«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
155
3) қоршаған
ортаға қауіпті емес;
кемшіліктеріне:
1) ауа райы мен тәуліктің уақытына тәуелді болуында;
2) Күн энергиясын алу үшін қолданылатын құрылғылардың қымбаттылығында;
3) оны шағылдыратын бетті периодты түрде тазалап отыру қажет екендігінде;
4) электр станциясының жанында атмосфера ысып кетуінде.
Осыған қарамастан қазіргі таңда күн энергетикасына деген сұраныстар жылдан жылға артып
келе жатыр. Міне қазіргі таңда шет ел мемлекеттерінің біразында күн энергиясын пайдалану
нәтижесінде бүкіл тұрғын үйлердің электр мұқтаждықтарын қанағаттандырып отыр [2]
Егер біздің тұтынушы ондай құрал-жабдықты бір рет сатып алса, ол үзіліссіз энергиямен
қамсыздандыру көзін табады. Аз қуатты қажет ететін тұтынушылар, яғни селолар мен фермалардың
тұрғындарын энергиямен қамтамасыз ету үшін күн энергиясын пайдалану – бұл электр энергиясын
алудың ең арзан әрі көпке шыдайтын жолы, себебі күн батареяларының өндіретін қуатына берілетін
кепілдік 25 жылды құрайды. Күн батареяларының өлшемдері әр түрлі болады. Үй жағдайында
қолданатын күн батареяларына тоқталамыз. Күн батареяларына күн сәулесі жақсы түсетін беткейге
орнату керек, оны арнайы құрылғылармен басқару керек болады. Қазіргі ғылымда тіпті тегіс
шатырдың бетіне қоюға болады. Күн сәулесі барлық уақытта тұрақты емес, артық электр энергияны
жинақтап, оны күн жоқ кезде қайта тұтыну үшін арнайы акумляторды пайдаланады. Осы қарапайым
күн батареялары арқылы біз үйді толықтай жылумен қамтамасыз ете аламыз (2,а-сурет)
a)
б)
2-сурет, а-шатырға орналасуы, б-күн батареясының жұмыс істеу принципі
1- су жылытқышы бар пеш, 2- жылу сақтағыш, 3- буферлік дүкенге пештің гидравликалық
қосылу түйіні, 4- сорғыны басқаратын электрондық термостат, 5- орталық жылытқыш, 6- буферлік
дүкен 500л көлемдік, 7-ыстық су тұтынатын жер, 8- қыздыру батареялары, 9-күн коллекторы
- Күн энергиясын тікелей немесе жанама түрде қолдана алады.
- Күн батареяларына түскен сәуле фотоэлектрлік ұяшықтар көмегімен электр энергиясына
түрлендіріледі. -Күн сәулесінен фотоэлектрлік элемент материалына түскен сәулелер тұрақты тоқ
деп аталады. Электр тоғын инвертор арқылы айнымалы тоққа түрлендіреді. Олар жылу жинап, үйді
ыстық сумен, жылумен сонымен қатар жарықпен қамтамасыз етеді.(2,б-сурет)[3]
Әдебиеттер:
1. Ершина А.Қ. Механикалық қондырғылар. Оқу құралы. Алматы: типография ТОО «378»,
2015.- 216 б.
2. Күн батареясы. – «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. 5-том, Алматы, 2003.-27 б.
3. «Эффективные системы и возобновляемые источники энергии», Алматы, 2018.- 61 б.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
156
Асилбаева Нуржайна
6М11100-Информатика
Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., қауым.проф. Ө.Ә. Әуелбеков
СТУДЕНТТЕРГЕ ОБЪЕКТІГЕ-БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ МЕН ЖОБАЛАУДЫ
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Резюме. В статье рассматриваются особенности методики обучения студентов объектно-
ориентированному программированию и проектированию. Были освещены виды методики обучения ОБП,
стиль обучения, студентам были предложены формы обучения и изложены проблемы в обучении ОБП.
Summary. The article discusses the features of the method of teaching students object-oriented programming
and design. Was affected by the types of teaching methods OOP, learning style, students were offered forms of
education and outlines the challenges in teaching OOP.
Жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде болашақ маман даярлауда мынадай басты
міндеттердің шешімін табу: оқытудың жетік жолдарын меңгерген маман даярлау; кәсіби пәндерді
игерумен қатар, адамгершілік, рухани-мәдени құндылықтарды меңгерген, жан-жақты жеке тұлғаны
тәрбиелеу; болашақ мұғалімнің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру; жалпы педагогикалық,
әдіскерлік іскерлігін арттыру; өз бетінше білім ала білу қабілеттерін қалыптастыру; педагогикалық
шеберлігін үздіксіз арттырып отыру дағдысын қалыптастыру басты мәселе болып табылады.
Болашақ маманның кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыру үшін өзі таңдаған
мамандығына сәйкес арнайы ғылыми пәндерден терең, жан-жақты білімі болуы қажет. Білім беру
саласындағы негізгі құжаттарды, білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдарлама, оқулық, оқу-
әдістемелік ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ озық педагогикалық тәжіриберлерді меңгеруі тиіс [1].
Объектіге - бағытталған программалау (ОБП) әдістемесі елу жыл бойы объектіге -
бағытталған программалық қамтамасыз етуді сапалы әзірлеу бойынша білім қалыптастырды және
тәжірибе жинақталды. Қазіргі уақытта ОБП әдістемесі болашақ мамандарды даярлаудағы
орталықтардың бірі болып табылады, оны терең оқытуға қажеттілік бар, бірақ жоғары оқу
орындарында ОБП-ны оқыту салыстырмалы түрде жақында басталды. Студенттер ОБП-ны оқытуда
әртүрлі қиындықтарға тап болады, мысалы:
- алгоритмдік ойлау стилін объектіге-бағытталған жүйеге өзгерту;
- объектілік декомпозицияны практикада зерттеу;
- объектіге - бағытталған программалу туралы түсініктерді қалыптастыру және т. б.
Бір жағынан, оқытудағы проблемалардың негізгі себебі, ОБП-ны оқыту әдістемесінің
теориялық әзірленуі жеткіліксіз болуы. Екінші жағынан, студенттер үшін ОБП-ны оқытудың
қиындықтары программалық қамтамасыз етуді әзірлеу процесінің күрделілігіне байланысты.
Объектіге-бағытталған программалау және жобалау туралы Г.Бутч, Б.Майер, А. Джекобсон,
Дж.Румбо, И. Грэм, М.Фаулер сияқты шетелдік зерттеушілердің жұмыстары, сондай-ақ ресейлік
ғалымдар Ғ.С. Иванова, Т.Н. Ничушкина, Е.К. Пугачева, И.А. Бабушкина еңбектерінде
қарастырылған.
ООП әдістемесі көпжақты және стандартты емес. Объектіге-бағытталған тәсілге ортақ, жалпы
қабылданған көзқарастың болмауы оның артықшылығы, сондай-ақ кемшілігі болып табылады.
Артықшылығы - бұл оқу процесінде ОБП-ның түрлі түсіндірмелерін қарастыруға болады. Кемшілігі -
бұл ОБП-да бірыңғай көзқарастың болмауы оның формальды және шектеулі зерделенуіне әкелуі
мүмкін. Объектілік декомпозицияны, объектіге-бағытталған жобалауды және іс жүзінде ОБП-ның
артықшылықтарын іске асырмай, ОБП принциптерін қарастыру студенттерде ОБП туралы қажетті
түсініктерді қалыптастыруға ықпал етпейді. ОБП негіздері туралы түсініктерді қалыптастыру
барысында студенттер оқытудың бастапқы кезеңінде қиыншылықтардың басым бөлігін бастан
кешеді. Осы көріністер қалай қалыптасатыны, ОБП әдістемесінің одан әрі оқытумен байланысты
болады.
ОБП-ны студенттерге оқытудың бастапқы кезеңінде және объектіге - бағытталған жобалауда
презентацияларды қолдану ұсынылады. Анимация, программалық код жолдарының және UML тілі
кластарының диаграмма элементтерінің тиісті бөліктерінің түсін таңдау студенттерге объектіге-
бағытталған программалық код пен UML тілі кластарының диаграммаларының өзара байланысын
жақсы түсінуге көмектеседі. ОБП-ны оқытудың бастапқы кезеңінде презентацияларды пайдалану