Жаратылыстану математикалық факультетінің деканы Қарағойшин Ж. М



жүктеу 0,92 Mb.
бет4/7
Дата05.03.2018
өлшемі0,92 Mb.
#11522
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс № 8


Тақырып:.Химия пәнінің оқу-әдістемелік кешені.

Қарастырылатын сұрақтар:
1Оқу-әдістемелік кешен құрылымы.

2. Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі.


Дәріс мақсаты: Химия курсының оқу әдістемелік кешенінің құрылымымен, оларды қолданудың оқу-тәрбиелік маңызын көрсету.

Тірек сөздер: Оқулық, хрестоматия, әдістемелік нұсқау, оқушы дәптері, есептер мен жаттығулар, терминологиялық сөздік, слайдтар.

Дәрістің мазмұны:.

Оқу - әдістемелік кешенге жататындар:



  1. Бағдарлама

  2. Химиядан мектеп оқулықтары.

  3. Әдістемелік нұсқаулар.

  4. Зертханалық және сарамандық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары.

  5. Оқушының жұмыс дәптері.

  6. Бақылау жұмыстары. Дидактикатылық материалдар жиындығы.

  7. Есептер мен жаттығулар.

  8. Ғылыми көпшілік әдебиеттер.

  9. Анықтамалар.

  10. Терминологиялық сөздік.

  11. Слайдтар


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Мектепте химиядан сабақ берудің мақсаттары.

  2. Оқу-әдістемелік кешеннің құрылымын айтып талда.

  3. Оқу-әдістемелік кешен не үшін қажет.

  4. Химия пәні бойынша ғылыми-көпшілікке арналған қандай әдебиеттерді білесің?

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Тереңдетілген сыныпта // Химия мектепте 2004 ж. №45-47 бет.



Дәріс №9

Тақырыбы: 8 сынып оқулықтарының ерекшелігі.

Қарастырылатын сұрақтар:

1 8 сынып балама оқулығының мазмұнының құрылымы.


2 8 сынып жаңа стандартқа сай химия оқулықтарының мазмұны мен құрылымы.

Дәрістің мақсаты:

Балама оқулық пен жаңа стандартына сай жазылған 8 сынып химия оқулықтарының құрылымы мен мазмұнымен танысу.



Тірек сөздер: И.Нұғманов, Р.Жұмаділова, химиялық тіл, Сарманова К.А.

Дәрістің мазмұны:
Жаңа балама байқау «Химия» оқулығының (авторлары И.Нұғыманов, Р.Жұмаділова) құрылымына (бұрынғы пайдаланылып жүрген дәстүрлі оқулықтардан өзгеше) біраз өзгертулер енгізілді:

  • периодтық заң және периодтық жүйе 9 сыныпта өтетіндіктен, 8 сынып «Химия» оқулығын атом құрылысы тұрғысынан қайта құру жүзеге асырылып, зат құрылысы туралы бұрмаланбаған нақтылы ғылыми көзқарас қалыптастыру көзделді;

  • бұрынғымен салыстырғанда берілетін теориялық білім деңгейі едәуір ықшамдалды;

  • электролиттік диссоциациялану арнайы теория ретінде оқылмағандықтан, электролиттер, қышқылдар, негіздер және тұздар арасындағы ион алмасу реакциялары жөнінде алғашқы түсініктер берілді;

  • алдыңғы тақырыптарда берілген теориялық әзірліктерден кейін химиялық реакциялар жөнінде жоғары деңгейде баяндауға, олардың электрондық, электрон – иондық механизмін түсінуге мүмкіндік болады.

  • Химиялық реакциялардың жылдамдығын, оған әсер ететін жағдайларды заттардың табиғатымен, химиялық байланысының типімен ұштастырып түсінуге жәрдемдеседі;

  • Дәстүрлі бағдарламалардан тағы бір ерекшелігі – оқушылар білімін бір жүйеге келтіріп, бекіту мақсатында «Химиядағы сандық қатынастар» тақырыбындағы тарауда химиялық есептеулерге көп көңіл бөлінеді;

Әр тараудың соңында ең жоғарғы шығармашылық деңгейге жететін оқушы қабілетін сипаттайтын тапсырмалардың өзіндік ерекшелігі бар.Нақты жаттығу түрінде емес, шығармашылық деңгейге жету мақсатында модель ретінде тапсырмалар құрастырылған.Сондай-ақ саралап оқыту мүмкіндігі іске асқанда оқушы төрт деңгейлі білім алуға болатындығы анықталған.

Біріншісі – оқулықтағы ең мәнді мәліметті өз сөзімен қайталап айтып бере алатын репродуктивті деңгей.

Екіншісі – оқулық мазмұнын айтып бере білумен қатар жаңадан меңгерген жаңалықтарды қолдана білуге мүмкіндігі бар алгоритмдік деп аталатын деңгей.

Үшіншіден – білім алудан қалыптасқан дағдысын пайдаланып, өз бетінше берілген тапсырманың жаңаша шешімін тауып, ұсына алатын тапқырлық (эвристикалық) деңгей.

Төртіншісі – оқушы білімі, білігі, дағдысы, қабілеті, өзі ұсынған жаңа проблеманы шешуге мүмкіндігі мол ең жоғарғы шығармашылық деңгей.

Біздің ойымызша, бұл 8 сынып «Химия» оқулығында химиялық білім мазмұнын , білім деңгейін тексеру бүгінгі күн талабына сай жүйемен, дамыта оқыту ұстанымының төрт сатысын бірдей қамтитындай етіп ұсынылған.Бүгінгі дидактика дамыта оқытуды басты нысана етіп отырғаны мәлім. Сондықтан мұғалім әр сабақта дамыта оқыту мақсаттарын көздеуі тиіс.Ол үшін көп ізденіс талап етіледі.Осы орайда мектептерде 8 сыныптың жаңа буын «Химия» оқулығы ( авторлары Н.Н.Нұрахметов, К.А.Сарманова, К.М.Жексембина) мен осы оқулыққа жазылған «Химия есептері мен жаттығулар жинағының»( авторы Ә.Е.Темірболатова) өзіндік ерекшелігі, маңызы жоғары деп айтуға болады.

Оқулыққа қосымша мұғалімдерге арналған «Химиядан әдістемелік нұсқау» және оқушыларға арналған «Химиядан жұмыс дәптері»жарық көрді.

Әдістемелікте химияны оқытудың жалпы мәселелері, химияға қатысты қосымша материалдар, тақырыптық үлгі жоспар, әр сабақты өткізудің үлгі әдістемелері берілген.

Оқушыларға арналған жұмыс дәптерінде оқулыққа сәйкес білімдерін бекітуге, тереңдетуге арналған әр түрлі жаттығулар мен есеп түрлері қамтылған.Тапсырманы бірден жұмыс дәптеріне орындауға болатындықтан уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар


  1. Химия оқулықтарының мақсаты.

  2. Дәстүрлі оқулықтар мен балама оқулық арасында қандай айырмашылық бар.

  3. Химия 8, бойынша оқулығында қандай тақырыптар қамтылды.

  4. 8 сыныптағы қандай оқу-әдістемелік кешендерді білесің, авторларын ата.

  5. Оқулықтың дамыта оқыту ұстанымы негізіндегі құрылымын қалай түсінесің.

Пайдаланатын әдебиеттер

1.Химиядан білім берудегі төл оқулықтардың ролі.

//Білім.Образование 2005.№ 1

34-37 беттер.

2.Жаңа буын оқулығының құрылымы.

//Химия мектепте. 2003 №6

30-33 беттер.

3.Жұмәділова Р.Н. «Жаңа буын химия оқулықтарының ерекшеліктері»

//Білім- Образование 2003 №3

4.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Химия»пәні бағдарламасы. 2002ж.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «Химия»пәні бойынша.

Астана 2002ж.

6.И.Н.Нұғыманов, К.А.Сарманова, К.М.Жексембина.

8 сынып химия оқулығы. 2003ж.

8 сынып оқулығы авторлары Н.Н.Нұрахметов, К.А.Сарманова, К.М.Жексембина жарыққа шықты.

9 сынып оқулығының авторлары М.Б.Усманова,Қ.Н.Сақариянова.

10. И.Н.Нұғыманов,Р.Н.Жұмаділова,Ж.З.Кембебаева жазған оқулық «Мектеп» баспасынан Алматыда 2005 жылы шыққан.




Дәріс № 10

Тақырыбы: Жаңа буын химия оқулықтары.

Қарастырылатын сұрақтар:
1 9 сынып – балама оқулығының ерекшеліктері.

2 Авторы И.Нұғыманов, Р.Жұмаділова, Ж.Кембеаева жазған оқулықтарын 9 сынып – 2005 жылғы оқулығының ерекшеліктері.

3 Авторы – М.Б.Усманова, Қ.Н.Сакариянова жазған оқулық ерекшеліктері.

4 9 сыныптағы – оқу - әдістемелік кешен.



Дәріс мақсаты: Балама оқулық пен жаңа стандартына сай жазылған 9 сынып химия оқулықтарының құрылымы мен мазмұнымен танысу.

Тірек сөздер: Химия – 9 сынып, Жұмаділова Р., М.Б.Усманова, Қ.Н.Сакариянова «Атамұра» баспасы

Дәрістің мазмұны:

Төл оқулық шыққанға дейін химия Ф.Г.Фельдман,Г.Е.Рудзитис жазған оқулық бойынша оқытылды.Оқулық 158 беттен құралған.Оқулықтағы көрсетілген шартты белгілері мынадай:

▲Қайталау кезінде оқытылатын материалдар.

▀ Қосымша материалдар.

?- Сұрақтар мен жаттығулар.

● Есептер.

♦ Сен білесің бе?

Оқулықта мынандай тараулар қарастырылған:

I тарау. Электролиттік диссоциациалану.

ІІ тарау. Оттек топшасы.

ІІІ тарау.Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтары.

IV тарау.Азот топшасы.

V тарау.Көміртек топшасы.

VI тарау. Металдардың жалпы қасиеттері

VII тарау.Xимиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесінің негізгі топшасындағы I-III топтарының элементтері.

VIII тарау.Темір.

IX тарау.Металлургия.

Тараудың артықшылығы мынадай:

Тотығу-тотықсыздану реакциалары.

II тарауда оттегі мен күкіртті салыстырған.

III тарауда Химиялық реакциялар жылдамдығы және олардың жүру жағдайына тәуелдігі.Химиялық тепе-теңдік,күкірт қышқылын жанасу әдісімен өндіру.Бұл тақырыпта еңбекті қорғау,Н2SO4 өндірунің жалпы принциптері,қызметкерлердің негізгі мамандықтары,айналадағы ортаны қорғау тақырыпшалар берілген.

IV тарауда азот топшасы толық қамтылған.

Тараудың кемшілігі мынадай:

Органикалық заттар туралы тусінік берілмеген,есептер аз,бекіту сұрақтары,қорытынды жоқ.

Байқау оқулығында 9 сыныптағы химия күрделі өзгерістерге ұшырады.Электролиттік диссоциациялану теориясы ірі дербес тақырып болудан қалды.Оның бастамасы 8 сыныптағы химиялық реакциялар тақырыбына көшірілді.Бұрынғыдай химиялық элементтер жеке топшалар бойынша қарастырылмайды.Металдар,бейметалдар және органикалық заттар жөнінде жинақталған аса қажетті мағлұматтар ғана беріледі.

9 сыныптың алғашқы тақырыбы «Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесін атом құрылысының ілімі тұрғысынан оқып үйрену»болды.

Байқау оқулықта химиялық элементтер түзетін қосылыстарды және олар қатысатын реакцияларды оқып үйрнеудің жаңа жүйесі қолданады.Бұрынғы оқулықта элементтерді сипаттау бейметалдар топшаларынан басталып,металдармен аяқталатын.Периодтық жүйеде кері бағытта 7-топшадан 1-топшаға дейін оқылатын.Жаңа оқулықта алдымен металдар,соңынан бейметалдар қарастырылады.

Соңғы 2005 жылы шыққан,9 сынып оқулығының авторлары М.Б.Усманова,Қ.Н.Сақариянова.Оқулықтың алғашқы тақырыбы»Электролиттік диссоциация теориясы» болып табылады,одан кейін «Бейметалдар»,сосын «Металдар» тақырыбы оқылады.

9 сыныпта толық теориялық ,жүйелі білім қалыптасады.Мұның ерекшелігі зат құрылысы туралы бұрмаланбаған нақтылы ғылыми көзқарас қалыптастыруға,бейорганикалық қосылыстар жөніндегі білімдерін ғылыми негіздеуге,тақырыпты дедукциялық тәсілмен меңгеруге мүмкіндік туғызады.

9 сыныпта бейорганикалық химияның негізімен қатар алғаш рет органикалық қосылыстар туралы бастапқы мағлұматтар беріледі.Бұл білім қоршаған ортадағы заттардың көп түрлілігі мен маңызы жөнінде ұғым қалыптасуына жәрдемдеседі.

ІХ сыныпта органикалық заттарды оқуға 20 сағат бөлінеді.

Бұл тарауда заттардың химиялық құлылысы жайлы А.М.Бутлеров ілімінің бастапқы теориялық ұғымдары беріледі.

Қаныққан,қанықпаған,ароматты көмірсутектер,спирттер,альдегидтер,карбон қышқылдары туралы жалпы мәліметтер,ал күрделі эфирлер,майлар,көмірсулар,амин қышқылдары мен белоктар жайлы қысқа түсініктер беріледі.Бейорганикалық химияда қарастырылған химиялық реакцияның типтері бойынша есептеулердің түрлері жаңа мысалдармен жалғастырылады,бұрынғы алғаш білім иен білік бекітіледі және дамытылады.

Органикалық қосылыстардың көп түрлілігі,біртұтастығы және генетикалық байланысы зат қасиеттерінің құрамы мен құрлысына тәуелділігі тұрғысынан қарастырылады.Заттың қолданылуы мен қасиеттерінің арасындағы байланысқа назар аударылып,бұл салада бұрын алған білім ары қарай дамытылады.

Химияның базалық курсын оқытуда экспериментке едәуір көңіл аударылады.Ол бұрын алған білім мен білікті бекітудің және тексерудің құралы есебінде пайдаланылады.Сонымен бірге экспериментті орындау арқылы оқушыларда заттармен жұмыс істей білу білігі қалыптасады.

Мұғалім химиялық экспериментті өз қалауы бойынша өзгерте алады.Мәселен,кейбір демонстрациялық тәжірибелерді,зертханалық немесе сарамандық жұмыстар түрін ауыстыруына болады.Бағдарламаның тақырыптарында көрсетілген тәжірибелерді мұғалім өзі тиімді деп тапқан басқа тәжірибелермен алмастыра алады.

Бағдарламада көрсетілген білімнің ауқымы негізгі мектепте меңгерілуі тиіс.Әр жеке тақырыптың сұрақтарын оқушылар біртіндеп оқып-үйренуі тиіс.Бағдарламада химиялық білім беру стандарты талаптарына сәйкес жасалған.

Бағдарламада оқытылатын тақырыптың мазмұны ғана емес,осы курсты оқып-үйренуге керекті көрнекі көрсетулер,зертханалық тәжірибелер,сарамандық жұмыстар тізімі және сан есептері көрсетілген.

Авторлар оқулығындағы ең басты ұстанымдарды көрсеткен-білімді ізгілендіру,дифференциалдау,интеграциялау,экологияландыру.

9 сыныпқа арналған қос оқулыққа тоқталайық.



1.И.Н.Нұғыманов,Р.Н.Жұмаділова,Ж.З.Кембебаева жазған оқулық «Мектеп» баспасынан Алматыда 2005 жылы шыққан. Оқулық 173 беттен құралған.

Шартты белгілері мынадай:

?!- Сұрақтар мен жаттығулар.

▲-Орташа деңгейлі тапсырмалар.

▀- Күрделенген тапсырмалар

● - Сан есептері.

*- Шығармашылыққа құрылған тапсырмалар.

♦- Қосымша материалдар.

|- Қорытынды.

Оқулықтағы тараулар мынадай:

Алғы сөз.

8- сыныптағы химия пәнінің негізгі тақырыптарын қайталау.

І-тарау. Электролиттік диссосиация.

ІІ-тарау. Бейметалдар.

ІІІ-тарау.Металдар.

ІV-тарау. Органикалық заттар туралы түсінік.Көмірсутектер.



Оқулықтың артықшылығы:

Силикат өнеркәсібі;Құймалар;Еліміздегі металл кендері;қосымшалар бар;Қорытынды,бекіту сұрақтары өте жақсы.



Оқулықтың кемшілігі:

Тапсырмалар қысқа берілген,тест тапсырмалар жоқ.



2. М.Б.Усманова,Қ.Н.Сақариянова жазған оқулық «Атамұра» баспасынан Алматыда 2005 жылы шыққан.Оқулық 234 беттен құралған.

Шартты белгілері:

?!-Сұрақтар мен жаттығулар.

-Жаттығулар.

-Есептер.

*-Тереңдетілген деңгейлік шығармашылық тапсырмалар.

-Зертханалық тәжірибелер.

- Сарамандық жұмыстар.

| | -Қосымша материалдар.

Оқулықтағы тараулар мынадай:

Алғы сөз

Қазақстанның химик ғалымдары.

Кіріспе. Бейорганикалық қосылыстарды қайталау.

І тарау. Электролиттік диссоциация.

ІІ тарау. Бейметалдар.

ІІІ тарау. Металдар.

ІV тарау. Органикалық химия.

Оқулықтың артықшылығы:

Әрбір тапсырманың соңында А,В,С деңгейлері бойынша тапсырмалар берілген және қосымша материалдар да бар.Ал тараудың соңында деңгей бойынша тест тапсырмалар және осы тарау бойынша негізгі түсініктер мен тұжырымдар.Бейметалдардың химиялық қасиеттері толық жазылған.Алгоритм бойынша есептерді шығару жолдары берілген.Металдар тарауы толық қамтылған.



Оқулықтың кемшілігі:

Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың,негіздердің және тұздардың химиялық қасиеттері жоқ,тақырып соңында бекіту сұрақтары берілмеген.Тақырыптар өте қысқа берілген,күкірт қышқылын өндіру жоқ.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Рудзитис Фельдман Химия 9 оқулықтың құрылымы.

  2. Химия оқулықтарының мақсаты.

  3. Дәстүрлі оқулықтар мен балама оқулық арасында қандай айырмашылық бар.

  4. Химия 9, бойынша оқулығында қандай тақырыптар қамтылды.

  5. 9 сыныптағы қандай оқу-әдістемелік кешендерді білесің, авторларын ата.

  6. Оқулықтың дамыта оқыту ұстанымы негізіндегі құрылымын қалай түсінесің.

Пайдаланатын әдебиеттер

  1. Химиядан білім берудегі төл оқулықтардың ролі ||Білім,образование 2005ж №1.34-37 беттер.

  2. Қазақ тілінде жаңа оқулықтарын жазу туралы (И.Нұғыманов) || Биология,химия,география №2;3 1999ж

  3. М.Б.Усманова,Қ.Н.Сақариянова «Химия» 9 сынып Алматы, «Атамұра» 2005ж

  4. И.Н.Нұғыманов,Р.Н.Жұмаділова,Ж.З.Кембебаева «Химия» 9 сынып Алматы, «Мектеп» 2005ж

  5. Ф.Г.Фельдман,Г.Е.Рудзитис «Химия» 9 сынып Алматы, «Мектеп» 2002ж


Дәріс № 11

Тақырыбы: Жаңа буын химия оқулықтары.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. 10 сынып – балама оқулығының ерекшеліктері.

  2. Қоғамдық гуманитарлық бағыт оқулықтары.

  3. Жаратылыстану-математика бағытының оқулықтары..

Дәрістің мақсаты: Балама оқулық пен жаңа стандартына сай жазылған 10 сынып химия оқулықтарының құрылымы мен мазмұнымен танысу.

Тірек сөздер: Оқу-әдістемелік кешен, жаратылыстану-математика, қоғамдық гуманитарлық пәндер.

Дәрістің мазмұны:
2006-2007 оку жылынан бастап, республикамыздың бағдарлы мектептің 10-сыныптарына химия пәні бойынша жаңа буын окулыктарын еңгізу жоспарланып отыр. Окулыктың авторлары: химия гылымының докторы, Әл-Фараби атындаѓы Ќазақ ұлттық университетінің профессоры, Казакстанның еңбек сіњірген қайраткері, Казакстан мемлекетік сыйлығының иегері Н.Н.Нұрахметов, химия ғылымының кандидаты, Әл-Фараби атындаѓы Ќазақ ұлттық университетінің доценті Қ. Бекишев, белгілі әдіскер мұғалім, қазір 12 жылдық білім беру ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Н.А.Заграничная. Оку-әдістемелік кешен екі бағытқа арнап дайындалған: жаратылыстану-математика бағыты (ЖМ) және қоғамдық-гуманитарлық бағыт (KГ). Әр бағытқа арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мынадай: окулық. сыныптан тыс оқуға арналған оқу құралы, дидактикалық, материалдар, оқу-әдістемелік құрал. Бұлардын, алғашқсызы үшеуі оқушыларға, кейінгісі мұғалімдерге арналған.


Жаратылыстану-математика бағыты

Қоғамдық гуманитарлық бағыт

Химия - 10 ЖМ - Оќулық, Химия- 10 ЖМ - Оќу кітабы Химия - 10 ЖМ-Дидактикалық материалдар Химия - 10 ЖМ - Әдістемелі к нұсқау

Химия - 10 КГ - Оќулық Химия - 10 KГ - Оќу кітабы Химия - 10 КГ - Дидактикалық материалдар Химия - 10 КГ-әдістемелік нұсқау

Әр бағытқа арналған оқулық пен оқу құралдарының әрқайсысы қазак, орыс, өзбек және ұйғыр тілдерінде басылып шығады (барлығы 32 оқу құралы).

Оќулықтар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен химия пәнінің оқу бағдарламасына сай жазылған. Бұл оқулық пен оқу құралдарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі негізгі оқу құралдары ретінде ұсынған. Оқулық пен оқу әдістемелік кешен құрамына енетін оку құралдарына кіретін оќуќ±ралдарыныњ әрқайсысына қысқаша түсініктеме берейік:


1. «Химия—10» Оқулыктар. Окулыктардың мазмұны толығымен оку бағдарламасына және базалық мазмұнына сәйкес келеді, ягни Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлі бекіткен химияның мемлекетік 6iлiм стандартының талабына сай. 10-сынып окушылары үшін Химия міндетті оқу пәні болып табылады және оны оқытуға аптасына жаратылыстану-математика бағытына 3 сағат, ал қоғамдық-гуманитарлық бағытқа 1 сағат бөлінеді.

Оқулықтар мынадай тараулардан түрады

Тарау

Жаратылыстану-математика бағыты (аптасына 3 сағат)

3 сагат)



Коғамдық-гуманитарлық бағыты (аптасына 1 сағат)

I

Химияның негізгі ұғымдары

Атом құрылысы. Периодты заң және химиялық элементгердің периодтық жүйесі

П

Д.И.Менделеевтің

периодтық заңы және атом құрылысы

Химиялық байланыс және кристалдык тор типтері

Ш

Химиялык байланыс және зат құрылысы

Химиялық реакцияның жылдамдығы. Химиялық тепе-тендік

IV

Химиялык, реакциялардың жүруынің негізгі заңдылықтары

Ерткіштер. Ертінділердегі реакциялар. Қышқылдық-негіздік әрекеттесулер теориялары

V

Металдардың жалпы қасиеттері

Металдар және олардың қосылыстары

VI

Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары

Бейметалдар және олардың косылыстары.

ҮІІ

d-элементтердің жалпы сипаттамасы

Бейорганикалық заттар және қоршаған ортаны корғау

ҮІІІ

р-элементтер химиясы




ІХ

Маңызды химиялық өнімдерін алу технологиясы. Қоршаған ортаны қорғау

Химиялық практикум




Химиялык, практикум




Қазақстанда қабылданған бағдарламалар концентрлік ұстанымға негізделгендіктен, бұрынғы 8-9 сыныптарға арналған Химия оқулықтарында қарастырылған түсініктер мен теориялық сұрақтардың кейбіреулері Химия-10 оқулығында қайтадан жоғарырақ деңгейде қарастырылған. Оқулықта жиырмадан астам химиялық элементтер мен оның техника мен тұрмыста қолданылатын қосылыстарының алынуы, физикалык, және химиялық қасиеттері, олардың коршаған ортаға экологиялық әсерлері айтылған. Мұғалім стандарттық деңгейге сәйкес материалдарды оқыту міндетті, ал оқушы қажет етсе қосымша материалдарды өз беттерінше оқып игеруге құқы бар (олар кішілеу шрифтпен берілген).

Әр оқу бабы өте қысқаша түрде баяндалған ең маңызды мәліметтермен аякталған. Соңында дәстүрлі сұрақтар, жаттығулар мен есептер берілген. Күрделігі бойынша олар үш деңгейге сай келеді: стандарттық (•), алгоритмдық () және эвристикалық ().

Оқулыктың соңғы бөлімінде зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстардың мазмұны және химиялық заттармен жұмыс істеген кезде сақталуға тиісті қаупсіздік техникасының негізгі ережелері келтірілген.
2. «Химия-10. Оқу кітабы» бағдарлама бойынша берілген таќырыптарға сәйкес материалдарды оқушының өз бетінше оқуына арналған. М±нда теориялық және практикалық химияның, осы күнгі маңызды мәселелері түгел-дей дерлік қамтылды деуге болады. Олар құрастырушылар таңдаған мақалалардан қарапайым және көпшілікке түсінікті түрде баяндалған. Таңдап алынған мақалалар ішінде Қазақстанға байланысты біраз аќпараттар бар. Ұсынылған оќу кітабы бағдарламаға сай берілген материалдарды толықтырады, оларды окушылардың тереңірек түсінулеріне ceптігін тигізеді және химияны оқуға деген кызығуын арттырады. Көптеген мақалаларда күнделікті өмірде кездесетін практикалық, мәні бар деректер келтіріледі, оған қоса жылыжай эффекті, қышқыл жаңбырлар және т.б. ғаламдық химиялық проблемалар талқыланған.


  1. «Химия-10. Дидактикалық материалдар».

Әр бөлімге арналған дидактикалық материалдар екі белімнен тұрады. Бірінші белім оқушылардың жыл
бойы химиядан алған білімдерін тексеруді ұйымдастыруға арналган. Бағдарлама мен оқулыққа сай ол 8 тақырыптан тұрады. Тақырыптардың әрқайсысында пәнің негізгі сұрақтары бойынша тексеру жұмыстары, бақылау жұмыс-
тары және тест сұрақтары кіреді. Тексеру және бақылау жұмыстары күрделілігі ү
ш деңгейден т±ратын төрт нұсқамен берілген. Тест тапсырмалары сынақ ж‰ргізгенде немесе оқушылар бақылау жұмыстарына дайындалғанда өзін-өзі
тексеру үшін қолданылуы мүмкін.

Дидактикалық материалдардың екінші бөлімінде күрделілігі әр түрлі есептер мен жаттығулар келтірілген. Химиялық білім беруде есептер шығару маңызды роль атқарады, себебі ол оку материалын неғүрлым терең және толық меңгеруін қамтамасыз ететін, сонымен қатар алған білімдерін өз бетімен қолдана білуді ұйрететін оқытудың 6ip түрі. Есептер мен жаттығулардың орналасуы оқу бағдарламасына сәйкес келтірілген. Олардың көпшілігі қол-данбалы немесе экологиялық, бағыттарды қамтиды.

  1. «Химия-10. Әдістемелік нұсқаулар».

Бұл оқу қуралында жалпы білім беретін мектептің 10-сыныптарында химия сабағын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар берілген. Оқу құралы негізінен жаңадан сабақ бере бастаған жас мұғалімдерге арналған, бірақ оның жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдерге де көмегін тигізетіні сөзсіз.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



  1. Химия оқулықтарының мақсаты.

  2. Дәстүрлі оқулықтар мен балама оқулық арасында қандай айырмашылық бар.

  3. Химия 10, бойынша оқулығында қандай тақырыптар қамтылды.

  4. 10 сыныптағы қандай оқу-әдістемелік кешендерді білесің, авторларын ата.

  5. Оқулықтың дамыта оқыту ұстанымы негізіндегі құрылымын қалай түсінесің.

Пайдаланатын әдебиеттер

  1. Химиядан білім берудегі төл оқулықтардың ролі ||Білім,образование 2005ж №1.34-37 беттер.

  2. Қазақ тілінде жаңа оқулықтарын жазу туралы (И.Нұғыманов) || Биология,химия,география №2;3 1999ж

  3. М.Б.Усманова,Қ.Н.Сақариянова «Химия» 9 сынып Алматы, «Атамұра» 2005ж

  4. И.Н.Нұғыманов,Р.Н.Жұмаділова,Ж.З.Кембебаева «Химия» 9 сынып Алматы, «Мектеп» 2005ж

  5. Ф.Г.Фельдман,Г.Е.Рудзитис «Химия» 9 сынып Алматы, «Мектеп» 2002ж



Дәріс № 12

Тақырыбы: Жаңа буын химия оқулықтары.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. 11 сынып – балама оқулығының ерекшеліктері.

2. Қоғамдық гуманитарлық бағыт оқулықтары.

3. Жаратылыстану-математика бағытының оқулықтары.



Дәрістің мақсаты: Балама оқулық пен жаңа стандартына сай жазылған 10 сынып химия оқулықтарының құрылымы мен мазмұнымен танысу.
Тірек сөздер: Оқу-әдістемелік кешен, жаратылыстану-математика, қоғамдық гуманитарлық пәндер.

Дәрістің мазмұны:

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



  1. Химия оқулықтарының мақсаты.

  2. Дәстүрлі оқулықтар мен балама оқулық арасында қандай айырмашылық бар.

  3. Химия 11, бойынша оқулығында қандай тақырыптар қамтылды.

  4. 11 сыныптағы қандай оқу-әдістемелік кешендерді білесің, авторларын ата.

  5. Оқулықтың дамыта оқыту ұстанымы негізіндегі құрылымын қалай түсінесің.

Пайдаланатын әдебиеттер

  1. Химиядан білім берудегі төл оқулықтардың ролі ||Білім,образование 2005ж №1.34-37 беттер.

  2. Қазақ тілінде жаңа оқулықтарын жазу туралы (И.Нұғыманов) || Биология,химия,география №2;3 1999ж

  3. М.Б.Усманова,Қ.Н.Сақариянова «Химия» 11 сынып Алматы, «Атамұра» 2005ж

  4. И.Н.Нұғыманов,Р.Н.Жұмаділова,Ж.З.Кембебаева «Химия» 11 сынып Алматы, «Мектеп» 2005ж

  5. Ф.Г.Фельдман,Г.Е.Рудзитис «Химия» 11 сынып Алматы, «Мектеп» 2002ж


Дәріс № 13

Тақырыбы: Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесі.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Химияның алғашқы сабағындағы мұғалімнің оқушыларды оқулықпен таныстыруы.

2. Оқулық параграфымен жұмыс жасау.

3. Үй тапсырмасын орындауға кеңес.

4. Химиялық элементтердің ашылу кезеңдері.



Дәріс мақсаты: Студенттерді оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру.

Тірек сөздер:

Дәрістің мазмұны:

1.Оқулықта химиялық білім мазмұны мектепте білім беру көлемінде беріледі.Оқулық оқушының дүниетанымын философиялық идеялар және белгілі бір әдіснамалық білім арқылы қамтамасыз етеді, оқушының ақыл – ой әрекетін, химиялық ойлау және оқу ебдейліктері мен дағдысын қалыптастырады.Оқулықта оқытуға қойылатын талаптардың барлық кешенді тәсілдерін ретімен жүзеге асырады.Онда жалпы химияны оқытуға тән: химия пәнінің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдары және оқушының оқу әрекетін ұйымдастыру сияқты барлық құрылым элементтері болады.

2.Д.Д.Зуевтің «Бүгінгі оқулық сабақта қарастырылған материалды бекітуге арналған үй жұмысын орындау үшін ғана қолданылмайды.Ол міндетті түрде оқушының өзіндік жұмысына, жаңа білім іздеуіне, оларды қорытындылап жүйелеуге сабақ үстінде ғана емес, сабақтан тыс кезде де пайдалана алатын материал беруі тиіс» деген пікірін орында деп есептейміз.

3. Оқулықпен жұмыс істеуде ұйымдастыруға келсек, алғашқы сабақтарда – оқулықтың құрылымымен қалай жұмыс істеу керектігімен алдын ала таныстырылады.Әрі қарай әр түрлі басымдық болу себебін, иллюс – трацияларды мәтінмен қалай байланыстыруға болатындығы нақты мысалмен көрсетіледі.Оқулықпен жұмыс кезінде ең басты нәрсені көре білу, оны бөліп алу ақылдың көрсеткіші екендігін айту сөзсіз оқушылардың қызығуын туғызады.Оқулықпен өзіндік жұмыс істеу параграф бойынша жоспар құрудан басталады.

4.Оқулықтағы параграфтың мәтінін оқығанда оқушылар әдетте оның мазмұнын есінде сақтауға, оны мұғалімнің берген хабарламасымен салыстыруға және келесі сабаққа дейін ұмытып қалмауға тырысады.Параграф соңындағы сұрақтар оқушылардың жұмысының ажырамас бөлігі екеніне қарамастан, олар тек үлкен мұғалімнің тапсырма беруімен орындайды.Мәліметке бай, көлемі үлкен параграфтар қиын игеріледі.

Оқушылар параграф материалын жақсы түсініп, есінде сақтауы үшін қажетті нұсқауларды оқулықтың өзінен алулары тиіс.Параграфтың мәліметтері бөліктерге бөлшектеніп, әрбір бөлімді игеру үшін өзіндік бақылаумен қамтамасыз етіледі.

5.Оқулықтан үй тапсырмасына сұрақтар, есептер, кесте толтыру сияқты тапсырмалар беріледі.Ол тапсырмаларды орындау өзіндік жұмыс арқылы өзіндік бақылау мен бағалауға қолайлы жағдай туғызады. Оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастрыу оңай емес, себебі қазіргі кезде оқушыларды теледидар, видеофильм көбірек қызықтырады.Оқулықпен жұмыс біртіндеп қиындатыла жүргізілуі тиіс.Оқулықпен жұмыс істеуге қалыптасқан оқушы кейін мәтін бойынша прибор құрастырады, есептер құрастырады, параграф мәтініндегі заттарды жіктеп жүйелейді, салыстыратын және қорытындылайтын кестелер толтырады және қосымша әдебиеттерді пайдаланып күрделі тапсырманы орындап, баяндама, реферат әзірлейді.Оқулықпен жұмыс істеуде жұмыс дәптерінің де көмегі көп.

Жалпы оқулық оқыту үрдісінде ең басты орын алады, оқушы онымен өз бетінше жұмыс істейді.Оқулықта игерілуге тиісті бағдарлама көлеміндегі материал толығымен баяндалған, тіпті оқыту әдістері мен құралдары да келтіріледі.Осының негізінде оқулықты – оқытушы жүйе, ол білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функцияларды атқарады деп қорытындылауға болады.

Оқулықпен өзіндік жұмыс істеп, өз білім сапасын бақылауға және бағалауға үйрету мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің біріне жатады.

6.Оқушыларға нені жазып алу керек, нені есінде ұстаған жөн, материалды қалай игеруге болады, қандай ойлау тәсілдерін қолдану тиімдірек екені жайлы нұсқаулар берілуі қажет.

Олар оқытудың мотиві мен мақсатын түсініп, мәтінді дәлелдей отырып игеруге ұмтылады, өтілген материалымен байланыстырады, бұрынғы білімдерін, жаңа білім алуға, танымдық есептің өзіндік жұмыс арқылы орындалуына пайдаланады.

Бақылау сұрақтары:

1. Химияның алғашқы сабағында оқущшыларды оқулықпен қалай таныстыру керек.

2. «Алғы сөз» дегеніміз не? Ол не үшін керек.

3. Оқулықта қандай шартты белгілер бар.

4. Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беруге бола ма?

Пайдаланатын әдебиеттер

1.Гулбарам Садуақасқызы.Дидактикалық құралдардың маңызы. «Химия мектепте» 2004 № 3 27-29 беттер.

2.Монахова Л.П., Кузьмина О.В. Развитие общенаучных учащихся при работе с книгой // Химия в школе.-1985 № 1.с. 28-33.
Дәріс № 14

Тақырыбы: Оқулықтың жаңа түрлері.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Модульді, интерактивті оқулықтар.

2. Электронды оқулықтар.



Дәріс мақсаты: Оқушыларды модульді интеративті және электронды оқулықтармен таныстыру.
Тірек сөздер: Екі деңгейлі, үш деңгейлі оқулықтар. Компьютер, модуль, интерактивті, электронды оқулық, программаланған оқу.

Дәрістің мазмұны:

Жаңа оқулықтар жазуда ізденістер аз емес. Оның ішінде екі денгейлік, тіптен үш деңгейлік оқулықтарда да бар. Олардың текст ішінде бар оқушыға арналған мазмүн мен қатар, тереңдетіп оқуға арналған материал бар. Ол материал ерекше вертикалдық сызықшамен сол жақта орналасқан. Химия пәніне қызығушы танытқан оқушыға арналады. Осындай дифференсация тапсырма жүйесіне де қолданылады.

Бұл мәселені басқа авторлар басқадай шешеді. Бұл оқулықтарда терең білем деген оқушыға арнайы бөлімдер бар. Кейбір оқулықтарда мәтін ішінде тапсырмалар мен сұрақтар кең пайдаланады.

Шет мемлекттерде оқулықтардың жаңа түрін ұсынып жүр. Оларда мазмұнның жартысын видио дисктерде орналастырып компьютер арқылы қолданылады. Оқулықта текстің ішінде сол электрондық қорына арқау етіледі.

Тағыда бір жаңа қүрам оқулықтар - модульді оқулықтар. Олардың әр бір блоктарында ең аз көлем мазмұны берілген, ал арнайы қосымша әдебиетте әр модуль бойынша кеңейтілген, тереңдетілген мағлумат береді.

Қазыргі кезде жаңа оқыту қүралдары пайда болуда. Бұлар әр оқушы жеке қолдануға арналған. Оларды интерактивті деп атайды. Қүралдардың айрмашылығы оқушымен диалог қүруға мүмкіншілік тудырады. Бұлар оқушыға ғана ықпалын тигізбейді, керісінше оқушыда бұларға ықпалын тигізеді. Көбінесе бұндай жағдайларға компьютерліқ бағдарламалар сәйкес келеді. Бірақ, қазыргі кезде әртүрлі жәрдем оқулықтарда да бұндай сипаттар кездеседі. Мысалы программаланған оқулықтар, басылым негізді жұмыс дәптерлері. Бұл жұмыс дәптерлерінің ерекшеліктері, толық толтырылған кезде, оқулық болып шыға келеді. Мәтініне автордың жазғандары ғана емес, оқушыда жазғаны кіреді. Бірлесіп жазған оқулық болып шығады.

Соңғы жылдары иитерактивті деп аталатын жеке пайдалануға арналған жаңа оқыту құралдары пайда бола бастады. Ондай құралдар оқушымен диалогқа түсуіне мол мүмкіндік тудырады.

Тек құрал оқушыға әсер етіп қоймай, оқушы да құралға әсер ете алады, яғни диалог туады. Бұған негізінен компьютерлік бағдарламалар сәйкес келеді, бірақ осындай қасиеттері бар басқа құралдар да жасалуда. Мысалы, баспадан шығатын химия жұмыс дәптері (А.А. Журин, И.Н. Городничева, Л.С. Левина) осыған мысал болады. Бұл жұмыс дәптерлерінің толтырылуына автор ғана емес оқушы да қатысатын, яғни оқушының өзіндік жұмысы арқылы өзіндік бақылау және бағалауын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірден-бір құрал болып табылады. Жұмыс дәптерінің басты идеясы оқушыны оқулықтың бірлескен авторы етіп, оны мәтіннің сапасы үшін жауапты тұлғаға айналдыру.

Қазіргі таңда интерактивті оқыту құралдарымен жұмыс істеу әдістемесі тәжірибе жинақтау үстінде, оның болашағы алда. Осыған байланысты Т.С. Назарова «Оқыту үрдісіндегі орны мен рөлі (осы құралдардың — С) басқаша болады, сондай-ақ осындай құралдарды пайдалану әдістемесі де басқа болады. Олар басымдықты түсіндіру — иллюстративтік және фронтальды оқыту әдістері болатын дәстүрлі оқыту жүйесіне мүлде сәйкес келмейді. Бұдан оқытудың жалпы конценцияларын өзгерту қажеттілігі туындайды» дегең пікір білдірді.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар


  1. Альтернативті оқулықтарды қалай түсінесің

  2. Модульді оқулықтың құрылымы.

  3. Жаңа оқыту технологиясының артықшылығы неде?

  4. Химиядан электрондық оқулықтарды жасау туралы айыңыз?

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Әдебиет: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «Химия»пәні бойынша.

Астана 2002ж.

2. Химиядан білім берудегі төл оқулықтардың рөлі. //Білім. Образования 2005 №1. 34-37 бетттер.


Дәріс № 15

Тақырыбы: Химияны оқыту құралдары.

Қарастырылатын сұрақтар:
1Химияны оқыту құралдарының жіктелуі.

2. Оқу материалдық құралдар.

3. Дидактикалық әдістемелік құралдар.

Дәріс мақсаты: Студенттердіхимияны оқыту құралдарымен және олардың жіктелуімен таныстыру.

Тірек сөздер: Химия тілі, химиялық эксперимент дидактикалық материалдар.

Дәрістің мазмұны: Бұл материалды объектілер, солардың көмегімен оқытушы мен оқушы оқытудың әдістері мен мазмұнын қолданып алдарына қойылған мақсатқа жетеді.

Химиядан барлық белгілі оқыту құралдарын үш топқа бөлуге болады:



Химияны оқытудың оқу – материалдық құралдары табиғи, бейнелеу және символдық, графикалық болып бөлінеді.

1.Табиғи құралдарға әртүрлі коллекциялар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар, химиялық құрылғылар жәнет.б. жатады.

2.Бейнелеу құралдарына – фотосуреттер, суреттер, макеттер, модельдер, видеожазбалар және т.б. жатады.

3.Символдық – графикалық құралдарға – графиктер, диаграммалар, схемелар, таблицалар, тірек плакаттар жатады.

Жалпы білім беретін орта мектептерде химияны оқытудың негізгі құралдары ретінде оргтехника (графопроектор, ПЭВМ, кинопроектор, магнитофон, видеокамера), әртүрлі экранды құралдар (кинофрагменттер, кинофильмдер, диафильмдер, диапозитивтер, видео жазбалар, мультимедиа).

Химияны оқытудың көрнекі құралдары оқушылар бойында статистикалық және динамикалық бейне қалыптастыратын химиялық объектілер мен суреттер.

Статистикалық ( сурет, фотография, модель)

Динамикалық (кинофильм, видеожазба

Кейбір әдебиеттерде оқу- материалдық құралдарды төмендегідей жіктейді.

I. Табиғи объектілер:

1.Табиғи ортадағы табиғи объектілер.

Жер қыртысындағы минералдар мен тау жыныстары, табиғи сулар, завод аппараттары мен ондағы жүретін процестер.



2.Жасанды ортадағы табиғи объектілер(класта көрсетілетін)

Минералдар мен тау жыныстарының үлгілері, жануар мен өсімдік өнімдері, шикізат үлгілері, еріткіштер, катализаторлар т.б.

3.Химиялық реактивтер, олардан алынған заттар.

4.Химиялық ыдыстар, лаораториялық құралдар.Приборлар.

II. Табиғи объектілердің бейнесі.

1.Көлемді моделдер (атом, молекула, модем кристалдық тор), завод аппараттарының макеті.

2.Иллюстративті құралдар: альбом, кітап, суреттері, диафильм, картина, портрет, фотография т.б.

3.Кинофильмдер, киноүзінділер, кинокольцовкілер.



III Сөз, таңба, график арқылы белгіленген заттар құбылыстардың суреттемесі.

1.Баспадан шыққан көрнекі оқу құралдары: кестелер сериясы, зат құрылысы, зат айналымы.

2.Химиялық аппараттар, технологиялық процестер схемасы.Графиктер.

3.Диаграмма, карта.



Химияны оқытудың психолого – педагогикалық құралдары – бұл фундаменталды құралдар.

Химиядан танымдық тапсырмалардың формасы.

Танымдық тапсырмалардың келесі түрлері болады:



  • сұрақтар;

  • жаттығулар;

  • химиялық есептер;

  • тесттер;

  • химиялық диктанттар (графикалық, химиялық – символикалық сандық, әріптік)

  • дидактикалық ойындар;

-химиялық жұмбақтар;

-шығармашылық тапсырмалар.

Оқушылардың білімін жетілдіру және кейбір ізгіліктер мен дағдыларды дамытуда жаттығулардың маңызы зор.

Сонымен химия курсында сан және эксперименттік есептер мен қатар – ешбір математикалық есептеуді және тәжірибе жасауды қажет етпейтін «есептер» де бар.Ондай «есептер» Жаттығулар деп аталады.

Олар мектеп оқулықтарында әрбір тақырыптың соңында берілетін бақылау сұрақтарымен бірге беріліп жүр.Жаттығулардың түрі де әр түрлі, 8 кл ол формуланы, теңдеуді құрастырып оқи білу, заттар арасындағы байланысты немесе бір заттан екінші зат алуға кошу құбылыстарын көрсетуді қамтиды.

Химиялық жаттығуларды орындау мақсаты мен ерекшеліктеріне қарай мына төмендегідей типтерге бөлуге болады.

1.Белгілі құбылыстарға түсінік беру және оның реакция теңдеулерін жазу.

2.График және сурет түрінде берілетін жаттығулар.

3.Заттардың класаралық байланыстарына арналған жаттығулар.

Р Р2О5 Na3PO4 Ca(PO4)2

Бір кластан екінші класқа өтіп отыратын «тізбек» типті жаттығулар.Бұндай жаттығуларды берумен қатар, өздеріне құрастыру тапсырылады.

4.Бастапқы алынған және реакция нәтижесінде шыққан заттардың формуласы белгісіз болатын жаттығулар.

5.Э.Д.Т. бойынша теңдеулерді қысқартуға байланысты жаттығулар.

6.Тотығу – тотықсыздану реакциясына арналған жаттығулар.

7.Атом құрылысы және изотоптарға арналған жаттығулар.

8.Органикалық заттардың бір класынан екінші класына өтуге, құрылыс формуласын құрастыруға, изомерияларын жазуға байланысты жаттығулар.

Жаттығулар мақсатқа сай және орынды жүргізілгенде ғана педагогикалық бағалы болады.

Жаттығу орындатумен қатар, оған талдау жүргізуге да болады.

Мыс: Mg +H2SO4 MgSO4 + H2

теңдеуі тақтаға жазылды делік.

1.Осы реакция теңдеуіне қатысатын заттар құрамына қандай химиялық элементтер кіреді.

2.Қайсысы жай зат, қайсысы күрделі зат анықтамасын айт. (немесе жай затты көрсетіп, анықтамасын айтыңйз, күрделі затты көрсетіп анықтамасын айтыңыз.)

3.Бұл реакция химиялық реакциялардың қай типіне жатады?

4.Заттар қай класқа жатады?

Оқушылардың білімін талдап қорытуда таблица, схема жасаудың маңызы бар.

А) таблицаны толтыр.

Б) схема түрінде берілетін.

Химиялық диктант- жаттығулардың бір түрі.Көбіне химиялық символикаға негізделеді.

Оқушылардың бір ұғымды, валенттілікті, тотығу дәрежесін, химиялық номенклатураны, формуланы, теңдеуді т.б. қандай дәрежеде меңгергенің анықтау үшін жаздырады.



Мыс:

1.Мына оксидтердың формуласын жазыңдар.Атын айтса, оқушы формуласын жазу керек.

2.Оқытушы оксидтің формуласын айтып тұрса, оқушы оның атын жазуы керек.

3.Мына электролиттердің атомдар мен иондардың заряд шамасын және таңбасын анықтаңдар. H3PO4, AlCl3, Ca (OH)2, NaHSO4 .

Химиялық диктантты жинап алып, ия ауызша тексеруге болады.Диктантты жаздырғанда мұғалім бір заттың атын атайды, оқушылар оның формуласын жазады.Көрсету, атын атау.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1. Химияны оқыту құралдарын жіктеу.

2. Оқу-материалдық оқыту құралдарына не жатады?

3. Дидактикалық-әдістемелік оқыту құралдары туралы не білесің?

4. Химия тілінің құрамдас үш бөлігі қандай.

5. Химиядан танымдық тапсырмаларды ата.

6. Тест тапсырмасының түрлерін атап, мысал келтір.

Пайдаланатын әдебиеттер

1. М.С.Пак. диактика химии, Москва, 2004 ж. 118-172 бет.

6.Семинар (практикалық) сабақтар жоспар бойынша қарастырылмаған
7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1 апта

СОӨЖ

Тақырыбы: Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты: Химияны оқытудың негізгі үш мақсатымен, міндетімен таныстыру.

Өткізу формасы: Әңгімелесу, пікір талас.

Мына сұрақтар көлемінде әңгімелесуге даярлан:

1. Химияны оқытудың мақсаттарың қалай түсінесің

2. Оқушыларға химиялық орта білім берудің міндеттерін ата.

3..Химия оқыту барасында оқушылардың ақыл –ойын дамыту мәселесін қалай түсенесің.


Тапсырма 1 «Химия мектепте » журналымен студент –практикантардың сабақ конспетлерінен сабақтың мақсаттарымен таныс.

Тапсырма 2 Химияны оқытудың білімділік, тәрбиелек және дамытушылық мақсаттарының мәні не де ?

Тапсырма 3 "Химия мектепте" журналы 2009 ж.№2 "Білім берудің сапасын көтеру" мақаласын оқып талда.

ҚР жоғары педагогикалық, жалпы және кәсіптік білім беру тұжырымдамасында қарастырылып отырған мәселе жөнінде мұғалім мен мектептің ролі туралы неайтылыды?



Әдістемелік нұсқау

Осы сұрақтар көлемінде оқытушымен әңгімелесуге даярланып, ОЖСӨЖ кезінде ойынды баянда.Бірнеше сабақтың мақсатын дәптеріне жазып ал, ауызша баянда.



әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993

1 бөлім, ІІ тарау, 15-24 бет

2. "Білім берудің сапасын көтеру", "химия мектепте" журналы 2009 ж. 61-65 бет


2 апта

СОӨЖ

Тақырыбы: Оқулық мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар.

Мақсаты: Химияны оқытуда жүзеге асыруға тиісті білім беру міндеттерін қарастыру.

Өткізу формасы: Студенттердің оқулықпен жұмысы, өздік жұмысы, әңгімелесу.
Тапсырма

Төмендегі тапсырма бойынша оқулық бойынша дайындалып, әңгімелесуге даярлан.



  1. Оқулық мәтіне қойылатын талаптар.

  2. Оқулық ақпараттары мазмұнының тізілімдік құрылымы.

  3. Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар.

  4. Оқулықтың безендіру ісіне қойылатын талаптар.

  5. Оқулықтың көрнекіліктеріне қойылатын талаптар.


Әдістемелік нұсқау:

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындап, әңгімелесуге даярлан.




жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау