Жаратылыстану-математика факультетінің деканы



жүктеу 1,4 Mb.
бет10/15
Дата29.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27680
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұршақ тұқымдасына ғана тән қандай айрықша белгілер бар?

  2. Бұршақ тұқымдасына қандай туыстар жатады? Табиғатта ең көп таралған өкілдері.

  3. Құлқайырлар тұқымдасының қандай шаруашылық маңызы бар?

  4. Шатыргүлдердің қандай практикалық маңызы бар?


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл

  3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.

  4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»

  5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл

  6. Ә.Ә.Әметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.


Дәріс 17.

Дәріс тақырыбы: Шамшаттар, қайыңдар. талдар тұқымдасы

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Шамшаттардың өзгешелігі, өкілдері

  2. Қайыңдардың өзгешелігі мен өкілдері

  3. Талдардың өзгешедігі мен өкілдері

Дәрістің мазмұны: Шамшаттар тұқымдасының географиялық таралуы. Тіршілік формалары мен вегетативтік органдарының ерекшеліктері. Гүлшоғыры мен гүлдерінің құрылысы. Қайыңдар тұқымдасының географиялық таралуы, экологиясы. Жалпы сипаттама. Тіршілік формалары мен вегетативтік органдарының ерекшеліктері. Гүлшоғыры мен гүлдерінің ерекшелігі. Жемістері, олардың таралуы. Тал тұқымдастарының географиялық таралуы. Тіршілік формалары. Гүл шоғыры, гүлдер, жемістерінің құрылысы. Табиғат пен адам өміріндегі маңызы.

Дәрістің мақсаты: Осы тұқымдастардың географиялық таралуын, тіршілік формаларын, гүлі және гүл шоғырларының құрылысын, ерекшеліктерін, табғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Шамшаттар тұқымдасы – Fagaceae


Тұқымдаста 900 түр бар (8-9 туыс). Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қыска қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар. Олар жер бетінің, негізінен қоңыржай климатты және субтропикалық елдерінде, кеңінен таралған. Жапырақтарының түсіп отыратын, қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтары тұтac немесе қауырсынды қалакты және кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар түзеді. Кейде дихазиялары бір гүл қалғанға дейін редукцияға ұшырайды. Аналық гүлді плюска қоршап тұрады. Гүлcepiгi 6-мүшелі, бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы, соған сәйкес аналықтың мойныда (столбик) сонша болады, гүлтүйіні төменгі.

Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді және әртүрлі түске - сарыға, қоңыр-қызылға, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны не 3+3, не болмаса 5-7, аталықтарының саны гүлсеріктерінің санымен бірдей (кейде көптеу) болады.



Емен туысы (дуб - Quercus). Дүние жүзі бойынша 300 түрі бар; БОР-дың флорасында 19 түрі, ал Қазақстанда 1 ғана түрі кездеседі. Табиғи жағдайда солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде, сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Ағашы әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға және құрлыс материалдары ретінде аса құнды болып табылады. Жалпақ жапырақты орманның (дубрав) негізгі компоненті. Діні жуан болып келетін, биіктігі 40м. дейін баратын, әдетте бөрікбасы жан-жаққа тармақталып тұратын үлкен ағаш. Гүлінің формуласы: * P6A0G(3); * P(6-8)A6-10G0.

Жемісі жаңгақ (желудь - шошқа жаңғақ).

Кәдімгі емен (дуб черешчатый, или обыкновенный - Q. robur) Европада кеңінен таралған. БОР-дың бөлігіндегі, жалпақ жапырақты ормандардың, ең құнды, орман түзетін ағашы болып саналады, ареалының оңтүстік-батыс бөлігінде, қыстық және жаздық формалары болады. Жартас емені (дуб скальный - Q.petraea) негізінен Кавказда және батыс Украинада Карпат тауының етегінде өседі. Емен (дуб пушистый- Q.pubescens) Кырымда өседі. Емен ағашының көпшілікке танымал түрінің бірі тығын емені (дуб пробковый - Q. suber), ол Жерорта теңізінің батысында кең таралған. Еменнің бұл тұрін өзінің табиғи ареалынан тыс жерде де, тығын алу мақсатында мәдени жағдайда өсіреді.

Шамшат туысы (бук - Fagus). Барлығы 10 түр; БОР-дың флорасында 3 түрі бар. Олар солтүстік ендіктің қоңыржай климатты зоналарында өседі. Ылғалдығы жеткілікті, құнарлы топырақта, буктер өнімділігі жоғары орман алқабы түзеді. Құнды ағашынан басқа, жаңғақ тәрізді жемісі малға жем болады.

Гүлдерінің формуласы: * Р6АОG(3); * Р(6-8)А6-10G0;

БОР-дың территориясында, Карпат тауында және оның Украинаға қарайтын етегінде европа бүгі (бук европейский - F.sylvatica), Кавказда, Қырымда шығыс бүгі (бук восточный- F.orientalis) өседі.
Қайыңдар тұқымдасы – Betulaceae
Тұқымдастың құрамында 130 түр бар (6 туыс). Табиғи жағдайда, олар солтүстік ендіктің, негізінен тропикалық емес облыстарында өседі. БОР-дың флорасында 64 түрі, ал Қазақстанда 17 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар.

Гүлшоғы - сырға тәрізді тирс, дара жынысты (бір үйлі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, көп жағдайда гүлсеріктері болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша түрінде болады.



Қайың туысы (береза - Betula). Түрлерінің жалпы саны 60, БОР-дың флорасында 40, ал Қазақстанда 15. Олар климаты қоңыржай, кейде тіптен ылғалы жеткіліксіз облыстарда ағаштар мен бұталар. Гүлдерінің формуласы: * P0A0G(2); * P2A2G0.

Аталық және аналық гүлдері дихозияда 3-тен орналасып сырға түзеді. Жемісі - қанатша.

Қотыр қайың (береза повыслая, или береза бородавчатая – B. verrucosa) Европа мен Азияның орманды зонасында өседі. Үлпек қайың (береза пушистая - B.pubescens) - осыған дейінгі түрдің өсетін жерлерінде кеңінен таралған. Тас қайың (береза каменная- B.ermani)- қиыр шығыста өседі, тоз (пробка) қабатының түсі сары болады. Даур қайыңы (B.dahrica) - Забайкальеде өседі, тоз қабатының түсі қара-қошқыл болып келеді. Орманжаңғақ туысы (лещина - Corylus). 8 түрі бар; БОР-дың флорасында 7 түрі, ал Қазақстанда 1 түрі өседі. Қысқа қарай жапырақтары түсіп отыратын ағаштар мен бұталар, бір үйлі, жапырақтары кезектесіп орналасқан, тең бүйірлі болмайды, қосалқы жапырақшалары түсіп отырады. Гүлдерінің формуласы: * Р4АО G(2); * РОА4G0.

Аталық гүлі бір гүлден тұратын дихазия түрінде болады, олар ұзын, жұмсақ сырға түзеді. Аналық гүлі екі гүлден тұратын дихазия, ол жапырақтың қолтығында пайда болатын бүршіктермен қоршалып тұрады. Гүл асты жапырақшалары бірігіп, жемістің айналасында плюска (тостақша) түзеді. Кәдімгі орманжаңғақ (лещина обыкновенная - C.avellana) биіктігі 5м. дейін баратын үлкен бұта, БОР-дың европалық бөлігінде кең таралған, құнды жаңғақ беретін өсімдік. Ағаш тәрізді орманжаңғақ, немесе аю жаңғақ (лещина древовидная, или орех - C.colurna) - биіктігі 20-25м. жететін ағаш, өсетін жерлері Алдыңғы Азия, Кавказ; солтүстікке қарай, мысалы Украинада сәндік ағаш ретінде отырғызады.


Талдар тұқымдасы – Salicaceae
Бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік ендіктің климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді (карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын жай жапырақтар. Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық және аналық гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әртүрлі особьтарында (екі үйлілік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-ден 30-ға дейін, кейде оданда көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс жапырақшасынан тұратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп. Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар. Тұқымының түп жағында бір топ талшығы болады, эндоспермі болмайды.

Талдар тұқымдасына 400-дей түр жатады, олар үш туыстың құрамына кіреді: терек (тополь - Populus, 25-30 түр), тал (ива - Salix, 350-370 түр) және чозения (Chosenia, 1 түр).



Терек туысы - Populus. БОР-дың флорасында 30 түрі, ал Қазақстанда 18 түрі кездеседі. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки) тұрады, олардың түп жағын қиғаш воронкаға ұқсас - бокал тәрізді орган, диск қоршап тұрады. Ол не редукцияға ұшыраған гүлсерігі, не болмаса гүл тұғырының жалпайып өсуінен пайда болған мүше. Аналық гүлініңде түп жағында, жалғыз аналықты қоршап тұратын, екі парокарпты біріккен жемісжапырақшадан түзілген, бокал тәрізді диск болады. Гүлінің формуласы: * Р0АОG(2); * Р0A12-20 G0.

Бұл туысқа көктерек (осина - Populus tremula), қара терек (тополь черный, немесе осокорь - Populus nigra) және т.б. жатады. Теректердің көптеген түрлері тез өсетін, ағашы жұмсақ, оңай кесілетін болғандықтан құнды болып табылады. Ағашы негізінен сіріңке жасауға, әртүрлі үйге қажетті ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланады (қасықгар, шөміштер т.б.); қағаз өнеркәсібінде де, сиректеу құрлыс материалдары ретінде де пайдаланады. Сонымен бірге көшелерді, канал жағаларын көгалдандыруға бірден-бір таптырмайтын сәндік өсімдік. Теректер желмен тозаңданады.



Тал туысы (ива - Salix). Саны жағынан ең көбі. Тек БОР-дың флорасында 170-тей түрі және көптеген гибридтік формалары кездеседі, ал Қазақстанда 46 түрі өседі. Талдың гүлдерінде кейбір жағдайларда теректердегі секілді, гүлдің түп жағынан қоршап тұратын дисксі болады. Көптеген түрлерінде ол екі шырындықпен (нектарник) алмастырылған. Шырындықтардың біреуі жабындық жапырақшалар жағынан, ал екіншісі сырғаның өсіне қараған жағынан орналасады. Кейбіреулерінде тек бір ғана шырындық сақталған. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеуге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (ганецей) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы болады (рыльца пестика). Талдар жапырақтары шықпас бұрын, немесе олармен бірге гүлдейді. Талдар насекомдармен тозаңданады. Оларға насекомдардың ондаған түрлері келіп қонады, сиректеу желмен тозаңданады. Көптеген түрлері будандасуға бейім, соған байланысты бір түрмен екінші түрдің шекарасы, барлық уақытта айқын бола бермейді.

Шықтарынан карзеңке, балық аулауға қажетті жабдықтар тоқуға болады. Өзен жағасында және кішігірім аралдарда өсетін қадама талдардан киіз үйдің керегелері мен уықтарына қажетті матриалдар дайындайды. Қабығында иілік заттар болады. Талдар өте оңай тамыр береді және вегететативтивтік жолмен көбейеді. Сондықтанда оларды құмды бекіту мақсатында (фитомелиорация) өсіреді.



Халық медицинасында қабығын маляриядан емдеуге пайдаланады. Жақсы бал беретін өсімдік.

Чозения туысының (Chosenia), жоғарыда айтылғандай жалғыз ғана түрі бар. Ол Ресейдің Қиыр Шығысында, Жапонияда, Корея түбегінде, Қытайда өседі. Чозения тал туысына өте жақын.

Талдар тұқымдасы - Populus және Salix (бұларға жанасып тұратын чозениямен бірге) күмәнсіз бір-біріне жақын туыстар. Шамасы олар эволюциялық дамудың 2 дербес-анемофильді (Populus туысы) және энтомофильді (Salix оған жанасып тұратын чозениямен бірге) тармақтарын береді. Бұлардың арғы тегі болып табылатын форманың гүлі қос жынысты болса керек. Мұны ешкі талдың (ива козья - S.caprea) және теректің Гималайлық түрінің (тополь сизый - P.glauca) гүлдерінде кездесетін, қосжынысты гүлге ұқсас, ауытқушылықтың болуы дәлелдей түскендей.
Бақылау сұрақтары:

  1. Шамшаттар тұқымдасының ерекшелігі неде?

  2. Қайыңдар тұқымдасы мен талдар тұқымдасының бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Қайыңдар тұқымдасының қандай практикалық маңызы бар?

  4. Талдар тұқымдасына тән өкілдердің табиғат пен адам өміріндегі маңызы қандай?


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл

  3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.

  4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»

  5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл

  6. Ә.Ә.Әметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.


Дәріс 18.

Дәрістің тақырыбы: Алқа, ерінгүлділер тұқымдасы

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Алқалардың негізгі белгілері, өкілдері

  2. Қалақайлардың негізгі белгілері, өкілдері

  3. Қалампырлардың негізгі белгілері, өкілдері

  4. Алаботалардың негізгі белгілері, өкілдері

Дәрістің мазмұны: Алқалар тұқымдасына жалпы сипаттама. Географиялық таралуы. Гүлшоғыры, гүлі, жемісі. Олардың адам тіршілігіндегі маңызы. Ерінгүлділер тұқымдасының географиялық таралуы және экологиясы. Тіршілік формалары және вегетативтік органдарының негізгі ерекшелігі. Гүлшоғыры, гүлі, жемісі. Табиғат пен адам тіршілігіндегі маңызы.

Дәрістің мақсаты: Осы тұқымдастардың географиялық таралуын, тіршілік формаларын, гүлі және гүл шоғырларының құрылысын, ерекшеліктерін, табғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Алқалар тұқымдасы — Solanaceae
Алқалар тұқымдасының 2300-дей түрі бар (85 туыс). Ортаңғы ендіктерде олар негізінен шөптесін өсімдіктер болып келеді. Сиректеу жартылай бұталар, кейде тіптен бұталар. Тропикалық елдерде, әсіресе Оңтүстік Америкада өрмелеп өсетін бұталары мен ағаштары басым болып келеді. Жапырақгары кезектесіп орналасады, жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) бол­майды, жапырақтары жай, жапырақтақталары тұтас немесе тілімделген болып келеді. Сабақтарында биколлатералды өткізгіш шоқтары болады. Гүлдері монохазий бұйра гүлшоғырына жиналған немесе жекелеген гүлден тұратын, көрнісі актиноморфты, көп жағдайда гүл түйінінің көлбеу орналасуына байланысты аздап зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы 5 тісті, ал гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Күлтежапырақшалары бір-бірімен біріккен, дөңгелек, табақша, трубка тәрізді, немесе кең қоңырау секілді болып келеді. Күлтенің трубкасына, оның тістерімен кезектесіп, ішкі жағынан әрқайсысының басында ә-ден, сиректеу 4-тен тозаң ұясы бар 5 аталық жабысып өседі. Гинецейі ценокарпты, 2 жемыс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы, әдетте 2 ұялы, бірақта жалған перденің пайда болуына немесе гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ), сиректеу сүйекті болып келеді. Көптеген түрлерінің овощтық өсімдіктер ретінде (картоп, помидор, баклажан, бұрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, ал кейбіреулерінің бойында улы алколоидтары болады, оларды дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Кейбір біржылдық түрлері сәндік өсімдіктер болып келеді.

Алқа туысы ( паслен - Solatium ). 1,5 мыңдай түрлері бар. Түрлерінің ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР-дың флорасыңда бары-жоғы 10-ақ түрі кездеседі. Экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп ( картофель - S.tuberosum), ол осы тұқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда ең кең таралған түрдің бірі. Біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүлсерігі актиноморфты, күлтежапырақшаларының түсі ақ, ашық-сия көк, сарылау-қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасында конус түзіп орналасады. Гүлінің формуласы: * Са(5)Со(5)А5G(2). Екі ұялы шырынды жемісі болады. Тамырлары жіңішке. Сабағының жер асты бұтағы - сталондары болады, оларды тамырдан оңай ажыратуға болады. Өйткені, олардың бүршіктерімен ұсақ қабыршақ (чешуя) тәрізді төменгі жерасты) жапырақтары болады. Сталондарында түйнектері жетіледі, оларда 12-25% дейін крахмал және 78% дейін су болады. Картоптың 1 мыңнан астам тамақка пайдаланатын, малдарға қорек болатын және әртүрлі техникалық заттар алатын сорттары белгілі. БОР-дың территориясынада отырғызылып жүрген картоп, шамасы Чилидің Аңдасында, Чилоэ аралында өсетін түрге, Перуде өсетін түрге де жататын болуы мүмкін. Кең таралған овощтық дақылға көк баклажанда (синий баклажан - S.melongena) жатады. Ол жеуге келетін жемісі үлкен, қою сия-көк түсті; шыққан жері Индия. Жабайы өсетін түрлерінен ащылау алқаны (паслон сладко-горький -S.dulcamara) айтуға болады. Ол жартылай бұта, шырынды жемісінің түсі ашық-қызыл болып келеді. Қара алқа (п.черный - S.nigrum); біржылдық шөптесін өсімдік, шырынды жемісінің, түсі қара болып келетін кең таралған арамшөп.

Темекі туысы (табак - Nicotiana). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америкада, Австралияда кездеседі. Бұталар және шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлтежапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңырау тәрізді, көп жағдайда қош иісті болып келеді. Бірқатар түрлері біржылдық техникалық өсімдіктер ретінде кеңінен өсіріледі: кәдімгі темекі (табак курительный - N.tabacum) жабайы түрінде Перуде және Эквадорда өседі, көптеген сорттары шығарылған; мохорка темекісі (табак махорка - N.rustica). Сәндік өсімдіктер ретінде орман темекісі (табак лесной - N.sylvestris), ұзынжапырақты темекі (табак длиннолистый - N.longifoba) және т.б. отырғызылады.

Бұрыш туысы (перец - Capsicum ). Түрлерінің саны 25-тен 50-ге дейін жетеді. Жартылай бұта және шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда Орталық Америкада өседі. Қоңыржай климатты елдерде, оның ішінде БОР-дың оңтүстігінде және Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Біржылдық бұрыштың (перец однолетний - C.annuum) негізінде көптеген ащы және салаттық сорттары шығарылған. Шықкан жерінде ол жартылай бұта. Басқа туыстарынан мына түрлердің маңызы зор: ас помидоры (томат — Lycopersicum esculentum) біржылдық дақыл 600-дей сорттары белгілі; белладона (Atropa belladonna) көпжылдық шөптесін өімдік, бойында атропин және гиосциамин алколоидтары болады, сол үшін оны дәрілік өсімдік ретінде өсіреді.
Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы - Labiatae, Lamiaсеае
Тұқымдаска 4 мыңдай түр жатады (200-ден астам туыс). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында өседі, бірақ түрлерінің ең көп тараған жерлері Жерорта теңізі жағалауының, Алдыңғы және Орта Азияның шөлді және шөлейт аудандары.

Сабағы 4-қырлы. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қарапайым (жай жапырақтар), қосалқы жапырақшалары болмайды. Сабақтары мен жапырақтары безді түктермен немесе қабыршақтармен жабылған, олар эфир майларын бөліп шығарады. Гүлшоғыры әртүрлі тирстен тұрады. Гүлдері зигоморфты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты гүлге өте жақын болады. Тостағанша жапырақшалары біріккен, қоңырау тәрізді, түтік тәрізді немесе екі ерінді, өдетге 5-мүшелі. Күлтесі барлық уақытта 5-мүшелі. Желектердің бірігуінің нәтижесінде күлтенің төменгі жағы трубка, ал жоғарғы жағы отгиб (күлте алақаны) түзеді. Қалыпты жағдайда отгиб екі ерінді болады, жоғарғы ерін 2 желектен, ал төменгі ерін 3 желектен тұрады. Сиректеу ол 4-мүшелі немесе бір ерінді болады. Түтіктің іші жалаңаш және жылтыр немесе аталықтардың біріккен жерінен сәл төмендеу түктердің (үлпектердің) шеңбері болады. Осы бейімделушілікің болуы немесе болмауы — аса маңызды систематикалық белгі болып табылады. Андроцейі күлтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан тұрады, оның 2 ұзын, 2 қыска болады. Андроцейі 2 аталықтан тұратын туыстарыда кездеседі. Гинецейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, бірақ 4-ұялы (бөліп тұратын пердесінің 2-жалған), әр ұяда 1-ден тұқымбүрі болады. Аналықтың мойны біршама ұзын болады және 2-жақтаулы аналық аузымен (2-лопостным рыльцем) аяқталады. Ақ тауқалақайдың гүлінің формуласы:

 Са(5)Со(2+3)A2+2G(2).

Жемісі 4 жаңғакшаға бөлінеді.



Тауқалақайлар тұқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде, жағымды иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде (розмарина - Rosmarinum және лаванда - lavandula), тамақ өнеркәсібінде (мускат шалфейі -Salvia sclarea) және медицинада (бұрыш жалбызы - мята перечная - Mentha piperita, сасықшөп – пустырник - Leonurus, шалфей туысының түрлері - Salvia, насыбайгүл - базилик - Ocimum, жебір – тимьян - Thymus) кеңінен қолданылады. Кейбір өсімдіктер сәнді болып келеді, сондықтанда оларды гүл өсіру шаруашылығында пайдаланады (шалфей блестящий - Salvia splendes дәрілік, сайсағыз - иссоп лекарственный - Hyssopus officinalis). Мынаай түрлері арамшөптер болып табылады: ақ тауқалақай (Lamium album), қайызғақшөп туысының түрлері (чистец - Stachys), пикульник (Galeopsis) және басқалар.
Бақылау сұрақтары:

  1. Алқалардың құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

  2. Алқалар тұқымдасына қандай туыстар жатады? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  3. Ерінгүлділерге ғана тән қандай сыртқы белгілері бар?

  4. Ерінгүлділер тұқымдасының қандай практикалық маңызы бар?


ҚАЛАҚАЙЛАР ТҰҚЫМДАСЫ. ҚАЛАМПЫРЛАР ТҰҚЫМДАСЫ. АЛАБОТАЛАР ТҰҚЫМДАСЫ.

Қарастыралытын сұрақтар:
Дәрістің мазмұны: Орталық тұқымды өсімдіктер қатарының морфологиялық, анатомиялық белгілері. Қалақайлар тұқымдасына жалпы сипаттама. Туыстарына тән ерекшеліктер. Қалампырлар тұқымдасының таралуы, экологиясы. Тіршілік формалары. Морфологиялық құрылыс ерекшеліктері. Гүл шоғырының өзгешелігі. Гүлдер, жемістер. Адам үшін маңызы. Алаботалар тұқымдасының гео.ліктері.кологиясы.на тән ерекшеліктері.гілері.. , экологиясы.графиялық таралуы мен экологиясы. Морфологиялық құрылыс ерекшеліктері. Гүл шоғыры өзгешелігі. Қызылша туысы. Алабота туысы. Көкпек туысы.
ОРТАЛЫҚ ТҰҚЫМДЫ, НЕМЕСЕ ҚАЛАМПЫРЛАР ТЕКТЕС БІР ЖАБЫНДЫ ӨСІМДІКТЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ

CENTROSPERMAE MONOCHLAMYDEAE
Гүлсерігі қарапайым, кейде екі шеңберлі, тостағанша және күлте жапырақшаларға бөлінбеген, көп жағдайда тостағанша түрінде болады. Бұл желмен тозаңданатын өсімдіктерге тән.
Қалақайлар тұқымдасы — Urticacea
Түрлерінің жалпы саны 850-дей (45 туыс). Кіішгірім ағаш, жартылай бұта, біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тропикалық және қоңыржай климатты зоналарда кең тараған. Тропикалық ормандарда көп жағдайда шөптесін және бұталы ярустар түзеді. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында саны жағынан аз болғанымен, аса кең тараған түрлері өседі. Гүлдері дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты. Гүл шоғыры - әртүрлі тирс. Гүлсерігі қарапайым, тостағаншажапырақшалар түрінде болады, 4-мүшелі. Андроцейі 4 аталықтан тұрады, олар гүлсерігінің жапырақшаларына қарама-қарсы орналасады, аталықтың жіпшесі гүлдің ортасына қарай қайырылып тұрады. Аналығы бір, екі жемісжапырақшадан түзілген. Тұқымбүрі 1. Жемісі - жаңғақша, олар гүлсерігінің ұлғайған ішкі жапырақшаларымен қапталып тұрады. Сүт жолдары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарының сыртын әдетте күйдіргіш түктер жауып тұрады.

Қалакай туысы (крапива - Urtica). Түрлерінің саны 40-тай. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Екі жартышардың да тропикалық және қоңыржай климатты облыстарында кең тараған өсімдіктер. Көптеген түрлері мал азығы ретінде құнды өсімдіктер, кейбіреулерін овощтар ретінде тамаққа пайдаланады, ал кейбіреулері талшықтар алуға қажетті шикізат болып табылады. Қосүйлі қалакай (крапива двудомная - U.dioica) мен күйдіргіш қалакай (крапива жгучая - U.urens)- космополиттер.
Қалампырлар тұқымдасы – Caryophyllaceae

Түрлерінің саны жағынан аса үлкен тұқымдас. Өкілдері солтүстік ендіктің қоңыржай климаты елдерінде кең таралған шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталар. Дүние жүзі бойынша 2000-нан астам түрі бар (80 туыс). БОР-дың флорасында 600-дей түрі, ал Қазақстанда - 215 түрі кездеседі.

Бұтақтануы дихазиялы, жапырақтары қарама-қарсы, сиректеу кездесіп орналасады, қосалқы жапырақшалары көбінде болмайды немесе аздаған түрлерінде ғана болады. Гүлдері дихазиялы немесе жалғыздан, актиноморфты, қосжынысты, сиректеу даражынысты, бір үйлі, сиректеу екі үйлі болып келеді. Гүлсерігі қосарланған, сиректеу қарапайым, 5-мүшелі. Тостағанша жапырақшалары біріккен (сылдыршөптерде - Silemoideae) немесе бос жапырақшалары бірікпеген (алсиналарда - Alsinoideae), 4-5 тісті болып келеді. Күлте жапырақшалары (4-5) тостағанша жапырақшалардың тістерімен алма кезек орналасады. Аталықтарының саны 10 немесе 5. Аналығы 1, ол 2-5 жемісжапырақшадан тұрады, гүлтүйіні жоғарғы, бір ұялы, аналықтың мойындары (столбик) біріккен немесе бірікпеген болып келеді. Тұқымбүрлері көп. Жемісі - жоғарғы лизокарпты қауашақ, немесе жоғарғы лизокарпты шырынды жеміс. Тұқымының иілген ұрыкты қоршап тұратын периспермі болады. Негізінен жабайы өсімдіктер, мәдени жағдайда ендірілгендері өте аз.

Жұлдызшөп (звездчатка - Stellaria). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді немесе сопақша болып келеді және қарама-қарсы орналасады. Күлтесі ақ түсті. Аталығының саны 10 (немесе аздау), аналығының мойны 3. Қауашағы шар тәрізді. Бұл туыстың БОР-дың флорасында 50 түрі, ал Қазақстанда 20 түрі кездеседі.

Дымқыл жұддызшөп (звездчатка мокрица - S.media). Біржылдық немесе көпжылдық шөптесін өсімдік (күздік формаларында кездеседі), биіктігі 5-35 см. аспайды. Жерге төселіп өсетін сабағы ашық-жасыл түсті болып келетін арамшөп. Гүлінің формуласы: * Са(5)Со5A5+5G(3).

Халық медицинасында дәрілік шөп ретінде қолданылады. Көк балаусасы құстардың жақсы қорегі.

Орман жұлдызшөбі (звездчатка лесная - S.nemorum) көп жағдайда көлеңкелі жерде қашалардың бойында (у заборов), бұталардаң арасында, ормандағы бұлақтардың маңайында өседі. Маусым айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Гүлінің формуласы: * Са5Со5А5+5G(5).



Қарамықша туысы (куколь - Agrostemma). Жаздық және күздік өсімдіктер. Кәдімгі қарамықша (куколь полевой или обыкновенный - Agithago)- бір жылдық шөптесін улы өсімдік, астық егілген алқапта арамшөп ретінде жиі өседі. Жапырағы таспа тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Сабағы үлкен жалғыз гүлмен аяқталады, биіктігі 80см.- дейін жетеді. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Гүлсерігі трубка тәрізді. Тостағанша жапырақшалары бірігіп, 5 ұзын (күлтесінен асып тұратын) тістері бар тостағанша түзеді. Күлтесі ашқыл көк түсті болады. Жемісі қауашақ. Дәндері қара түсті. Гүлінің формуласы: * Са(5)Со5А5G(3).

БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі. Дәнінде улы зат сапонин болады. Қарамықшаның дәндері астыққа араласып кетсе қауіпті. Мұндай дәнмен араласқан үнның иісі нашар және дәмі ашқылтым болады. Ұнның құрамындағы қарамықтың мөлшері 0,5% жетсе, ол денсаулықка қауіп туғызады.



Сылдыршөп туысы (смоловка - Silene). Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлдері қосжынысты немесе даражынысты, бір- немесе екіүйлі өсімдік. Тостағанша жапырақшалары бірігіп кеткен. Аталықтары мен аналықтары тірсекте отырады (карпофорасында). Гүлтүйіні түп жағында үш ұялы болады. БОР-дың территориясында 150-дей түрі, Қазақстанда 62 түрі өседі. Гүлінің формуласы осыған дейінгі туыспен бірдей: * Са(5)Со5А5G(3).

Жарықдәрі туысы (грыжник - Herniaria). Бұл туыстың Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Оның ішінде ең маңыздысы жалаң жарықдәрі (грыжник гладкий - Herniaria glabra)- көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тармақталған, жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұсақ, қарама-қарсы орналасқан, эллипс тәрізді. Өсімдіктің түсі сарғыш- жасыл. Маусымнан қазан айына дейін гүлдейді. Гүлдері өте ұсақ. Олар жапырақ қолтығында жиналып жұмыршақ (клубочки) түзеді. Гүлсерігі қарапайым, тек тостағанша жапырақшадан тұрады. Тостағаншаларының саны 5. Күлтелері жетілмеген, біз тәрізді, ақшылдау түсі болып келеді. Аталықтарының саны 5. Пестигі бір ұялы жоғарғы гүлтүйінінен тұрады. Жемісі бір тұқымды, қақырамайтын болып келеді. Гүлінің формуласы: * Р5А5G1.

БОР- дың Европалық бөлігінің орталық және оңтүстік аудандарында, Кавказда, Орта Азияда, Алтайда, Сібірдің оңтүстігінде парға жыртылған егістікте, жолдың жағасында, құмшауыт жерлерде, жыралардың, өзендердің бойында өседі. Кептірілген шөбінен кумариннің иісі шығып тұрады. Халық медицинасында өсімдіктің жербеті бөлігі дәрі ретінде қолданылады. Өсімдікті суға салып езсе көпіреді, оны сабын ретінде қол жууға пайдалунуға болады. Сонымен бірге мүндай сабынды үйдегі иттерді жуындыруға пайдаланады ("собачье мыло").



Қалампыр туысы (гвоздика - Dianthus). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу жартылай бұталар. Гүлдері жалғыздан болады немесе дихазиялы гүлшоғырын түзеді. Тостағаншасы түтік тәрізді, жоғарғы жағында 5 тісі болады. Күлтері түрлі түсті боялған, жоғарғы жағы шашақты тілімделген болып келеді. Аталықтарының саны 10, аналықтың мойны 2. Дәндері көп. Гүлінің формуласы:* Ca(5)Co5A10G(5).

БОР-да 77 түрі, ал Қазақстанда 29 түрі өседі. Туыстың ең белгілі түрлері түрік қалампыры (гвоздика турецкая - D.barbatus) күлте жапырақшаларының түсі шұбар болып келетін көпжылдық шөптесін өсімдік (гүлі үшін мөдени жағдайда өсіреді) және голландия қалампыры (гвоздика голландская - D.caryophyllum) - үлкен, жағымды иіс шығаратын, түкті немесе қарапайым түрлі түске боялған гүлі бар өсімдік.


Алабұталар тұқымдасы – Chenopodiaceae
Тұқымдасқа 1600-дей түр (105 туыс) жатады. БОР-дың флорасында 350 түрі, ал Қазақстанда 225 түрі кездеседі. Олар жершарының барлық кеңістіктерінде, негізінен субтропикалық климаты құрғақ және топырағы тұзды болып келетін елдерінде көптеп өседі (Орта Азияда, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Оңтүстік Америкада, Орталық Австралияда). Гүлдері ұсақ, көріксіз, циклды немесе гемициклды, актиноморфты, 5 мүшелі (гинецейден басқасы), қосжынысты немесе даражынысты болып келеді. Соңғы жағдайда редукцияға ұшыраған не аталық, не болмаса аналық жыныс органдарының іздерін көруге болады. Гүлсерігі қарапайым, тостағанша жапырақша түрінде болады, аталық гүлдері кейде редукцияға ұшыраған. Андроцейі 5 аталықтан, гинецейі ценокарпты 2-3 (4-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, кейде жартылай төменгі, 1-ұялы. Жемісі 1 тұқымды-жаңғақша, тұқымша, қалған тостағаншаларымен қоршалған болып келеді.

Қызылша туысы (Beta). Туыстың құрамында 13 түрі бар, оның 5-уі БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 1 ғана түрі өседі. Олар жерортатеңізі жағалауында Европаның батысы мен оңтүстігінде, Алдынғы Азияда және Орта Азияда өседі.

Қант қызылшасы (свекла обыкновенная - B.vulgaris) - екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы өсімдік тамыр мойнының айналасында топтасып жертаған түзетін жапырақтар береді және тамыр жеміс түзеді, ал екінші жылы тамыржемістен сабақ кетеді, оның басында гүлшоғыры тирс түзіледі. Қызылшаны өндірістік мақсатта қант алу үшін, көкөністік және малға азық болатын өсімдік ретінде көптеп себеді. Кейде олар жабайы өсімдікке айналып кетеді де, арамшөп ретінде өседі (әсіресе Закавказьеде).

Алабұта туысы (марь - Сhenopodium). Дүние жүзі бойынша 250-дей түрі бар, БОР-дың флорасында 60 түрі, ал Қазақстанда - 20 түрі кездеседі. Біржылдық, екіжыддық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар. Олардың көптеген түрлерінің жапырағының сыртын ұн сепкендей болып тұздардың кристалдары тұтып бұрады. Ал жас сабақтарының сыртында көптеген бүртіктері, яғни түктері (пузырчатые волоски) болады.

Гүлдері негізінен қосжынысты, 5-мүшелі болады Бірқатар түрлері арамшөп ретінде кең тараған: ақ алабұта (марь белая - Сh. album) және дуал алабұтасы (марь стенная - Ch.murale). Ақ алабұтаның гүлінің формуласы мынадай: * Р(5) A5 G(2).



Көкпек туысы (лебеда - Atriplex). Түрлерінің жалпы саны 230-дай, БОР-дың флорасында 30 түр, ал Қазақстанда 25 түрі өседі. Боз көкпек (лебеда седая - A.cana) жартылай бұта, ол Орта Азияның жартылай шөлдерінде ландшафт түзетін өсімдік. Бақ көкпегі (лебеда садовая - A.hortensis) мен жылтыр көкпек (лебеда лоснящаяся - A.nitens) біржылдық арамшөптер болып табылады.
жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау