«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет13/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

26 



Дәулет Гүлнұр 

6М011900-Шетел тілі: екі шетел тілі 



Даулетова Айнұр 

Магистр, оқытушы  

«Сырдария» университеті 

 

 

БИЗНEC ТІЛІНІҢ ЖӘНЕ БИЗНЕС ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ЖАЙЫ

 

 

Abstract. The article is devoted to the consideration of the formation and development of business terms in the 

modern Kazakh language. 

Аннотация. Статья посвящена рассмотрению вопросов формирования и развития деловых терминов 

на современном казахском языке.

 

 

Тіл  –  халықтың  жаны.  Қай  ұлттың  болмасын  тағдыры  мен  тәлімін,  тәрбиесі  мен  мәртебесін, 

болашағы  мен  сенімін,  мәдениеті  мен  рухын,  байлығы  мен  қазынасын  жете  түсіндіретін   байланыс  

құралы мен тарихын таңбалайтын өлшемі. Дүниеге келген сәттен бастап ана сүтімен бойымызға даритын, 

жанымызға  рух  пен  күш  беретін,  патриоттық  сезімге  баулып,  өз  еліңнің  нағыз  сұлтаны  екендігіңді 

дәлелдеп,  бойыңа  қайсарлық   дарытатын  ол  ана  тіліміз.  Яғни,  біз  үшін  мәртебесі  биік,  болашағы  асқақ, 

кемелі орасан –қазақ тілі. Қазақ тілі ең көне  түрік жазулары ескерткіштерінен, атап айтсақ  Талас-Орхон-

Енисей  жазулары  (5-8  ғ.ғ.),  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтадғу  білік»  еңбегі,  Махмұт  Қашқаридің  «Диуани 

лұғат ат түрік» еңбегі, Ахмет Йүгінекидің «Һибат Ұл һақайық» еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметі» 

(10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан бастау алған. Сол сара 

жолмен  ізін  жалғастырып,  бүгінгі  күнге  дейін  өз  мәртебесін  жоғалтпай,  ел  егемендігімен  бірге 

қалыптасып,  өз  тәуелсіздігін  мойындатқан  дербес  тіл  болып  қалыптасты.  Бүгінгі  таңда   қазақ  тілі  – 

әлемдегі  алты  мыңға  жуық  тілдердің  ішіндегі  қолдану  өрісі  жағынан  жетпісінші,  ал  тіл  байлығы  мен 

көркемдігі,   оралымдығы  жағынан  алғашқы  ондықтар  қатарындағы  тіл.  Сондай-ақ,  ол  дүние  жүзіндегі 

ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз 

тілдің қатарында тұр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында мемлекеттік тіл жөнінде 

былай  деп  атап  кеткен  болатын:  «Қазақ  тілі  –  біздің  рухани  негізіміз».  Біздің  міндетіміз  –  оны  барлық 

салада  белсенді  пайдалана  отырып  дамыту.  Біз  ұрпақтарымызға  бабаларымыздың  сандаған  буынының 

тәжірибесінен  өтіп,  біздің  де  үйлесімді  үлесімізбен  толыға  түсетін  қазіргі  тілді  мұраға  қалдыруға 

тиіспіз. Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде. Қазақ  тілі  2025  жылға  қарай өмірдің  барлық  саласында 

үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас бизнес тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл 

ұлтты  ұйыстыратын  ең  басты  құндылығымыз  –  туған  тіліміздің  мерейін  үстем  ете  түседі.Тілге  деген 

көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ 

тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біздің ана 

тіліміз  әлемдік  бизнес  тілі  дәрежесіне  жетеді.  Қазақ  тілі  бүгінгі  күні  шағын  және  орта  бизнестің  тілі 

болғанын  мүдірмей  айта  аламыз.  Сонымен  қатар,  қазақ  тілін  үйренушілер  үшін  көптеген  бастамаларда 

ұйымдастырылған, яғни бұл іскери қарым-қатынаста қазақ тілді сөйлеушісі көп ел бизнес тіліне айналады 

деген сөз. Бүгінгі күні қазақ тілі – ең үздік бизнес стратегия.  Егер  біз  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай, 

қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса өтеуге жарайтын бай 

тіл. Мәселе тілдің міндетін дұрыс түсініп, өз міндетімізді атқаруда болып отыр. Ұлттық өркендеп, тіліміз 

өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге 

енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. 

Дәл бүгін де қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқайсысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму тарихы 

бар,  ұлттық  әдеби  тіл  деңгейіне  дейін  дамып  жетілген  ұлы  тіл  екендігіне  еш  күмән  жоқ. ХХ  ғacырдың 

aяғынa дeйiн қaзaқ тiлiнiң тeрминoлoгиялық лeкcикacының бacым бөлiгiн oрыc тiлiнeн eнгeн тeрминдeр 

құрaca,  ХХ  ғacырдың  coңынa  тaмaн  oның  oрнын  aғылшын  тeрминдeрi  бacты.  Қaзiргi  қaзaқ  тiлiнiң 

тeрминoлoгиялық жүйeciнiң ұлттық cипaтынaн гөрi интeрнaциoнaлдық бoяyы бacым бoлa бacтaды.Қaзaқ 

тiлi  тeрминoлoгияcының  лeкcикaлық  cипaтынa  үңiлceк,  oлaрдың  көпшiлiгiн  бeлгiлi  бiр  ғылым  caлacы 

бoйыншaeнгeн кiрмe тeрминдeр құрaйды. Кiрмe тeрминдeр дeйтiн ceбeбiмiз, oлaр қaзaқ тiлiнe өзгe тiлдeн 

кiрiп  тұр.  Мәceлeн,  бизнeccaлacындaғы  кiрмe  лeкceмaлaрдың  бacым  көпшiлiгiн  aғылшын  тiлiнeн  eнгeн 

кiрмe  тeрминдeр  құрaйды.  Мәceлeн,  бизнec,брoкeр,  кoнcaлтинг,  мeнeджмeнт,  мeнeджeр,  мaркeт, 

мaркeтинг,  прoмoyшн  т.б.aғылшын  кiрмe  cөздeрi  интeрнaциoнaлдық  тeрминдeр  қызмeтiн  aтқaрyдa. 

Өкiнiшкe oрaй, aнa тiлiмiздiңcaлaлық ғылыми тeрминoлoгиялық жүйeci әлi күнгe жүйeлeнбeй, бiрiздiлiккe 

түcпeй кeлeдi. Бұғaн, бiрiншiдeн, oрфoгрaфиялық жәнe тeрминoгрaфиялық нoрмaлaрының әлi oрыc тiлiнiң 

грaммaтикaлық  eрeжeлeрiмeн  қaбaттaca  жүрyi  ceбeп  бoлca,  eкiншiдeн,  ocы  тiлдeргeeнiп  жaтқaн 

хaлықaрaлық  тeрминдeрдi  ұлттaндырaмыз  дeгeн  жeлeyмeн  әр  түрлi  нұcқaлaр  бoйыншa  ayдaрылyы  дa 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау