Кесілген – субъектісінің тері бетіне өткір нәрсе (шыны,металл,пышақ,ұстара т.б) әсерінен пайда болады. Ол жаралар арнасы мен айналасындағы тіндердің бойында тіндердің минималды бұзылуымен ерекшеленеді. Жараның шеттері тегіс және тіндердің эластикалық қабілетіне қарай, жараның кесілу бағытына қарай иіледі. Ауру синдромы қалыпты, қан кету айтарлықтай дәрежеде.Бұл жарақат түрінде үлкен қан тамырлары, нервтері, бұлшықеттер, сіңірлер зақымдалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |