«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
291
Сәрсенова Зәуре
6М012400 – Педагогикалық өлшемдер
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. К.Т.Медеубаева
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
Аннотация. В статье рассмотрены некоторые модели внеклассной работы, организуемой с целью
формирования навыков речи учащихся.
Abstract. The article deals with some models of extracurricular activities organized for the purpose of forming
students ' speech skills.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында: «Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге
қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік
ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты
қалыптастыру», – деп атап өтілген [1].
Мектептегі сыныптан тыс оқытудың негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістерді жүйелі
түрде пайдаланып, оқушыларға тұлғалық-бағдарлы білім беру, оқушының логикалық ойлауын,
ғылыми көзқарасы мен танымдық іс-әрекетінің белсенділігін қалыптастыру, шығармашылық
ізденістерге баулу, өз бетімен үздіксіз білім алу дағдыларын дамыту болып отыр. Соңғы жылдары
елімізде білім беруді дамыту, оны халықаралық деңгейге жеткізу тұрғысында нақтылы қадамдар
жасауда. Оның басты бағыты Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру
жүйесінің міндеттері –ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім
алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық рухани және күш қуат
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту; белсенді азаматтық ұстаным бар
жеке адамды тәрбиелеу; оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану», – деп
көрсетілген [2].
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуді әдістемелік тұрғыдан жан-жақты зерттеген педагогика
ғылымының докторы, профессор Т.Қ.Жұмажанова сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі
принципі ретінде оны бағдарлама бойынша өткізілетін материалдармен байланыстырудың
маңыздылығын ғылыми тұрғыдан тұжырымдап, бұл оқушылардың сыныпта алған білімін бекітіп,
одан әрі дамытып, тереңдетінін айта келе, оқушылардың сабақ процесінде алған білімі сыныптан тыс
оқу арқылы нығайтылмаса, сыңаржақты болатындығына ерекше тоқталды. Әдіскер-ғалымның
«Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды түрлендіріп отыру қажет. Оған белгілі бір шек қоюға
болмайды, мұғалім ізденісіне сай үнемі дамуда болатыны белгілі», – [3, 71] деген пікірін басшылыққа
ала отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың жан-жақты дамуыына, оның ішінде сөйлеу дағдысын
дамытуға бағытау қажеттігі басты мәселе болмақ. Мектеп тәжірибесінде қазақ тілі мен әдебиеті
пәніне байланысты сыныптан тыс уақытта жүргізілген жұмыстың негізгі бір саласы – түрлі
үйірмелер. Үйірмелердің әрқайсысының өз алдына көздейтін мақсаты, соған қарай жұмысының
мазмұны мен формалары, ұйымдастыру принциптері бар. Осы үйірмелердің бәріне ортақ
ерекшеліктер:
- үйірменің қай-қайсысы ерікті түрде ұйымдастырылады, оған оқушылар да өз еркімен
жазылады. Бұл жөнінде мектеп әкімшілігі, қоғамдық ұйымдар, мұғалімдер ұжымы, үйірме жетекшісі
тарапынан ешқандай қысым, зорлық болмайды, қай үйірмеге қатысатынын оқушы өзі шешеді;
- әрбір үйірменің өзіне тән ерекшілігі, мақсат-міндеттері түсіндіріледі;
- оқушының қабілеті, икемі, бейімі, таланты, әуестігі қандай дәрежеде екені пән мұғалімі,
сынып жетекшісі назарынан тыс қалмайды;
- кімнің қандай үйірмеге жазылуы жайы ұйымдастырылып, белгілі мақсатқа бағыттау, олардың
өзі қалаған өнеріне қызығуын арттырады, жан-жақты дамуының негізін қалайды.
Сынып жұмысынан үйірмелердегі сыныптан тыс жұмыстың айырмашылығы:
- оқушылар аз жазып, көп сөйлейді;
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
292
- ауызша әңгімелер, хабарламалар, таныстырылымдар, тұсаукесерлер дайындайды;
- мәнерлеп өлеңдер оқуға үйренеді, сахна ойындарын ұйымдастырады т.б. Сыныптан тыс
жұмыстардың тағы бір ерекшілігі – оның формалары мен әдістерінің сан алуандылығында және оның
бұқаралығында.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі осындай бірқатар
талаптарды сақтауға байланысты. Бұл жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуы мектептің оқу-
тәрбие міндеттеріне сәйкес жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігі – егер олар анда-
санда емес, жүйелі, үнемі өткізілген жағдайда сапасы едәуір артады. Мектепте сабақ кестесі ғана
емес, сыныптан тыс жұмыстардың да кестесі болуы пайдалы. Онда үйірмелік және басқа сыныптан
тыс жұмыстардың күндері және сағаттары көрсетілуі қажет. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарға
оқушыларды түгелдей қатыстыра отырып, ұялшақ, бұйығы, үлгерімі төмен балаларды танып біледі,
оларға нақты көмек көрсетуге, қабілетін арттыру үшін іске үздіксіз қатыстыруға мүмкіндік алады.
Оқушылардың үнемі пікірлесіп отыруына, жеке істер жүргізуіне, еркін ұсыныстар айтуына шек
қойылмайды, оқушылардың өз ойын еркін жеткізуі арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыруға қол
жеткізуге болады. Ең өзекті жұмыс – үйірмені ұйымдастыру, оған оқушыларды қызықтыру. Ол үшін
үйірмеге оқушылардың өзі келетіндей әсер ету көзделеді. Тілге тікелей қатысы бар қызықты
материалдармен балаларды еліктіре білу қажет. Осындай мәселелерді жекелеген оқушылармен
бірігіп дайындалып, қызықты етіп сыныпқа ұсынуға болады. Сонан соң біз де осы мәселемен
айналысайық деген балалардың санын көбейтіп барып, үйірмеге айналдыруға да болады. Үйірме
жұмысына қызықтырудың бірнеше әдісіне мысал келтіре кетейік. Сынып оқушылары өз есімдерінің
мән-мағынасын шамалап білгенімен, олардың шығу төркінін, жаратылысын көбіне біле бермейді. Ал
аты-жөндерінің тарихымен таныс еместері көптеп табылады. Мұндай мәселенің анық-қанығына
жетуге балалар, сөз жоқ, қызығады, тырысады. Ал кейбіреулерін «осыны да біліп алмаппын-ау»
деген намыс қысады. Оқытушы сынып балаларының бұл мәселе жөнінде мәліметін түгел анықтап
алғаннан кейін оларға есімнің шешімін ұсынады. Оқушы аты-жөні тамыры тереңде жатыр. Оның
төркінін үйдегі ата-аналары да дөп басып таба бермейді. Оқушыларға өз есімдерінің және аты-
жөнінің тарихын іздестіріп келуді үйге тапсырма етіп беруге болады. Интернационалдық есімдерді
іздестіру, топтастыру, оларға тілдік талдау жасауды балалардың өздеріне тапсыруға болады.
Әдеби шығарма кейіпкерлерінің есімдерін уағыздау мәселесіне де көп көңіл аударуға болады.
Қазақ ақын- жазушыларының есімдері мен аты-жөні міндетті түрде сөз болады. Соның ішінде
география, тарих пәндері бойынша ұйымдастырылатын қосымша жұмыстардың бағдарын біліп
отырады. Үйірме жұмысын жандандырудың тағы бір жолы – ойын элементтерін кеңінен пайдалану.
Шағын сахна ұйымдастыру, айтыс элементтерін енгізу, пән сайысын өткізу. Тақпақ, жұмбақ,
жаңылтпаш сияқты қазақ тілінің қыр-сырын аша түсінетін тақырыптарды пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, тіл үйірмесінің жұмысы осылай жан-жақты жоспарланып, түрлі қызықты
материалдармен қамтамасыз етіліп, оқушыларды барынша қызықтырып ұйымдастырғанда ғана өз
мақсатына жетеді деп ойлаймыз. Үйірме жұмысының негізгі мақсатының бірі – оқушыларды
қазақтың мәдениетімен, тұрмыс салт-дәстүрлерімен таныстырып, білімін арттыру арқылы сөйлеу
дағдысын дамыту, қалыптастыру, тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу, оқушылардың ана тіліне деген
ықыласын арттыру.
Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс
пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен
шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К
моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей
білуге басты назар аударылуда» [4], – деп оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруға баса
назар аударды. Ендеше, оқушының шыңармашлығын қабілетін, сөйлеу дағдысын қалыптастыруда
сыныптан тыс жұмыстардың алар орны ерекше деуге болады.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
.
Астана, 2010 ж.
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж.
3. Жұмажанова Т. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері. Алматы, 2013, 71 б.
4. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». 2018 ж. 5
қазан.