• WHERE ұсынысында қандай жолды шығаруды анықтайтын таңдау шарты көрсетіледі.
Таңдау шарттары (ANSI/ISO стандартында олар предикаттар деп аталады):
• Салыстыру. Бір өрнектің мəні басқа өрнектің мəнімен салыстырылады.
• Диапазон. Көрсетілген мəн анықталған диапазонға кіретіні тексеріледі.
• Жиынға тиістілігі. Көрсетілген мəннің берілген мəндер жиынға жататындығы тексеріледі.
• Үлгіге сəйкестігі. Қандай да бір жолдық мəні берілген үлгіге сəйкестігі тексеріледі.
• NULL мəнінің теңдігі. Бағанда NULL мəні бар не жоғы тексеріледі.
• Салыстыру. SQL тілінде екі өрнектің алты салыстыруын қолдануға болады:
• = тең;
♦ тең емес;
• < кіші;
• <=кіші не тең;
• үлкен;
• >= үлкен не тең.
• ДҚБЖ екі өрнектің мəнін салыстырғанда, үш нəтиже шығуы мүмкін:
• егер салыстыру ақиқат болса, онда тексеру нəтижесі TRUE мəнін алады;
• егер салыстыру жалған болса, онда тексеру нəтижесі FALSE мəнін алады;
• егер өрнектің біріеуі NULL мəніне ие болса, онда тексеру нəтижесі NULL болады.
Бақылау сұрақтары:
1. SQL тілінің қандай бөлімдері бар?
2. Тілдің деректерді анықтау операторын ата.
3. Деректер негізгі типтерін атап бер.
4. SQL тілінде қандай функциялар қолданылады?
Əдебиеттер:[1] 49-53, 112-115 бет. [2] 54-56 бет. [3] 39-42 бет. қ[1] 15-20 бет.
2 кредит сағат.
Тақырыбы:
Деректерді шығару үшін сұраныс-тарды құру.
Дəріс мазмұны:
1. SELECT, WHERE, FROM жəне ORDER BY инструкциясы
SQL тілі алдымен сұраныстарды орындауға арналған. SQL сұранысын құру үшін
қолданылатын SELECT инструкциясы тілдің барлық инструкцияларының ішіндегі ең қуаттысы
болып табылады. Осы инструкцияның мүмкіндігінің байлығына қарамастан, оның оқитылуын
қарапайым сұраныстарды құрудан бастап, біртіндей олардың күрделілігін үлкейтуге болады.
SELECT инструкцияның форматы:
SELECT [ALL | DISTINCT] {* | [баған_аты [AS жаңа_аты] ] } [,…n]
FROM кесте_аты [ [AS] псевдоним] [,…n]
[WHERE <таңдау_шарты> ]
[GROUP BY баған_аты [,…n] ]
[HAVING < таңдау_шарты > ]
[ORDER BY баған_аты [,…n] ]
SELECT процедуралы емес операторларға жатады. Сұраған деректерді таңдау үшін ДҚ
сервері орындайтын. Сұраған деректерді шығарудың эффективті тəсілін анықтау үшін
сұраныстарды оптимизаторының көмегімен ДҚ сервері операторды талдауы қажет. Инструкция
алты ұсыныстан тұрады, олардың ішіндегі SELECT жəне FROM қажетті операторлар болып
табылады; қалған төртеуі инструкцияға қажет кезінде қосылады. Ұсыныстың əрбір
функциясын атайық.
• SELECT ұсынысы SELECT инструкциямен қайтарылуға тиісті бағандар тізімін
көрсетеді. Қайтарылатын бағандарда деректер қорындағы кесте бағандарынан
алынатын мəндер немесе сұраныс орындалу уақытында есептелетін мəндер болуы
мүмкін.
• FROM ұсынысында сұраныспен алынатын деректер элементтері бар кесте тізімі
көрсетіледі.
• WHERE ұсынысында сұраныс нəтижелеріне кейбір жолдарды ғана қосуға
болатындығын көрсетеді. Сұраныс нəтижелеріне қосылатын жолдарды сұрыптауда
сұрыптау шарты қолданылады.
• GROUP BY ұсынысы жинақтық сұраныстарды құруға мүмкіндік береді. Сұраныс
нəтижесіне жай сұраныс кестенің əр жолына бір жазбадан қосады. Жинақтық сұраныс
алғашында деректер қорының жолдарын анықталған түрмен топтап, сұраныс
нəтижесіне əрбір топ үшін бір жинақ жолын еңгізеді.
• HAVING ұсынысы GROUP BY ұсынысының көмегімен құрылған топтардың кейбіреуін
ғана сұраныс нəтижесіне қосуға болатындығын көрсетеді. Бұл ұсыныста сұрыптау
бойынша топқа қосатын сұрыптау шарты қолданылады.
• ORDER BY ұсынысы бір немесе бірнеше бағандарда бар деректер негізінде сұраныс
нəтижесін сұрыптайтынын көрсетеді. Егер бұл ұсыныс көрсетілмесе, сұраныс нəтижесі
сұрыпталмайды.
WHERE ұсынысында қандай жолды шығаруды анықтайтын таңдау шарты көрсетіледі.
Таңдау шарттары (ANSI/ISO стандартында олар предикаттар деп аталады):
• Салыстыру. Бір өрнектің мəні басқа өрнектің мəнімен салыстырылады.
• Диапазон. Көрсетілген мəн анықталған диапазонға кіретіні тексеріледі.
• Жиынға тиістілігі. Көрсетілген мəннің берілген мəндер жиынға жататындығы
тексеріледі.
• Үлгіге сəйкестігі. Қандай да бір жолдық мəні берілген үлгіге сəйкестігі тексеріледі.
• NULL мəнінің теңдігі. Бағанда NULL мəні бар не жоғы тексеріледі.
• Салыстыру. SQL тілінде екі өрнектің алты салыстыруын қолдануға болады:
• = тең;
• <> тең емес;
• < кіші;
• <=кіші не тең;
• > үлкен;
• >= үлкен не тең.
• ДҚБЖ екі өрнектің мəнін салыстырғанда, үш нəтиже шығуы мүмкін:
• егер салыстыру ақиқат болса, онда тексеру нəтижесі TRUE мəнін алады;
• егер салыстыру жалған болса, онда тексеру нəтижесі FALSE мəнін алады;
• егер өрнектің біріеуі NULL мəніне ие болса, онда тексеру нəтижесі NULL болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сұрыптаудың өсу ретін қалай ұйымдастыруға болады?
2. Таңдау шарттарын атап бер.
3. Құрылымдық таңдау шарттарын қалай құруға болады?
4. SELECT қайталанатын жолдарымен қалай жұмыс істейді болады?
Əдебиеттер:[1] 49-53, 112-115 бет. [2] 54-56 бет. [3] 39-42 бет. қ[1] 15-20 бет.
5- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы:
Таңдау жəне проекция операциялары.
Дəріс мазмұны:
1. Таңдау жəне проекция операциялары.
2. Декарттық көбейтінді.
Деректерді реляциялық кестеден алып шығуда қатынастарға келесі негізгі операциялар
қолданылады: бірігу, қиылысу, айырым, қатынастардың кеңейтілген декарттық көбейтіндісі,
сонымен қатар қатынастарға арнайы операциялар қолданылады: таңдау, проекция, қосылу жəне
бөлу.
Достарыңызбен бөлісу: |