Жасыл экономика бойынша қЫСҚаша нұСҚаулық энергия үнемдеу қалдықтармен жұмыс


арналған  қатерлер  мен  оның  жұтаңдануын  төмендете  отырып



жүктеу 3,84 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата30.12.2019
өлшемі3,84 Mb.
#25564
1   2   3   4   5   6

11

арналған  қатерлер  мен  оның  жұтаңдануын  төмендете  отырып, 

адамдардың әл-ауқатын көтеріп, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз 

ететін экономика. 

Ең қарапайым түсінік бойынша «жасыл» экономика – 

көміртекті  қосындылардың  төмен  шығарылуы,  қорларды  тиімді 

пайдаланатын  және  бүкіл  қоғам  талаптарына  сай  экономика  деуге 

болады. Жасыл экономикада көміртек шығарылымы мен ластауларды 

азайтатын,  энергия  мен  қорларды  пайдалану  тиімділігін  арттыратын 

және биологиялық алуан түрлілік пен экожүйелік қызметтерді жоғалту-

дың  алдын  алатын,  мемлекеттік  және  жеке  меншік  инвестициялар 

арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  инвестицияларды  мақсатты  мемле-

кеттік шығындар, саяси саладағы реформалар мен өзгерістерді басқару 

арқылы  катализдеу  және  қолдау  қажет.  Мұндай  даму  жолы  табиғат 

капиталын  маңызды  экономикалық  актив  және  қоғам  әл-ауқатының 

көзі, әсіресе, кіріс пен қорғаныш көзі табиғатқа тәуелді тұрғындардың 

кедей бөлігі үшін сақтап, көбейтіп, қажет болған жағдайда, оны қайта 

қалпына келтіріп отыру қажет»⁹. 

Қазақстанның  Жасыл  Экономикаға  көшу  тұжырымдамасы  бұл 

экономикаға 

«халықтың өмір сүру деңгейі жоғары, болашақ ұрпақтың 

мүддесінде  табиғи  ресурстар  ұқыпты  әрі  ұтымды  пайдаланылатын 

және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес табысты 

экономика»

¹²,  -  деп  сипаттама  береді  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің сайтында¹³ Жасыл Экономикаға мынандай анықтама береді: 

«Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен 

қоғамның  әл-ауқатын  сақтауға  бағытталған,  сондай-ақ  соңғы 

пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін 

экономика. 

«Жасыл»  экономика  бірінші  кезекте,  қазіргі  уақытта 

сарқылуға  ұшыраған  (пайдалы  қазбалар  –  мұнай,  газ)  ресурстарды 

үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға 

бағытталған.  Жасыл  экономиканың  негізінде  –  таза  немесе  «жасыл» 

технологиялар жатыр. 

Қазақстандағы  қабылданған  Жасыл  Экономика  анықтамалары 

БҰҰ  ұсынған  және  қоғам  алдында  тұрған  барлық  проблемаларды 

қамтымаса  да,  ұлттық  экономиканы  жасылдандыру  бойынша  біздің 

еліміз аймақ бойынша көш басында тұр. Ағымдағы, - Жасыл Экономика 



¹²«Қазақстанның «жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы» 2013 г., 

http://strategy2050.kz/ru/news/1211 

¹³http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/bus_nat_eco/ecologiya/ar

ticle/green_ekonomika&lang=ru 


ұстанымдарына  көшудің  бастапқы  кезеңінде  қазақстандық  нұсқа 

қорларды  тиімді  әрі  ұқыпты  пайдаланатын  индустрияның  дамуы 

негізінде үздіксіз тұтыну моделін дамыту идеясына ықыласты.

Қорыта  айтқанда,  Жасыл  Экономика  бұрын  болғандай  тек 

«экономиканың»  ғана  мүдделерін  есепке  алмайды,  сонымен  бірге 

халықтың әл-ауқатын көтеру мен қолайлы табиғи ортаны сақтап қалуда 

әлеуметтік  жауапкершілікті  жоғарылатудағы  қоғамның  мүддесін  де 

көздейді. Бұл мүдделердің бір-біріне қарама-қарсылығы және олардың 

арасындағы  қайшылық  пен  қақтығыстардың  болатындығы  бір 

қарағаннан-ақ байқалады. Жасыл Экономика осындай қайшылықтарды 

шешіп,  қақтығыстарды  жаңа  технологиялық  әдістерді  пайдалану, 

заңнаманы өзгерту, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дәстүрлер 

мен тәртіпті мемлекеттік реттеу  арқылы шешуге бағытталған. 

Жасыл  экономика  –  бұл  бірінші  кезекте  табиғатты  сақтауға 

мүдделі экономика деп ойлауға болмайды. Жоқ, Жасыл Экономика, ең 

біріншіден,  -  «экономика»,  содан  кейін  барып  «жасыл».  Сондықтан 

Жасыл Экономикаға көшу кезінде шағын кәсіпкерлікке қатысты кейбір 

табиғат  қорғауға  байланысты  заңнамалық  талаптардың  босаңсуын 

байқасаңыз, таң қалмаңыз. 

Себебі  «қоршаған  ортаны  қорғауды  құжаттауға»  жұмсайтын 

қоғамның  ысырабы  мен  қисынсыз  шығыны  шағын  кәсіпкерлік 

әрекеттен гөрі экономика мен табиғатқа көбірек зиян келтіруі мүмкін, 

мысалы  селолық  дүкен  мен  шаштараздың  қызметтік  әрекетінен  гөрі 

олардың облыс орталығына ірі зауытпен қатар экологиялық рұқсаттама 

алу  үшін  бірнеше  мәрте  барып,  едәуір  ақша  құртуы  көбірек  зиянды. 

Көптеген  дамыған  елдерде  мұндай  шағын  бизнес  экологиялық 

реттеуден босатылған.

Бейнелей айтқанда, Жасыл Экономиканың мақсаты ескіден келе 

жатқан «Құда да тыныш, құдағи да разы» мәтелінің қиын шешімін табу 

болып табылады. Бұл мүмкін емес сияқты, алайда Жасыл Экономикан-

ың кейінгі жылдардағы жетістіктері қоғамның саяси ерік-жігерін, қоры 

мен  күшін  шоғырландырған  жағдайда  ол  мақсатқа  қол  жеткізудің 

шынайы мүмкіндігіне негізделген үміт пен сенім сыйлайды. 

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ

«Жасыл  Экономикадан»  басқа  да  атаулар  қолданылатын  және 

алдында жоғарыда сипатталған міндеттер тұрған экономиканың басқа 

12



да  модельдері  бар.  Олардың  кейбіреулері  әдейі  жаңылдырады, 

мысалы,  «таза  экономика»  ұғымы,  алайда  қоршаған  ортаға  әсерін 

мүлдем  тигізбейтін  адам  әрекетінің  жоқ  екендігі  баршаға  аян.  Басқа 

атаулар, біздің ойымызша, «Жасыл экономика» сияқты әдемі естілмесе 

де, бұл жаңа экономикалардың енгізетін өзгерістерінің мағынасын тура 

ашатын сияқты. 

Осындай  атаулардың  бірі  – 

  атауына 



«Циклдық  экономика»,

сәйкес бұл экономика – кез-келген қорды жоғалтуды болдырмау үшін 

барлық  экономикалық  процесстердің  циклдық  тұйықталуын  қарасты-

рады. Егер Циклдық Экономикада жоспарланып отырған технологияда 

немесе өндірісте белгілі бір қордың қайта толмас шығыны болса, онда 

ол  технологияны  немесе  өндіріс  құрылысын  жүзеге  асырмас  бұрын 

пайда болатын шығындар мен қалдықтарды басқа технологиялардың 

қор  көзі  ретінде  орналастыруды  қамтамасыз  ететін  заңнамалық, 

технологиялық және экономикалық іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс.  

«Инклюзивті  Жасыл  Экономика» 

Жасыл  Экономика  моделінің 

әрі қарайғы дамуы болып табылады (ағылшынның “inclusive” – «өзіне 

қосу»),  және  соңғы  кездері  БҰҰ  бұл  идеяны  қолдап,  алға  жылжытып 

отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясында 2015 жылы ЮНЕП «Инклюзивті жасыл 

экономика: көшбасшылар үшін түйіндемені»¹⁴ жариялады, онда «бірігіп 

пайдалану,  циклдылық,  серіктестік,  ынтымақтастық,  тұрақтылық, 

мүмкіндіктер  және  өзара  тәуелділік»  деген  ұғымдарға  баса  назар 

аударылған.

Инклюзивті  жасыл  экономика  қоршаған  орта  мен  денсаулыққа 

кеңінен  танымал  қатерлер  тудыратын,  үнемсіз  тұтыну  мен  өндіріске 

жағдай  жасайтын,  экологиялық  және  қор  потенциалының  тапшылы-

ғына,  теңсіздікке  әкелетін  қазіргі  таңда  басым  болып  отырған  эконо-

микалық  моделдің  баламасы  болып  табылады.  Бұл  –  тұрақтылықпен 

қатар  тұрақты  әрі  өркендеуші  қаржылық  жүйенің  функциясы  ретінде 

әлеуметтік  әділеттілікті  көтеру  мүмкіндігі  болып  табылады.  Бұл  – 

кедейлікті құрту мен адам денсаулығы, әл-ауқаты мен дамуы негізіндегі 

экологиялық стандарттарды қорғау. 

Соңғы  он  жылдарда  «жасыл  экономика»  тұжырымдамасы 

көптеген  елдердің  үкіметтері  мен  үкіметаралық  ұйымдар  үшін 



13

¹⁴Uncovering Pathways Towards An Inclusive Green Economy A Summary For Leaders, 

UNEP UN, 2015 - http://web.unep.org/greeneconomy/sites/unep.org.greeneconomy/ 

files/publications/ige_narrative_summary_web.pdf 


жүктеу 3,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау