ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет70/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82

151 
 
2  Белгілі  бір  жастағы  және  әлеуметтік  әрбір  топтың    (студенттер, 
мұғалімдер, оқушылар және т.б.) қазақ ұлттық музыкасына қатысын анықтауға  
байланысты сұрақтар әзірлеу және тақырыптық өзінің ой толғауымен бөлісу;   
3  Фольклорлық  саяхат  материалдары  бойынша  шағын  мақалалар  мен 
очерктерден,  фотоматериалдардан  тұратын  жол  сілтеуіш  журналын  әзірлеу. 
Ауызша  журналға  қатысты  шығаруды  әзірлеу.  Мұндай  тапсырмалар  «Қазақ 
ұлттық  музыкасы  арқылы  тұлғаның  интеллектуалды  дамуы»  атты  элективті 
курстың    аясында  сынақтан  өтті.  Оларды  жүзеге  асыру  үдерісінде  студенттер 
шығармашылық  ұжымдық  серіктестік  пен  тиімді  қарым-қатынастағы  дербес 
тапсырмалар  мен  тәсілдердің  шешімін  табу,  оқу  тобындағы  білім  алушылар 
мен  өзінің  алдында  тұрған  міндетін  орындауға  деген  жауапкершілікте  болуы 
және өзінің этномузыкалық іс-әрекетін жоспарлау мен үлгілеудің қабілетіне ие 
болды.  
Білім алушылар элективті курстың мазмұнын меңгеруде интеллектуалдық 
қабілеттін дамытуға, өз халқының «музыкалық тілін» жан-жақты меңгеру үшін 
кәсіби  және  әлеуметтік  бағытта  ынтасы  қалыптасты.  Қазақ  тілінің  дыбыстық 
жүйесінің  орыс  тілін  оқитын  студенттерге  әсері  қарастырылып,  қазақ  
студенттердің  орыс  тілінің  айтылуымен  туындаған  негізгі  проблемалары 
қарастырылған.  Сондай-ақ  осы  қиындықтарды  еңсеруге  мүмкіндік  беретін 
бірқатар әдістемелік нұсқаулар жасалды [221]. 
Студенттермен  эвристикалық  тапсырмаларды  орындау  барысында 
мұғалімдер  үшін  келесі  ережелерді  ұстану  қажет  болды:  біріншіден,  кәсіби 
музыкалық  шығармадағы  дәстүрдің  сабақтастығы  мен  қазақ  халқының 
музыкалық шығармасын дамытудағы тарихи және этнографиялық заңнамасына 
сәйкес студенттердің ғылыми түсінігі негізінде қазақ ұлттық музыкасы арқылы 
интеллектуалды  дамуы;  екіншіден,  олардың  этномузыкалық  сана-сезімінде, 
халықтың  рухани  дәстүріндегі  эмоционалдық-құндылық  негізінде  халықтың 
музыкалық  шығармасын  жүйелеу  мен  бағалау,  іс-әрекетін  сараптай  отырып 
алынған  білім  мен  қабілетті  шығармашылық  салада  қолдану;  үшіншіден  
болашақ музыка пәні мұғалімінің аталған дамуға даярлығын құрылымдау.       
  Студенттерге  осы  мақсатта  бірқатар  тапсырмалар  берілді.  Төменде  сол 
тапсырмалардан мысалдар келтірілді: 
1  Берілген  пікірден  белгілі  бір  тақырыпқа  сәйкес  эссе  жазуды 
ойластырыңыз: 
а)  Барлық  халық  әндері  әлемде  бір  тілде  сөйлейді...
 
Аңыздар  мен  әндер  -  
халықтың  қайғы  қасіретіне  қызмет  ететін  құнды  жәдігер.  Оларда  бұқаралық 
ақпараттың дауысы мен тарихтың айқайы естіледі (А.Барбюс).  
б)  музыканы  халық  жасайды,  ал  біз  композиторлар  оны  тек  қана 
түрлендіреміз   (М.Глинка); 
в)  «Еуропа  немесе  Таяу  Шығыстың  тарихына  қарағанда,  қазақ  даласы 
өзінің тарихына ие. Көшпелі дәуір кезеңінде халық өзінің түпнұсқалық қоғамы 
мен мәдениетін құрды. Әрбір көшпелі халықтың өзіне тән жеке көзқарасы мен 
қайталанбас ойлары болды (Л.Н.Гумилев. «Ойдан құрастырылған патшалықты 
іздеу» кітабынан). 


152 
 
2   Бір тақырыпқа қатысты шығарма жазу:    
а)  Заманауи  музыка  пәнінің  мұғалімі:  тапсырмалардың  қызметі  мен  жеке 
сапалар; 
б) менің отбасымдағы музыкалық дәстүрлер. 
3   Төменде  көрсетілген  ән  мен  күй  жайындағы  халықтың  мақал  мен 
мәтелдеріне шағын-шығарма түріндегі түсіндірме жасау.  Мұнда  салауатты 
өмір салты  мен адамның мінез-құлқы бейнеленгеніне мән беру   
а) Әні бардың – сәні бар; 
б) Ақылың болса- ән тыңда; 
4  Бір тақырыптқа реферат дайындау: 
а)  Қазақ  халқының  музыкасын  алғаш  жинаушылардың  бірі  -  А.Затаевич: 
шығармашылық портрет; 
б)  халық  музыкасындағы  ұлттық  ерекшеліктер  мен  оның  бейнесі 
(Қазақстан халқының музыкалық дәстүріне салыстырмалы талдау).     
5  Бір тақырыптқа сараптамалық хат жазу: 
а) Ән дәстүріндегі заманауи  арқалықтық (жетісудың, сырдарияның) күй. 
б) Үйлену салт-дәстүріне арналған Қазақстан композиторлары операсы.  
  Осылайша,  жобалық  әдіс  пен  эвристикалық  тапсырма  қазақ  ұлттық 
музыкасы арқылы болашақ мұғалімдердің интеллектуалдық дамуының кешенді 
бағытталуын, 
педагогикалық 
іс-әрекеттердің 
бақылануы 
мен 
диагностикалануын жүзеге асырды. Ал бұл болса, қалыптастыру эксперименті 
мазмұнында кері байланысты іске асыруға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде 
студенттердің  элективті  курс  мазмұны  мен  3.2  параграфында  көрсетілген 
пәндер  бағдарламаларына    қосымшаларды  меңгеру  сапасын  анықтауға 
мүмкіндік туады.  
Сондай-ақ, студенттердің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды 
дамуы  деңгейін  анықтау  барысында  ғылыми-зерттеушілік  іс-әрекетті 
белсендіру  жұмыстары,  практика  түрлері  мен  аудиториядан  тыс  іс-шаралар 
жүргізілді.    Студенттердің  элективті  курс  мазмұны  мен  алдыңғы  параграфта 
көрсетілген 
базалық 
және 
бейіндеуші 
пәндер 
бағдарламаларына  
қосымшаларды  меңгеру  сапасын  анықтау  бойынша  ағымдағы,  аралық  және 
қорытынды  кесінділер  алынды.  Қалыптастыру  эксперименті  барысында 
студенттердің  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды  даму 
мүмкіндіктері  ескеріліп  қана  қоймай,  оқытудағы  дифференциалдық  және 
жекелік  ұстанымдары да негізге алынды.     
Сонымен  қатар  студенттердің  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы 
интеллектуалды  дамуы  мақсатында  базалық  және  бейіндеуші  пәндер, 
элективтік  курстан  меңгерген  білімдері    аралық  және  қорытынды  бақылау, 
емтихан негізінде де бағалауда байқалды.  
Зерттеудің  қорытындылау  кезеңінде  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы 
интеллектуалды дамытудың тиімді әдісін анықтау үшін жұмыстар атқарылды.  
Осы  кезеңнің  мақсаты  аталған  даму  бойынша  жасалған  оқу-әдістемелік 
кешеннің негізінде қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуының 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау