«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет156/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

301 



Тайбек Айгерім 

5В010500-Дефектология  

3 курс студенті  

Ғылыми жетекшісі: дефектология магистрі Ермағамбет Ә.Ы. 

ҚазМемҚызПУ 

 

ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН  ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ  

ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Аннотация. В данной статье рассматривается вопрос формирования грамматического строя речи у 

учащихся 3 класса с нарушением интеллекта. 

Abstract. 

This  article  addresses  the  issue  he  formation  of  the  grammatical  structure  of  speech  in  3  grade 

students with intellectual disabilities. 

 

 «Қазақстан 

республикасының  2011-2020  жылдары  білім  беру  жүйесін  дамыту 

бағдарламасында» көрсетілгендей ҚР білім беру саясатының құзырлы  міндеті  – білім беру сапасын 

көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім 

алудың  қолжетімдігін  қамтамасыз  етуді  қарастырады  [1,  13б.].  Жалпы  білім  беретін  мектептердің 

жаңартылған  бағдарлама  бойынша  оқытуға  ауысуына  байланысты  және  бүкіл  білім  беру  жүйесінің 

осыған сәйкес қайта құрылуымен арнайы түзету мектептерінде дайындық сыныптар ашылуда. Бірақ 

қазақ  тілінде  оқытатын  арнайы  кіші  мектеп  мекемелерінде  және  бастауыш  сыныптарында 

бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыздандыру жоқтың қасы. Бастауыш сыныптарында сөйлеу 

тілін дамыту бойынша қазақ тілінде оқу материалдары өңделіп жасалмаған [2, 78б.]. 

Осы  орайда  зияты  зақымдалған  оқушылардың  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  құрылымын 

қалыптастыруға  ықпал  ететін  жұмыс  түрлерін  даярлау  және  тиімділігін  тәжірибе  түрінде  тексеру 

мақсатында зерттеу жүргізілді: анықтау және қалыптастыру. 



Зерттеу мақсаты:  зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын 

қалыптастырудың тиімді жолын анықтау, әдістерді қолдану. 



Зерттеу міндеттері: 

-  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  құрылымын  қалыптастыру  мәселесін  педагогикалық  және 

психологиялық әдебиеттерден талдау; 

-  зияты  зақымдалған  3  сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  құрылымының 

ерекшелігін анықтау; 

-  оқушылардың  сөйлеу  тілі  грамматикалық  құрылымын  қалыптастыратын    әдістерді  іріктеп, 

оларды қолданудың тиімді жолдарын белгілеу. 

Зерттеу  жұмысының  болжамы:  Егер  зияты  зақымдалған  оқушылардың  сөйлеу  тілі 

грамматикалық  құрылымын  қалыптастыруда  мнемосызбалар  мақсатты  түрде  кең  қолданылса,  онда 

олардың жалпы сөйлеу тілінің дамуы артып, оқу материалын саналы меңгеруіне едәуір ықпалы тиеді. 

 

Анықтау тәжірибесінің мақсаты - зияты зақымдалған 3 сынып оқушыларының сөйлеу тілі 

грамматикалық құрылымының ерекшелігі мен қалпын анықтау. Ол үшін оқушыларға логопедиялық 

тексеруде танымал О.Б.Иншакованың  (тексеру альбомы негізінде), Қ.Қ.Өмірбекова ұсынған тексеру 

әдістемесі негізінде құрастырылған тапсырмалар ұсынылды [3, 62б.]. 

Оқушылардың жауаптары келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: 

1.  морфологиялық  категорияларды  дұрыс  қолдану  (септік,  тәуелдік,  көптік  жалғауларды 

жалғау); 

2.  синтаксистік  категорияларды  дұрыс  қолдану  (сөйлемдегі  сөздердің  дұрыс  ретпенен 

орналасуы, мағынаның болуы).  

Осы  көрсеткіштерге  негізделе  отырып  оқушылардың  жауаптарын  3  деңгейге  бөліп 

қарастырдық: төмен, орташа, жоғары

Оқушылардың грамматикалық құрылымының даму деңгейлері 

 

1 деңгейде 

2 деңгейде 

3 деңгейде 

60% 

40% 

 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

302 



№3  кестедегі  мәліметтер  оқушылардың  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  құрылымының  даму 

деңгейлері  төмен  және  орташа  деңгейлерге  сәйкес  келгенін  көреміз.  Сонымен  бірге  3  деңгейде 

жауаптар кездеспегенін де кестеден байқауға болады. 

Қалыптастыру  тәжірибесінің  мақсаты:  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  құрылымын 

қалыптастыруға тиімді әдіс-тәсілдерді өңдеп жасау, оның тиімділігін дәлелдеу. 

Қалыптастыру тәжірибесінің міндеттері: 

1)  тіл  дамыту,  қазақ  тілі  сабағы  кезінде  зияты  зақымдалған  оқушыларды  мнемо-сызбалар 

арқылы жауап беруге, сөйлем құрауға үйрету; 

2) зерттеу барысында берілген жұмыс тәсілдерінің тиімділігін тексеру. 

Тіл  дамыту  сабақтарында    оқушылардың  сөйлеу  тілін  дамыту  үшін,  грамматикалық 

құрылымын қалыптастыру үшін мнемо-сызбалар кең қолданылды. 

Әр  сабақтың  басында  10-12  мин  шамасында  оқушыларға  суреттер  мен  оған  сәйкес 

мнемосызбалар  ұсынылды.  Сол  мнемосызбаларды  қолдана  отырып,  сурет бойынша  сөйлем құрауға 

үйрету жұмыстары жүргізілді. 

Оқушылардың грамматикалық құрылымының даму деңгейлері 

1 деңгейде 

2 деңгейде 

3 деңгейде 

50% 

50% 

 

№  6  таблицадан  көрініп  тұрғандай,  оқушылардың  жауаптары  сандық  көрсеткіштері  бойынша 



өзгерістер  азғана  болды.  Яғни,  2-деңгейде  50%  құрады.Дегенмен  сапалық  тұрғыдан  оқушылардың 

жауаптары  жақсара  түсті.  Бұл  болса    қалыптастыру  тәжірибесінде  қолданған  мнемосызбалар  оң 

ықпал еткенін көрсетеді. 

Жүргізілген  педагогикалық  тәжірибелер  нәтижелерін  салыстырмалы  түрде  диаграмма  арқылы  көре 

аламыз. 

АНЫҚТАУ және ҚАЛЫПТАСТЫРУ тәжірибелерінің нәтижелерін салыстыру 

 

 

 

             Анықтау тәжірибесі 

             Қалыптастыру тәжірибесі 

Қорытынды:  жүргізілген  тәжірибе  біздің  зерттеу  болжамымызды  дәлелдеді.  Егер  зияты 

зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілі грамматикалық құрылымын қалыптастыруда мнемо-сызбалар 

мақсатты түрде кең қолданылса, онда олардың жалпы сөйлеу тілінің дамуы артып, оқу материалын 

саналы меңгеруіне едәуір ықпалы тиеді. 



Әдебиеттер: 

1.  Қазақстан республикасы 2011-2020 жылдары білім беруді дамыту бағдарламасы. Астана, 

2011. 

2.  Кемтар  оқушыларға  әлеуметтік,  медициналық,  психологиялық  түзеу  арқылы  қолдау 



көрсету туралы  Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2002 ж. 

3.  Өмірбекова Қ.Қ. Система работы над сочинениями дисс. канд. Алматы, 1983. 



 

 

 



 

 

0



10

20

30



40

50

60



төмен деңгей

орташа деңгей

жоғары деңгей

60

%



40%

0

50%



50%


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау