«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
121
3. Салаға жаңа бәсекелестердің ену қауіпі;
4. Тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
5. Тұтынушылардың саудаласу мүмкіндіктері.
Кәсіпорының нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана
емес, сонымен қатар әсер ететін нақты факторларын анықтау керек. Кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігіне мынадай бірқатар факторлар әсер етеді: кәсіпорын өнімдерінің сыртқы және ішкі
нарықта бәсекеге қабілеттілігі; өндірілетін өнімдердің түрлері; нарықтың сыйымдылығы; нарыққа
кіру жеңілдігі; осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелік ұстанымдары; саланың
бәсекеге қабілеттілігі; аймақтың және елдің бәсеке қабілеттілігі.
Қазіргі экономиканың әлемдік бәсекелестікке шаруашылықтардың тәжірибесінде жалпы
мемлекеттік жоспарлау бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті түрлерге бөлінуде. Соның
ішінде экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін,
Қазақстанға стратегиялық және индикативті жоспарлаудың маңызы айтарлықтай болып отыр.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні, шектеулі қор көлемі бойынша дамудың магистралды бағытын
тауып, экономиканың қолайлы тұстарын тиімді пайдаланып жағымсыз жақтарының әсерлерін
бейтараптандыру. Республикадағы өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге
қабілетті және экспортқа төтеп беретін, бейімделген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі
мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты бағыттары болып қала бермек.
Қазіргі кезде еліміздің экономикасы, әлемдік экономиканың ғаламдану жағдайында бірқатар
проблемаларға тап болуда. Олар:
өндірістердің әлі де болса шикізаттың бағыттылығының барлығы;
экономиканың, әлемдік экономикадағы бірлесуіне әлсіздігі;
мемлекет ішіндегі салааралық және өңіраралық экономиканың бірлесуінің босаңдығы;
ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы;
кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы;
ғылым мен өндірістің арасындағы өзара тығыз байланыстың болмауы;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз
бөлінуі;
ғаламдану процесіне, менеджмент және сервистік-технологиялық экономиканың өтуге
бейімделмеуі, міндеттерінің сәйкес келмеуі.
Сонымен қазіргі кезде экономикалық даму стратегиясына сәйкес кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігін арттыру арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын аттыруға тікелей
әсер етеді. Қазақстанның әлемдегі дамыған елу елдің қатарынан лайықты орын алу үшін, ең алдымен,
еліміздегі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың әлемдік нарықта да
бәсекеге түсе алатындай жоғары сапалы өнімдер өндіруіне жағдай жасауға, озық технологияларды
енгізуге және қызмет тиімділігін арттыруға мән беруіміз қажет. Яғни, бұл мақсатта отандық
кәсіпорындардың мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсету бағыттарын әзірлеуді
қажет етеді. Ол бағыт еліміздің аймақтары мен салалары бойынша нақты іс-шараларды қамтығаны
жөн. Болашақта алға қойған мақсаттарымыз бен міндеттерімізді жүзеге асырсақ, еліміздің бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына кіріп, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасында болатынына
кәміл сенемін.
Әдебиеттер:
1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: оқу құралы / Е. Әмірбекұлы. – Алматы: Экономика, 2009 –
120б.
2. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру:ы оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2009 – 218 б.
3. Халықтың іргесін бірге қалаймыз - Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан
халқына жолдауы // 2010 – қаңтар.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
122
Кеңес Назерке
Қазақ филологиясы
1-курс/бакалавр
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, PhD А.С.Сейсенбаева
ҚазМемҚызПУ
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ АЗАМАТЫ: БАРЛЫБЕК СЫРТАНОВ
Аннотация. В статье рассказывается о великом человеке казахского народа Барлыбеке Сыртанове.
Показан биография и период службы.
Abstract. The article tells about the great human of the Kazakh people Barlybek Syrtanov.The biography and
period of service is shown.
Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың арасын алып жатқан ұлы даламызда сан ғасырлар бойы
елі үшін еңбектенген,аямай тер төккен тұлғалар аз болмаған. Қай сала болмасын текті қазақтың ұрпағы
білімділігі және біліктілігімен өз орнын таба білген. Бірақ қазіргі ХХІ ғасыр жастары, яғни біз сол
интелегенцияның еңбегін жетік бағалап жүрміз бе? Бағзы заман немесе өткен дәуір емес, алдыңғы ғасыр
зиялы қауымына тоқталайық. Қазақ қамын ойлаған азаматтардың ерен еңбегі ХХ ғасырдағы белгілі
обьективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық
мүдде тұрғысынан кеңінен зерттеле бастағандығы белгілі. Үш жүзге жуық алашордашы зиялы қауымның
ішінде әлі де өз дәрежесінде зерттелмей келе жатқан, әлі де тарихшылардың қаламына ілікпей келе жатқан
тұлғалар жетерлік. Бүгін мен қалам тербетпекші тұлға-Барлыбек Сыртанов.
Қазақ елінің Жарғысын
(Конституциясын) жазған Барлыбек алты Алаштың мақтанышы. Ірі қоғам қайраткері, білімдар, елінің
тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен Барлыбек Сыртановты көзі ашық, көкірегі ояу жамағат көрнекті
құқықтанушы деп біледі. Бұл Барлыбектің бір қыры ғана. Аяулы азамат әртүрлі күрмеуі қиын күрделі
мәселелердің шешімін табуға мұрындық болып, ұлт мүддесінде еңбек еткен. Қысқаша ғана
биографиясына тоқтала кетейін. Барлыбек Сыртанов 1867 жылы Жетісу губерниясы Қапал уезінің Арасан
болысындағы Қарашоқыда дүние есігін ашқан. Барлыбектің арғы бабасы Қаптағай қол бастаған жаужүрек
батыр әрі XV ғасырдағы Ақ Орда мемлекетінің ірі қайраткері болған. Оның батырлығы туралы ел аузында
көптеген аңыз-әпсаналар айтылады. Тіпті, Қаптағай ныспысы – Найман тайпасының ұранына да айналған
[1, 31 б.]. Барлыбектің бергі атасы Қадірәлі XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Жетісу
өлкесіне танымал от тісті, орақ ауызды ділмар, ердің дауын екі ауыз сөзбен шешкен атақты би болған [2,
16 б.]. Өз әкесі Сырттан да Мұхамеджан Тынышбаевтың жазбаларына қарағанда ел ішінде
турашылдығымен, өткірлігімен көзге түскен батыр адам болған екен [3].Барлыбектің өмірі, білім алуы,
құқықтық, қоғамдық саяси қызметі туралы аз айтылмады. Олар жайында С.Өзбекұлының,
М.Қойгелдиевтің, К.Нұрпейістің арнайы іргелі зерттеулері жарияланды[1]. Менің мақсатым сол жарық
көрген еңбектерді қайталау емес, Барлыбектің ұлтжандылық қасиеттерін көрсету. Верный қаласындағы
ерлер гимназиясында оқып,үздік тәмамдаған. Мектеп директоры Д.Новак шәкіртінің оқуға деген таудай
талабын байқап,Жетісу облысының губернаторына Барлыбектің оқуды университетте жалғастыруы үшін
қаражат бөлуін сұрайды. Жетісу әскери губернаторы өтінішті қабыл алып, Барлыбек Сыртановқа арнайы
стипендия тағайындайды. Барлыбектің бұл сапары туралы М.Тынышбаев: «Сондай қиыншылықта Жетісу
деген бір түкпірден қазақ көрмеген я естімеген жерге Барлыбек марқұм жарық дүние көруге, кейінгілерге
үлгі болып, жол көрсету үшін жалғыз кетті» [3] Барлыбек Сыртанов 1886 жылы Санк-Петербург
университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Ол осында жүріп араб тілінен В.Р.Розен, парсы
тілінен В.А Жуковский, түрік-татар тілінен И.Н Березин, шығыс елдерінің тарихынан Н.И. Веселовский
секілді ірі мамандардан дәріс алады. Оқуын үздік аяқтап,ел ісіне белсене араласады. Барлыбек 1891-1894
жылдары Ташкент қаласында қызмет істеп, одан кейін Жетісу облыстық басқармасының іс жүргізу
бөлімінің меңгерушілігіне ауысқан. Барлыбек Сыртанов Ресей патшалығының билік жүйесінде қызмет
еткенімен орыс чиновниктерінен және қазақ бай-манаптарынан жәбір көрген қарашаның мүддесін
қызғыштай қорғайды.
Халық үшін елеулі істері:
1.Барлыбектің тұсында Санкт-Петербургте оқитын Мәмбетәлі Сердалин, Бақытжан Қаратаев,
Абдолла Теміров, Бақтыгерей Құлманов секілді қазақ жастары «Жерлестер» атты ұйым құрады. Олар
кейінгі келген қазақ студенттеріне қол ұшын беріп, әрдайым бірге бас қосып, сол кездегі революциялық
мазмұндағы еңбектер мен астыртын әрекеттерді талқылайды.
2.
Отаршылдық езгідегі халқына рухани көмек ретінде Ахметкәрім Зейнуллин деген азаматпен
бірге «Туземный отдел» деген бөлім аштырып, жерінен, бостандығынан айырылған байырғы ұлттың ауыр
хал жағдайын батыл көрсетіп отырған[2].