«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
334
Сурет 1 Қызылсораң тауы
Қарқаралыда "Тас бақа", Баянауыл тауларында "Жалмауыз кемпір" және т.б. Бұл айрықша
пішіндегі жартастарды әсем табиғат көріністері қоршап тұр. Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл
таулары -Қазақстанның өте көрікті жерлері, сондықтан мұнда туристер жиі келеді. Халық арасында
бұл жерлер туралы көптеген аңыздар тарап, ән-жыр айтылады[3, 37б].
Жануарларының ерекшелігі-Қазақстан табиғат зоналарындағы жануарлардың барлығы
осы аймақта бар болуында. Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген түрлі
жануарлар кездеседі. Қоршаған ортасының түсіне ұқсас келетін, жылдам жүгіретін әрі тез ұшатын,
жылдың колайсыз мезгілдерінде де ұзақ ұйқыға кететін жануарлардың да түрлері бар. Дала
сүткоректілеріне саршұнақ,қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыныжатады. Суырлар мен
саршұнақтар ін қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды. Қосаяқтар, саршұнақтар, дала
тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан күзен, аққіс, түлкі кездеседі. Даланың
оңтүстік аудандарында түлкі тұқымдасынан қарсақ кездеседі. Ол інінен тек түнде ғана шығып,
жортады. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр көп болады. Далада
ақбөкендер кездеседі. Бөкеннің басы үлкен, қошкар тұмсық, денесі ықшам, аяғы жіңішке келеді.
Бөкеннің жүгіргеніне көз ілеспейді. Бұдан едәуір бұрын далада үйір-үйір болып жүретін бөкендер
қазір халықтың жиі қоныстануына байланысты біртіндеп шөлейт және шөл зоналарына қарай
ауысады. Дала зонасының оңтүстік бөлігі, Теңіз-Қорғалжын ойысы, Сарысу өзенінің алабы, Ұлытау,
Қарқаралы, Шыңғыстау массивтерінің аумағы шөлейт зонасына жатады. Оның климаты құрғақ және
шұғыл континентті. Мұнда күңгірт каштан топырақтарда таралған өсімдіктер арасында жусан,
бетеге, селеу басым өседі. Өзен аңғарлары мен тау беткейлерін шалғындар алып жатыр, мұнда қайың,
терек, қарағай, арша, талдар өседі. Шөлейт зонасы мал жайылымы ретінде пайдалануға өте қолайлы
[2, 110б].
Шөл зонасына Қазақтың ұсақ шоқысының оңтүстігінде, Солтүстік Балқаш маңында шөлдің
қоңыр топырақтарында бұйырғын, қара жусан сияқты шөл өсімдіктері өседі. Жануарлар дүниесі дала,
шөлейт және шөл жағдайларына бейімделген жануар түрлерінен тұрады. Қарағайлы ормандарда
бұғылар, елік, ал дала мен шөлейттерде киік, қасқыр, түлкі мекендейді. Орманды-далалы өңірлерде
кеміргіштерден түрлі тышқандар; жыртқыштардан сілеусін, түлкі, қасқыр; қояндардың ақ және сұр
түрлері; тұяқтылардан елік пен бұлан кең тараған.
Әдебиеттер:
1.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия / Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев.- Алматы: Қаз. сов.
энцикл. Бас ред., 2000.- 632 б.
2.Қ.Ә.Әлімбетов.,Г.С.Оспанова.,А.Қ.Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны
қорғау» Алматы, 2006-137б.
3.Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. Алматы: «Ғылым», 2011.-178б.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
335
Дюсембаева Сымбат
6М011300-Биология
Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымд.проф.м.а. А.Н. Калиева
ALOE ARBORESCENS MILL. ЖАПЫРАҒЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ-АНАТОМИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация. В статье даны результаты исследований влияния полива на морфолого-анатомическое
строение листа Aloe arborescens Mill. По результатам исследований была определена морфолого-
анатомическая структура листа и проведена сравнительный анализ. Листья Aloe arborescens Mill.
эпситоматические, микроскопическое строение полулунной формы. Замыкающие клетки устьицы бобовидные
и расположены вдоль клеток эпидермиса. Клетки нижнего эпидермиса размером меньше, чем клетки верхнего
эпидермиса, их форма округлая. По сравнению с эпидермисом кутикула утолщена. Палисадный мезофилл
состоит из двурядных, плотно упакованных клеток. Нижняя часть палисадного мезофилла покрыта с хорошо
развитым сочным, водным слоем, которое содержат большое количество рафиды. Проводящий пучок
замкнутый, коллатеральный, окружен паренхимными клетками, элементы ксилемы и флоэмы развиты
одинаково. Результаты исследования показывают влияние полива на морфолого-анатомическое строение
листа и их особенности.
Abstract. In this article presents the results of studies on the effect of irrigation on the morphological and
anatomical structure of the Aloe arborescens Mill. According to the research work results, was determined
morphological-anatomical structure of the leaf, and was carried out comparative analysis. The leaves of the Aloe
arborescens Mill. are an epithomatic, microscopic structure of the gets form. Trailing cells of stomata are bean-shaped
and located along the cells of the epidermis. The cells of the lower epidermis are smaller in size than the cells of the
upper epidermis, the shape is rounded. Compared with the epidermis, the cuticle is thickened. The palisade mesophyll
consists double-row and tightly packed cells. The lower part of the palisade mesophyll is covered with a well-developed
succulent, aqueous layer that contains a large amount of rafida. The conducting beam is closed, collateral, surrounded
by parenchymal cells, the elements of xylem and phloem are equally developed. The results of the study show the effect
of irrigation on the morphological and anatomical structure of the leaf and their features.
Қазақстанда шырыштар тұқымдасына жататын ағаш тәрізді алоэ (Aloe arborescens Mill.)
көбінесе бөлме өсімдігі ретінде өсіріледі. Алоэның жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы
бар, сондықтан оның шырыны түрлі ауруларды емдеуге қолданады [1, 45 б.]. Алоэ өсімдігі өте сирек
гүлдейтін болғандықтан халық арасында жүз жылдық деп аталады. Ағаш тәрізді алоэның
жапырағынан дәрілік зат сабур алынады. Сабур құрамында кристалды глюказид-алоин, илік заттар,
ақуыз, май және аз мөлшерде эфир майы бар. Алоэ шырыны жас сабақтары мен жапырақтарынан
сығып алынып, тері ауруларын, гастрит, іріңді жараларды, күйген жерді, тері ауруларын емдеуде
және косметикалық мақсатта қолданылады. Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-
ішек ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Жүрек-тамыр ауруларына кері әсер ететіндіктен оны
аса сақтықпен дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет [2, 15 б.]. Алоэны клиникада ауыз қуысында қан
кетуді болдырмау, өңеш және асқазанда афтаны емдеу, жараларды жоюда, сонымен қатар,
аллергиялық реакцияларды, күйген кездегі ауырсынуды азайтады, инфекцияларды болдырмау үшін
де қоданылады [3, 461 б.].
Зерттеу жұмысының мақсаты дәрілік, бөлме өсімдігі Aloe arborescens Mill. морфологиялық
ерекшеліктерін, жапырағының анатомиялық құрылысын зерттеу және өсімдікті суару жағдайының
әсерін бақылау, салыстырмалы талдау жасай отырып өсімдікке қолайлы жағдайды анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде Aloe arborescens Mill. 5 жылдық өсімдігінің орташа 6-12 ай өскен
бұтақтары алынып, өлшеу, бақылау, талдау, микроскопиялық әдістер қолданылды. Өсімдіктің
жапырағының 40 –тан аса глицеринмен бекітілген уақытша және тұрақты препараттар даярланды.
Өсімдіктің жапырағының анатомиялық құрылысын зерттеулер Microvisible бағдарламасымен
қамтамасыз етілген MCX100 Micros микроскопы (Австрия) арқылы жүргізілді, үлкейту 0,7х (10х
0,25).
№1 өсімдік: Бақылау, оны 50 мл кәдімгі құбыр суымен суарылды. №2 өсімдік: 1:1 (арасы 1
реттен) 50 мл «тірі» және құбыр суымен суарылды. №3 өсімдік 1:1 (арасы 1 реттен) 50 мл «өлі»
және құбыр суымен суарылды. №4 өсімдік: 1:6 (арасы 6 реттен) құбыр суы және корневин қосылған
сумен суарылып отырды. Ыстық күндері аптасына 1 рет, салқын күндері 2 аптада 1 рет суарылды.