Жасыл экономика бойынша қЫСҚаша нұСҚаулық энергия үнемдеу қалдықтармен жұмыс



жүктеу 3,84 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата30.12.2019
өлшемі3,84 Mb.
#25564
1   2   3   4   5   6

стратегиялық  басымдылыққа  ие  болды.  Бүгінгі  күннің  өзінде  кем 

дегенде  65  ел,  оның  ішінде  Қазақстан  да  бар,  Инклюзивті  Жасыл 

Экономикаға апарар жолға түсті. Өз елдерінің экономикасын қоғамның 

тұрақтылығының  жылжытушы  күшіне  айналдыра  отырып,  олар  XXI 

ғасырдың негізгі міндеттерін – өсіп келе жатқан урбанизация мен қор 

тапшылығынан  бастап  климаттың  өзгеруі  мен  экономикалық 

тұрақсыздыққа дейінгі мәселелерді шешуге жұмылған.

14



Жаңа экономиканың қажет болғандығын, оның алдында қандай 

мақсаттар  тұрғанын  анықтағаннан  кейін,  шын  мәнінде  Жасыл 

Экономиканың  қандай  болатынын  және  оның  «қоңырдан»  қандай 

айырмашылығы  бар  екендігін  түсіну  үшін  нақты  мысалдарды 

талқылауға болады. 

1 МЫСАЛ. КҮН МЕН ЖЕЛ

Біз айтып өттік, кез-келген қатардағы адам үшін дәстүрлі «жасыл 

экономикалық  топтама»  -  ол  жел  генераторлары,  күн  батареясы  мен 

қоқысты жеке жинау. Мұндай көзқарас жаппай енгізілуде, оның ішінде 

қарапайым  халықта  осындай  көзқарас  қалыптасуына  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  да  суреттері  атсалысуда.  Шындығында  солай 

ма?

Қоғам санасында қалыптасқан Жасыл Энергетиканың ең танымал 



бөлігі  –  жел  генераторлары  мен  күн  электр  энергиясының  қондырғы-

ларын  алып  қарастырайық.  Олардың  суретінсіз  экономиканы  жасыл-

дандыру туралы бір де бір мақала не хабар шығарылмайды. 

Келесі сұраққа жауап беріп көрелік, - «Егер сендердің елдеріңде 



ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ

МЫСАЛДАРЫ

15


энергияның баламалы көздері бар болып, тіпті жаңалары да салынып 

жатса, онда сендердің экономикаларың «жасыл ма»?»   Бір қарағанда, 

жауап анық сияқты, әрине, бұл – Жасыл Экономика, себебі олар көмір 

жақпайды, олардан ластауыш заттар шығарылмайды, олар «аппақ әрі 

мамықтай»  және  «экологиялық  таза  энергия»  шығарады.  Бұның 

барлығы  шындық  болар  еді,  алайда...  Жалпы  алғанда  қандай  да  бір 

технологияның  жағдайға  әсерін  кешенді  түрде  бағалау  үшін  осы 

технологияның  қоғамға,  экономикаға,  қоршаған  ортаға  тигізетін 

әсерлерінің барлық түрлерін есепке алуға тура келеді. 

Яғни, басқаша айтқанда, баламалы энергия түрлерінің жағымсыз 

әсерлерін  де  есепке  алу  қажет,  мысалы,  атап  айтқанда,  жел 

генераторларының  жылдам  айналатын  қалақтарынан  немесе  күн 

электр  станциялары  айналарындағы  шоғырланған  күн  сәулесінен 

болатын    құстар  өлімін  алайық.  Өкінішке  орай,  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  аталған  «экологиялық  таза»  жел  генераторларын  өндіру 

үшін  бір  жерлерде  шахта  мен  рудниктер  қазылып,  олардан  руда 

алынып,  алынған  рудадан  металлургия  заводтарында  жоғары 

технологиялық «таза экологиялық» энергия көздерін өндіруге қажетті 

металлдар  жасалатындығы  туралы  үндемейді.  Бұл  процесстердің 

барлығы  сөзсіз  қоршаған  ортаға  төгілетін  зиянды  қалдықтар  мен 

шығарындылар өндіруге әкеліп соқтырады. Егер бір жерде «таза» жел 

генераторын  орнатса,  ал  басқа  бір  жерде  қоршаған  ортаға  жағымсыз 

әсер  болды  деген  сөз.  Сонымен  қатар,  бұл  генераторлар  жоғары 

технологиялық  өнім  болғандықтан,  көптеген  елдерде  өндірілмейді, 

оны, мысалы, Қазақстанға мыңдаған километрден әкеледі, сондықтан 

олардың құны екі есе жоғары болады (құн мәселесі өте маңызды, себебі 

біз  «жасыл»  болса  да,  экономика  туралы  айтып  отырмыз)  және 

тасымалдау  кезінде  жылыжайлық  газдардың  шығарылуы  болары  да 

сөзсіз.

Қарапайым  ғана  мысалдан  өздеріңіз  көріп  отырғандай,  толық 



«таза  экологиялық»  немесе  бейтарап  технология  деген  болмайды,  - 

оның барлығы қоршаған ортаға бәрібір әсер етеді. Жасыл Экономика 

ұстанымдары  белгілі  бір  технологияны,  өнім  мен  қондырғыны 

пайдалану  циклының  барлық  кезеңдеріндегі  осындай  әсерлерді 

кешенді  түрде  жан-жақты  бағалауды  талап  етеді.  Яғни  табиғат  пен 

экономикаға  тиетін  әсерлердің  барлығын  –  өнімді  өндіру  кезеңінен 

бастап оны пайдаланып болғаннан кейінгі жою кезеңіне дейін есепке 

алу  керек.  Тіптен  осындай  толық  сараптаманың  өзі  де,  осындай 



16


технологияны  енгізген  күнде  де  еліңіздің  экономикасы  жасыл  болып 

кетеді деген кепілдікті бере алмайды.

Мысалы, егер жел генераторларымен қатар қоршаған орта үшін 

зиянды қалдықтар мен шығарындылардың негізгі көздерінің бірі көмір 

электр  станцияларының  қуатын  есептеуді  жалғастыра  берсеңіз,  онда, 

сөзсіз,  электр  энергиясын  көп  шығаратын  боларсыз,  әйтсе  де  сіздің 

еліңіздің  экономикасы  бұдан  жасыл  болмайды.  Себебі  осы  әрекет 

нәтижесінде  қоршаған  ортаға  шығарылған  улы  эмиссиялар  азая 

түспегені  анық,  ендеше  ортаның  тіршілік  жағдайы  төмендеп,  оның 

ластануы әрі қарай жалғаса береді.

Жоғарыда  келтірілген  мысалда  егер  баламалы  энергетиканы 

дамытумен  қатар  энергия  генерациясының  дәстүрлі  көздерінен 

ластаушылардың  шығарылуы  төмендегенде,  қазба  отын  көздері 

арқылы  алынатын  электр  энергиясының  үлесі  азайғанда,  ол  энергия 

көздерін  жағудың  тиімділігі  көтерілгенде  және  осыған  байланысты, 

сарқылмалы  энергия  шығарушылар  –  көмір,  газ,  мұнай  көздерін 

пайдалану төмендеген кезде, экономика жасыл болады.

2-МЫСАЛ. ҚОРДЫ САҚТАУ

Біз  жоғарыда  көргендей,  елдегі  баламалы  энергия  көздерінің 

болу  фактісі,  ол  елдің  экономикасын  автоматты  түрде  «жасыл» 

қылдырмайды. Қорларды ұтымды әрі тиімді пайданау туралы не айта 

аласыздар? Олар экономиканы қаншалықты «жасылдандырады»? 

Қорларды тиімді пайдалану — сан қырлы тақырып, себебі оған 

энергияны, су мен шикізатты өндірісте, ауыл шаруашылығында тиімді 

пайдалану,  сонымен  бірге  қалдықтарды  басқару  мен  оларды 

болдырмау мәселелері де кіреді.

Бұрын,  адамзат  өркениетінде  табиғат  қорларын  тиімсіз 

пайдаланғаны  үшін  ақы  төлеу  маңызды  тоқтатушы  фактор  болған           

емес,  себебі  табиғат  қорларына  деген  эксплуататорлық  көзқарас 

қалыптасқан,  әлі  ешкім  қоныстанбаған  жерлерден  таусылған 

қорлардың  орнына  жаңа  қор  көздерін  аша  беруге  мүмкіндік  болған 

еді¹⁵.  Қорларды  ұтымды  пайдалану  әдеті  қиындықпен  қалыптасуда, 

алайда,  жаңа  экологиялық  көзқарастарды  жылжытудың  арқасында 

технологияларды ұтымды, оның ішінде, қорларды қайта пайдалануды 

17

¹⁵Барбье, E. Scarcity & Frontiers: How Economies have Developed through Natural Resource 

Exploitation, Cambridge University Press (2010), 34 бет.



жүктеу 3,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау