- Павлодар облысы
- Екібастұз қаласы
- Қарасор ЖОББМ
- Химия пәнінің мұғалімі:
- Ауыт. Алтынгүл Ауытқызы
Сабақтың тақырыбы: Майлар Күрделі эфирлердің ішінде – майлар табиғи қосылыстар ретінде маңызды роль атқарады. Әр түрлі май алынатын шикізат көздерінен 600 жуық майдың түрлері алынады онын ішінде 420 -өсімдік текті майлар болып табылады. 180 жуығы жануар текті майлар. Майлар – глицерин мен тармақталмаған жоғары молекулалы карбон қышқылдарының қоспасынан құралады. Майдың жалпы формуласы: - O
- ׀׀
- CH2– O – C – R
- | O ׀׀
- CH – O – C – R'
- | O ׀׀ Мұндай қосылыстардың жалпы атауы -триглицеридтер
- CH2– O – C – R'‘
Майлар «жай» және «аралас» майлар болып жіктеледі. Жай майлардың құрамы бірдей қышқыл қалдықтарынан (R' = R" = R"'), ал аралас майлар әртүрлі қышқыл қалдықтарынан тұрады. Табиғи майлар жай және аралас майлардан тұрады. Табиғи триглицеридтер құрамына қаныққан қышқыл қалдықтары кіреді: пальмитин - C15H31COOH стеарин - C17H35COOH және қанықпаған қышқылдар: олеин - C17H33COOH, линол - C17H31COOH, линолеин - C17H29COOH. 17 ғасырда ең алғашқы химик-аналитиктердің бірі неміс ғалымы - Отто Тахений ең алғаш рет майлар «жасырын қышқылдардан» тұрады деген жорамал жасаған болатын. 1741 ж. француз химигі Клод Жозеф Жоффруа майды қышқылдың әсерінен қыздырған кезде (сабын алу үшін сілті арқылы қайнату әдісінде) қолмен ұстағанда май тәріздес массаның түзілетінін анықтады. 1779ж атақты швед химигі Карл Вильгельм Шееле майдың құрамында глицерин болатынын ең алғаш рет анықтады. Майдың химиялық құрамын ең алғаш рет өткен ғасырда француз химигі Мишель Эжен Шеврёль анықтады. 1854ж француз химигі Марселен Бертло глицерин мен майлы қышқылдар арасында этерификациялау реакциясын жүргізіп, бірінші рет майды синтездеді. 1859 ж Бертло замандасы Шарль Вюрц,сол реакцияны пайдалана отырып,майды синтездеді. 1,2,3-трибромпропанды «күміс сабынмен » қосып қыздырды. - CH2Br–CHBr–CH2Br+ 3C17H35COOAg ->
- -> CH2(OOCC17H35)–CH(OOCC17H35)–CH2(OOCC17H35) +
- + 3AgBr.
Майдың синтезі Майлардың физикалық қасиеттері Барлық майлар суда ерімейді бірақ, бензинде, ацетонда және гександа ериді, майлардың осы қабілетін киімге тиген май дақтарын тазартуда қолданады. Майлардың химиялық қасиеттері - Судың әсерінен жүретін майдың гидролиздену процесі қайтымды процесс болып табылады:
2. Сілтілік гидролиз (сабындану) адам өмірінде күнделікті қолданалытын практикалық маңызды реакция болып табылады. - Н2С – О- Н
- │
- НС – О-Н
- │
- Н2С – О-Н
XIII ғасырдың өзінде Ресейде сабын қайнататын орындар пайда болды. Сабын өндіретін орталық Шуя қаласында болды. Сондықтан ол қаланың гербінде сабын бейнеленген. Сабын алу үшін өндірісте шикізат ретінде техникалық майды (ворвань) қолданады, ол үшін оны теңіз жануарларының тері асты майларынан және тамақ өнімдерінің қалдықтарынан алады. Өсімдік текті майларға тән басты қасиет қанықпаған карбон қышқылдарына тән реакция теңдеуін көрсетеді. - Бром суын түссіздендіру,
- гидрлену (+Н2),
- KMnO4 түссіздендіру
Какао ағашының жаңғақтарынан какао майы алынады – ашық сары түсті әлсіз иісі болады. Жаңғақта 50% какао-майы болады. Какао-жаңғақтарын Мексикадан Европаға 16 ғасырда испандықтар әкелді. Какаоның құрамында тристеарин болғандықтан бөлме температурасында қатты консистентік массаны құрайды. Какаоның құрамына (40 %). олеин және линол қышқылдарының глицеридтері кіреді. Сондықтан шокалад 30-34 °С температурада балқиды. Адам ағзасында гидрлену реакциясының практикалық маңызы зор болады. Гидрлену реакциясы арнайы автоклавта жүргізіледі. Бұл процесті 1912 жылы Поль Собатье маргарин алу үшін ең алғаш рет қолданды. Сары майды алмастырғыш маргаринді ең алғаш рет 1870 ж француз химигі Мерс-Мурье сиыр майынан маргаринді алды. Майлардың қолданылуы. Сурет салуда өнерінде қолданылатын майлар, құрамы мен қолданылуына қарай екі топқа жіктеледі. Бірінші топқа – өсімдік тұқымынан алынатын тез кебетін майлар жатады. Екінші топқа эфирлі майлар жатады. Біздің өндіріс орындарында жасалатын бояулар зығыр майынан жасалады. Көк түсті берлин көгі бояуын алу үшін тотығу +2 дәрежесі мыс тұздарына сілтімен әсер ету арқылы алуға болады. CuSO4+2NaOH=Cu(OН)2+Nа2SО4, түзілген тұнбаны кептіріп және ұнтақтасақ, құрғақ бояу ұнтағын зығыр майымен араластырамыз. Сол кезде не алынады? Тірі ағзаларда майлар энергия көзі болып табылады: - 1г Май толық тотыққан кезде (ол жасушада оттек қатысында жүреді) 9,5 ккал (40 кДж жуық) энергияны екі еседей көп белок пен көмірсулардан алуға болады.
Есеп - Түйелердің «Шөл қайығы» екені белгілі олар жарты жылға жуық су ішпей өмір сүре алады. Себебі ол кезде түйелерге су өркешіндегі жиналған майлары арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Түйеде 120 кг жуық май қоры болады. Егер түйенің майы ең көп таралған глицериннің тристеараты эфирінен түзіледі деп есептесек С57Н110О6. Онда майдың толық тотыққан кездегі судың массасын есепте.
Қорытынды: Май – глицерин мен жоғары молекулалы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады. Құрамындағы карбон қышқылдарының түріне қарай майлар өсімдік текті және жануар текті болып жіктеледі. Барлық майлардың басты қасиеттеріне: сулы және сілтілік гидролиз (сабындану) процесі жатады. Май ағзада басты роль атқарады энергетикалық, қорғаныштық, құрылыс материалының қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |