өзіңді қолға алып,
қажетті
жұмысты
атқаруға
көмектеседі.
«Жастар бастамаларына коучинг жүргізу: жастар қатысуын қолдау
жөніндегі нұсқаулық»
10
құралының материалдары бойынша жастардың
бастамалары жастардың көпшілігіне күнделікті өмірде өнертапқыш болу, өз
қажеттіліктерін және мүдделерін көрсету, әлемнің өзекті мәселелері бойынша
жеке пікірлерін білдіру мүмкіндіктерін береді. Жастардың игі бастамаларын
жүзеге асыру жастарға түрлі салалар бойынша идеяларын жүзеге асырып көру
мүмкіндігін береді: өнер және мәдениет, әлеуметтік инклюзия, қоршаған
ортаны қорғау, мәдени мұраны қорғау, ауылдық жерлердегі жастарды
дамыту, денсаулық, психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу, бос
уақытты тиімді өткізу, ұлтшылдықпен күрес және ксенофобия, тең
мүмкіндіктер, жастар спорты және басқалар.
Жастардың бастамалары да жастар жобасының даму жолымен қолдау
табады: жоспарлау, іске асыру, мониторинг және бағалау, жалғасын табуы
немесе әсері.
Шараның идеясы туған сәттен бастап жастарға қажетті қолдау көрсету
аса маңызды. Жастар үшін барлық маңызды сұрақтар бойынша байланысатын
тұлға - жастармен жұмыс жөніндегі маман. Егер жастармен жұмыс жөніндегі
маман пікір алмасу мүмкіндігін үнемі тудырып отыратын болса, жастар
мұндай мүмкіндікті қуана-қуана пайдаланады. Бір жағынан, осылайша,
жастарға құрмет көрсетіледі және бастамалары мақұлданады, екінші
жағынан, жастар туындайтын қиындықтармен бірден бөлісіп отыруға дайын
болады. Қарым-қатынаста кедергілер мүмкіндігінше аз болуы керек.
Қызмет басталғаннан-ақ жастарға кеңестер мен қолдау қажет, ал мұның
ЖРО қызметінде тұрақты кездесулер, супервизия, қызметті бірлесіп
жоспарлау түрінде және т. б. форматтарда қарастырылуы тиіс.
Жастар бастамаларына сүйемелдеу көрсету үрдісі бағалау және
мониторинг деп аталатын екі буыннан тұруы ықтимал:
1) тұрақты өзара әрекеттестікті және кері байланысты қолдау: бір-
бірімен танысу, өзара әрекеттестікті қалыптастыру, қажеттіліктерін анықтау
және құзыреттілікті нақтылау, жастарды ынталандыру.
2) қолдау: ақпарат беру, жұмысты ұйымдастыру, тренингтер,
супервизия және басқа да құралдар.
Сүйемелдеудің көбінесе жеке жұмыс екендігіне байланысты жастар
бастамаларының жұмысы басталғанда ғана емес, бір-бірімен қызмет
барысында таныстықты жалғастыру өте маңызды. Жастармен жұмыс
жөніндегі маман үшін топ туралы көп мәлімет білу (олардың алдыңғы
тәжірибелері, мүдделері, хобби және т. б.), сондай-ақ оларға өзі туралы
мәлімет білу мүмкіндігін беру маңызды. Топ қатысушыларының бір-бірімен,
сондай-ақ жастармен жұмыс жөніндегі маманмен танысуы топта неғұрлым
сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді, ал бұл ынтымақтастықты
табысқа жеткізеді. Қызметінің барлық кезеңінде жастармен жұмыс жөніндегі
10
Жастар бастамаларына коучинг жүргізу: жастар қатысуын қолдау жөніндегі нұсқаулық. Сальто
орталығы. 2006.