142
шығарманың ішінен көпшілігіне ұнағанын таңдау және оны жазбаша түрде
сараптау (не себептен осы шығарманы таңдағанын түсіндіру, оның
педагогикалық мазмұнын, ойын, мәнерлік құралдарын ашу және т.б.).
Орындалған студенттердің жұмыстарын сараптай келе, олар халықтық
музыкалық шығармаға, оның жанрлық жіктелуі мен аймақтағы орындаушылық
дәстүрге, құнды мазмұндарға әлсіз бағытталғандығын көрсетті. Педагогикалық
жоғары оқу орындарында студенттердің интеллектуалдық дамуындағы
халықтық музыкалық шығарманың мүмкіндіктері көпшілік студенттер үшін
түсініксіз болғаны анықталды. Бақылау және эксперимент тобындағы
студенттер сараптау қабілеті бойынша, өзінің ойын айту, халықтық музыкалық
шығармаға
баға беру, жоғары интеллектуалдық белсенділікті көрсетпеді.
Тұлғаның
интеллектуалдық
дамуындағы
халықтық
музыкалық
шығарманың мәнін түсінуге бағытталған сауалнаманың сұрақтарына жауап
ретінде музыка пәнінің мүмкіндіктерін анықтау (сабақ тақырыбы бойынша),
пән аралық байланысты орнату, халықтық музыкалық шығарманың қабылдау
кезіндегі шығарманы толық бейнелеуді ұсынатын жоғары деңгейі болмады.
Халықтық музыкалық шығарманың тәрбиелік мәндегі шығарманы түсіну үшін
орта деңгейге жататын студенттердің жауабы тұлғалық сападағы толық
ерекшелікті көрсетпей, жалпылама түрдегі балалардың тәрбиесінің мәнін
ерекшелеген. Тұлғаның интеллектуалдық дамуындағы халықтық музыкалық
шығарманың мәнін төмен деңгейде түсіну интеллектуалдық-дамудың
мүмкіндігін сезіну болмағандықтан болды.
Әндік шығарма (шертпе салт-дәстүрі, төкпе, аймақтық ән мен домбыралық
дәстүр) және домбыралық музыканың өзіне тән белгілері мен халықтық
музыканың ерекшелігіндегі білімді анықтау үшін «Дыбыстық сауалнама» әдісі
қолданылды. Онда халықтық музыкалық шығарманы тыңдаудан кейін
студенттерге мынадай сұрақтарға жауап беру ұсынылды:
1 Шығарманың стильдік
негізін анықтау;
2 Жанрлық
ерекшеліктерге бөлу;
3 Музыкалық-мәнерлік
құралдарды сипаттау (мелодия, гармония,
метроритм, динамика және т.б.).
Студенттердің білім деңгейі келесі бейнеде бағаланды:
- жоғары деңгей (3 балл) – музыкалық материалдардың өзіне тән белгілерін
нақты анықтау, жанрлық шығарманың ерекшелігі мен
стилін толық ашу;
- орта деңгей (2 балл) – шығармашылық құралдардағы музыкалық-
мәнерліктің ерекшелігін жартылай ашу, шығарманың стильдік белгілерін
жеткіліксіз сипаттау;
- төмен деңгей (1 балл) – барлық үш сұрақтар бойынша үстірт немесе қате
білім.
Алынған мәліметке сәйкес студенттердің интеллектуалдық дамуының
когнитивтік компонентінің даму деңгейін бейнелейтін келесі нәтижелерге қол
жеткіздік (6-ші сурет):