SQL тілінің келесідей жетістіктері бар:
• нақты ДҚБЖ–нен тəуелсіздік;
• платформа аралық тасымал;
• стандарттардың болуы;
• IBM (ДҚБЖ DB2) жəне Microsoft (ДҚБЖ SQL Server, ODBC протоколы жəне ADO
технологиясы) компанияларының мақұлдауы жəне қолдауы;
• реляциялық негіз;
• жоғары деңгейлі құрылым;
• арнайы интерактивті сұраныстарды орындауға мүмкіндік;
• деректер қорына программалық рұқсат етуді қамтамасыздандыру;
• деректерді əртүрлі ұсынудың мүмкіндіктері;
• деректер қорымен жұмыс істеуге арналған тіл ретінде толықтығы;
• деректерді динамикалық анықтау мүмкіндігі;
• клиент-сервер архитектурасын қолдау;
• бірлескен қосымшаларды қолдау;
• объектілі-бағытталған технологияларды қолдау жəне олардың кеңейтілуі;
• Интернеттегі деректерге қатынасу мүмкіндігі;
• Java (JDBC протоколы) тілімен интеграция;
• өнеркəсіптік инфрақұрылым.
Қазіргі кезде SQL тілі деректерді басқаратын əмбебап программалық құралы, ол əртүрлі
типтегі көптеген ДҚБЖ-мен қолдау тауып келеді жəне түсіну үшін ыңғайлы болады. Ол
көптеген əртүрлі функцияларды орындайды:
• Интерактивті сұраныстар тілі. Қолданушылар деректерді таңдау жəне оны экранда
көру үшін SQL командаларын интерактивті программаларда қолданып сұраныстар жасайды.
Бұл арнайы сұраныстарды орындау үшін ыңғайлы жағдай.
• Деректер қорының программалау тілі. Деректер қорына қатынасу үшін программисттер
SQL программаларын қолданады. Бұл əдістеме қолданушының өзі жазған программаларымен
қатар деректер қорының қызметші программаларында (есеп берулер генераторлары)
қолданылады.
• Деректер қорын басқару тілі. Жұмыс станциясында немесе серверде тұрған деректер
қорының администраторы SQL-ді деректер қорының құрылымын анықтау үшін жəне
деректерге рұқсат алуды басқару үшін қолданады.
• Клиент-сервер
қосымшалар
құру
тілі.
Дербес
компьютерлерге
арналған
программаларда SQL жергілікті желі бойымен деректер қорының серверімен байланыстын
ұйымдастыру құралы ретінде қолданылады. Онда ортақ қолданылған деректер сақталынады.
Корпоративті деңгейдегі қосымшаларда клиент-сервер архитектурасы аса қолданылымды.
• Интернеттегі деректерге қатынасу тілі. Web-серверлерде SQL корпоративті деректер
қорына қатынасуға мүмкіндік беретін стандартты тіл ретінде қолданылады.
• Деректер қорын тарату тілі. Таратылған деректер қоры басқару жүйелерінде SQL
бірнеше өзара байланысты есептеу жүйелері арасында деректерді таратуға көмектеседі. SQL
арқылы əрбір жүйенің программалық қамтамасыз етілуі басқа жүйелермен байланысып, оларға
сұраныстар жібере отырып деректерге қатынасады.
• Деректер қорының шлюздер тілі. Əртүрлі ДҚБЖ бар есептеу желілерінде бір типтегі
ДҚБЖ-мен басқа типтегі ДҚЖБ-ны байланыстыратын шлюздік бағдарламаларында SQL жиі
қолданылады [1, б. 30].
Сонымен, SQL тілі қолданушыларға реляциялық деректер қорында бар болатын
ақпараттарға қатынасу, оларды өңдеу, сақтау, қолдану, ұсыну жəне жинақтауды қамтамасыз
ететін пайдалы құрал.
SQL тілінің тарихы, стандарты мен қолданылуы
SQL-ді тіл ретінде қабылдаудың алғаш қадамы болып осы тілдің стандарттарының шығуы
болып табылады. SQL стандартын Америка ұлттық стандарттар институты (American National
Standards Institute - ANSI) мен стандарттар бойынша Халықаралық ұйымы (International
Standards Organization - ISO) ресми бекіткен болатын.
Кез-келген стандарттарды қолданумен қатар SQL-дің көптеген артықшылықтарымен қоса
кемшіліктері де бар. Стандарттар, нақты бір арнаға сəйкес өндірістік дамуды бағыттайды. Олар
SQL тіліне негізделген принциптердің болуы, оның түрлі нақтылықтармен сəйкес жүзеге асуы,
деректер қорымен программалық қамсыздандырудың толығымен өтуін, деректер қорының
администраторларының жұмысының əмбебаптылығын көрсетеді. Стандарттар нақты жүзеге
асудың функционалды мүмкіндіктерін шектейді.
Барлық нақты тілдердің бір–бірінен айырмашылықтары бар, олар деректер қорының
серверіне байланысты жетілдіріліп отырады. Əрбір өндірушіге өз өнімін қазіргі ANSI
стандартының қолданушылардың жұмыс істеуіне ыңғайлы болғаны пайдалы. SQL тілін
жетілдіру немесе кеңейту - қосымша командалар мен опциялар болып табылады.
Ақпараттық қызмет көрсету нарығының дамуына байланысты программалық қамтамасыз
ететін өндірушілер əлдеқайда интеллектуалды, яғни көлемді программалық кешендерді
шығара бастады. Көптеген ұйымдар жəне жеке қолданушылар өздерінің ЭЕМ-дарына алған
өнімдерін орналастыра алмады. Ақпараттармен алмасу жəне ақпараттарды тарату үшін
пайдаланыла бастады, ал жалпыланған программалар мен деректер арнайы файлдық
серверлерде орнатыла бастады.
ДҚБЖ файлдық
серверлерімен жұмыс жасаушылардың
арқасында көптеген
қолданушылар бір деректер қорына қатынау мүмкіндіктеріне ие болды. Көптеген ұйымдар
басқарудың əртүрлі аутоматтандырылған жүйелерін өңдеуді қысқартуда. Алайда,
программалардан немесе терминалдардан сұраныстарды өңдеу сол жүйелерде орындалады.
Сондықтан қарапайым сұранысты орындау кезінде де файлдық серверден оқу немесе оларға
толық файылдарды жазу керек. Бұл жағдайларда конфликті жағдайға немесе желінің қайта
жүктелуіне əкеліп соғады. Осындай жетіспеушіліктерді жою үшін клиент-сервер технологиясы
ұсынылды. Бірақ сервермен қатынас жасау үшін тағы да SQL тілі таңдалды.
Бақылау сұрақтар:
1. SQL тілінің негізгі жетістіктері мен функцияларын ата.
2. Бірінші халықаралық стандарт қашан қабылданды?
3. SQL тілін жүзеге асыру дегенді қалай түсінесің?
Əдебиеттер:[1] 45-53 бет. [2] 14- 18 бет. [3] 81-93, 99 бет. қ[1] 5-6 бет.
2- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Деректер құрылымын анықтау SQL тілінің нұсқаулары.
Дəріс мазмұны:
1. Деректер құрылымын анықтау
2.
SQL тілінің нұсқаулары. Деректердің түрлері.
SQL тілінің қырыққа жуық нұсқаулары бар. Əрбір SQL нұсқауы командадан (бұйрықтан),
яғни нұсқаумен орындалатын əрекетті сипаттайтын кілтті сөзден (кейінге сақтау) басталады.
Командадан кейін бір немесе бірнеше ұсыныстар қолданылады.
Ұсыныстар нұсқаулар жұмыс жасайтын немесе нұсқаулардың орындалуы туралы
ақпараттарды анықтайтын деректерден тұрады. Əрбір ұсыныс кілтті сөзден басталады, яғни
WHERE (қайда), FROM (қайдан), INTO (қайда) жəне HAVING (бар болуы).
Нұсқауда міндетті сөйлемдер болады, сөйлемнің нақты құрылымы жəне ұсыныс құрамы
өзгеруі мүмкін. Ұсыныстар кесте немесе баған аттарынан, қосымша кілтті сөздерден,
тұрақтылар жəне өрнектерден тұрады. Кілтті сөздерді үлкен немесе кіші əріптермен жазуға
болады. Стандарттарда кілтті сөздер анықталған команда жəне ұсыныс нұсқаулары түрінде
колданылады, оларды деректер қорының объектілермен бірдей (кесте, баған жəне
қолданушылар) атауға болмайды.
Деректер қорындағы əрбір объектінің өзіне тəн бірегей атауы (идентификатор) бар. SQL
тілінің идентификаторлары деректер қорында белгілеу үшін арналған жəне кесте, ұсыну,
бағандар, индекстер жəне деректер қорының басқа объектілерінің атаулары болып табылады.
Идентификаторларда қолданушы пайдаланатын символдар, SQL стандартымен берілетін,
Достарыңызбен бөлісу: |