SQL Server деректер қорын құрудың бірнеше əдістерін ұсынады: CREATE
DATABASE операторы; SQL Server Enterprise Manager консолі жəне SQL Server
Enterprise Manager-де шақырылатын Create Database мастері.
Құрылған деректер қорымен түрлі əрекеттерді орындауға болады: ол тұралы
деректерді қарауға, сипаттамаларын өзгертуге жəне жоюға болады.
Деректер қоры жөнінде мəліметтерді қарау
SQL Server деректер қоры жөнінде мəліметтерді қараудың бірнеше əдістерін
ұсынады: sp_helpdb жүйелік сақталатын процедураны, DATABASEPROPERTYEX
операторын жəне SQL Server Enterprise Manager.
Деректер қорын өзгерту
Келесі конструкция көмегімен деректер қорын құрғаннан кейн деректер қорының
алғашқы анықтамасын өзгертуге болады:
ALTER DATABASE деректер_қорының_аты
Деректер қорын жою
Деректер қорын жою мына бұйрықпен орындалады:
DROP DATABASE деректер_қорының_аты [,…n]
Деректер қорындағы объектілердің барлығы жойылады, сондай-ақ олар орналасқан
файлдар жойылады. Деректер қорын жою операциясын орындауда қолданушының
сəйкес құқықтары болуы керек.
Бақылау сұрақтары:
1.
Деректер қорын құру командасы?
2.
Деректер қоры жөнінде мəліметтерді қарау қай бағдарлама арқылы істеуге болады?
3.
Деректер қорын өзгерту үшін қай бағдарлама пайдаланасыңыз?
4.
Деректер қорын жою командасын?
Əдебиеттер:[1] 102-105 бет. [2] 41-47 бет. [3] 37-39, 42-45 бет. қ[1] -13- 15 бет.
2 кредит сағат.
Тақырыбы: Деректер қорының логикалық құрылымы.
Дəріс мазмұны:
1.
Кестені құру жəне жою
Кесте құру. SQL стандартында кесте құруға арналған бірнеше əдістер берілген,
олар мыналар: CREATE TABLE операторы, SQL Server Enterprise Manager косолі жəне
Database Designer. Кесте құрудың инструкциясының базалық форматы келесі түрде ие
болады:
CREATE TABLE кесте_аты
{ (баған_аты_деректер_типі [NOT NULL] [UNIQUE]
[DEFAULT <мəн>] [CHECK (<таңдау_шарты>)] [,…n]}
[CONSTRAINT шектеу_аты]
[PRIMARY KEY (баған_аты [,…n] ) ]
{ [UNIQUE (баған_аты [,…n] ) ] }
{ [FOREIGN KEY (сыртқы_кілт_баған_аты [,…n] )
REFERENCES атау_кесте_тегі
[ (баған_аты_ кесте_тегі [,…n] ) ],
[MATCH {PARTIAL | FULL] }
[ON UPDATE {CASCADE | SET NULL | SET DEFAULT| NO ACTION} ]
[ON DELETE {CASCADE | SET NULL | SET DEFAULT | NO ACTION} ]
{ [CHECK (<таңдау_шарты >)] [,…n] } )
немесе басқаша:
CREATE TABLE
[деректер_қорының_аты. [иегер]. | иегер.] кесте_аты
(<кесте_элементі> [,…n] ) мұндағы
< кесте_элементі > ::= {<бағанды_анықтау>}
| баған_аты AS <өрнек> | <кесте_шектеуі>
Əдетте кестенің иесі оны құрушысы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1.
Кесте құру командасын атаңыз?
2.
Кесте құру командасында қандай параметрлері болады?
Əдебиеттер:[1] 102-105 бет. [2] 41-47 бет. [3] 37-39, 42-45 бет. қ[1] -13- 15 бет.
4- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы:
Деректерді шығару үшін сұраныс-тарды құру.
Дəріс мазмұны:
1. Деректерді шығару үшін сұраныстарды құру.
SQL тілі алдымен сұраныстарды орындауға арналған. SQL сұранысын құру үшін
қолданылатын SELECT инструкциясы тілдің барлық инструкцияларының ішіндегі ең қуаттысы
болып табылады. Осы инструкцияның мүмкіндігінің байлығына қарамастан, оның оқитылуын
қарапайым сұраныстарды құрудан бастап, біртіндей олардың күрделілігін үлкейтуге болады.
SELECT инструкцияның форматы:
SELECT [ALL | DISTINCT] {* | [баған_аты [AS жаңа_аты] ] } [,…n]
FROM кесте_аты [ [AS] псевдоним] [,…n]
[WHERE <таңдау_шарты> ]
[GROUP BY баған_аты [,…n] ]
[HAVING < таңдау_шарты > ]
[ORDER BY баған_аты [,…n] ]
SELECT процедуралы емес операторларға жатады. Сұраған деректерді таңдау үшін ДҚ
сервері орындайтын. Сұраған деректерді шығарудың эффективті тəсілін анықтау үшін
сұраныстарды оптимизаторының көмегімен ДҚ сервері операторды талдауы қажет. Инструкция
алты ұсыныстан тұрады, олардың ішіндегі SELECT жəне FROM қажетті операторлар болып
табылады; қалған төртеуі инструкцияға қажет кезінде қосылады. Ұсыныстың əрбір
функциясын атайық.
• SELECT ұсынысы SELECT инструкциямен қайтарылуға тиісті бағандар тізімін көрсетеді.
Қайтарылатын бағандарда деректер қорындағы кесте бағандарынан алынатын мəндер
немесе сұраныс орындалу уақытында есептелетін мəндер болуы мүмкін.
• FROM ұсынысында сұраныспен алынатын деректер элементтері бар кесте тізімі
көрсетіледі.
• WHERE ұсынысында сұраныс нəтижелеріне кейбір жолдарды ғана қосуға болатындығын
көрсетеді. Сұраныс нəтижелеріне қосылатын жолдарды сұрыптауда сұрыптау шарты
қолданылады.
• GROUP BY ұсынысы жинақтық сұраныстарды құруға мүмкіндік береді. Сұраныс
нəтижесіне жай сұраныс кестенің əр жолына бір жазбадан қосады. Жинақтық сұраныс
алғашында деректер қорының жолдарын анықталған түрмен топтап, сұраныс нəтижесіне
əрбір топ үшін бір жинақ жолын еңгізеді.
• HAVING ұсынысы GROUP BY ұсынысының көмегімен құрылған топтардың кейбіреуін
ғана сұраныс нəтижесіне қосуға болатындығын көрсетеді. Бұл ұсыныста сұрыптау
бойынша топқа қосатын сұрыптау шарты қолданылады.
• ORDER BY ұсынысы бір немесе бірнеше бағандарда бар деректер негізінде сұраныс
нəтижесін сұрыптайтынын көрсетеді. Егер бұл ұсыныс көрсетілмесе, сұраныс нəтижесі
сұрыпталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |