Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату (байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қояр алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі.
Жараға таңғышты қояр алдында дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен мақұл.
Таңғышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған дұрыс.
Қан ағуды уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясын жасап науқасты емдеу мекемесіне алыа бару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |