Жасау бойынша



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет4/28
Дата05.01.2018
өлшемі0,66 Mb.
#7070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

11

NEET санатындағы жастар дегеніміз кімдер?



NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Бұған қоса, көптеген жастар оқу орындарын еңбек нарығымен өзара әрекет-

тестік тәжірибенің жеткіліксіз деңгейімен тәмамдайды. Ересектер машықта-

рын зерттеу бағдарламасымен қамтылған 22 ел мен ЭЫДҰ мүше елдерінің 

өңірлеріндегі 40% аспайтын академиялық бағдарламалар оқушылары мен 50% 

аспайтын кәсіби және техникалық білім беру бағдарламаларының оқушыла-

ры өндірістен қол үзбей қандай да бір оқуға қатысуда.

Аталған санатқа тән айрықша ерекшеліктер.

NEET санатындағы жастар әлеуметтік оқшаулану мен әлеуметтік айырылу 

қауіп-қатеріне ерекше бейімделген.

NEET санатын жұмыспен қамту үш түрлі жағдаймен келтірілген: жұмыс-

сыздық, мүдделіктің болмауы, үмітсіздік және оның нәтижесінде жұмыспен 

қамту саласынан шығып қалу.

NEET санатындағы жастар мәселесі білім, жұмыспен қамту және оқу са-

ласы шеңберінен шығады, маргинализация мен жастар алшақтығының себебі 

ретінде айтарлықтай өзекті болып табылады. Яғни мұндай жағдайда, біз жұ-

мыссыз жастардың NEET тұжырымдамасынан фокусты кеңейту туралы ай-

тамыз. Дәл сол уақытта сарапшылар NEET санатындағы жастарды анықтау 

кезінде уайым-қайғыға, үмітсіздікке ерекше көңіл бөлу дұрыс емес екендігі 

туралы айтады. Түңілген жастар ретінде жұмысқа орналасу кезінде үміттің 

қалмауы секілді себеп бойынша жұмыс іздеуден бас тартқан адамдар анықта-

лады. Бұл ретте жастардың көпшілігі жұмыс істеуге дайын, бірақ жұмыс істе-

мейді және түрлі себептер бойынша жұмыс іздемейді: жұмысты қайдан және 

қалай іздеу керек екендігін білмейді, біліктілігіне сәйкес жұмысты таба ал-

майды, бұрынғы жұмыс іздеу талпыныстары ешқандай нәтижелер бермеген, 

өңірде жұмыс орындарының болмауы. 

NEET сипаттамасының ерекшеліктеріне мұндай санатқа кіретін жастар 

машық пен жұмыс істеу тәжірибесін алуға инвестициялар арқылы өз пози-

цияларын жақсартпау, соның нәтижесінде еңбек нарығындағы қауіп-қатерін 

және әлеуметтік оқшаулану ықтималдығын арттыру жатады.

NEET – жастардың еңбек нарығындағы сұранысынан туындайтын ұсыны-

стардың нәтижесі. Жастардың білімі мен кәсіби машықтары еңбек нарығының 

қажеттіліктеріне сәйкес келмейді, сол себептен жастардың жұмыссыздығына 

алып келеді немесе төмен позицияларда жұмыс істеуге мәжбүрлейді, тиісінше 

аз жалақы алатын жұмыстарды қамтиды.




12

NEET санатындағы жастар дегеніміз кімдер?



NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Неліктен жастар NEET санатына кіреді?

Объективті себептер: көбінесе әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде 

қаржы дағдарысы, жұмыссыздық, өмір деңгейінің төмендеуі.

Субъективті себептер: жастардың білім алуға, жұмыс істеуге, біліктілік-

ті арттыруға ықыласының болмауын жатқызуға болады, ал мұның барлығы 

критикалық ойлау қабілеті машығының болмауының, тұтынушылық мі-

нез-құлқының артық болуының салдарына жатады. Аталған жағдай қазір-

гі уақытта және келешекте қауіп-қатер төндіреді. Ең алдымен, бұл ересек 

адамдардың экономикалық жүктеліміне алып келеді, себебі егде адамдар 

NEET санатындағы жастарды асырап, оларды қамтамасыз етеді. Екіншіден, 

жастар ұзақ мерзім бойынша жұмыссыз болуы және білім алмауы түрлі теріс 

салдарларға алып келеді: маргинализация, ары қарай әлеуметтік жағдайлар-

дағы қиыншылықтар, өзін-өзі төмен бағалау, белсенділік деңгейінің артуы, 

девиация, айтарлықтай төмен бағдарлар және әлеуметтік жатырқаушылық. 

Көптеген елдердегі NEET санатындағы жастар санының артуына әсер 

ететін маңызды мәселеге жастар білімінің еңбек нарығындағы талаптарға сәй-

кессіздігі жатады. Білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінде жастар алатын 

білім, біліктілік, құзыреттілік, тәжірибелік машықтар жұмыс үдерісіне сәтті 

интеграцияның жүзеге асыруына септігін тигізбейді. 

Қазақстан Республикасындағы «NEET жастарының үлесі» көрсеткішін қа-

лыптастырудың әдістемелік негізі ретінде Халықаралық еңбек ұйымының 

(ХЕҰ) құжатын қарастыруға болады. ХЕҰ әдістемесіне сәйкес NEET сана-

тындағы жастар – «Not in Education, Employment, or Training» – бұл жұмыс 

істемейтін, білім алмайтын немесе кәсіби дайындықпен айналыспайтын, 

білім берумен және жұмыспен қамту жүйелерінен тыс жастар бөлігі. «NEET 

жастарының үлесі» көрсеткішін есептеуді төменде келтірілген формула 

бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ста-

тистика комитеті жүзеге асырады 

    (UE + NEA) – NEA[edu]   

NEET = ___________________  * 100

   EA+ NEA 

UE – 15–28 жас аралығындағы жұмыссыз халықтың саны;

NEA – 15–28 жас аралығындағы жұмыс күшіне кірмейтін тұлғалардың  

саны;

NEA[edu]  – 15–28 жас аралығындағы білім алу (күндізгі бөлім) себебінен 

жұмыс күшіне кірмейтін тұлғалардың саны;

EA – 15–28 жас аралығындағы жұмыс күшінің саны.



13

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

2-БӨЛІМ. NEET САНАТЫНДАҒЫ 

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ТАЛДАУ

Әлем бойынша дамыған елдердің Үкіметтері жастар жұмыссыздығының 

және NEET санатындағы жастар үлесінің артуына алаңдаушылық білдіріп 

отыр. Дамыған елдердің институттары мен зерттеу орталықтары бұл құбылы-

сты NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау механизмдері мен құралда-

рын әзірлеу мақсатында зерттеуге талпыныс жасауда.

Ұлыбритания NEET санатындағы жастар туралы сұрақты ресми деңгейде 

көтерген алғашқы мемлекеттің біріне жатады. Аталған терминология білім, 

оқыту мен жұмыспен қамту саласына қатыспайтын 16-18 жас аралығындағы 

жастар қамтылған жаңа индикаторды дамыту мен қалыптастыру қажеттілі-

гіне жауап болған. Анықтамаларындағы айырмашылықтарға қарамастан, бү-

гінгі күні NEET концепті халықаралық феноменге айналды. Зерттеушілер 

ғаламдық дағдарыс пен өңірдегі NEET үлесінің әсері арасындағы тікелей кор-

реляцияның болу фактісін анықтаған. 

ЭЫДҰ мүше елдері NEET үлесінің артуына байланысты үлкен алаңда-

ушылықты білдіріп отыр, себебі бұл мәселе, ең алдымен, оқу орындарын ерте 

тастап кеткен және еңбек нарығының бөлігіне айналмаған жастарға қатысты 

болуына байланысты. Бұған қоса, мұндай жастар ресми емес, заңсыз эконо-

микалық қатынастарға, оның ішінде қылмыстық сипаттағы қатынастарға тар-

тылады. Сонымен қатар, жұмыссыздық пен психикалық денсаулық, алаңдау, 

депрессия мен суицид деңгейі арасындағы байланыс жалпыға белгілі фактіге 

жатады.

Еуропада NEET ұғымын 5 негізгі қосалқы топтарға бөлуге болады:



 ең үлкен қосалқы топқа қарапайым жұмыссыздар кіреді. Оларды өз кезе-



гінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге жататын тұлғаларға бөлуге 

болады;



 отбасы мүшелерін күтетін және әрекет етуге қабілетсіз,аурулардан зар-



дап шегетін, әрекетсіз,қазіргі уақытта жұмыс істей алмайтын жастар;



 жұмыс іздемейтін немесе оқымайтын жас тұлғалар, еңбекпен қамтыл-



маған және басқа міндеттемелермен және физикалық дене кемшіліктерімен 

ауырмайтын, сонымен бірге жұмыс табуға сенімі қалмаған, қауіпті және 

бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін жастар;



 белсенді түрде жұмыс қарастырып немесе оқу мүмкіндіктерін іздейтін 



жастар;



 ерікті NEET, яғни саяхаттап жүрген жастар және тұрақты негізде өнер, 



музыка мен өздігінен білім алу секілді белсенділікпен айналысатын жастар.


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау