ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА
КӨШУ ҮШІН ЗАҢНАМАНЫ ӨЗГЕРТУ
Кез-келген ерікті немесе міндетті емес бастамалар заңнамалық
қолдаусыз тек энузиасттар мен әуесқойлардың сыбағасы ғана болып
қалады. Нақты әрекет ету үшін, яғни өмірді түбегейлі өзгерту үшін,
мемлекет пен оның экономикасы жүргізіліп отырған ережелерді
өзгерту қажет. Қалыптасқан экономикалық тәртіпті «ғаламшарымызды
құтқарайық» деген құрғақ ұранмен өзгертіп, жаңарту мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігі және оның
Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев, Үкімет пен Парламент осындай
қолдаудың қажеттілігін түсіне отырып, бірнеше жылдар бойы табиғи
ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындағы қоғам, бизнес пен
мемлекет арасындағы өзара әрекетті реттейтін Қазақстанның
заңнамасын дамытып, оны реформалап келеді. Егер Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында табиғат қорғауға байланысты заңнамаға көбірек
назар аударылса, кейінгі кездері Жасыл Экономиканы енгізуге тікелей
немесе жанама қатысы бар заңнамалық құжаттар едәуір дамытылуда.
Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу процессінің бастамасы
ретінде 2013 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан Республика-
сының жасыл экономикаға көшуі туралы тұжырымдамаға»
²³ (әрі
21
қарай Тұжырымдама) қол қойған кезін айтуға болады. 2014 жылы оны
жүзеге асыру жоспары бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президенті
жанында Жасыл экономикаға көшу бойынша кеңес құрылды,
заңнаманы жасау мен оны реформалау бойынша белсенді жұмыс
басталды. 2016 жылы заң шығару белсенділігі Қазақстанның жасыл
экономикаға көшуі туралы заңнаманы күшіне енгізумен аяқталды²⁴.
Заңнаманы реформалау процессі экономиканың әр түрлі салаларын
жасыл экономикаға көшіру бойынша стратегиялық жоспарларды
жасаумен қатар жүргізіліп жатты.
Осы кезге дейін Қазақстан жиырма жыл ішінде біраз бірізді
қадамдар жасаған болатын, бұл қадамдар 1995 жылы UNFCCC²⁵
ратификациялаудан басталды. Одан кейінгі жылдары Қазақстан БҰҰ-
ның табиғат қорғау конвенцияларының барлығына дерлік кірді, 2004
жылы Үкімет жанында Тұрақты даму бойынша кеңес құрылып, ұлттық
экологиялық кодекс халықаралық конвенциялардың талаптарына
сәйкес толықтай реформаланды деуге болады, тұрақты даму
ұстанымдары саяси және заңнамалық құжаттардың негізін қалаушы
идеялар ретінде енгізілді.
Тұжырымдамада Қазақстан үшін ғана емес, басқа да дамыған
елдер үшін өте масштабты және өр міндеттер қойылған. Жасыл
Экономикаға көшу елдің ЖІӨ 3% жоғарылатып, 500 мыңнан астам жаңа
жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, бүкіл әлемде мойынсұнған
өмір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін өндіріс пен
қызметтің жаңа түрлері енгізіледі²⁶.
Әрине, тұтас мемлекеттің экономикасын біржола жаңа арнаға
бұруды қысқа мерзімде жүзеге асыру мүмкін емес. «Қор секторларын-
дағы активтердің циклдық жаңарулары ұзақ уақытқы созылады, ал
экономикасы табиғи қазбаларды өндіруге негізделген елдерде таза
экономикаға көшу ондаған жылдарға созылады. Бұл жағдайда
22
²³«Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы»,
Қазақстан Республикасы Президентінің № 577 Жарлығымен 30 мамыр 2013 жылы
бекітілген, https://strategy2050.kz/static/files/Concept_Rus.pdf
²⁴«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан
Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы,
http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34416564
²⁵UNFCCC, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Шекті
Конвенциясы, http://unfccc.int/resource/docs/convkp/convru.pdf
²⁶https://strategy2050.kz/ru/news/1211
Қазақстанды есептен шығаруға болмайды».
Жасыл Экономикаға
кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр:
2013-2020 жж. – қорларды пайдалануды оптимизациялау және
табиғат қорғау әрекетін арттыру, «жасыл» инфрақұрылым құру;
2020-2030 жж. – құрылған «жасыл» инфрақұрылым негізінде
суды үнемді пайдалануға бағытталған ұлттық экономиканы қайта құру
басталады, қалпына келтірілетін энергетикалық технологияларды
кеңінен енгізу және дамытуды көтермелеу және ынталандыру,
энергияның жоғары тиімділігі стандарттарына негізделген
құрылыстарды салу;
2030-2050 жж. – ұлттық экономиканың табиғат ресурстарын
қалпына келтіріп, тұрақтылығын сақтай алатын жағдайда ғана пайдала-
нуды талап ететін «үшінші өндірістік революция» ұстанымдарына
көшуі²³.
Жоғарыда айтылып өткендей, Қазақстандағы «жасыл» реформа-
лау көп жылдан бері жүргізілгенімен, аса маңызды өзгерістер 2016
жылы, экология мен оған қатысты мәселелерді реттейтін төмендегі
келтірілген заңдар қабылданған кезде енгізілді:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Заңы, 28 сәуір 2016 ж.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасының экология мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 8 сәуір
2016 ж.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы, 29 наурыз 2016 ж.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Заңы, 12 қаңтар 2016 ж.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасының экология мен жер қойнауын пайдалану
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Заңы, 25 сәуір 2016 жыл № 505-V.
23
Әрине, шағын жарияланым аясында заңнамадағы болған
«жасыл» өзгерістердің барлығын санамалап шығу мүмкін емес. Соңғы
жылдары жасалынған заңнамалық жаңартулардың ең жарқын
үлгілеріне ғана тоқталып өтеміз:
Электр шығарудың жалпы көлеміндегі қалпына келтірілетін
энергия көздері өндіретін энергия үлесінің мақсатты көрсеткіштері
енгізілді.
Қ
алпына келтірілетін – жел, күн, биогаз бен шағын СЭС
көмегімен шығарылған электр энергиясын сатып алу үшін ынталанды-
ратын «жасыл» тарифтер²⁷ ( бекітілген қолдау тарифтері, feed-in tarrif,
Engl.) енгізу; жыл сайын ұлттық және шетел валютасы бағамының
өзгеруіне сәйкес осындай ынталандыру тарифтерін индексациялау
(импорттық компонент үлесінің жоғарылығынан баламалы энергетика-
ның бәсеке қабілеттілігін сақтау үшін); «жасыл» энергияны сатып алу
үшін бірыңғай есеп-қаржы орталықтарын (ЕҚО) құру; қалпына
келтірілетін энергия көздерін пайдаланып энергия өндіретін ұйымдар
алдында кассалық алшақтық пен қарызды жауып отыру үшін ЕҚО
жанынан сақтық қор құру; электр энергиясын тұтынатын жеке
тұлғаларға ҚКЭК²⁸ қондырғыларын орнатуға жұмсаған шығынын өтеу;
ҚКЭК қондырғыларын орнату үшін жер бөлу мен он іркіп ұстаудың
нақтыланған тәртібін құру қарастырылды.
Қазақстанда таза экологиялық автокөлік құралдары мен оның
компоненттерін өндіру мен импорттауды ынталандыру (4 экологиялық
классқа сәйкес және одан жоғары, электржылжытқышты).
Бұрын болмаған «су тұтынудың үлестік нормасы» ұғымын (су
ресурстарын тиімді пайдалануды бақылаудың құралы) енгізу; «су
шығынын есепке алуды, тасымалдаушы желілер мен тұтыну
нүктелеріндегі су шығыны мен су объектілерінен су алу көлемін
қысқарту мүмкіндігін есепке алуды ұйымдастыруды» жыл сайын
сараптау бойынша талап енгізілді.
«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері» (ӨКМ) енгізілді, ол
бойынша белгілі бір тауар түрін өндірушілер мен импорттаушылар
(оның ішінде автомобильдер мен автомобиль шиналары, майлау мен
24
²⁷https://ru.wikipedia.org/wiki/Зелёный_тариф
²⁸Қалпына келтірілетін энергия көздері туралы тың деректер, Қазақстан, Салық
және құқық департаменті, Делойт заңгерлік тобы, 28 June 2016, https://www2.
deloitte.com/content/dam/Deloitte/kz/Documents/legal/LegalAlert/KZ_Legal_Alert_green_
energy_rus.pdf
гидравликалық майлар және т.б) олардың тауарларын пайдалану
кезінде пайда болатын қалдықтарды өңдеудің өзіндік жүйесін
ұйымдастыруға міндетті немесе оларды қайта өңдеу үшін құрылған
ӨКМ ұлттық операторының²⁹ есепшотына төлем аударуына болады, ал
ол, өз кезегінде, қалдықтарды қайта өңдеуді ұйымдастырып, оның
ішінде іріктеліп алынған қайта өңдеуші компаниялардың қызметін
төлеп, лайықты технологиялық дамуды ынталандыру қажет.
Мемлекеттік сатып алулар үшін «Қазақстан Республикасы
аумағындағы қалдықтардан алынған екінші шикізаттан жасалынған
тауарға сертификаттаудан өз еркімен өткен» тауарлары бар тауар
қоюшы кәсіпкерлерге артықшылықтар енгізілген.
Коммуналдық қалдықтар полигонына кейбір тұрмыстық қатты
қалдықтарды – оның ішінде, сынабы бар шамдар мен құралдар, шыны
сынықтары, қара және түсті металл сынықтары, қызмет етіп біткен
автомобиль майлары мен сұйықтары, литий, қорғасын-қышқыл
батареялар, оргтехника, пластмасса қалдықтары, қағаз бен картон
қалдықтары, тұрмыстық техниканы қабылдауға тыйым салынған;
коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау ұстанымы енгізілген;
коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктері мен оларды
бөлек жинау міндеттемесі енгізілген; қалдықтарды қабылдап,
тасымалдау және утилизациялаумен айналысатын ұйымдар үшін
қалдықтармен жұмыс істеу саласы бойынша стандарттарды жасау мен
оларды міндетті түрде сақтау талаптары енгізілді;
Шығарындыларды мемлекеттік тіркеуді қалыптастыру мен
ластаушыларды қоршаған ортаға төгілуіне байланысты ірі өндіріс
кәсіпорындарының эмиссиясы туралы қажеттілік енгізілді. Анықтықты
қамтамасыз ету мақсатында регистр ашық қолжетімділікте
орналастырылады.
Мардымсыз әсері бар ұсақ кәсіпорындар үшін қоршаған орта
саласындағы рұқсаттама беру рәсімдері оңайлатылған (мерзімсіз
экологиялық рұқсаттама, қоғамдық тың далымдарды өткізу
қажеттілігінің жоқтығы).
25
²⁹«ӨКМ операторы» ЖШС, http://www.recycle.kz
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСЫЛ
ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ТУРАЛЫ
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫНА
ҚОҒАМНЫҢ ҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ
АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУІ
Жасыл Экономикаға көшу үдерісіне қоғамның қатысу суреті ала-
құла әрі біртекті емес. Бір жағынан, қоғам мен азаматтық қоғам
ұйымдары тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанда болған көптеген
экологиялық реформалардың жылжытушы күші, алғашқы «моторы»
болды. Көптеген коммерциялық емес ұйымдар адам әрекетін
жүргізудің «жасыл» жолдары мен күнделікті «қоңыр» технологияның
зияны туралы ақпарат таратуға бағытталған жүздеген ірі немесе шағын
жобаларды жүзеге асырды.
Осы жобалар барысында қоғамдық экологтар мемлекетпен
диалог құра бастады, осы арқылы жергілікті халық арасында тұрақты
даму идеялары мен экологиялық ақпарат таратылып отырды.
Жүздеген жарияланған мақалалар мен өткізілген оқу семинар-
лары, бірінші орнатылған жел генераторлары, күн батареялары, биогаз
қондырғылары мен су және энергия сақтауға байланысты көрсетілімдік
26
жобалар – осының барлығы, сөз жоқ, өз жемісін берді, - нәтижесінде
Жасыл Экономика елдің стратегиялық бағыты ретінде танылды. Әрине,
кез-келген үлкен іс кемшілік пен қателіксіз болмайды, Қазақстанның
Орхусс конвенциясын жүзеге асыруда азаматтардың экологиялық
ақпаратқа қол жеткізу құқығы мен экологиялық мәселелер бойынша
шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысуы, экологиялық мәселелер
бойынша сот әділдігіне қол жеткізуде³⁰ де кемшіліктер болуы мүмкін.
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамы алдында елдің Жасыл Экономика-
ға көшуіне байланысты көптеген кең ауқымды істер тұр. Біздің
ойымызша, қоғамның жігерін төмендегі бірнеше басты міндеттерге
жұмылдыру қажет:
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін
орындау үшін азаматтардың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығы
мен экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық
қатысу, экологиялық мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізуді
жетілдіру үшін мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастық орнату.
Мемлекеттік органдарды, бизнес пен қоғамның барлық
қабаттарын Жасыл Экономиканың мәні туралы, оның әдістері мен
жолдары, артықшылықтары, болашағы мен басқа елдерде жүзеге
асырудың сәтті мысалдары туралы ақпараттық материалдар жариялау,
тренингтер мен семинарлар өткізу, жаңа «жасыл» технологиялар
туралы көрсетілім жобаларды жүзеге асыру арқылы ақпараттандыру.
Қоғамдық санада мемлекет пен бизнес тарапынан табиғат
қорғау шараларын қаржыландыру көлемі, қоршаған ортаға ластауыш-
тар шығарғаны үшін жиналатын эмиссия сомасына пропорционалды
түрде болу қажеттілігін қалыптастыру (оның ішінде, бизнестің
«экологиялық төлемдерін» ластауыштарды шығаруды төмендету
шараларына жұмсауға рұқсат беру арқылы).
Экологиялық рұқсаттама алуда қоғамдық тыңдалымдар
кезінде кәсіпорындардың Жасыл Экономика технологияларын
пайдалануын талқылау.
Азаматтық қоғамды ұйымдастыру белсенділігі мен әлеуетіне,
табиғат қорғау әрекетіне жастарды, оқу орындарының оқушыларын
27
³⁰Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және
қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы
конвенцияны бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жыл 23 қазан N 92-II
Заңы, http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000092_
тарту, оның ішінде қор сақтау, энергия тиімділігі, табиғат ресурстарын
ұтымды пайдалану мен табиғатты тиімді қорғау идеяларын алға
жылжыту.
Нормативті-құқықтық құжаттарды талқылау мен қарастыру,
оларды дайындау істеріне азаматтарды кеңінен тарту үшін азаматтық
қоғамды қолдау және оның әлеуетін дамыту.
28
29
О ПРОЕКТЕ
2014 жылы Қазақстанда
«Азаматтардың құқықтарын іске асыру
және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға
қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын
тәжірибелік іске асыру»
жобасы іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға
бірден төрт ұйым тартылды:
- «Арника» үкіметтік емес ұйымы, Чех Республикасы
(http://english.arnika.org)
- «Қарағанды облыстық Экологиялық мұражайы» ҚБ
(http://ecomuseum.kz)
- «Жаңа, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» ҚҚ,
Қарағанды
- «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі, Ақтау қ.
(http://ecomangystau.kz/)
Ғаламшардың әр нүктелерінде орналасқан олардың мақсаттары
ортақ – адамдар мен табиғаттың үйлесімді әрі қолайлы тіршілік етуіне
жағдай жасау.
Қазір, жоба өз жұмысын аяқтағанда, оны жүзеге асыру бойынша
кейбір қорытындыларды шығаруға болады:
Жоба сарапшылары «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау
процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты
30
мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу» Орхусс конвенциясы
нормаларының Қазақстанда сақталуы бойынша алған міндеттерін
орындауына байланысты тәуелсіз мониторинг жүргізді. Бұл жұмыстың
нәтижесі ұлттық және халықаралық кездесулер мен форумдарда
айтылды.
Бүкіл жоба бойы біз қарапайым адамдардың экологиялық
сұрақтар бойынша шешім қабылдау процесіне қатысу құқығы мен
ақпаратқа қол жеткізу туралы ақпараттандыру жұмыстарын белсенді
жүргіздік.
Маңғыстау облысының «ыстық нүктелерінің» интерактивті
картасы жасалды және олардың экологиялық жағдайын жақсарту
жұмыстары басталды.
Жоба сарапшылары 2013 жылы Энегетика министрлігіне кейбір
кәсіпорындардың өз еріктерімен берген атмосфераға жайылған
шығарылымдары туралы деректерді өңдеп, қоршаған ортаны ластаушы
заттардың ірі деректер қоры құрылды. Бұл кәсіпорындар интерактивті
картаға енгізілді, ал олардың шығарындылары жұртшылыққа түсінікті
болу үшін кестелер түрінде көрсетілді. Барлық материалдарды еш
қиындықсыз жобаның сайтынан табуға болады.
Шағын гранттар бағдарламасы жүзеге асырылды, бағдарлама
аясында Маңғыстау облысының қоғамдық ұйымдары мен бастамашыл
т о п т а р ы ж е р г і л і к т і э к ол о г и я л ы қ м ә с ел ел е рд і ш е ш у ү ш і н
консультациялық және қаржылық қолдау алды.
Жоба сарапшылары Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасына сараптама жасап, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстар
дайындады.
Қоршаған орта мәселелері бойынша шешім қабылдауға
азаматтардың қатысу белсенділігі мен әлеуетін арттыру үшін БАҚ,
мемлекеттік құрылым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен
мүдделі жұртшылық қатысқан кездесулер, дөңгелек үстелдер,
семинарлар өткізілді.
Біз өзекті экологиялық мәселелерді көтереміз және пікірсайысқа
азаматтарды, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік билік өкілдерін
тарта отырып, мәселені шешудің оңтайлы жолдарын қарастырамыз.
Аталған ірі жобаны Европа Одағының және Чех Республикасының
Сыртқы істер министрлігінің «Transition Promotion» бағдарламасының
қаржылық қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін болмас еді.
Жобаның Чехиядағы үйлестірушісі: Мартин Скальский -
martin.skalsky@arnika.org
Жобаның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі: Анна Андрейчук -
anna.andreychuk@ecomuseum.kz
Ж о б а н ы ң а й м а қ т ы қ ү й л е с т і р у ш і с і : К и р и л л О с и н -
osinkirill@gmail.com
Жоба туралы толығырақ
сайтынан және
WWW.ECOCITIZENS.KZ
Facebook парақшасындағы «Қазақстандағы Орхусс конвенциясын
тәжірибеде жүзеге асыру» AarhusKZ тобынан таныса аласыздар.
31
«Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы»
қоғамдық бірлестігі
Қазақстан, Қарағанды қ.,
Бұқар Жырау даңғылы, 47 - ғимарат
Тел./факс: (+7 (7212) 41-33-44
E-mail: ecomuseum@ecomuseum.kz
www.ecomuseum.kz
ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ!
Тираж – 1000 дана
«Гласир» баспаханасында басылды
Қазақстан, Қарағанды қ., Ермеков көш., 112/5 ғимарат
Тел.: +7 (7212) 433-857; e-mail: glasirkrg@mail.ru
Document Outline - Страница 1
- Страница 2
- Страница 3
- Страница 4
- Страница 5
- Страница 6
- Страница 7
- Страница 8
- Страница 9
- Страница 10
- Страница 11
- Страница 12
- Страница 13
- Страница 14
- Страница 15
- Страница 16
- Страница 17
- Страница 18
- Страница 19
- Страница 20
- Страница 21
- Страница 22
- Страница 23
- Страница 24
- Страница 25
- Страница 26
- Страница 27
- Страница 28
- Страница 29
- Страница 30
- Страница 31
- Страница 32
Достарыңызбен бөлісу: |