жақшаларды пайдалану арқылы жаңа өрнекті құру үшін бір немесе бірнеше өрнектерге
жасалатын операциялар белгілері. Операторлар арасынан унарлы операторларды, меншіктеу
операторларын, арифметикалық операторларды, жолдық операторларды, салыстыру
операторларын, логикалық операторларды, биттік операторларды бөліп алуға болады.
Айнымалылар. SQL Server ортасында командалар арасында деректерді берудің бірнеше
тəсілдері бар. Олардың бірі – жергілікті айнымалылар арқылы деректерді беру. Айнымалы
анықталған мəні бар объектіні білдіреді. Кез-келген айнымалыны қолданбас бұрын оны
жариялау керек. Айнымалыны жариялау DECLARE командасы арқылы орындалады, оның
форматы осындай:
DECLARE {@айнымалы аты} [,…n]
Басқарушы нұсқаулар. Орындалу бағытын басқару тілі - Transact-SQL операторларының
орындалу бағытын бақылайтын арнайы сөздерден, операторлар блоктарынан жəне сақталу
процедураларынан тұрады. Егер орындалу бағытын басқаратын тіл қолданылмаса, Transact-
SQL жеке операторлары орналасқан тəртіпте тізбектей орындалады. Орындалу бағытын
басқару тілі байланысқан операторлардың бірігуін, олардың өзара тəуелділігі болуына
мүмкіндік береді. Орындалу бағытын басқаратын тілдің бір операторы бірден бірнеше сақталу
процедуралары мен пакеттерге жатқызылмайды. Пакет – бұл қосымша бір уақытта SQL Server-
ге орындауға жіберетін, Transact-SQL бір немесе бірнеше операторларынан тұратын топ. SQL
Server пакет операторларын біріңғай орындалатын бірлікке (орындалу жоспары)
компиляциялайды. SQL Server сценарийі бір немесе бірнеше пакеттерден тұрады. Пакеттің
соңы GO командасымен белгіленеді. Егер сценарийде бірде-бір GO командасы болмаса, онда
ол бір пакет ретінде орындалады.
Егер Transact-SQL анықталған бір əрекетті орындауды талап етсе, онда орындалу бағытын
басқару тілінің кілтті сөздері пайдалы болады. Осы кілтті сөздерді атайық:
1. BEGIN…END – операторлық жақшалар;
2. IF…ELSE – алгоритмнің тармақталуы;
3. WHILE… CONTINUE – цикл;
4. BREAK – циклдан шығу;
5. GOTO – анықталған таңбаға көшу операторы;
6. GO – команда пакетінің аяқталу операторы;
7. RETURN- шартсыз аяқталу
8. WAITFOR – тоқтату операторы;
9. USE – деректер қорын ауыстыру операторы.
SQL тілінің функциялары. Функциялар – анық аты бар жəне жиі қолданылатын
алгоритмдерді жүзеге асыратын шағын программа. Өрнектерді есептеу кезінде қолданылатын
мəн функцияның орындалу нəтижесі болады. Функция айнымалыларға рұқсат етілген кез-
келген типтің мəндерін қайтара алады. SQL екі типті функцияны қолдайды:
1. орнатылған функциялар;
2. қолданушылық функциялар.
Орнатылған функциялар үш типті болады: жол жиынтығын алатын функциялар, агрегатты
жəне скалярлы функциялар.
Жол жиынтығын алатын функцияларды кестеге сілтеу сияқты операторларға қолдануға
болады.
Агрегатты функциялар. Деректер қорында орналасқан ақпараттар бойынша нəтиже
жасау үшін SQL-де агрегатты (нəтижелік) функциялар қарастырылған. Нəтижелік функция
аргумент ретінде деректердің қандай да бағанын бір түгелдей қабылдайды да, бұл бағанды
айқын түрде жинақтайтын бір мəнді қайтарады. Нəтижелік ақпараттың əр түрін алуға болатын,
SQL-де алты агрегаттық функция бар:
1. SUM ( ) функциясы бағанның барлық мəндерінің қосындысын есептейді;
2. AVG ( ) функциясы бағанның барлық мəндерінің орташа мəнін табады;
3. MIN ( ) функциясы бағанның барлық мəндерінің ең кішісін табады;
4. MAX ( ) функциясы бағанның барлық мəндерінің арасынан ең үлкенін табады;
5. COUNT (баған аты) функциясы бағандағы барлық мəндерінің санын есептейді;
6. COUNT (*) функциясы сұраныс нəтижесінің кестесінде жол санын есептейді.
Тілдің негізгі бөлімдері:
1. деректерді анықтау тілі (Data Definition Language - DDL);
2. деректерді манипуляциялау тілі (Data Manipulation Language - DML);
3. сұраныстар тілі (Data Query Language - DQL);
4. транзакцияларды басқару құралдары;
5. деректерді басқару құралдары;
6. программалық SQL.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұрақтылар дегеніміз не?
2. Өрнектер дегеніміз не?
3. Айнымалылар дегеніміз не?
4. Басқарушы нұсқауларды атаңыз?
5. Қандай агрегатты функцияларды білесіңіз?
Əдебиеттер: [1] 53-60 бет, [2] 30-32 бет., [3] 23-27 бет. қ[1] 10-11 бет.
3- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Деректер қорының логикалық құрылымы.
Дəріс мазмұны:
1.
Деректер қорының логикалық құ-рылымы.
2.
Деректер қорын құру жəне жобалау.
Түрлі ДҚБЖ-де жеке деректер қорына бірдей логикалық құрылым қолданылады.
Деректер қорының логикалық құрылымы кесте құрылымын, олардың арасындағы
қатынасты, қолданушылар тізімін, сақтау процедураларын, ережелер, үнсіздік жəне
ДҚ-ң басқа объектілерін анықтайды. SQL-де логикалық деректер объектілер ретінде
ұйымдастырылған. Негізгі объектілер 2-кестеде көрсетілген.
К е с т е 2
Негізгі объектілер
Объект
Тағайындалуы
Tables
Өз деректері сақталатын деректер қорының кестелері
Views
Кестедегі деректерді бейнелеп ұсыну
Indexes
Индекстер – физикалық жадының құрылымдық элементерінің
бірі
Stored Procedures
Сақталатын процедуралар
Triggers
Триггерлер
–
кестедегі
деректердің
өзгеруі
кезінде
шақырылатын инструкция тізбегі
User
Defined
Function
Қолданушымен құрылатын функциялар
User Defined
Data Types
Қолданушымен анықталатын деректер типі
Keys
Кілттер – деректер тұтастығын шектеудің бір түрі
Constraints
Тұтастыққа шек қою – деректердің логикалық тұтастығын
қамтамасыз ететін объектілер
Users
Деректер қорына рұқсаты бар қолданушылар
Roles
Қолданушыларды топқа біріктіруге мүмкіндік беретін ролдер
Rules
Деректердің логикалық тұтастығын бақылауға мүмкіндік
беретін деректер қорының ережелері
Defaults
Деректер қорының стандартты орнатылуы немесе үнсіз
келісімдер
Деректер қорын құру
Достарыңызбен бөлісу: |