150
Студенттерінің педагогикалық практикасын сараптау және этномузыкалық
бағыттағы сабақтарды жүргізу үшін білім алушылар тұлғаны интеллектуалды
дамыту мақсатында оларды педагогикалық үдеріске ендіру қажеттігі мен
этномузыкалық білім беру тұжырымдамасының терең ойын түсінуге мүмкіндік
жасады. Элективті курсты оқыту барысында студенттердің жеке танымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру мен реттеу қабілетін дамытуда біз жобалық әдісті
қолдандық. Осы әдістің бір ерекшелігі жоспарлау үдерісінде ие болған
студенттердің дербес тәжірибесіндегі білімі мен қабілеттің қалыптасуы және
біртіндеп күрделі практикалық тапсырмаларды – жобаларды орындау болып
табылады.
Жобалық әдісті қолдану оқытудағы пәнаралық байланыс пен
проблемалық-ізденістік
принцип
негізінде
болашақ
мұғалімдердің
шығармашылық қабілеті мен дағдыларын, интеллектуалды дамуын жүзеге
асырады. Осыны негізге ала отырып және музыка пәнінің болашақ
мұғалімдерінің кәсіби қызметінің бағытын ескеріп, тақырыптағы жобалық-
шығармашылық және тәжірибелік-бағыттылық тапсырмаларды ұсындық.
Мысалы, болашақ музыка пәнінің мұғалімдері көркем
-білім беру мен оқу-
тәрбиелік іс-әрекеттердің бағытындағы халықтың музыкалық шығармашылық
негізінде мынадайі тапсырмалар ұсынылды:
1 Наурыз мейрамына арналған бастауыш мектеп жасындағы балалардың
ертеңгілік
сценарийін дайындау;
2 Дамытушылық бағыттағы (танымдық, адамгершілік, эстетикалық және
т.б.) және белгілі бір жас шамасындағы балалардың педагогикалық
мүмкіндігіне сәйкес халық әндері мен күйлері бойынша үлестірмелі
қағаздарды құрастыру;
3 «Туған өлкенің музыкасы» атты фольклорлық саяхат материалының
негізінде бастауыш сынып оқушыларына
арналған әңгіме әзірлеу;
4 Аса көрнекті халық музыканттарының мерейтойларына арналған
материалдар таңдау (суреттер, журналдар мен газеттердің қиындылары, ән мен
күйдің ноталар және т.б.) және қабырға газеттері, ауызша журналдарға
арналған алмалы-салмалы парақтар түрінде әзірлеу.
Сондай-ақ, студенттерге музыкалық-ағартушылық бағытта келесі жобалық
тапсырмалар ұсынылды:
1 Халық аспаптары мұражайынаа
саяхат ұйымдастыру;
2 Студенттік топтармен бірлесе отырып тақырыптық дәріс-концерт
даярлау және өткізу, музыкалық және әдебиеттік материалдар таңдау, жоспарға
сәйкес ұйымдастыру мен орындау;
3 Студенттік топта халық музыкасының орындаушысымен кездесу
ұйымдастыру, қонақтар үшін сұрақтар мен кездесу жоспарын құрастыру.
Студенттерге
ғылыми-зерттеушілік бағытта музыка пәнінің мұғалімінің
іс-әрекетіне сәйкес мындай жобалық тапсырмалар ұсынылды:
1 Аймақтық орындаушылық дәстүрді ескере отырып фольклорлық
саяхаттағы халық әншілері мен күйшілерінің әңгімесіне арналған сұрақтар
тізімін құрастыру;