«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет63/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

119 



  Баспананың жоқтығына, тұрмыстық шаруашылыққа, бала тәрбиесіне байланысты жанжалдың 

тууы.  


  Ерлі-зайыптылар арақатынасының бұзылуы (көзіне шөп салу, қызғаншақтық). 

  Биологиялық сәйкессіздік (баласыздық, жыныстық дисгармония). 

  Әйелдің өз міндетін дұрыс орындамай, өзін еркекпен тең санауы. 

Бұдан  басқа  көптеген  факторларды  алға  тартуға  болады.  Бұл  ажырасудың  негізгі  себептері. 

Сонымен  қатар,  біздің  елімізде  ажырасудың  себептерін  ата-енемен  тұру  мен  күйеу  жақтың  туған-

туысқандары  арасындағы  қарым-қатынастар  шиеленісі  мен   т.б.  толықтыруға  болады.  Бүгінде  қазақ 

отбасыларында  келіннің   ата-енесімен  бірге  тұруы  қалыпты  жағдайға  айналғанын  көреміз.  Осы  орайда 

баласын  аялап  өсірген  ана,  яғни  қыздың  енесі  ұлын  қызғанады  немесе  басқа  себептермен  келініне 

күнкөрсетпейтіні  сияқты  шиеленісті  жағдайлар  орын  алады.   Жігіттің  ата-анасымен  тұрған  соң  міндетті 

түрде  арада  түсініспеушілік,  ұрыс-керіс  болады. Кейбір ата-енелер екі жастың арасына  түсіп  те жатады. 

Немесе керісінше әйел күйеуіне таңдау жаса деп тікесінен талап қояды. Бұл- Қазақстандағы  ажырасудың 

бірден-бір кеңінен таралған  себебі. Келесі кезекте  – алып қашу  мәселесі  бір бөлек.  Өздері  жақын  таныс 

емес  немесе  қыздың  ырқынсыз  алып  қашып,  ақырында  ажырасып  жататын  жағдайлар  аз  емес.  Бұл  да 

еліміздегі ажырасу дертінің себептерінің бірі. Еліміздегі соңғы он жыл ішіндегі неке статистикасына көз 

салайық: 

 

Жыл  

Тіркелген неке  

Ажырасу көрсеткіші 

2010 


144357 

40982 


2011 

160494 


44862 

2012 


164681 

48513 


2013 

168417 


51482 

2014 


159328 

52 673 


2015 

148769 


53293 

2016 


140870 

51775 


2017 

146215 


51000-нан астам 

2018 


143521 

40000-нан астам 

 

Байқап  отырғанымыздай,  отбасының  құрылуы  мен  некенің  бұзылуы  бірде  төмен,  бірде  жоғары,  яғни 



ауытқып отырады. Алайда соңғы жылдың нәтижесі алдыңғылармен салыстырғанда көз қуантарлық.  

 

Неке  бұзылуы  тек  екі  адамның  екі  айырылуымен  түсіндірілмейді.  Бұндай  жағдай  қос  тараптың 



ата-аналары,  туыстары үшін  де    үлкен қиындық.  Бұл  ерлі-зайыптылардың жан  дүниелеріне  жара  салып, 

күйзеліс пен қайғыға апарса, екінші жағынан олардың жаңа  өмір бастауларына кедергі келтіреді. Арада 

бала болған жағдайда ата-анасының ажырасуы оның психологиясына үлкен әсерін тигізеді. Нәтижесінде 

арада жылулық пен махаббатты көрмей өскен бала қалыптасады.  

 

Ажырасудың  алдын-алу.«Көп  жағдайда  адамдар  дұрыс  құрылмаған  қарым-қатынас  пен 

отбасының  ойрандалуы  -  тікелей  өздеріне,  серігіне/жұбайына  байланысты  деп  ойлайды.  Негізінен 

ажырасудың  алдын-алу  -    қарым-қатынасты  дұрыс  құрудан  басталады.  Отбасын  құру  оңай  шару  емес, 

сондықтан  оған  үлкен  дайындықпен  келу  қажет.  Психологтардың  айтуынша,  ажырасудың  шектен  тыс 

көбеюі-  адамдардың  өмірлік  серік  таңдағанда  оның  жан-дүниесіне  үңілмей,  сыртқы  факторларға  қарап 

қана бағалап таңдауынан болады. Сонымен бірге, жастардың материалдық қиындық көріп, оған шыдамай 

жататындықтары  да  –  басты  себептердің  бірі.  Демек,  дайындық  болуы  керек.  Осы  орайда  психологтар 

ерлі-зайыптыларға бір-біріңізге ауыр сөздер айтпай, сыйлаңыздар; реніштеріңіз болса сабыр сақтаңыздар; 

әйел өз міндетін, ер адам өз міндетін дұрыс орындауға тиісті; арадағы баланы ойлаңыздар, сезімдеріңізге 

адал  болыңыздар;  бір-бірлеріңізді  бағалаңыздар;  жақсы  сөздер  айтыңыздар  т.б.  деген  сияқты  кеңестерін 

беріп отырады» [3, 146]. 

 

Қорыта  келе,  неке  –  адамдар  өмірінегі  өте  маңызды  нәрсе  деп  айтамыз.  Себебі,  некеге  отыру 



арқылы  екі  адам  отбасы деп  аталатын  кішкене  мемлекеттің  тізгінін  ұстап,  өсіп-өнеді,  ұлтының  ұрпағын 

жалғастырады. Дұрыс некеге тұру, оны сақтау  – әр  адамның өмірлік мақсаты болса, онда әр отбасының 

іргетасы берік болары сөзсіз. 

 

Әдебиеттер: 

1.  Дэвид Г. Майерс, Жан М.Туенж. Әлеуметтік психология. 12-басылым. Астана. Ұлттық аударма 

бюросы. 2018. 

2.  Қ.Баудиярова, А.Исаева. Қазақстандағы неке және отбасы мәселесінің зерттелуі. Алматы. Қазақ 

университеті. 2016. 

3.  Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов. Әлеуметтану. Алматы, Қарасай. 2007. 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

120 



Коженова Асемай 

                                                                                                                               5В050800-Есеп және аудит 

                                                                                                                              2-курс/студент/ 

Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент А.Б.Бильдебаева 

ҚазМемҚызПУ 

 

 



КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГН АРТТЫРУДЫҢ БАСЫМ 

БАҒЫТТАРЫ 

 

Аннотация. 



В 

статье 

рассматриваются 

приоритетные 

направления 

повышения 

конкурентоспособности предприятия. 

Abstract. In the article, priority areas are considered by the competitiveness of enterprises. 

 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  нарықтық  экономикаылқ  ел  ретінде  танылған  мемлекет,  ол  жаңа 



экономикалық  даму  кезеңіне  жол  ашты.  Көптеген  жылдар  бойы  қалыптасқан  жоспарлы 

экономикадан  нарықтық  қатынастарға  көшуі,  экономикада  жаңа  ұғымдардың  пайда  болуына  алып 

келді. Сол ұғымдар арасында «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі» ұғымы қазіргі уақытта кең қолданысқа 

ие. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатқа ие. 

2007  жылдың  28  ақпанында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан  халқына 

Жолдауында  бәсекеге  қабілеттілік  –  Қазақстанның  әлемдік  экономика  мен  қоғамдастыққа  табысты 

кірігуінің  кілті  деп  айтылған.  Бұл  –  біздің  әлемнің  бәсекеге  барынша  қабілетті  елу  елінің 

қоғамдастығына  қарай  жедел  жылжуымыз  және  оның  тұрақты  мүшесі  ретінде  Қазақстанның 

тұғырнамасын  нығайту  және  мұның қажетті  шарты  –  Қазақстан  тауарлары  мен қызметтерінің  озық 

халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы деп елбасымыз айтып кетті. Қазіргі уақытта 

еліміз  биік  белесті  бағындыру  қарсаңында.  Елдің  дамуы  бағытын  анықтайтын  және  оған  қарқын 

беретін « Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына ену стратегиясы» және БСҰ-ға кіру 

нағыз  ұлттық  идеяға  айналған.  Осыған  жетудің  бірден-бір  жолы  кәсіпорынның  бәсекеге 

қабілеттілігін арттыру. Нарықтық қатынас жағдайында тиімді еңбек ету бәсекелестік тартымдылықты 

күрделей  түсе  отырып,  кәсіпорындардың  тұрақты  жұмыс  істеуіне  итермелейді.  Сапалы  бәсекеге 

лайықты өнім өндіруге барлық өндірістер жұмыс істейді, бұл олардың тұрақтылық пен жаңалаудың 

бір түрі. Осы қойылған мақсаттарға жету үшін, олар өздеріне ұзақ мерзімді бағдарлама қабылдайды. 

 2010  жылдың  қаңтарында  халыққа  жолдауында  елбасымыз  Индустриялық-инновациялық 

даму  бағдарламасын  жария  етті.  Қазірдің  өзінде  оны  жүзеге  асырудың  алғашқы  жылының  нақты 

қорытындылары бар. Халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім 

өндіретін  салалар  білікті  мамандармен  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Сонда  ғана  белгілі  нәтижелерге  қол 

жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық 

даму  стратегиясы  да  дәл  осы  мақсаттарды  көздейді.  Бүкіл  ел  бойынша  сегіз  жүзге  жуық  әртүрлі 

өндіріс  орны  құрылды.  Статистика  мәліметтеріне  жүгінсек  700-ге  жуық  тарта  кәсіпорын 

халықаралық сапа белгісі ИСО – 9001-ге ие болды. Бірақ та бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін әлі 

де  аздық  етеді.  Нарықтық  экономикада  бәсекелестік  маңызды  фактор  болып  табылады.  Ол 

адамдардың  шаруашылық  қызмет  жүргізу  түріне  едәуір  дәрежеде  ықпал  етеді.  Кәсіпорынның 

бәсекеге  қабілеттілігі  отандық  экономикада  ғана  емес  әлемдік  экономикада  да  кеңінен  зерттелуді 

қажет  ететін  мәселе  болып  табылады.  Кәсіпорынның  бәсеке  қабілеттілігі  –  бәсекелестермен 

салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, 

дер  кезінде  жоспарлап,  дайындап  өткізуге  нақты  мүмкіндігі  бар  кәсіпорын.  Кәсіпорының  бәсекеге 

қабілеттілігі  –  бәсекелік  нарық  жағдайында  меншікті  және  қарыздық  ресурстарды  тиімді  басқару 

мүмкіндігі.  Кәсіпорынның  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  нарықтық  бәсеке  жағдайларына  бейімделу 

мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.  

Кәсіпорынның  бәсеке  қабілеттілігін  анықтайтын  көрсеткіші  өнімнің  бәсеке  қабілеттілігі 

болып табылады.  

М.  Портердің  пайымдауынша  кәсіпорынның  бәсеке  қабілеттілігін  анықтайтын  бес  бәсекелік 

күш бар:  

1.  Бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс; 

2.  Ауыстырмалы тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке; 




жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау