«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет62/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

117 



жобасы. Цифрландыру бағытында жастарға арналған киберспорт, робототехника, 3D-модельдеу бойынша 

турнирлер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «DigitalTalks» алаңында 80 спикер сөз сөйлеп, 1500 жас 

қамтылды. Жоба аясында 3D лабораториялар ашу жоспарланып отыр.    

 «Жастар  –  ауылға!»  деген  жоба  былтыр  «Атамекен»  кәсіпкерлер  палатасымен  бірге  жүргізілген. 

Биыл ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе 500 жасты ірі кәсіпорындарда тәжірибеден өткізіп, әрі 

қарай еңбек жолын бастауға алғашқы қадам жасау мақсатында әзірленіп жатыр.  Жоба Қазақстанның ауыл 

шаруашылығы  кәсіпорындарында  тәжірибе  алып,  кәсіпкерлікті  оқытуға,  жұмысқа  орналасып,  кәсібін 

ашамын  дегендерге  жеңілдікпен  несие  алуға  ықпалдасуға  бағытталады.    «Құс  жолы»  жобасы  бойынша 

жастар  Қазақстанның  қасиетті  жерлерін  аралайды.  Өңірлерден  7  делегация  құру  жоспарлануда. 

Экспедиция  әр  өңірді аралап,  Ұлытауда  кездеседі.    Қазақстанның  қасиетті  жерлерінің  картасын  әзірлеу 

жобасы алғаш рет жүзеге асайын деп отыр [2].   

Студенттер  арасындағы  бизнес  бастауға,  яғни,  кәсіпкерлікке  бір  қадам  жақындауына  арналған 

«Startup»  жобалары  барынша  қарастырылып,  мемлекет  тарапынан  жоғары  жеңгейде  қолданып,  оны  қай 

салада  болмасын  қолданысқа  енгізу  мақсатында  бөлініп  жатқан  қаржылар  арқасында  жүзеге  асырылып 

отыр.  Бұл  жоба  еліміздегі  әр  салаға  арналған  тың  идеяларды  қарастырады.    Сонымен  қатар,  оқушылар 

арасындағы  «Қобыланды  батыр»  жыры  атты  Республикалық  көлемде  жарыс  өтпек.  Бұл  жарыстың 

мақсаты  оқушылардың  бойына  тарихи  құндылықтарды  арттыру  болып  табылады.  Қазіргі  жобалар 

кәсіпкерлік жолында іске асуда және ауыл шаруашылығына көбірек көңіл бөлуде. 

Жас отбасылардың баспана мәселесі толық қаралмақ. Бұл бір жыл ішінде іске аса қоймасада алдағы 

5  жыл  уақыт  ішінде  жұмыс  атқарылады  деп  ойлаймын.  Түңғыш  президентіміз    Н.Ә.  Назарбаев  Астана, 

Алматы  және  Шымкентте  жұмыс  істейтін  жастар  үшін  жылына  бір  мыңнан  кем  емес  пәтер  салуды 

тапсырды. "Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатқызылуы тиіс. "7-20-25" бағдарламасы 

да бұл мәселені шешуге бағытталған. Бағдарлама бойынша баспана алуға тек жұмыс істейтіндер үміткер 

бола  алатынын  естен  шығармау  керек",  —  деді  тұңғыш  елбасы    Астанада  жастар  жылының  салтанатты 

ашылу  рәсімінде.  Жастарды  баспанамен  қамту  мәселесін,  ең  алдымен,  миллион  халқы  бар  үш  қаладан 

бастауды тапсырған тұңғыш елбасы болашақта мұндай шаһарлардың қатары көбеюі  керектігін атап өтті 

[3]. Талантты, талапты жастар ауылда да жүр. Ауыл жастары қала жастарына қарағанда көп мүмкіндіктен 

қалыс  қалуда.  Тұңғыш  елбасы  ауыл  жастарына  кәсіп  ашып,  іс  бастауға  көмек  қолын  созу  керектігін 

ескертті.  Қазір  мемлекет  ауыл  шаруашылығы  саласын  дамытуға  қаржыны  еселеп  құюда.  Айталық, 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы, «Агроөнеркәсіпті дамыту» бағдарламасы бойынша жастар 

үшін  арнайы  пункт  енгізілсе  деген  ұсыныс  бар.  Екіншіден,  жастардың  әлеуметтік  мәселесін  шешуді 

көздеу керек. Қазір отбасы арасындағы кикілжің де, ажырасу дерегінің көбейіп кетуі де жас отбасылардың 

жылдап пәтер жалдауынан туындайды. Мамандар жастар арасында отбасыны сақтап қалуға байланысты 

жиі  әңгіме  өрбітуді  құп  көреді.  Бәлкім,  ажырасудың  алдын  алу  үшін  медиациялық  орталықтардың 

жұмысын  ізгілендіру  керек  болар.  Медиация  институты  несие  үшін  ажырасып  жатқан  жастардың 

мәселесін шешудің жолын ұсынса, төменгі пайызбен несие алып, алдыңғы несиені жабатындай жолдарын 

қарастырса,  жас  отбасыларға  психологиялық  көмек  беруді  ұйымдастырса  абзал  болар.  Мұндай  көмек 

беретін орталықтарды қаржыландыру мәселесі де шешілуі тиіс. Жастар үшін ең басты түйткіл – білім алу 

және  жұмыспен  қамтылу,  одан  кейін  баспаналы  болу.  Егер  осы  үш  мәселе  шешімін  тапса,  жас  маман 

тиянақты, сапалы жұмыс істей алады  

Қорытындылай келсек, барлық атқарылып жатқан істер мен жолға қойылған бағдарламалар жақсы 

нәтиже береді деп ойлаймын. Барлығы жоспарлы түрде орындалатын болса үлкен жетістіктерге жетуіміз 

де  алыс  емес.  Жастар  жұмылып  еңбек  етсе,  бар  күш-жігерлерін  игі  істерге  бағыттаса  мемлекетіміздің 

қазіргіден  де  дамып,  әлемнің  дамыған  30  мемлекетінің  қатарына  кіреріне  мен  кәміл  сенемін.  Білікті 

мамандардың  көбеюі,  ауыл  жатарының  белсенділік  танытып,  оларға  мықты  қолдау  көрсету,  отбасы 

институтының  нығаюы,  инновациялық  жаңа  туындылардың  ойлап  табылуы  «Жастар  жылының»  елеулі 

төңкерісі болып, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, білім беру мен медициналық жағдайларын алға 

тартады  деп  сенеміз.  Осындай  керемет  өзгерістер  мен  жаңашылдықтардың    бастамасы  «Жастар  жылы» 

болмақ.  

 

Әдебиеттер

1. 


https://chto-eto-takoe.ru/coworking

  

2. 



https://zhalagash-zharshysy.kz/kogam/7417-zhas-otanny-zhastar-zhylyna-synatyn-zhobalary-

anday.html

 

3. 


https://sputniknews.kz/economy/20190123/8980350/jastar-baspana.html

 

 



 

 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

118 



Кулмагамбетова Әсел Серікқызы 

5В090500-Әлеуметтік жұмыс  

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Иманбаева С.Ж 

 

ЖАНҰЯЛЫҚ АЖЫРАСУ: СЕБЕПТЕРІ, ҚАЙШЫЛЫҚТАР, АЛДЫН-АЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 

 

Аннотация.  В  статье  рассматриваются  самая  актуальная  тема  общество  –  развод.  Семья  это 

маленькая  часть  страны,  состоящая  из  ее  членов,  которые  очень  важны  для  государства.  А  развод  —  это 

сложная процедура, которая требует времени и терпения. В статье мы открыто и точно написали причины 

развода семьи, его влияние на людей. Наиболее болезненным развод является не для взрослых, а для детей, для 

которых  развод  является  трагичным  происшествием,  сродни  утрате  близкого  человека.  В  краткосрочной 

перспективе  стресс  от  развода  родителей проявляется  у  ребёнка  в  виде  чувства беззащитности  и  утраты 

целостности семьи, а также гнева из-за невозможности повлиять на ситуацию.  

Abstract.  The article discusses the most pressing topic of society  - divorce. The family is a small part of the 

country, consisting of its members, which are very important for the state. And a divorce is a complicated procedure 

that takes time and patience. In the article, we openly and accurately wrote the reasons for the divorce of the family, its 

impact on people. The most painful divorce is not for adults, but for children, for whom the divorce is a tragic accident, 

akin to the loss of a loved one.In the short term, the stress of the parents divorce manifests itself in a child as a feeling 

of helplessness and loss of the integrity of the family, as well as anger because of the inability to influence the situation. 

The article provides statistics on marriage and divorce from 2010 to 2018 in Kazakhstan.  

 

 



Неке  –  отбасын  құрудың  негізі  болып  табылады.  Ерлі-зайыптылар  арасындағы  мүліктік  және 

мүліктік  емес  жеке  қатынастарды  туындататын  отбасын  құру  мақсатымен,  заңда  белгіленген  тәртіппен 

тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты 

неке деп түсінуіміз керек.  

«Отбасы  және  неке  әлеуметтануда  адамның  тіршілік  әрекетінің  формасы 

ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзгеруінің ішкі және сыртқы факторларының жүйесін, сонымен 

қатар  оның  құрылымын  және  қоғамдағы  әлеуметтік  функцияларын  қарастыруды  қамтиды.  Отан  – 

отбасынан басталады. Қоғамдағы әр жанұя кішкене бір бірлестік болып, сол қоғамның, сол ұлттың негізін 

қалайды.  Отбасы  –  қоғамның  алғашқы  ұясы  бола  отырып,  мемлекетті  әлсіретеді  де  күшейтеді.  Толық 

отбасы  мемлекеттің  жақсы  көрсеткіші  болып  табылады.  Әрине,  отбасын  құрушылардың  немесе  некеге 

тұрушылардың  ешқайсы  отбасысының  шырқы  бұзылып,  ажырасамын  деп  ойламайды.  Демографиялық 

көзқарас бойынша некенің басты мақсаты – тұрақтылық, яғни адамзаттың сақталуын қамтамасыз ету» [1, 

126]. «Әр қоғамдағы некенің түрлері де әр түрлі болады. Алайда кез келген қоғамда адамдар бас қосып, 

шаңырақ  көтерердің  алдында  әр  түрлі  кедергілерге  тап  болады,  олар  бір-бірін  сынап,  байқайды  және 

некеге  отырар  алдында  соған  дайындалады,  осы  шаралар  барысында  болашақ  жұбайлар  өз  таңдауының 

дұрыс-бұрыстығын  тексеріп,  оның  көңілге  қонымды,  оңды  екендігіне  көз  жеткізеді.  Некені  әлеуметтік 

тұрғыда  мойындалған  тәртіптің  үлгісі  ретінде  анықтауға  болады,  себебі  соның  көмегімен  отбасы 

құрылады.  Некеге  отыру  ерлі-зайыптылардың  балаларды  дүниеге  әкелу  және  оларды  тәрбиелеу 

деңгейімен  ғана  шектеліп  қалмайды,  ол  басқа  да  көптеген  құқықтар  мен  міндеттерді  белгілеп,  бекітеді. 

Неке арқылы сол қоғам олардың ерлі-зайыптылық, ата-аналық қарым-қатынастарын да реттеп отырады» 

[2, 215].  

Ажырасудың себептері. Негізгі мәселе – осы ажырасу факторын болдыртпау. Қарым-қатынасты 

осы  шарықтау  шегіне  дейін  алып  келмеу.  Себебі,  не  дегенмен  де,  ажырасу-  отбасының  ойрандалуы,  ал 

арада бала  болса  тағдырдың бұзылуы.   Ажырасуды болдырмау  үшін  оның орын алу  себептерін  анықтау 

керек. Шын мәнінде -себеп өте көп. Әркімнің жеке тағдыры бар, проблемалары да әр түрлі.  

Адам өзгерді – заман өзгерді. Сондықтан қазіргі уақытта ажырасуға деген көзқарас, екі жақтың ойлары, 

көпшіліктің  қабылдауы  да  басқа  арнамен  жүріп  бара  жатыр.  Ажырасу  проблемасы  көбейіп  бара  жатыр. 

В.И.Лавриненконың зерттеуі бойынша ажырасуға мынадай факторлар әсер етеді: 

1.  Некеге тұру нәтижеіндегі әсер етуші факторлар; 

2.  Неке  құрмай  тұрған  кездегі  әсер  етуші  факторлар.  Бұл  түріне  көбіне  үйленем  деп  жүрген 

адамдардың жас ерекшеліктерінің әр түрлі болуы, бір-бірін жете танымауы, екі жақтын ата-аналарының 

келісім бермеуі, бала көтеріп қою, әлеуметтік теңсіздік сияқты мәселелер себеп болады. 

Социолог ғалымдардың пайымдауынша отбасын құрғаннан кейінгі ажырасуға мынадай факторлар 

әсер етеді: 

  Жастардың  отбасын құруға дайын  еместігі.  Жауапкершіліктілікті  өз мойындарына  ала алмай, 

өмірдің қиындықтарына төзе алмауы; 

  Жастардың ата-аналарымен сыйыспауы.  




жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау