Жастар ресурстық орталықтары қызметінің стандарты және бағалау



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет23/26
Дата01.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#6807
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

50 

 

жергілікті қауымдастық және/немесе жастар бұрын болмаған жағдайлар мен 



өзгерістерді  байқаулары  қажет.  Бұл  бағдарламаның  немесе  жобаның 

тоқтамайтындығын,  өзінің  әрекетін  ұзақ  мерзімдік  перспективада  тұрақты 

нәтиже қамтамасыз ету арқылы жалғастыра беретіндігін білдіреді. 

Жобаларды  басқарудың  осы  моделін  жастармен  жұмыс  жөніндегі 

мамандардың  жастар  жобалары  мен  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  және 

жастар бастамаларына менторлық қолдау жасау сияқты ЖРО-ның қызметінде 

пайдалануға болады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


51 

 

8-қосымша 



 

  

Бағдарламаларға және/немесе 

жобаларға мониторинг жүргізу және 

бағалау жөніндегі ұсыныстар

12

 

 

 

Мониторинг  және  бағалау  –  теориялық  ізденістер  емес,    нақты 

басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажет пайдалы құралдар. 

Мониторинг  –  орындалған  қызметті  жоспарланған  қызметпен 

салыстыру  және  тиісті  ахуалға  уақытылы  өзгерістер  енгізу  мақсатындағы 

жобалар,  бағдарламалар  немесе  басқа  да  қызмет  түрлері  туралы  осы 

қызметтердің жүзеге асырылу барысында мәліметтерді жинақтау (жоспарды 

фактімен салыстыру). 

Бағалау – қызметтің құндылығын (пайдасын) анықтау. 

Осылайша,  мониторинг  –  бағалаудың  ақпараттық  негізі.  Егер 

жоспардың  қалай  орындалғандығы  анықталмаған  болса,  іс  жүзінде  қол 

жеткізілген нәтиженің дұрыстығын айту қиын. 

Мониторинг  және  бағалау  жүргізу  барысында  сұрақтарды  дұрыс 

қалыптастыру керек:  

1) сипаттамалық сұрақтар (не? қанша? қашан? және т.б.). Мысалы, заңға 

қайшылықтары бар әлеуметтік оңалтудан өткен жастардың саны қанша? 

2)  нормативтік  (қолданыстағы  эталонды  шындықпен  салыстыру). 

Мысалы,  әлеуметтік  оңалтудан  өтуші  жастардың  заңмен  жанжалдығы  бар 

жастар болып табыла ма? 

3)  себеп-салдар  (белгілі  элементтің  жағдайды  өзгертудегі  рөлі). 

Мысалы,  әлеуметтік  оңалтудан  өткен  заңға  қайшылығы  бар  жастар 

әлеуметтік  оңалтудан  кейін  қайтадан  құқық  бұзушылыққа  барудан  бас 

тартты ма? 

Сонымен  қатар,  жобаларды  және  бағдарламаларды  бағалау  кезінде 

эксперименттік бағалау әдістемесін пайдалану ұсынылады. Тәжірбелік әдістер 

сұрақтың үшеуіне де неғұрлым толық және объективті түрде жауап береді. Үш 

қағиданы қамтиды: 

1)  "дейін  және  кейін"  қағидасы.  Бағалау  кезінде  белгілі  қызметті 

орындауды  бастағанға  дейінгі  (кешенді  көрсеткіштер)  жағдай  және  сол 

қызметті  атқару  аяқталғаннан  кейінгі  (іс-әрекет  кезеңі)  жағдай 

салыстырылады.  Бұл  қағидат  жалғыз  өзі  себеп-салдар  сұрақтарына  жауап 

бере  алмайды  -  өзгерістердің  бұл  қызметке  қатысы  жоқ  факторларға 

байланысты болуы мүмкін. 

2)  "бақылау  тобы"  қағидасы.  Бағалау  барысында  қызметтер 

бағытталған 

мақсатты 

тобының 

көрсеткішктері 

мен 

қызметке 



қатыстырылмаған  топтың  көрсеткішктері  салыстырылады.  Егер  бұл  топтар, 

                                                           

12

 Чагин К.Г. Әлеуметтік жобаларға мониторинг және бағалау жүргізу. Қала экономикасы институты, 



Мәскеу. 


52 

 

бір  санатта  бола  отырып,  бір-бірінен  қандай  да  бір  нақты  қасиеттері  немесе 



белгілері  арқылы  ерекшеленетін  болса,  онда  жағдайды  қызметтер  емес, 

олардың өздері өзгертеді. 

3) топ құрамын жасақтау барысындағы таңдаудың кездейсоқтығы. Бұл 

қағида бағалауға неғұрлым объективті сипат береді. 

Жобаларды  іске  асырудың  негізгі  кезеңдерінің  бірі  көрсеткіштерді 

(индикаторларды) анықтау болып табылады. 

Көрсеткіштерге қатысты талаптар мынадай болуы мүмкін: 

1)  Негізділік  –  көрсеткіштер  шын  мәнінде  бізге  қажетті  нәрселерді 

өлшей  ала  ма?  Мысалы:  сұрақ  -  әлеуметтік  оңалтудан  өткен  жасөспірімдер 

құқық бұзушы жасөспірім болып табыла ма? 

Негізсіз  көрсеткіші  -  кәмелетке  толмағандар  істері  жөніндегі  комиссия 

тіркеуінде тұрған жастар үлесі. 

Негізді  көрсеткіш  –  ІІБ-нің  кәмелетке  толмағандар  істері  жөніндегі 

бөлімшесінің тіркеуінде тұрған жастар үлесі. 

2)  Сенімділік  –  көрсеткіштерді  пайдалану  объективті  ақпарат  бере  ме? 

Мысалы:  сұрақ  –  қызмет  алушылардың  үйде  көрсетілетін  әлеуметтік 

қызметтің сапасына қанағаттану деңгейі қандай? 

Сенімсіздеу көрсеткіш – үйде көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасына 

қызмет алушылар қанағаттанады деп санайтын қызмет берушілер үлесі. 

Неғұрлым  сенімді  көрсеткіш  –  үйде  көрсетілетін  әлеуметтік  қызмет 

сапасымен қанағаттанамыз деп айтатын қызмет алушылар үлесі. 

3)  Маңыздылығы  –  көрсеткіштер  мониторинг  немесе  бағалау  үшін 

қажетті  және  маңызды  белгілерді  өлшей  ала  ма,  әлде  өлшеуге  болатын 

көрсеткіштерді  ғана  білдіре  ме?  Мысалы:  сұрақ  –  ерекше  қажеттіліктері  бар 

балалар  үшін  əлеуметтік  оңалту  бағдарламаларының  пайдалылық  деңгейі 

қандай?  

Маңызсыздау  көрсеткіш  –  әлеуметтік  оңалту  бағдарламасы  ерекше 

қажеттіліктері бар балаларға  пайдалы деп санайтын сарапшылар үлесі. 

Аса  маңызды  көрсеткіші  –  әлеуметтік  оңалту  бағдарламасы  ерекше 

қажеттіліктері бар балаларға пайдалы деп санайтын ата-аналар үлесі. 

4) Дәлдігі – көрсеткіштерді қолдану нақты ақпаратты бере ме? Мысалы: 

сұрақ  –  аз  қамтылған  зейнеткерлер  үшін  ыстық  тамақ  ұйымдастыру 

нәтижесінде тамақтану сапасы қалай жақсарды? 

Дәл  емес  көрсеткіш  -  тамақтану  сапасы  жақсарған  қызмет  алушылар 

үлесі. 

Неғұрлым  дәл  көрсеткіш  -    ет  және  балық  тағамдарын  тұтына 



бастағандар қызмет алушылар үлесі. 

Мониторинг  және  бағалау  жүргізу  үшін  ақпарат  алу  көздері  ретінде 

әкімшілік құжаттарды (статистика, есептер және т.б.), жастарды, жоғарыдағы 

басшылықты, сырттан шақыртылатын сарапшыларды алуға болады. Ақпарат 

жинау әдісі - әкімшілік құжаттардан мәліметтер алу, фокус-топтардан ақпарат 

жинау,  сауалнама  (сауалнама,  телефондық  сауалнама,  жеке  сұхбат)  жүргізу, 

қадағалау немесе техникалық өлшеу құралдарын пайдалану. 

Ақпарат жинауға арналған жұмыс құралдары: 

1)  бағдарлама  туралы  ереже,  жобаның  тұжырымдамасы  немесе 

бағдарламаны жүзеге асыру барысында басшылыққа алынатын өзге де құжат 

(жоспар); 



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау