«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
157
студенттерге объектіге-бағытталған жобалауда UML тілін қолдануды бастауға және оның негізінде
объектіге - бағытталған программалық кодты құруға мүмкіндік береді [2]. Жалпы алғанда, объектіге-
бағдарланған жобалау – білім беру жүйесін реформалау негізіне жататын қазіргі ақпараттық
технологиялардың даму бағыты мен қағидаларына сәйкес олардың құралдарына оқыту мазмұнын
мұғалімге тиімді құрылымдау мүмкіндігін беретін аппарат [1]. Студенттердің көпшілігінде
алгоритмдік ойлау стилі қалыптасқан. Студенттердің ойлау стилін өзгерту, әдетте, олар ООП
әдістемесін ұсынатын артықшылықтарды түсіне бастайды. Объектіге-бағытталған тәсіл: күрделі
жүйелерді құру мәселелерін шешуге; программалық қамтамасыз етуді сүйемелдеуді жақсартуға;
программалық кодты кеңейтуге және масштабтауға; қайта пайдаланылатын бағдарламалық кодты
құруға мүмкіндік береді. Бұл артықшылықтар студенттердің ОБП әдістемесін оқыту үшін дәлелді
фактор болып табылады. Объектілік декомпозицияны игеру студенттердің ойлау стилінің
құрылымдық объектіге-бағытталған өзгеруіне әкелетін шешуші факторлардың бірі болып табылады.
ОБП-ны оқытудың бастапқы кезеңінде объектілік декомпозицияға қатысты алгоритмдік
декомпозиция басым болмауы тиіс. ОБП-ны оқытудың басында объектілік декомпозицияны
қарастыру студенттердің ОБП негіздері туралы түсінігін қалыптастырады және олар объектілік
декомпозицияны практикада жүзеге асыра алатын кезде оны минимумға дейін қысқартқан жөн.
Объектілік декомпозицияны жүзеге асыру студенттерге жалпы программалық кодтан
абстрагиялауға және белгілі бір кластарда, кластар арасындағы кейбір қатынастарда шоғырлануға
мүмкіндік береді. "Программалаудың кез келген тәсілінің негізінде күрделі жүйелердің
декомпозициясы (бөлікке бөлу) ұғымы жатыр». Объектілік декомпозицияны жүзеге асыру кезінде
кластарды анықтау бойынша келесі ережелерді ұстану ұсынылады:
- объект оның құрылымы тұрғысынан қарапайым және түсінікті болуы тиіс;
- объект бірнеше абстракцияны қамтымауы керек, сондықтан бұл объектіні бірнеше
объектіге бөлуге болады;
- объект "өзін-өзі қамтамасыз етуі" тиіс.
Объектілік декомпозиция мәліметтердің анық құрылымы, мінез-құлқы, олардың шешілетін
міндетке және басқа объектілер арасындағы белгіленген қатынастарға сәйкестігі анықталған кезде
жүзеге асырылады. Студенттер объектілік декомпозицияны оқыту барысында кластарды іздеуді және
"іріктеу", кластар мен олардың арасындағы қарым-қатынасты таңдауды негіздеуді өз бетінше
үйренеді. Объектіні анықтау - қандай объектінің бар екендігін және осы жағдайда ол қандай рөл
атқаратындығын анықтаудан басталады. Объектінің рөлі оның атрибуттары мен операцияларын
анықтайды. Объектіге-бағытталған жобалаудың басында қандай да бір объектінің рөлін белгілеу
қажет емес, себебі бұл нысанмен байланысты объектілер үшін рөлдерді таңдауды шектеуі мүмкін.
Сондықтан объектілерге қолданылуы мүмкін рөлдердің ең көп санын қарастыру қажет. Объектінің
рөлі онымен байланысты объектілер үшін таңдалған рөлдерге байланысты белгіленеді. Осылайша,
объектілердің рөлі объектілік декомпозицияны іске асыру үшін үлкен маңызға ие. Студенттер: өз
білімдерін нақты жағдайларда қолдануды; өз идеяларын UML тілінде білдіруді; ОБП-ны қолдану
аясын кеңейтуді білулері тиіс. Осы мақсатта, прототиптері нақты өмірлік объектілер болып
табылатын объектілерге ие сюжеттік мәселелерді және тапсырмаларды шешу ұсынылады [3].
Сонымен, объектіге-бағытталған программалау мен жобалауды оқыту барысында ОБП
туралы түсініктерді қалыптастыру, объектілі декомпозицияны және практикада ОБП-ның
артықшылықтарын зерделеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сүйену қажет. Студенттер
қабылданатын шешімдерді негіздеуді және UML кластарының диаграммасын құрудың қолайлы
нұсқасын табуды үйренуді;нақты бар объектілер прототиптері болып табылатын объектілері бар
сюжеттік есептер мен міндеттерді шешуі тиіс. Сонда ОБП-ны оқыту процесі заманауи талаптарға сай
болады.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана, 2012.
2. Буч Г. Объектно-ориентированный анализ и проектирование с примерами приложений на
С++, 2-е изд. / Пер. с англ. - М.: «Издательство Бином», СПб: «Невский диалект», 1998. - 560 б.
3.
Иванова
Г.С.,
Ничушкина
Т.Н.,
Пугачев
Е.К.
Объектно-ориентированное
программирование: Учебник для вузов. - 3-е изд., стер. /Под ред. Г.С. Ивановой. - М.: Изд-во МГТУ
им. Н.Э. Баумана, 2007. - 368 б.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
158
Ахатай Ақжан Ақарыстанқызы
5B010900-Математика, 4-курс
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д А.Ж.Сейтмұратов
ЖОҒАРҒЫ ДӘРЕЖЕЛІ АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ДИАКОПТИКА ӘДІСІМЕН
ШЕШУ
Аннотация. Цель исследования: Рассмотреть основные теоретические принципы создания
математических и физических моделей статически и динамических программ, для решения алгебраических
полиномов высоких степеней.
Abstract. Objective: The article deals with the basic theoretical principles of creating mathematical and
physical models of static and dynamic programs for solving algebraic polynomials of high degrees.
Бұл мақалада жоғары дәрежелі алгебралық көпмүшеліктерді (полиномдарды) шешу үшін
статистикалық және динамикалық бағдарламалардың математикалық және физикалық модельдерін
құрудың негізгі теориялық принциптері қарастырылады.
Диакоптика принципі – функцияны әрі қарай минимумға дейін жеткізетін, жүйені бөліктерге
бөліп зерттеу принципі. Бұл терминді “Күрделі жүйелерді бөліктерге бөліп зерттеу” деген еңбегінде
алғаш рет қолданған Г.Крон болды. Ол бұл еңбегінде табиғаты әртүрлі физикалық, тіпті биологиялық
жүйелерді бөліктерге бөліп зерттеу мүмкін болатындығын көрсетті.
Диакоптика — осы интеграцияның жарқын көріністерінің бірі. Диакоптика— математикалық
теория сонымен бірге фермальды-логикалық теория, әлеуметтік жүйе сферасына да қатысы бар.
Оның аппаратының бай, икемді болуы оны таным саласында және қоғамдағы жүйелерді басқаруда,
шешімдер қабылдауда табысты қолдануға мүмкіндік береді.
Г.Кроннның диакоптикасында ол ең бастысы жүйені компоненттерге(құрамды бөліктерге)
бөлшектеу және жүйені бөлшектеп зерттеумен айналысқанымен онда сонымен бірге бөліктерді
жинақтау(синтездеу), агрегациялау, туралы да сөз болады.
Г.Крон диакоптикасында синтездеу, агрегациялау процесі схемасы түрінде былайша көрінеді.
Берілген жүйенің оның барынша “кішкентай” ұяшықтарын (компоненттерін, құрамдас бөліктерін)
барынша жуықтап бейнелейтін графы (моделі) болады. Графтар жүйесі туралы өте аз мағлұмат
беретін бұл аморфты графқа, ұяшықтары оған қарағанда ірі басқа графтар қосылады. Басқаша
айтқанда “бейнесі” түпнұсқаға өте жақын сипатқа ие болатын жүйенің компоненттері (құрамды
бөліктері) іріленіп, агрегацияланады. Келесі кезең— бұл ірі ұяшықты графты ұсақ ұяшқты графтарға
қабаттастыру немесе беттестіру болып табылады. Нәтижесінде барлық жіктелген құрамдас бөліктері
қосылған өзіндік ерекшелігі бар тізбек болып табылатын модельдер жүйесі қалыптасады. Жіктеу,
бөліктерге бөлу графына қарама-қарсы жүйенің ірі блоктарын бейнелейтін жаңа-синтетикалық граф
пайда болады.
Ұсақ ұяшықты және ірі ұяшықты графтар формальді түрде инвариантты(ұқсас), бірақ
ірілендірілген граф барынша көлемді, ол жүйеде өтіп жатқан, дәлірек айтқанда оның жоғарғы
процестерде бейнелеуге мүмкіндік береді, бірақ та “дербес”, нақты графтардағыдай жеткілікті
айшықтап көрсетпегенмен.
Ірілендіргенде, бөліктелгенде графтар диакоптикалық модельде абсолютті оқшауланып
қалмайды. Олар дара мен жалпы жүйенің арасындағы байланыс тізбегін бейнелейтін тензорлық
қосылулардың көмегімен интеграцияланады (бірігеді).
Бұл бірігу тізбегі— бөліктердің қосылуы – жүйеге қатысты жалпы шешім қабылдауға
мүмкіндік береді.
Г.Крон әдісі жаңа әдіс емес. Бұл әдістің мәні күрделі жүйеден оның біртұтастығын сақтай
отырып, тікелей сезімдік нақтылықтан абстрактылыққа, бөліктер туралы білімге, ал сонан кейін
абстрактылы шарықтаудан нақты бөліктер туралы білімге оның толыққанды және алуан түрлілігі
арқылы қол жеткізу. Сонымен біргее ой жүгірту кезінде бұл арада талдау мен жинақтаудың
біртұтастығы қарқынды қолданылады.
Г.Кронның диакоптикасы таза ойлау қозғалысы ғана емес. Бұл математиканың
жетістіктерімен байытылған, қуатты электронды-есептеуіш машинасымен біріктірілген логикалық
қозғалыс.