«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет148/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

285 



Ордабекова Лайла 

5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 

3 курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Набуова Р.А. 

ҚазМемҚызПУ 

 

 



ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫН 

ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ 

 

Аннотация.  В  статье  анализируются  теоретические  аспекты  критического  мышления  путем 

анализа выводов ученых. Она смогла продемонстрировать свои навыки с помощью стратегии, чтобы помочь 

студентам  развить  навыки  критического  мышления.  Основные  черты  критического  мышления  учащихся 

определяется  высоким,  средним  и  низким  уровнями,  основанными  на  понятии  рациональности,  недостатка 

общения и специфики. Вывод сделан. 

Abstract. The article analyzes the theoretical aspects of critical thinking by analyzing the findings of scientists. 

It was able to demonstrate its skills using strategy to help students develop critical thinking skills. The main features of 

critical thinking of students are determined by high, medium and low levels, based on the concept of rationality, lack of 

communication and specificity. The conclusion is made. 

 

Білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. 

Функционалдық  сауаттылық,  кеңінен  алғанда,  тұлғаның  мектепте  алған  білімі,  білігі  мен 

дағдысын  адамзат  қызметінің  әртүрлі  саласында,  сонымен  бірге  тұлғааралық  қатынастар  мен 

әлеуметтік  байланыстарда  кездесетін  тіршілік  міндеттерін  жан-жақты  шеше  білу  қабілеті  ретінде 

түсіндіріледі.  

Оқу  сауаттылығы–  оқушылардың  мәтін  мазмұнын  түсіне  білу  және  оларға  ой  жүгірте  білу, 

мәтін  мазмұнын  өз  мақсаттарына  жету  үшін  пайдалана  білу,  қоғам  өмірінде  белсенділік  таныту 

мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-

дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға 

арналған оқығанын пайдалану бағаланады. 

Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саясаты  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 

енуді мақсат етіп, білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, 

ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеуді көздеп отыр. [1, 3 б.] 

«Сыни ойлау» - бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде 

құрылған  жоба,  оның  тұтас  құрылымы  болғандықтан  технологияға  деген  негіз  бар.  Сын    тұрғыдан 

ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. [2, 29 б.]. 

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  әлемнің  түкпір-түкпірінен  жиылған  білім 

берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Тәжірибен  іжүйеге  келтірген  Джинни  Л.  Ситл,  Куртис  С.  Мередит, 

Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

 

Біздің  елімізде  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты,  «Сорос-Қазақстан»  қоры  арқылы 

келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

 

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты 

екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы 

көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.



 

Сын тұрғысынан ойлау мән мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер 

жинастыру  және  шешім  қабылдау  үшін  талапқа  сай  өлшемдерді  қолдану  сияқты  дағдыларды 

дамытуды  қарастырады.  Сондықтан  оқушыларға  бақылау,  талдау,  қорытынды  жасау  және 

интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. 

Қазақстандық  ғалым  А.Әлімов  «Біз  қалай  ойланамыз?  »  эссе,  ой-толғанысында:  Дегенмен, 

ойлану - тегін шаруа емес. Жалпы біз жиі ойланамыз ба? Өз өмірімізге байыпты да байсалды түрде 

көз  тастап,  өзімізге  өзіміз  есеп  беріп,  басымызға  түскеннің  бәрін  де  сабырлы  түрде  ой  елегінен 

өткізіп, сараптаймыз ба? Жоқ, әлде ойымыз күнделікті күйбең дәрежесінен шыға алмай, тек майда-

шүйде, бықи-тықи, жасап жатқан (көргеніміз, ішіп-жегеніміз, болмашы тақырыптарға сөйлескеніміз, 

біреудің  жүріс-тұрысын,  киімін,  сөздерін,  іс-әрекеттерін  талқылағанымыз,  т.с.с.)  әрекеттерімізбен 

байланысты  таяз  мәселелерге  ғана  тоқтала  ма?  Мұның  бәрі  де  әбден  етіміз  үйреніп  кеткен,  еш 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

286 



тереңдік пен даналықты қажет етпейтін ойлар мен ойлау, ал олардың бізді дамытатындығы күмәнді. 

[2, 32 б.]. 

Ғалымдардың  пайымдауы  бойынша,  адам  миының  ойлауға  тікелей  қатысты  бөлігінің  тек  3% 

ғана  ойлау  процесіне  қатынасады  да,  қалғаны  ұйқылы-ояу,  қалғып-мүлгіген  жағдайда  күй  кешеді 

екен.  Себеп:  ойланбаймыз,  ойлана  білмейміз.  Көбіне-көп  ойланудың  орнына  қиялдаймыз; 

әрекеттерімізді сараптап, оларға баға берудің орнына өзімізді ақтаймыз.   

Біздің  пайымдауымызша,  жасалған  теориялық  талдауларға  сүйене  отырып,  бастауыш  сынып 

оқушыларының  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларын  дамыту  дегеніміз  –«білім  алушы  кез-келген 

мәселе бойынша салыстыра алу, талдау сұрақтарын қоя алу, болжам жасай алу, яғни талдау деңгейіне 

жеткенде  ғана  сыни  ойлау  жүреді,  бұл  тұста  Блум  таксономиясының  білу,  түсіну,  қолдану  деңгейі 

төменгі  ойлау  деңгейінде  болса,  талдау,  жинақтау,  бағалау  деңгейі  жоғары  ойлау  деңгейі»деген 

тұжырым жасауға болады. 

Мектеп  тәжірибесінде  сын  тұрғысынан  ойлауға  бағытталып  жүргізілген  сабақта    біріншіден, 

жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  негізінде  қысқа  мерзімді жоспар  құрастырылды,  бағалау 

критерийлері  мен  сабақтың  тақырыбына,  оқушылардың  ерекшеліктеріне  сәйкес  сын  тұрғысынан 

ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер таңдалынды. [3, 13 б.]..   

 Құрастырылған  рубрикалар  мен  сын  тұрғысынан  ойлауға  бағытталған  әдістерді  аңғаруға 

болады: 


Рубрикалар 

Әдістер 


Ойланайық және табайық! 

Қосшеңбер» әдісі 

Оқиық және жауап берейік!     

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі 

Сұраққұрастырайық! 

«Себебінеде?» талдау сұрағын құрастыру әдісі 

Ойлан, тап! 

«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі 

Құрастырайық! 

«Судың да сұрауы бар» тақырыбында постер құрастыру 

 

Жоғарыдағы  әдістерді  қолдана  отырып,  оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлауының  негізгі 



ерекшеліктері    ұтымдылық,  сыңаржақтылықтың  болмауы,  пайым,  тәртіп,  өзіндік  сана-сезім  сынды 

ерекшелігін    басшылыққа  ала  отырып,  жоғары,  орташа,  төмен  деңгейлер  бойынша  айқындауға 

болады. 

 Оқушылардың сын тұрғысын ойлау дағдыларын өлшеуге, бағалауға болатынына көз жеткізуге 

болады.  

 Оқыту  үдерісінде  және  баланың  оқуы  жайында  сын  тұрғысынан  ойланып-толғануда  да 

қолдануда төмендегі жұмыс бағыттарын басшылыққа алған жөн: 

 - балаларды оқыту үдерісін бақылау нәтижесінде алынған дәлелдемелермен танысуға; 

- тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсіну. 

-оқу мақсаттары мен ол мақсаттарға жету үшін оқушылар атқаратын жұмыстардың әдістері мен 

олардың жетістіктері арасындағы қарым-қатынастарға талдау жасауға; 

-жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын салыстыруға;  

-  барлық сынып көлемінде көрсетілген іс-әрекеттің нәтижесі туралы ойлану үшін өз зерттеулер 

және ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтауға. 

Жалпы  сын  тұрғысынан  ойлайтын  оқушылар  белсенді  болады,  олар  сұрақ  қойып,  дәлелдерді 

талдайды,  мағынаны  анықтау  үшін  саналы  түрде  стратегиялар  қолданады;  олар  ауызша,  жазбаша, 

көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл 

идеялар мен келешекке ашық болады. 

Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы 

шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. 

 

Әдебиеттер: 

1    Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012  –  2016  жылдарға 

арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары    /Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  25 

маусымдағы № 832 Қаулысы.  

2  Студенттерге  арналған  нұсқаулық.  Төртінші  басылым.  www.cpm.kz.2015  ж.  86  бет.  –  кітап 

(жаңартылған білім беру бағдарламасы) 

3    «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» С.Мирсеитова, 

2011жыл. 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау