Сабақ Тақырыбы: Нысандармен жұмыс жасаудың мүмкіндіктері



жүктеу 79,34 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі79,34 Kb.
#17081
түріСабақ

2 Мәртөк мектеп-гимназиясы

Ашық сабақ
Тақырыбы: Нысандармен жұмыс жасаудың мүмкіндіктері

Өткізген: Информатика пәні мұғалімі

Нурушева А.А.

2015-2016 оқу жылы

Күні: 6.04.2016ж

Пән аты: Информатика

Сынып: 5 «а» (І топ)

І. Сабақтың тақырыбы: Нысандармен жұмыс жасаудың мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың PowerPoint бағдарламасында жұмыс жасау арқылы білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтыққа үйрету

Дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Әдісі: топтық, практикалық, СТО

Көрнекті құралдар: оқулық, компьютер, интерактивті тақта, слайд, тапсырмалар

ІІ. Сабақтың өту барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

2 Сергіту сәті (3 мин)

3 Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

4 Жаңа сабақ (10 мин)

5 Практикалық жұмыс (15 мин)

6 Бекіту (5 мин)

7 Бағалау (2 мин)

8 Үйге тапсырма (2 мин)

9 Рефлексия (2 мин)



IІІ. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Шаттық шеңберін құрып, 3 топқа бөлу (әртүрлі жүректерді оқушылар таңдайды).

1-топ: Paint, 2-топ: WordPad, 3-топ: PowerPoint.

1. Сергіту сәті

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын- деп әр оқушы жүректерін екінші оқушыға сыйлайды.

IV. Үй тапсырмасын тексеру: «Қарлы кесек» әдісі бойынша әр оқушыға сұрақ қою арқылы өткенді еске түсіру.


  1. Paint бағдарламасы не үшін керек? (сурет салу, сақтау, түрлендіру үшін)

  2. Мәтіндік редакторды іске қосу жолдарын ата? (бастау-барлық программалар-стандарттық-WordPad)

  3. Сурет салу графикалық редакторында қанша құрал бар? (16)

  4. Презентация дегеніміз не? (Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі)

  5. Мәтіндік редакторде сурет кірістіруге бола ма? (иә, кірістіру-объект)

  6. Сандық ақпараттармен жұмыс жасауға арналған программа? (калькулятор)

  7. Дыбыс жазу үшін қандай құрылғылар қажет? (микрофон, колонка, фонограф немесе дыбыс жазу программасы)

  8. Трансформация дегеніміз не? (суретті түрендіру, ауыстыру)

  9. Мәтінді пішімдеу түрлерін ата (жуан, курсив, асты сызылған)

  10. Дайын презентацияны көру үшін қай пернені басамыз? (F5)

Оқушылар тақтада ілулі тұрған ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

V. Жаңа сабақ:

Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Тұсаукесерді құру барысында слайдқа нысандар орналастыру арқылы слайдтарды көрікті, әсерлі етіп өзгертуге болады. Ол үшін кірістіру бөліміндегі автофигураларды, дыбыстарды, дайын суреттерді қолданамыз. Әр нысанға жеке-жеке анимациялар қолдануға болады.

1-топ: постер қорғау (PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері туралы)

2-топ: презентация дизайны мен слайд фонын өзгерту түрлері туралы көрсету, әңгімелеу

3-топ: анимация жасайды (жаңбыр жауу, аквариумдағы балық)


VІ. Бекіту: «Ыстық орындық» әдісі арқылы әр топтан 1 оқушы шығып, қарсылас топтар сұрақ қояды.

1.PowerPoint бағдарламасының басқа бағдарламалардан ерекшелігі неде?

2.Слайдтар макетін ашу үшін қай команда орындалады?

3.Анимациялық күйге келтіру қандай командалар арқылы орындалады?

4.Жұмыс аймағы неше бөліктен тұрады?

5.Шаблон көмегімен қалай безендіреміз?

6.Слайдқа дайын суретті қалай кірістіреміз?

7.Слайдтар макетінде слайдтар саны неше?

8.Презентация дегеніміз не?

9.Дайын презентацияны көру үшін қай пернені басамыз?



10.PowerPoint бағдарламасын жүктеу жолы.

VІІ.Бағалау: смайлик арқылы бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: сөзжұмбақ құру

Рефлексия: Конверт-сұрақ

Не білдік?
Не көрдік?
Не үйрендік?

Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдтарды көрсетуге бастау әмірін қай батырма орындайды.
а) F5
б) F7
в) F3
г) F4

Power Point бағдарламада F5 пернесі қандай әмірді орындайды.
а) жан бітірімді баптау
б) слайд сипаттары
в) слайдты көрсету
г) анықтама мәзірі

Power Point көрмесі дегеніміз не?
а) компьютерде әзірленген слайдтар жиынтығы
б) слайдтар көрсетілімін басқаратын компьютер құрылғысы.
в) электрондық кестені өндеуге арналған қолданбалы бағдарлама.
г) кескіндер, көркем суреттер және диаграммалар жиынтығынан тұратын мәтіндік құжат

Power Point бағдарламасында сурет салу үстелінің қай батырмасы фигураның ішкі облысы түсін өзгертеді.
а) сызық түсі
б) көлеңке мәнері
в) қаріп түсі
г) бояу түсі

Бір файлға жиналған слайдтар нені құрайды?
а) кадрлар
б) суреттер
в) көрме
г) көрсетілім

Power Point бағдарламасы көрмесіне диаграмманы үстеу әмірі
а) Фай - Диаграммасы үстеу
б) Өңдеу -
в) Пішін - диаграмма
г) Кірістіру - Диаграмма

Power Point не үшін қажет
а) Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен интернет беттерін жасау
б) Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін артыру мақсатымен кестелер жасау
в) Сызбалық мысалдарды бар мәтіндік құжаттар жасау
г) Ақпаратты есте сақтау және қабылдау Тиімділігін артыруға арналған көрмелерді жасау

Power Point бағдарламасын көрмесін қамтитын файлдың кеңейтімін көрсетіңіз
а). qit
б). pps
в). ppnt
г). jpg
жүктеу 79,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау