Бақылау сұрақтары:
Қалақайлардың гүлі мен жемісінің құрылысының ерекшелігі қандай?
Қалампырлар тұқымдасының қандай тіршілік формалары бар?
Алаботалар тұқымдасының қандай айрықша белгілері бар?
Қызылша туысы мен алабота туысының қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?
Қолданылған әдебиеттер:
Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
Ә.Ә.Әметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.
Дәріс № 19
Дәріс тақырыбы: Күрделігүлділер, немесе астралар тұқымдасы - Compositae, Asteraceae
Қарастырылатын сұрақтар:
Күрделігүлділердің алуантүрлілігі
Түтікше гүлдер тұқымдасы
Тілше гүлдер тұқымдасы
Дәрістің мазмұны: Күрделігүлділер немесе астралардың негізгі белгілері: түтікше, тілше гүлдердің өкілдері. Олардың таралуы және маңызы.
Дәрістің мақсаты: Осы тұқымдастардың географиялық таралуын, тіршілік формаларын, гүлі және гүл шоғырларының құрылысын, ерекшеліктерін, табғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Бұл тұқымдаста 18-20 мыңдай түр бар (1 мыңдай туыс). Өмірлік формалары кішігірім ағаштар (кейде бұтактанбаған колонна тәрізді сабағы болады) бұталар, лианалар, жартылайбұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Көп жағдайда олар өрмелеп өседі, кейде суккулентеріде болады. Жер бетінің барлық құрлыктарында (континенттерінде) кездеседі. Бұл ең көп таралған және жоғарғы деңгейде жетілген тұқымдастардың бірі. Көптеген туыстары өзгергіш келеді, өйткені олар белсенді (интенсивті) түрде форма түзу сатысында тұр. Түрлері түқымы арқылы да, вегетативтік жолмен де өте жақсы көбейеді.
Бұтақгарына жапырақтары әдетте кезектесіп, сиректеу қарама-қарсы немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған (розетка) түзіп қатты қысқарады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады - сүт жолдары, схизогенді смола жолдары. Клеткаларында инулин жиналады. Тұқымдасқа тән белгілер мыналар: гүлшоғыры себет (корзинка), сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер (корзинка) жиналып қалқанша (шиток) немесе сыпыртқы (метелка) түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама (обвертка) түзеді. Ораманың жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері, олардың формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін классификациялауға және анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады. Себеттің үстінгі беті (ложе) жазықта, ойыста, дөңесте болуы мүмкін; жылтыр немесе емшектәрізді; тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толтырылған немесе қуыс.
Гүлдері алуантүрлі - біреулері біршама үлкен және қанық боялған, ал екіншілері ұсақ, көріксіз болып келеді. Олардың барлығы да 4 шеңбер түзіп орналасады. Күлтесі 5-мүшелі, тостағаншасы желайдарға (хохолок, паппус) айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған. Андроцейі жіпшелері бос орналасқан 5 аталықтан және трубкаға біріккен тозаңдықтардан тұрады. Құрылысы мұндай болып келетін андроцей тек күрделігүлділерге ғана тән. Гинецейі ценокарпты 2 жемісжапырақшаларынан тұрады. Аналығы 1. Гүл түйіні төменгі, 1-ұялы. Ұзын болып келетін аналықтың мойыны аталықтың трубкасының ішінде орналасады, одан жоғары әдетге екі жақтауы бар аналықтың ауызы (рыльце) ғана көтеріліп-көрініп тұрады. Жемісі - тұқымша (семянка), көпжағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары (летушка) болады.
Күлтежапырақшаларының құрылысына қарай гүлдердің мынадай түрлері болады: трубка тәрізді, тілше, жалғантілше, воронка тәрізді гүлдер. Екі ерінді гүлсерігі бар гүлдерде болады (оңтүстік америкалық түрлер).
Трубка тәрізді гүлді әдетте алғашқы (бастапқы) деп қарайды. Күлтенің жапырақшалары бұл жағдайда төменгі жағынан трубкаға бірігеді, үстінгі жағынан трубка қоңырау тәрізді кеңейеді де, 5 тісшеге бөлінеді. Гүлі актиноморфты, қосжынысты, кейде дара жынысты.
Гүлдің формуласы: * Са(5)– О-рар.Со(5) A(5)G(2).
Тілше гүлдің трубка тәрізді І-улден пайда болғаны күмән келтірмейді. Күлтенің төменгі бөлігі трубкаға бірігеді, бірақ ол өте қыска болады. Одан жоғары трубка бір жағынан ғана ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Гүлі зигоморфты, қосжынысты. Гүлдің формуласы: Са(5)-О-рар.Со(5) A(5)G(2).
Жалғантілше гүлді екі ерінді гүлден шығару жеңіл, оның күлтесінің тек бір ғана астыңғы еріні болады. Жалғантілшегүл тек 3 күлте жапырақшадан түзілген, оны тілшенің ұшындағы 3 тісі көрсетіп тұр. Бұл зигоморфты, көп жағдайда аналық гүл, аталығы жоқ. Гүлдің формуласы: Са(5)-О-рар.Со(3) A(0)G(2).
Воронка тәрізді гүлдің күлтесінің трубкасының жоғарғы жағы воронка секілді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз гүл аталығы да, аналығы да болмайды. Гүлдің формуласы: Са(5)-О-рар.Со(5-7) A0G0.
Себеті бір жағдайда тек трубка тәрізді гүлдерден немесе тілше гүлдерден тұруы мүмкін, ал екінші жағдайда оның ортаңғы бөлігі трубка тәрізді гүлдерден, ал шет жағы жалғантілше гүлдерден немесе воронка тәрізді гүлдерден тұрады. Үлкен шет жағындағы гүлдерінің түсі ұсақ ортаңғы гүлдеріне қарағанда басқаша болады. Осыдан барып гүлшоғырында әртүрлі түстілік (ала-құлалык) қалыптасады, ол шамасы насекомдарға жақсы бағдар болса керек.
Гүл шоғырында жыныстық бөлінуі әрқилы. Себет тек қосжынысты (трубка тәрізді немесе тілше гүлдерден), қосжынысты және даражынысты немесе жыныссыз (трубка тәрізді және жалғантілше гүлдерден), даражынысты, бір себетке немесе әртүрлі себетке жиналған гүлдерден тұруы мүмкін. Әртүрлі себетке жиналған гүлдер бірүйліде және екіүйліде өсімдіктер болуы мүмкін.
Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын (май алынатын және овощтық), татымды дәмі бар, дәрілік, бояулық, сәндік, қош иісті өсімдіктер аз емес. Көптеген түрлері өсімдіктер жабынының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады, ал кейбіреулері өте қиын, күресуге бой бермейтін арамшөптер. Тұқымдасты 21 тұқымдастармағына бөледі: трубкагүлділер және тілшегүлділер.
Трубкагүлділер тұқымдастармағы — Tubiflorae
Гүлдері негізінен трубка тәрізді, кейде тек шеткі гүлдері ғана жалған тілше немесе воронка тәрізді болады.
Күнбағыс туысы (Helianthus). 60-дей түрі бар. Шыққан жері -Америка. Табиғи ареалынан тыс 2 түрі кеңінен себіледі: біржылдық күнбағыс (H.annuus) - мал азығы ретінде өсірілетін, май алынатын және тамаққа пайдаланылатын, бал беретін дүниежүзілік маңызы бар дақыл; тапинамбур, немесе тапинамбур күнбағысы (тапинамбур, или земляная груша - H.tuberosus) - көпжылдық өсімдік, оның жер асты түйнектерінде 15 %-ке дейін инулин болады; тамақка және малға азық ретінде пайдаланылатын өсімдік.
Жусан туысы (полынь - Artemisia). 400-дей туысы бар, БОР-дың территориясында 134 түрі, ал Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Туыстың ареалы негізінен Европаның, Азияның және Солтүстік Американың қоңыржай климатты облыстарын алып жатады. Шөптесін (көпжылдық, екіжылдық, біржылдык) өсімдіктер немесе жартылай бұталар. Бұтақгары тік немесе жоғары қарай өседі, жапырақтары кезектесіп орналасқан болады. Жапырақтары қатты тілімделген, сиректеу тұтас (бүтін), көп мөлшерде эфир майын шығарады. Гүлдері тек трубка тәрізді.
Дәрмене жусан (полынь цитварная - А.сіnа) дәрілік өсімдік, құрамында сантонин болады, ол ішек құртты айдағыш ретінде жиі қолданылады. Ащы жусан (полынь горькая – A. absinthium) жапырақтары үш рет қауырсынды тілімделген болып келетін өсімдік, сыртын қалың күміс түсті түктері жауып тұрады және өзіне тән эфир майының иісі болады. Медицинада және ликер арақ жасау өндірісінде пайдаланылады. Арам шөп ретінде кең тараған. Жусанның көптеген түрлері шөлейт аймақта, әсіресе теңіз жағалауларында, және жартылайшөлді аймақта ландшафт түзетін өсімдіктер болып табылады: таврий жусаны (полынь таврическая - A.taurica), теңіз жусаны (полынь морская - A. maritima ), тамыр жусан (A.terrae-albae) және тағы басқа түрлері. Күзгі жаңбырлардан кейін және қазан ұрғаннан соң жусандарда ащы заттардың және эфир майларының мөлшері күрт азаяды. Осы кезден бастап олардың мал азығы ретіндегі маңызы арта түседі.
Гүлкекіре туысы (василек - Centaurea) негізінен Солтүстік ендікте кездесетін 500-дей түрі бар, БОР-дың территориясында 150 түрі, ал Қазақстанда 27 түрі өседі. Шыққан орталығы Жерорта теңізі жағалауы болып табылады. Дәнді дақылдар себілетін жерлерде, әсіресе қарабидайдың ішінде көк гүлкекіресі (василек синий - C.cyanus) жиі өседі.
Сарықалуен туысы (бодяк - Cirsium). Түрлерінің жалпы саны 200-ден асады, БОР-дың флорасында 111 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Туыстың өкілдері негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты облыстарында таралған. Бір үйлі сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Тамырлары жақсы жетілген, көптеген горизонталь бағытта өсетін бүршіктер беретін, терең кететін өсімдіктер, сондықтанда жойылуы қиын арамшөптер. Кейбір түрлері бал беретін және сәндік өсімдіктер ретінде құнды болып келеді. Егістік сарықалуен (бодяк полевой - C.arvense) биіктігі 60-120 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, сабағы мен жапырағы тікенектермен жабылған, гүлдері трубка тәрізді, көкшілдеу-қызғыш түсті, дара жынысты; екі үйлі өсімдік, желайдарының түктері қауырсынды болып келеді. Орманды және шөлейт аудандарды тыңайту мақсатында пайдаланбай қалдырған жерлерінде (залежаный) және егістіктерінде арам шөп ретінде өседі. Бозғылт сарықалуен (бодяк седой - C.incanum), осыған дейінгі түрге жақын, шөлейт аймақтың онтүстігіне таман және тауларда өседі (Кавказда, Орта Азияда). Кәдімгі сарықылуен (бодяк обыкновенный -C.vulgare) екіжылдық өсімдік, тамыры ұршық тәрізді, сабағының биіктігі 100-150см, жапырағы сызықты-ланцет тәрізді, оның үстінгі беті тікенекті-түкті, ал астыңғы беті ақ киіз секілді қалың түкті болып келеді. Арамшөп ретінде кең тараған және егістіктен бос қалған ерлерде де көптеп өседі.
Тұқымдастармағының басқа туыстарынан мына түрлер аса кең тараған: дала өгізкөзі (пупавка полевая - Anthemis arvensis) биіктігі 25-40 см болатын біржылдық шөптесін өсімдік көп жағдайда құрғақ жерлерде және егістіктерде өседі (БОР-дың Европалық бөлігінде, Кавказда); кәдімгі нивяник (нивяник обыкновенный, или поповник - Leucanthenum vulgare) биіктігі 25-80 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, жапырағы тұтас, себеті (корзинка) үлкен, жалғыздан немесе 2-5-тен біріккен, жалғантілше гүлінің күлтелерінің түсі ақ, шалғындықтарда аса көп таралған; оны сәндік өсімдік ретінде өсіреді; кәдімгі түймешетен (пижма обыкновенная - Tanacetum vulgare). Көлденең өсетін тамырсабағы бар көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 60-150см-дей болады, себеті (10-20 және көп) қалқаншаға (щиток) жиналған, Арктикадан бастап (басқа жақтан алып келінген) Орта Азияға, Кавказға және Қырымға дейін таралған, инсектицидті және дәрілік, ал кейде тіптен сәндік өсімдік ретінде өсіреді.
Биік аңдыз (девясил высокий - Inula helenium) биіктігі 60-250 см дейін баратын, тамырсабағы ағаштанған өсімдік. Гүлдері алтындай сары түсті, себеттерінің диаметрі 8 см болады, олар сиректеу шашақ немесе қалканша гүлшоғырын түзеді. Бұрынғы одактас республикалардың территориясының барлық жерлеріндегі жалпақ жапырақты ормандарда және бұталардың арасында өседі, таулы жерлерде субальпі белдеуіне дейін көтеріледі. Сонымен бірге ол шалғынды жерлерде де өседі. Биік аңдыздың сәндік, дәрілік және бал беретін өсімдік ретінде маңызы зор.
Тілшегүлділер тұқымдас тармағы — Uguliflorae
Гүлдері тілше тәрізді болып келеді. Вегетативтік органдарында барлық уақытта бунақталған сүт жолдары болады (бөлінген заттарды жинақтайтын қуыстары - млечники) .
Бақбақ туысы (одуванчик - Taraxacum). Бақпактың 70-тей түрі бар, оның 59-ы Қазақстанда кездеседі. Жалпы бақпақ жершарының барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Негізінен жертаған түзетін жапырақтары бар көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлдері сары түсті. Кәдімгі бақпақ (одуванчик обыкновенный или аптечный - T.officinale) аса кең тараған өсімдік, өте өзгергіш келеді, тамырында инулин болады. Көк-сағыз (кок-сагыз - T.kok-saghyz) табиғи жағдайда Шығыс Тянь-Шанда өседі, тамырында 20% дейін сапасы жоғары каучук болады.
Қалуен туысы (осот - Sonchus). Бұл туыстың солтүстік ендікте кең таралған 45 түрі бар. Көпжылдық (кейде жартылай бұта) немесе біржылдық өсімдіктер. БОР-дың территориясында олардың 6-ы түрі, ал Қазақстанда 4 түрі өседі. Олардың барлығы шөлейт аймақтан бастап батпақты жерлерге дейін кездеседі. Егін шаруашылығына үлкен зиян келтіретін арамшөп ретінде егістік қалуенін (осот полевой) атап айтуға болады.
Бақылау сұрақтары:
Крестгүлділер тұқымдасына ғана тән қандай белгілер бар?
Көкнәрлер тұқымдасының адам өміріндегі маңызы қандай?
Асқабақ тұқымдасының органдары құрылысында қандай ерекшеліктері белгілі?
Күрделігүлділер тұқымдасы қандай тұқымдастар тармағына бөлінеді? Күрделігүлділер тұқымдасының адам өміріндегі маңызы қандай?
Қолданылған әдебиеттер:
Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
Ә.Ә.Әметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.
Дәріс№ 20
Дәрістің тақырыбы: Дара жарнақтылар класы
Қарастыралатын сұрақтар:
Дара жарнақтылардың классификациясы
Лалагүлдердің өкілдері, оның таралуы
Астық тұқымдастардың өкілдерінің ерекшеліктері, маңызы
Дәрістің мазмұны: Даражарнақтылар класын жүйелеу. Олардың негізгі тіршілік формалары. Вегетативтік және репродуктивтік органдары құрылысындағы ерекшеліктері. Желектілер қатарлар тобы. Құртқашаштар тұқымдасының таралуы. Тіршілік формалары. Гүл шоғыры мен гүлдері құрылысының варианттары. Тозаңдануы. Жемісі, тұқымы. Лалагүлдер тұқымдасының географиялық таралуы. Тіршілік формалары мен вегетативтік органдарының негізгі ерекшеліктері. Гүл шоғыры, гүлі, жемісі. Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы. Қияқөлеңдер тұқымдасының тіршілік формалары және вегетативтік органдарының негізгі ерекшеліктері. Гүл шоғыры, гүлі, жемісі. Астық тұқымдасының тіршілік формалары, вегетативтік органдары құрылысындағы ерекшеліктер. Гүл шоғыры, гүлі. Тозаңдануы, жемістер. Олардың табиғат пен адам өміріндегі маңызы. Қоңырбастар тұқымдас тармағы. Тарылар тұқымдас тармағы.
Дәрістің мақсаты: Осы тұқымдастардың географиялық таралуын, тіршілік формаларын, гүлі және гүл шоғырларының құрылысын, ерекшеліктерін, табғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 түқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдык), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады.
Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ, бадана (луковица), туйнектер, түйнекті пиязшықтар түрінде өткізеді; гелофиттері, батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклы қыска болатын өсімдіктер, ұзакқа созылатын құрғакшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді.
Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілген 38 қатарын гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі.
ЖЕЛЕКТІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ – COROLLIFLORAE
Гүлсерігінің қарапайым, желектер (күлте жапырақшалар) түрінде болады. Көп жағдайда олардың шірнектілер (нектарник) жақсы жетілген болып келеді. Тозандануы насекомдар арқылы жүреді. Ал тропикалық елдерде насекомдарменде, құстарменде тозаңданады.
Бұл қатарлардың тобының ішіндегі ең үлкен тұқымдастардың бірқатарына толығырақ тоқталуды жөн көрдік.
Құртқашаштар тұқымдасы – Iridасеае
Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Әсіресе Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс және Шығыс Азияда және Оңтүстік Америкада көптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе түйнекті-пиязшылықты өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе гүлшоғына жиналған); қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп жағдайда өте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты; желек тәрізді түтікке біріккен 6-жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Гүлтүйіні үш ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) тұрады. Жемісі – төменгі синкарпты қауашақ. Гүлінің формуласы: *P3+3A3G(3).
БОР-дың флорасында 5 туысы 166-ден астам түрлері, ал Қазақстанда 5 туысы 34 кездеседі.
Тұқымдастың түрлерінің көпшілігі тамаша гүлдейтін өсімдіктер. Кейбір түрлері техникалық өсімдіктер болып табылады.
Құртқашаш (ирис, касатик - Iris) үлкен туыс. Гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған болып келеді. Гүлсерігі дұрыс (түтікті): 3 сыртқы желектерінің 3 ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аналығының аузы (3) ұзын, етженді, желек тәрізді бөліктен тұрады. Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Құртқашаштар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты зоналарында өседі. БОР-да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста және БОР-дың европалық бөлігінде өседі.
Гладиолус туысы (Гладиолус - Gyladiolus). Тамаша гүлдейтін түйнекпиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, желегінің бөліктері бірдей болмайды және ашық түске боялған болып келеді. БОР-да 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі; Закавказьеның шығысында G. segetus деген түрі табиғи жағдайда өседі. Оның жапырағы С витаминіне бай болады.
Лалагүлдер тұқымдасы - Liliaceae
Бұл тұқымдаста 470-дей түр бар (10 туыс). Дүниежүзінің барлық флорасында кездеседі. Оқтын-оқтын құрғақшылық болып тұратын субтропикалық елдерде, соынмен бірге тропикалық емес елдердің шөлейт аймағында және шөлді облыстарға ауысатын жерлерінің өсімдіктер қауымының қалыптасуына лалагүлділердің тигізетін әсері ересен зор. Өмірлік формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар және жартылай лианалар, негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгіжасыл немесе жаздықжасыл және өте сирек біржылдықтар. Бейімдеушілік процесінің эволюциясында әсіресе терең өзгерістерге вегетативті органдары ұшыраған. Олар баданаларға (луковицы), тамырсабаққа, түйнектерге, филлокладииге, өнім бүрлеріне (выводковые почки) айналып кеткен. Жапырақтары әдетте азды-көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс, отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл серігі қарапайым, күлтежапырақшалар түрінде берілген, актиноморфты, қосжынысты, 3 өлшемді (сиректеу 2-4 өлшемді). Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек болып келеді. Дәнінің эндоспермі болады.
Лалагүл туысы (лилия - Lilium). Туыста Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өсетін 80-100 түрі бар. БОР-дың территориясында 15 түрі (БОР-ның европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда) кездеседі. Лалагүл баданасы черепица тәрізді болып келетін өсімдік. Гүлдері үлкен, шашақты гүл шоғырына жиналған немесе жалғыздан болып келеді. Гүл серігі қанық боялған (қызыл, сары, сирен түсті немесе таза ақ). Ақ лалагүлдің (лилия белая – L. candidum) шыққан жері (отаны) Кавказ. Гүлінің формуласы: *P3+3A3+3G(3).
Бірағайынды лалагүлдің (л. однобратственная –L. monadelphum) гүлдерінің түсі сары болады. Королдық лалагүл (л. королевская – L. regale) сәндік өсімдік. Қазіргі кезде бұл түрдің 2000-дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге келетін баданасы үшін лалагүлді көкөніс (овощтық) дақылы ретінде өсіреді. Тамаққа лалагүлдің сібірлік түрлерінде пайдаланады. Дауыр лалагүлінің баданасынан жүрек ауруына ем болатын глюкозидтер табылды. Бұйра лалагүл, (л. кудреватая, или мартогон - L.martagon), негізінен орманның ашық жерлерінде, жарық ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда өседі. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде кездеседі деуге болады (Орта Азиядан басқа жерлерінде). Бұл түр табиғи жағдайда кездесетін лалагүл туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі.
Қызғалдақ туысы (тюльпан - Тuliра). Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қызғалдақтар Евразия мен Солтүстік Африканың жазы құрғақ, әрі ыстық болып келетін, ал көктемде және күзде аздап ылғал түсетін шөлді, жартылайшөлді және шөлейт аймақтарында кең таралған, сиректеу орманды жерлерде де кездеседі. Олар тегістікте де және таулардың барлық белдеулерінде өседі, бірақ мәңгі мұз басқан биіктікте сирек кездеседі. Қызғалдактың баданасы 45 см тереңдікте, кейде оданда тереңдеу жатады. Баданасының сырты пленка тәрізді жылтыр болып келеді. Гүлдері үлкен, қанық боялған, әр өсімдікте біреуден болады. Өте сәнді, бірақ иісі болмайды. БОР-дың территориясында 60-тай түрі бар, олардың көпшілігі Орта Азияда өседі. Қазақстанда қызғалдақтың 32 түрі бар, оның біреуі (Регел қызғалдағы- тюльпан Регеля) - L. Regeli жойылуға жақын түр ретінде, 6-уы сирек кездесетін түрлер ретінде Казақстанның қызыл кітабына енген (Борщев қызғалдағы., Корольков қызғалдағы, Леман қызғалдағы, Островский қызғалдағы, әртүрлі күлтелі қызғалдағы, Шренк қызғалдағы).
Қызғалдакты сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Қазіргі кезде қызғалдақтың 800-дей сорттары белгілі.
Батыс Европаға қызғалдақты отырғызу XVI ғасырда Түркиядан ауысқан, Бұл өсімдікті өсіру әсіресе Голландияда жақсы жолға қойылған. Гүлсерігі қарапайым, тек күлтежапырақша түрінде берілген. Күлтежапырақшаларының мөлшері бірдей, олар үш-үштен топтасып екі қатар шеңбер түзіп бос орналасады. Гүлінің формуласы лалагүлдің гүлінің формуласымен бірдей: аталығының саны 6, оларда үш-үштен топтасып, екі қатар шеңбер түзеді. Гүлдің ортасында үлкен аналық орналасады, оның қыска мойны үш жақтауы бар аналықтың аузымен аяқталады.
Қазжуа туысы (гусиный лук - Gagea). Туыста шамамен 70 түр бар. Қазжуа туысы ерте көктемде өсетін эфемероидтар. Олар өте ұсақ өсімдіктер, жапырақтары жіңішке, гүлдері ұсақ, түсі көпшілігінде сары болып келеді. Қазжуалар ерте көктемде гүлдейді де, вегетациялық кезеңін тез аяқтайды. Қазақстанда 38 түрі кездеседі, олардың барлығы дерлік шөлді және шөлейт аймақтың өсімдіктері.
Алоэ туысы (Aloe) осы тұқымдастың ішінде ерекше орын алады. Оның 250-дей түрі бар. Табиғи жағдайда Оңтүстік Африка мен Мадагаскар аралында өседі. Гүлсерігі біріккен жапырақшалардан тұрады, көп жағдайда құстармен тозаңданады. Ағаш тәрізді алоэ, немесе жүзжылдық (алоэ древовидное, или столетник - Aloe arborescens) - көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін суккулент өсімдік (шыққан жерінде 4 м биіктікке дейін жететін). Жапырағы өте жуан, етженді, қылыш тәрізді болып келеді. Өте ерте гүлдейді. Гүлдері қызғыштау-сары түсті, қоңырау формалы болып келеді. Гүлшоғыры өсімдіктің жоғарғы жағында шашақ түзеді. Бірақта A. arborescens өте сирек гүлдейді жүзжылдық ("столетник") деген аттың өзі соған байланысты қойылған. БОР-да сәндік өсіреледі. Мәдени жағдайда Закавказьеде өсіреледі.
Алоэның жапырағынан алынатын "сабур" деп аталынатын қою шырыны медицинада қолданылады. Алоэның эмульсиясын эпидермит пен күйікті емдеу мақсатында денедегі жараға жағады. Халық медицинасында алоэның жапырағын және одан алынатын шырынды дәрі ретінде әртүрлі сыртқы және ішкі ауруларға пайдаланады.
Жуа туысы (лук -Allium ). Дүниежүзі бойынша 400-дей түрі бар, оның 250 БОР-дың территориясында , ал Қазақстанда 109 түрі кездеседі. Баданалы және тамырсабақты өсімдік. Екі түрлі жапырағы болады - трубка тәрізді және жалпақ жапырағы. Гулінің формуласы: *P3+3A3+3G(3).
Гүлшоғыры шатыр түзеді, дамудың алғашқы кездерінде жамылғысы (гүласты жапырақшасы) болады. Кейде гүлшоғырында ұсақ баданалары - өнім бүршіктері пайда болады. Жемісі қорапша (қауашақ). Пияз, қатпарлы жуаның (лук репчатый – А. сера) жапырағы трубка тәрізді, басында гүлі болатын, сабағының іші қуыс, үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы оның құрамында эфир майының барлығын көрсетеді (концентрациясы 0,03-0,05%), одан басқа пияздың құрамында қант (5% дейін), витаминдер B.C., фитонцидтер болады. Жабайы түрі белгісіз; көптеген сорттары шығарылған. Сарымсақ (чеснок - Asativum) - жапырағы жалпақ, түзу, жамылғысының ұзын тұмсығы болады, баданасы көптеген ұсақ пиязшықтан (деток) тұрады. Пиязшықтары арқылы және өнім бүршіктері арқылы көбейеді, құрамында сарымсақ майы болады, кеңінен отырғызылады. Порей жуасы (лук порей - A. porrum) жапырақтарымен сабақтарының жеуге келетін түп жағы үшін отырғызады. Домалақ пияз (лук круглый - A. rotundum) көп жағдайда күресуге бой бермейтін арамшөп ретінде өседі.
Агава (Agave). Үлкен суккулентті көпжылдық өсімдік, жапырақтары етженді, үлкен (ұзындығы 80-170 см, ені 10-15см болатын), шеттерінде сиректеу орналаскан тікенектері болады, жоғарғы ұшы жіңішкеріп, ағаштанған қоңыр тікенмен аякталады. Өмірінде бірақ рет гүлдейді (6-15 ж.). Гүл беретін атпа сабағы (цветочная стрелка) үлкен болады (8 м-ге дейін барады), оның басында аса үлкен, көп гүлді сыпырғы тәрізді гүлшоғыры түзіледі. Гүлдеп болғаннан соң, гүлсағактарының қолтығында пиязшықтар ("луковички") түзіледі, олар келешегінде үзіліп, топыраққа түседі де тамыр береді. Өсімдік монокарпик болып табылады, өйткені гүлдегеннен кейін оның жер беті бөлігінің барлығы өледі, ал тамырсабағынан өркен түзіледі. Бұл үлкен туыстың көптеген түрлері (275 түр) Мексикада, Солтүстік және Оңтүстік Американың оған жақын орналаскан облыстарында өседі. БОР-да агавалар (сизал мен хенекеннен басқалары) ылғалды субтропикаларда сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Агавалардың (Agave) экономикалық жағынан маңызы үлкен. Көптеген агавалардың жапырақтарынан, тіптен басқа жылы елдерде өсірілетін түрлерінен (A. sisalana, A.fourcroydes, A. cantala, A.americana), талшық алынады (сизальпенка, генекен және т.б.), олар арқан (канат), шпагат, төсеуіш және дөрекі маталар тоқуға жұмсалады. Кейбір агавалардың қантты шырынынан Мексикада ішімдік (алкагольные напитки "пульке") ашытады.
Юкка туысы (Yucca). Діңі қысқарған ағаш тәрізді өсімдік. Жапырақтары бұтақтарының жоғарғы жағында топтасып орналасады. Гүлшоқтары шашақ тәрізді өте үлкен, гүлдері салбырап тұрады. Шықкан жерінде Pronuba күйесімен тозаңданады; бұл өсімдік пен насекомдардың арасындағы таңқаларлық қарым-қатынасты көрсетеді. Жапырақтары тоқыма өнеркәсібінде және щеткалар жасауға пайдаланылады. Бұл өсімдіктің көптеген түрлері (V.gloriosa, Y.filamentosa және т.б.) жақсы талшықтар береді. Оларды Грузияда, Азейбайджанда және Крымда сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады.
Меруертгүл, мамыр ландышы (ландыш майский - Convallaria majalis) биіктігі 15-30 см болатын көпжылдык шөптесін өсімдік. Жіңішке, ұзын, тамырсабағы болады. Жапырақтарының саны екеу (сиректеу үшеу) болады, олар тамырына жақын орналасады (прикорневые) және пленка тәрізді қынапша жапырақшыларымен қоршалып тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты, сопақша-ланцет тәрізді, екі жүйкелі болып келеді және сабақты сыртынан түгелімен жауып тұрады. Көкек, мамыр айларында гүлдейді. Гүл беретін атпа сабағы (цветочная стрелка) ұзын болып келеді және біржақты орналасқан сирек шашақтан тұратын гүлшоғырымен аяқталады. Гүлдерінің саны 6-дан 20-ға дейін болады, олар қоңырау формалы, төменгі жағында 6 тісі бар, ақ түсті, жұпар иісті болып келеді. Гүлдерінің формуласы:
*Р(6)А6G(3).
Жемісі қызғылт-сары түсті, шырынды, шар формалы, үш дәні бар жидек. Улы өсімдік. БОР-дың Европалық бөлігінің барлығында, Кавказда, Шығыс Сібірдің ормандарында өседі. Бұл түр Казақстанның таулы аймактарында кездеседі. Дәрілік өсімдік. Гүлдері мен жапырақтарында жүрекке қолданылатын глюкозид конваллотоксин және іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылатын глюкозид конвалларин болады. Оларды қайнатып медицинада тұнбасын пайдалынады. Жаңа жиналған гүлдерін парфюмерия өндірісінде иіс сулар (духи) жасауға пайдалынады. Мәдени жағдайға ендірілген сәндік өсімдік ретінде парктерде өсіріледі.
Қырлышөп туысы (купена, или соломонова печать - Рolygonatum). Орманды, жартылай орманды және шөлейт зоналарда өседі. Біршама жуан тамырсабағы болады, жылма-жыл одан жапырағы мен гүлі бар өркендер кетеді. Қыска қарай өсімдіктің жер беті бөлігі өлген кезде, тамырсабақта олардың іздері қалып отырады. Жидектері қанықгау-көкшіл түсті болады.
Қасқыржем туысы (спаржа - Asparagus). Дүниежүзінің барлық құрлықтарының құрғакшылық болып тұратын облыстарында өсетін өсімдіктер. Тек Америкада ғана кездеспейді. БОР-дың территориясында 24 түрі, Қазақстанда 11 түрі кең таралған. Тік немесе өрмелеп өсетін биіктігі 150 см болатын тамырсабақты өсімдік. Сабағы бұтақталған, онда формасы ине тәрізді болып келетін топтаскан филлокладий жетіледі. Олар редукцияға ұшыраған қабыршақ (чешуя) тәрізді жапырақтарының қолтығында орналасады. Екі үйлі өсімдік, дара жынысты, гүлдері екеуден немесе көптен редукцияға ұшыраған жапырактардың қолтығында жиналады. Жемісі шырынды. Ең кең тараған өкілі дәрілік қасқыржем (спаржа лекарственная - A.officinalis ), ол шалғынды жерлерде, БОР-дың европалық бөлігінің шөлейт аймақтарында, Кавказда және Батыс Сібірде өседі. Деликатесті овощ, жас сабақтары үшін отырғызылады; құрамында аспарагин бар, дәрілік маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |