«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
307
Тұрғанбек Ұлболсын
5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д. Аймағамбетова Қ.А.
ҚазМемҚызПУ
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Аннотация. В этой статье рассмотрены научные и практические пути развития экологических
знаний, умений и навыков учащихся 1-го класса посредством внеклассной работы по познанию мира по
обновленной образовательной программе.
Abstract. This article discusses the scientific and practical ways of developing environmental knowledge, skills
and abilities of 1st grade students through extracurricular work on the knowledge of the world on the updated
educational program.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің
озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып, әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған
стратегиялық курсын таңдады.
Бүгінде Елбасымыз алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «Ұлт жоспары –
100 нақты қадам» – баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын
жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Соның ішінде: 12 жылдық білім беруге
кезең-кезеңімен көшу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектепте
оқытудың стандарттарын жаңғырту, білікті мамандар даярлау[ 1,18 б.].
Сыныптан тыс жұмыс-мектептің сабақтан тыс уақытта оқушылардың білімін, іскерлігін,
дағдысын, кеңейту және тереңдету үшін, дербестігін, дара кабілеттерін дамыту үшін, сонымен бірге
олардың қызығушылықтарын қанағаттандыру және бос уақытын белсенді, саналы өткізуді
қамтамасыз ету үшін оқушылармен жүргізілетін ұйымдастырылған және мақсатты бағыттағы
сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс –оқу бағдарламасының шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс
мектепте өткізілетін іс-шаралар. Білім — адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері
мен пайымдауларының, жалпы дүние туралы берілген ақпараттар жиынтығы. Білім адамзат
мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем,
субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылым және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз
байланыста әрі солар арқылы анықталады.
Білік — адамның белгілі бір құбылыс не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай
білу қасиеті .Ол білім негізінде қалыптасқан ақпараттар жүйесі,алынған білімнің тобықтай түйіні.
Дағды — алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап
жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды.
Экологиялық тәрбие — ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық
мәдениетті қалыптастыру.
Осы тұрғыда жасөспірімдердің келешек өмірлері қайнар бұлақтай мөлдір болу үшін
экологиялық білім мен тәрбие беруде дүниетану пәнінің берері мол. Сондықтан мемлекеттік
стандарттық бағдарламаға сүйене отырып, дүниетану пәнінен экологиялық білім берілуі бүгінгі
таңда аса маңызды.Ол бастауыш сынып оқушыларын «Адам», «Табиғат», «Қоғам» бірлестігінен
алғашқы біліммен қаруландырады.[2, 24 б.]
Жаңартылған білім беру жүйесіне сай 1-сыныпта «Дүниетану» пәнінің жылдық жүктемесі 33
сағатты қамтиды[3,12б.]. Ол апталық жүктемеге сай «Дүниетану» пәні бір аптада бір рет
өткізіледі.Осы белгіленген бір сағат ішінде оқушыларды керекті білім көлемімен қаруландыра
алмаймыз,сондықтан сыныптан тыс сабақтар ұйымдастыру арқылы оқушыларды қоршаған табиғат
әлемін танытуға,оны аялауға,өз ортасын таза ұстауға үйрете аламыз.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру – дүниетануды оқытуда маңызды міндеттердің бірі
болуы тиіс. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар үшін өз өлкесінің табиғатын қорғау жөнінде
нақтылы шаралар белгілеп, әрбір тақырыпты оқытуда оқушылардың экологиялық білімін
қалыптастырып отыру қажет.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
308
Алғаш рет ғылыми әдебиетте табиғат қорғау мәселесін педагогикалық тұрғыдан профессор
В.Н. Скалон қарастырды. Ол: «Гүлденген, мор табиғат-арман емес, бұл шындық, ал оның мүлтіксіз
сақталуы бізге байланысты... Кішкентай кезінен балаға жануар болсын, өсімдік болсын, барлық тірі
дүниеге аяушылық сезіммен қарауды үйрету керек, сонда барып адамгершіліктің негізі қаланады»,-
дейді. Әрбір адамның табиғатқа қарым-қатынасы, өзіндік жеке сыртқы ортамен байланыстың
қалыптасуы тәрізді, дара тұлғалық іс-әрекеті болып табылады. Сондықтан да бастауыш сынып
оқушыларына экологиялық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін жан-жақты
пайдалану тиімді нәтижеге қол жеткізбек.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттеріне:
- балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсіптік бағдарын
айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өзінің қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды
қамтамасыз ету;
- балаларды қоғам өміріне бейімдеу;
- оладың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;
- өскелең ұрпақтың сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- балалардың табиғи ресурстарды үнемді пайдалануын тәрбиелеу, оларды, табиғатты қорғауға
тарту;
Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай түрлерін тиімді ұйымдастыра аламыз:
1.Тірі табиғат дүниесін (жануарлар,өсімдіктер) терең танып білуге,күтіп-баптау жолдарын
үйретуге арналған кештер;
2. Викториналар.Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу
ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта).
3. Пікірталас.Сол арқылы оқушыларды тереңірек ойлауға,зерделілікке,өз ойын ашық айта
алуға,өзгелердің пікірін тыңдай білуге бағыттаймыз.
4. Жекелеген тақырыптарға арналған ғылыми мазмұндағы экологиялық конференциялар өткізу.
5. Экологиялық мазмұндағы қабырғалық материалдар жинау.
6. Эколог мамандармен кездесулерөткізу.
7. Өндіріс орындарына экскурсия жасау және оны қорытындылау.
8. Олимпиадалар.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Ойын технологиясын пайдалана отырып түрлі ойындар ұйымдастрып,ертегі арқылы
табиғатты сақтауға,адам мен табиғат арасындағы тіршілік байланысын көрсетуге болады.Сонымен
қатар,ұлттық құндылықтарымызды оқушыларға дәріптей отырып «табиғат», «өсімдік», «жер-су» ,
«жануарлар», «тазaлық», «денсаулық»тақырыптарында көптеген өлеңдермен таныстырып,мақал-
мәтелдер үйретіп,шығармалар жаздыра отырып сөздік қорларының да дамуына әсер етеді.Осындай
жан-жақты бағдарлану негізінде қалыптасқан білімдерін жоғарғы сыныптарда өткізілетін
география,химия,биология,физика пәндері арқылы тереңдете түседі.
Қорытындылай келе, бастауыш, орта және жоғары білім беретін оқу орындарының аса
маңызды міндеттерінің бірі – болашақ жас ұрпақтарға экологиялық ғылыми негіздерін тереңдете,
тиянақты түрде беру, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыру, экологиялық жауапкершілік
сезімін қалыптастыру болып табылады.
Білімді игерудің жан-жақты тәрбиелік астарын жоғары бағалаған орыстың атақты педагогы
Н.И.Пирогов: «Ғылым мен мәліметтер – игеру үшін ғана емес, онда аса маңызды элемент –
тәрбиеленушілік жасырынып жатады, кім оны өз мақсатына пайдалана алмаса, онда ол ғылымның
барлық қасиетін білмегені және үлкен жүктерді көтере алатын тұтқаны өз қолынан түсіріп алғаны», -
дейді. Сондықтан әрбір ұстаз өз пәнінің экологиялық тәрбие берудегі осы тұтасқан дәл тауып, оны
қоғам қажетіне сай пайдалана алуы тиіс.
Әдебиеттер:
1.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасы 2015.20
мамыр
2. Дүниетану. Оқу бағдарламасы. (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім
беру (1-сынып). наурыз 2016 ж.
3.Қ.Аймағамбетова «Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы», Алматы-2006