Балалардың жас кезеңдері



жүктеу 1,1 Mb.
бет1/37
Дата04.01.2022
өлшемі1,1 Mb.
#36070
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Балалар ауруының пропедевтикасы


  1. Балалардың жас кезеңдері

1 кезең- құрсақішілік кезең. Жұмыртқанын ұрықтануынан бастап, баланың туылғанға дейінгі кезе. 280 күнге немесе 40 аптаға созылады. ҚҰрсақішілік кезең келесі фааларға бөлінеді:

  • Эмбриональды даму фазасы- ұрықтанғаннан 2 айға дейін. Тіндердің дифференциациясы жылдамдығы жоғары. Органогенез ( мүшелердің түзілуі) жүреді. Патологиялық факторлар эмбриопатияларға алып келеді. Сол себепті бұл период критикалық период деп аталады.

  • Фетальды фаза- 3 айдан жүктіліктің соңына дейін. Түзілген мүшелердің пісіп- жетілуі, ұрықтың бойының және массасының өсуі жүреді. Фетальді фаза өз ішінде еі периодқа бөлінеді:

    • Ерте фетальді период (9-28 апта). Мүшелердің өсуі жүргендіктен патогенді жакторлар фетопатияларға алып кетуі мүмкін.

    • Кеш фетальді период (28 апта- туылу). Мүшелер түзілуі мен дамуы аяқталғандықтан , патологиялық факторлар мүшеге әсер етпейді, бірақ мерзімінен ерте туылу мен салмағы жеткіліксіз баланын туылуына алып келуі мүмкін.

2 кезең- құрсақтан тыс кезең. Өз ішінде келесі периодтарға бөлінеді:

  • Неонатальды период- алғашқы 28 күн

  • Емшектегі период- 29 күннен 1 жасқа дейн

  • Ерте период- 1-3 жас

  • Мектеп алды период- 4-6 жас

  • Бастауыш мектеп периоды- 7-11 жас

  • Жоғарғы мектеп периоды- 12-18 жас



  • Неонатальды период- алғашқы 28 күн

Негізгі физиологиялық ерекшеліктер:

    • Кіші қан айналымның қосылуы, 6 аймақта қан айналым каналдарының жабылуы

    • Өкпелік тыныстын пайда болуы

    • Энтеральды тамақтану

    • Асқазан- ішек жолдарының жетілмегендігі, ішек микрофлораысының қалыптасуы

    • Фзикалық даму өзгерістері

    • Терморегуляция ерекшеліктері

    • Қан құрамының өзгеше болуы

    • Зәр құрамы мен зәр шығарудың айырмашылығы

    • Энергетикалық алмасудың өзгеруі

    • Жүйкелің дамудың 1 кезеңі жүреді

  • Емшектегі период- 29 күннен 1 жасқа дейн

Негізгі физиологиялық ерекшеліктер:

    • Артериялық қысымның өзгеруі

    • Тыныс алу ритмінің, жиілігінің ерекшелігі

    • Жүйкелік дамудың 2-5 этаптары өтеді

    • Пассивті иммунитет жоғалуы



  • Ерте период- 1-3 жас және мектеп алды период- 4-6 жас

Негізгі физиологиялық ерекшеліктер:

    • Физикалық даму жылдамдығы азаяды

    • Нерв- психикалық даму тоқтауы

    • Ішкі мүшелер дифференциациясы жүреді

    • Сүйек жүйесінің қалыптасуы ( тұрақты тістің шығып бастауы)



  • Бастауыш мектеп периоды- 7-11 жас және жоғарғы мектеп периоды- 12-18 жас

Негізгі физиологиялық ерекшеліктер:

    • Физикалық дамудың қорытынды кезеңі

    • Сүйек жүйесінің қалыптасуы ( тұрақты тістің шығуы)

    • Жыныстық жетілу

    • Эндокринді жүйедегі өзгерістер



  1. Балалардың физикалық дамуының негізгі өлшемдері, физикалық даму заңдылығы

Физикалық даму- белгілі периодта өсу мен биологиялық жетілуді қамтитын динамикалық үрдіс.

Физикалық дамудың критерийлері:



      • Дене массасы

      • Бойы

      • Басының ұзындығы

      • Кеуде ұзындығы

      • Пропорцияның болуы



  1. Есептеу формулалары

  • Дене массасын есептеу: құрсақішілік кезеңде : орта есеппен 30 апталық ұрық массасы- 1300 г, алдыңғы аптаны есептеу үшін 100 г алынады, ал алдынғы аптада 200 г қосылады. Мысалы,

35 апталық ұрық массасы = 1300+ (200*5)= 2300г (Нормада ұлдар- 3500г, қыздар- 3350г)

  • Бойын есептеу: Жүктіліктің алғашқы 5 айында: құрсақішілік дамудың айынның квадраты. 25- 42 аптада: жүктілік мерзімі + 10 см.

6 айдан бастап: ай саны* 5

(нормада 50 см.)



  • Басының ұзындығы- 34-36см

  • Кеудесінің ұз. – 32-34 см

Окружность груди — 1/2 длины тела.

Нормативные показатели: грудной Возраст — 13,5-10 см, 2-3 года — 9-6 см, 6-7 лет — 4-2 см, 7-8 лет — 0 см, до 15 лет — 1-3 см



  • Дмт= туылғандағы масса+ 800*6+ 400* айы



  1. Бас миының АФЕ

  • Құрсақшілік дамудың 1 аптасында жүйке жүйесі дамиды

  • 5-6 аптада ми мен жұлын қалыптаса бастайды

  • Жүйке жасушалары 10-18 аптада белсенді түрде бөліне бастайды, сол себепті бұл период критикалық болып есептеледі

  • Барлық катпарлары мен құрылымдары жетілген, бірақ функционалды қабілеттері төмен.

  • Қанмен қамтамасыз етуліу жоғары

  • Вена тамырының жүйесі нашар дамыған, сол себпеті токсиндер жинақталуы мүмкін

  • Оттегіге қажеттілік 22 есе көп, сол себепті оттегі тапшылыға кезінде энцефалопатия тез дамиды

  • Белок өте көп, сол себепті гидрофефалия даму қауіпі жоғары

  • Жұлын сұйықтығының мөлшері аз

  • Миы 5 бөлімнен тұрады: алдыңғы ми, ортаңғы ми, аралық ми, сопақша ми, артқы ми

Жұлын сұйықтығының ерекшелігі:

      • Алғашқы 14 күнде ксанто-хромды, қан аралас

      • Белок мөлшері жоғары, кейін 6 айда ересектікіне ұқсас болады

      • Қант мөлшері аз

  1. Рефлекстер

Рефлекстер екіге бөлінеді: шартты және шартсыз

Барлық шартсыз рефлекстер 3ке бөлінеді:



  1. Тұрақты – өмір бойы сақталады

    1. Жұту

    2. Сінір рефлекстері

    3. Коньюктивалық

    4. Роговицалық

    5. Қас үстілік

  2. Транзиторлы- туылғаннан кейін болады, бірақ белгілі жасқа келгенде жойылады.

    1. Оральды

      1. Сору

      2. Іздеу- саусақ ұшымен ауыз айнаалсын сипаса, басын сол жаққа бұрады

      3. Хобот- ернін сипсаса, алдыға созады

      4. Бабкин рефлексі ( алақан- ауыз- бас рефлексі)- екі саусақпен алақанын басса, аузын ашып, басын кеудесіне қарай иеді

    2. Жұлындық

      1. Қорғаныш- ішіне жатқызған кезде, басын бұрады

      2. Тірек рефлексі- баласы қолтығынан жоғары көтееріп, аяғы үстелге тиетіндей төмен түсіргенде, аяғымен үстелге тіреледі

      3. Автономды жүріс рефлексі- баланы қолтығынан ұстап алдыға еңкейтсе, қадам жасайды

      4. Робинсонның ұстау рефлексі- бала дәрігердің саусақын қатты ұстап алады

      5. Моро рефлексі

      6. Керниг рефлексі

      7. Бауэр рефлексі

      8. Табандық рефлекс

      9. Талант рефлексі

      10. Перес рефлексі

    3. Миелоэнцефальды

      1. Симметриялы мойынның тонустық рефлексі

      2. Асимметриялық мойынның тонустық рефлексі

  3. Орнықтырылған/ установочные- туылғанда болмайды, тек уақыт өтек келе пайда болады

    1. Жоғарғы Ландау рефлексі- ішіне жатқызғанда басын көтеріп, қолымен тіреледі

    2. Төменгі ландау рефлексі- арқасына жатқызғанда, аяғын көтереді

6.7. 8. Балаларда нейро-психикалық даму көрсеткіштер

  • Моторика- бағытталған іс- әрекеті. Даму динамикасы:

    • біріншіден көз бұшық еттерінің қозғалысы реттеледі – 2-3 аптада

    • мойын бұлшық еттері – басын ойыншық жаққа бұруы

    • қол б/еттері- кимыл координациясы 4 айында дамиды. Қолдарын көзіне жақындатады, айнааладағы заттарды сипаиды

    • арқа б/еттері- кимыл координациясы 4-5 айда арқасынан ішіне, 5-6 айында ішінен арқасына аударылуымен сипатталады

    • барлық б/ еттерінің координациялы қалаған бағытта өздігінен қозғалысымен сипатталады.

  • Статика- дене бөліктерін қажетті қалыпта ұстай алуы

    • Басын ұстауы- 3 айында

    • Отыруы- 6-7 ай

    • Тұруы- 9-10 ай

    • Жүруі- 1 жас

  • Шартты- рефекторлы әрекет- тітіркендіргішке баланын қалыпты жауап қайтаруы

  • Сөйлеуі- 4-6 айында қалыптасады. Алғашында гуілдейді. 6 айында жеке буындарды қайталайды. 1 жасында 8-12 сөз біледі. 2 жасында сөздік қоры 300 сөзге дейн жетеді.

  • Жоғарғы жүйке әрекеті- 5-6 жасқа дейін жүреді.

9. Балаларда тері құрылымының АФЕ – 6 жасында ересектердің терісіне ұқсас болады

  • Тері қабаттарының қалындығы әртүрлі

  • Эпидермистің базальді қабатында меланин түзілуі жетілмеген, ол себепті балалар туылған кезде ақшыл болады

  • Эпидермистің дәнді қабатындағы жасушаларды кератогиалин болмайды, сол себепті терісі мөлдір

  • Мүйізді қабаты жұқа, борпылдақ, зақымдалуға сезімтал

  • Дермада жасушалық элементтер талшықты элементтерге қарағанда көбірек

10. Май бездері мен тер бездерінің жас ерекшеліктері және қызметі

Май бездері нәресте терісінің алақан мен табаннан басқа барлық жерінде орналасады. Қызметін құрсақішілік кезеңнің 7 айда бастайды. Жаңа туылған балаларда мұрны мен ұртында сары- қызғылт түсті нүктелер байқалады. Олар милия деп аталады.

Тер бездері туылғанда толық жетілмеген, жетілуі маңдайдан басталып кейін кеуде мен арқысында жалғасады. Тер бөлу үрдісі алғашқы 2 айда белсенді болады. Адекватты тер бөлу тек 7 жасында қалыптасады. Кей жағдайда өзектері бітелуі мүмкін. Бұнда жағдай- милария деп аталады.

11. теріасты шел майының АФЕ


  • Емшектегі балаларда тері астыешл майының дене массасына қатынасы ересектерге қарағанда көбірек

  • Тері асты шел майының дене бойынша таралуы біркелкі емес

  • Қоынр май тіні жақсы дамыған, көп бөлігі қолтық, мойын артында, жауырын арасында, қалқанша без айналасындағы аймақтарда орналасқан.

  • Тері асты шел майында қан түзу қызметін атқаратын эмбриональді тін болады.

  • 5-7 жасқа дейін балаларда кұрсақ, кеуде қуыстарында май тіні болмайды. Ол мүшелердің қозғалысын жеңілдету үшін маңызды.

12. Қоңыр май тінінің функциясы- б/ет жиырулыунан бөлек жылу реттелу қызметін атқарады. Бала өмірінің алғашқы кезеідерінде жақсы байқалады. Суық кезде қоғыр май тінінде түзілетін жылу баланы 2 күнге дейін қорғай алады.

13. Бұлшық ет жүйесінің АФЕ

  • б/ ет массасының дене массасына қатынасы ересектерге қарағанда төмен

  • негізгі масса кеуде мен құрсақ б/ еттерінде, ал ересектерде аяқ- қолдарында

  • гипертонус тән, яғни бүгу б/еттерінің тонусы жазу б/еттерінің тонусынан артық

  • б/ ет топтарының өсуі/ұлғаюы біркелкі емес: алдымен иық б/ еттері, кейін қол мен білезік б/еттері, жыныстық жетілу кезінде арқы, аяқ б/еттері өседу

14. Омыртқаның физиологиялық иілімдерінің қалыптасуы

Бала өмірінің алғашқы айларында омыртқа түзу. Емшектегі кезенінде омыртқанын алға- лордоз, артқа- кифоз иілуі басталады.



  • Мойын лордозы 2-3 айда қалыптасады. Бұл баланың басын ұстай алатын кезге сәйкес келеді.

  • Кеуде кифозы 6-7 айда, бала өздігінен отыра алатын кезде қалыптасады.

  • Бел лордозы 1 жасқа, бала өздігінен жүре бастаған кезге сәйкес

  • Кеуде лордозының толықтай қалыптасуы 6-7 жаста аяқталады

15. Сүйек жүйесінің АФЕ

  • Басқа жүйелерге қарағанда кеш дамуы кеш басталады.

  • Диафиз сүйек тінінен құралады, ал эпифиздер, білезік сүйектері, табан сүйектері шеміршек тінінен тұрады

  • Сүйек тіні жүмсақ және иілгіш

  • Тек жынысытық кезеңде ғана нистолгиялық құрылысымен ересектің сүйегіне ұқсас болад

16. Сүт жіне тұрақты тістердің шығуы

Бала тіссіз туылады. 6 айдан бастап сүт тістер келесі кезек б-ша шығады:

6-7 айында- 2 төменге ортаңғы күрек тіс

8-9 айында- 2 жоғарғы орта күрек тіс

9-10 ай- 2 жоғарғы бүйір күрек тіс

11-12ай- 2 төменгі бүйір күрек тіс

12-14 ай- 4 бірінші моляр тіс

14-20ай- 4 азу тіс

20-24ай- 4 екінші моляр тіс

Осыдан, 2 жаста балада 20 сүт тісі болады. Формула: х=п( баланың жасы аймен)-4

5 жасында тұрақты тістер шығады. Реті сүт тістерінде сияқтты. Сүт тістері ауысқаннан кейін 9-12 жасында премолярлар шығады. 12-13 жасында екінші молярлар, 17-25 жасында ақыл тісетір шығады.

12 жасқа дейін тіс санын анықтау үшін формула: х=4п-20



17. Бас сүйегінің ерекшелігі

Бас сүйектері толықтай қалыптаспаған. Тігістерінде дінекер тіні болады. Кейбір жерлерінде едәуір кеңеюлер болады. Бұл жерлер еңбек деп аталады. Үлкен еңбек- саггитальды және тіж тігістерінің қиылысында орналасқан. Арақашықтық 2,5-3 см. 12-18 айында жабылады. Ал кіші еңбек- шүйде және төбе сүйектерінің арасында орналасқан. 2-3 айында жабылады.



жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау