«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет61/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

116 



Кенес Нурай  

5В020300-Тарих  

Ғылыми жетекшісі: магистр-оқытушы А.Б.Чакибаева 

 

2019 - ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҮШІН 



МАҢЫЗЫ 

 

Аннотация. Статья основана на разделе «2019 год  - Год молодежи» в послании Первого Президента 

Н.А.Назарбаева  в  2018  году  «Повышение  благосостояния  казахстанцев:  повышение  качества  жизни  и 

процветания».  Автор  рассказывает  о  роли  и  значении  молодежи  в  обществе,  а  также  о  поддержке  и 

возможностях, предоставляемых им государством. Автор также определяет важность и особенность 2019 

для молодежи в Казахстане. 

Abstract. The article is based on the section “2019  - Year of  the  Youth” in the message of the First President 

N.A.Nazarbayev called “Improving the welfare of Kazakhstanis: improving the quality of life and prosperity” in 2018. 

The  author  tells  about  the  role  and  importance  of  youth  in  society,  as  well  as  about  the  support  and  opportunities 

provided  by  the  state.  The  author  also  determines  the  importance  and  peculiarity  of  2019  for  young  people  in 

Kazakhstan.

 

 

Жастар  -  олар  мемлекетіміздің  ертеңгі  үміті  мен  тынысы  тәріздес.  Оларда  үлкен  еркіндік  және 

көптеген мүмкіндіктер бар. Сол беріліп отырған мүмкіндіктерді әр жас азамат дұрыс мақсатта қолданып, 

ары қарай өзінше жетілдіріп, дамытуы мен өмірлік бір ісіне айналдыруы мемлекетімізге тамшыдай болса 

да  көмек  емес  пе!?  Неліктен  тұңғыш  Елбасымыз  бізге  сенім  артып  келді,  себебі  жастардың  бойындағы 

күш,  қайрат,  жігер  үлкен  шыңдар  мен  талаптарға  жеткізе  алады.  Бар  алған  білімін,  тәжірбесін  еліне 

жұмсаса түбінде жақсы нәтиже шығады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айқын саясатының бір бөлігі әрқашан 

жастар  мәселесі  болып  келді.  Ол  кісінің  жастарға  айтқан  мынадай  сөзі  бар:  «Беталысы  күнде  өзгерген 

алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – 

еңбек!»,  -  дейді.  Ертеңгі  күні  елді  көтеретін  де,  алып  елдермен  иық  тірестіріп  тұруына,  халықаралық 

аренаға шығуына жастардың қосар үлесі зор болмақ.   

2019  жыл  түбегейлі  жастар  жылы  болмақ.  Әр  салада  жұмыс  атқарып  жүрген  жастар  үшін, 

студенттер, оқушылар үшін мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар ұсынылуда. Бұл бағдарламалар мен 

жобалар қоғамдағы әлеуметтік мәселеден бастап ғылымға дейінгі мәселелерді шешуді мақсат тұтып отыр. 

Әр атқарылып жатқан жұмыстардың айқын мақсаты мен нақты міндеттері бар. 2019 жыл жастарға жаңа 

форматтағы  кешенді қолдау жұмыстарын жүргізбек. Жұмыссыздық, жас отбасылардың баспанасыз жүруі 

секілді  әлеуметтік    мәселелер  қоғамда  бар.  Ал,  бұл  мәселелердің  шешімін  табуда  «Жастар  жылы» 

жастарға  уәждеме  беріп,  қолдау  көрсетпек.  Жастар  мәселесі  тек  осы  «Жастар  жылында»  ғана 

қарастырылып отырған жоқ,  осыған дейін  де жастарға  арналған  ұйымдар, баспана  мәселесі,  жалақының 

көбеюі, білім беру жүйесі сапасының артуы, жұмыссыздық, рухани дамуы сияқты әлеуметтік, әлеуметтік 

саяси  және  экономикалық  жағдайлар  қарастырылды,  бірақ  дәл  осы  жылы  мүмкіншіліктердің  артуы  мен 

жастарға  үлкен  жауапкершілікті  арту  мемлекет  тарапынан  жастарға  деген  үлкен  сенім  мен  артылатын 

үмітті  білдіреді.  Қазақстанда  3,9  млн  жас  бар.  Оның  2,2  млн  –  қалада,  1,7  млн  –  ауылда  тұрады.  «Жас 

Отан» партиясы жастарға түрлі жобалар ұсынып отыр. Мысалы, ғылыммен, IT-мен айналысатын жастарға 

арналған  Nurintech  деген  жобасы  бар.  Кітапханаларды  да  жстардың  қолдануына  одан  әрі  қолайлы  ету 

мақсатында жаңа форматқа айналдыру көзделуде. «Нұр Отан» бастамасымен облыс орталықтары мен үш 

қалада – 17, аудандарда – 137 «Коворкинг (Coworking)» орталығы ашылды. 2019 жылы 259 орталық ашу 

жоспарланып  отыр.  Осы  орайда  «Коворкинг»  сөзіне  анықтама  бере  кетсек,  бұл  сөз  ағылшын  тілінен 

аударғанда – әртүрлі салада қызмет атқаратын адамдардың бір аяда біріге жұмыс істеуі немесе ізденулері 

[1].  Мұндай  жұмыс  үрдісі  болып  сол  мекеменің  өзі  де  аталуы  мүмкін,  мысалы,  кітапхана,  кеңсе  немесе 

кафе.  Мұндай  әрекет  ету  амалы  көптеген  мәселелерді  шешу,  жобалар  мен  бағдарламаларды  бірлесе 

орындауға, көмек қолын созуға және сан алуан ұшқыр идеяларды тудыруға ықпалдасады. Кітапханаларда 

коворкинг-орталықтар  ашылған  соң  өңірлердегі  филиалдар  іс-шаралар  жоспарын  әзірлейді.  Бұл 

орталықтарға  ауыл  жастары  кез  келген  уақытта  барып,  пікірі  бір  жастарды  тауып,  бірлесіп  жобалар 

жасауға  болады.  Кәсібін  ашам  десе,  ақпарат  ала  алады.  Ауылдық  жерлерде  ағылшын  тілін  күнделікті 

қолданбаған  соң  әлсіз  болып  отыр,  осы  себепті  биыл  білім  орталықтарында  «Speaking  club-тар» 

жүргізілуде.  «English  for  Jastar»  жобасымен  ауылдық  жерлердегі  балаларға  ағылшын  тілін  үйрету 

мақсатында  ағылшын  тілін  толық  меңгерген  шетелдік  және  қазақстандық  жастарды  өңірлерге  жібереді. 

Былтыр  5000  астам  оқушыға  146  қазақстандық  және  11  шетелдік  волонтер  сабақ  берген.  Шетелдік 

еріктілерді  тарту  –  балалардың  ынтасын  ашу.  Жылдың  басынан  БҚО,  Ақмола,  Қарағанды,  Қызылорда 

секілді  бірқатар  облыстарда  басталып  кетті.    Цифрлық  технологияларды  дәріптейтін  «Digital  Nation» 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау