ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет68/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82

146 
 
 
 
Сурет 8 – Қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалдық дамудың іс-
әрекеттік-рефлексивтік компоненті бойынша көрсеткіштер (эксперименттің 
бастапқы мәліметтері) 
 
Эксперимент  барысында  2015/2016  оқу  жылының    5В010600  - 
«Музыкалық  білім»  мамандығындағы  түлектерді  зерттеу  барысында  мынадай 
мәліметтер алынды. «Ұлттық музыка арқылы интеллектуалды дамыған мұғалім 
қандай  сапаға  ие  болуы  тиіс?»  деген  сұраққа  түлектер  негізінен  жаппай  «төл 
музыкалық  мәдениетті  тірілту  мен  сақтауға  талпыну»  десе,  «интеллектуалдық 
даму», «интеллект» түсінігіне барлығы сәйкес анықтама бере алмады.      
Ұлттық музыка арқылы интеллектуалдық дамуды қарастыратын элективті 
курстар,  базалық  және  бейіндеуші  пәндердің  мазмұнын  толықтыра  отырып 
болашақ  мұғалімдердің  білім  беру  мазмұнындағы  қазақ  ұлттық  музыкасы 
арқылы 
педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарында 
студенттердің 
интеллектуалды  дамуына  бағытталған  пәндердің  курсындағы  қосымша 
материалдарды  құрастыруға  қажетті  сұрақтардың  оң  жауабы  алынды,  сондай-
ақ  әртүрлі  халықтардың  музыкалық  дәстүрін  бейнелейтін  тиісті  білім, 
терминдері мен мұғалімнің интелектуалдық дамуының мәселесі қарастырылды.    
Айқындау  эксперименті  кезеңінде  базалық  және  бейіндеуші  пәндердің 
(«Негізгі  музыкалық  аспап»,  «Қазақ  музыкасының  тарихы»,  «Әлемдік  музыка 
тарихы»,  «Халықтың    музыкалық  шығармашылығы»,  «Фольклорлық 
ансамбль»,  «Фольклорлық  аспаптар»,    «Музыкалық  білім  беру  әдістемесі», 
«Дирижерлеу»,  «Халық  аспаптарының  оркестрі»)  мазмұнын  сараптау 
барысында  олардың  ұлттық  музыка  арқылы  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарында 
студенттердің 
интеллектуалды 
дамуының 
объективтік 
мүмкіндіктері  анықталды.  Оны  біз  былайша  тұжырымдадық:  бағдарламалық 
материалдардың  мазмұнындағы  оқу  пәнін  сараптауда  оның  интеллектуалдық 
дамуының  мәнін  ашатын  тұлғалық  сапа,  студенттердің  білімі  мен  қабілетін 
қалыптастыратын  объективті  мүмкіндіктерді  меңгеру  болып  табылады. 
Дегенмен, мұндай пәндер олардың зерттеу аспектісіндегі әзірлеменің мазмұнын 
0
10
20
30
40
50
60
70
Жоғары
Орташа  
Төмен
0
33.33
66.67
0
44.55
55.45
Эксперимент тобы 
Бақылау тобы


147 
 
толықтыру қажеттігі жетерліксіз қолдануда, сондай-ақ болашақ мұғалімдердің 
интеллектуалдық  дамуының  халықтық  музыкалық  шығармасы  бай  әлеуетті 
құрайды.   
Осылайша,  тәжірибедегі  айқындау  кезеңінің  нәтижесінің  көрсеткіші 
мынадай:  
-қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғары оқу орындарында 
студенттердің  интеллектуалды  дамуының  деңгейі  жағынын  бақылау  және 
эксперимент топтағы студенттер бірдей болып келді; 
-  музыка  пәнінің  болашақ  мұғалімдерін  даярлау  жүйесі  ұлттық  музыка 
арқылы 
педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарында 
студенттердің 
интеллектуалды  дамуына  толық  бағытталмағандықтан,    белгілі  бір 
толықтыруды қажет етпейді; 
- қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғары оқу орындарында 
студенттердің  интеллектуалды  дамуының  мәселесі  бойынша  барлық  сұхбат 
берушілер, университеттің мұғалімдері  осы мәселені бүгінгі таңда өзекті және 
маңызды деп есептейді.   
Айқындау 
экспериментінің 
нәтижесі 
бойынша 
экспериментке  
қатысушылар жөнінде толық ақпарат алынды, қазақ ұлттық музыкасы арқылы 
студенттердің  интеллектуалды  дамыту  қажеттілігі  анықталды.  Осыған 
байланысты  тәжірибелі-эксперимент  жұмысының  екінші  кезеңі  қалыптастыру 
эксперименті жүргізілді.  
Қалыптастыру эксперименті кезеңінде мынадай міндеттер алға қойылды:  
1  Студенттердің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуына 
қызығушылығын қалыптастыру; 
2  Студенттердің  қазақ  ұлттық  музыкасы  саласынан  білімдерін  тереңдету, 
соның негізінде олардың интеллектуалдық әлеуетін кеңейту; 
3  Эксперимент  барысында  оқу  және  аудиториядан  тыс  жұмыстар  мен 
педагогикалық  практиканы    кіріктіру  негізінде    интеллектуалдық  дамыту 
ортасын құру   
Эксперименттің  қалыптастыру  кезеңінде  университеттің  оқу-тәрбие 
үдерісінде  автордың  студенттерді  қазақ  ұлттық  музыкасы    арқылы 
интеллектуалды  дамытуға  арналған    базалық  және  бейіндеуші  пәндер 
бағдарламаларына  қосымшалар  және    «Қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы 
тұлғаның интеллектуалды дамуы»  атты элективті курс мазмұны оқытылды.  
 Педагогикалық  практикада  да  зерттеу  барысында  жасалған    әдістемелік 
ұсыныстар  қолданылды.  Оған  қазақ  ұлттық  музыкасы    құралдарын  қолдану 
сабағы,  интеллектуалдық-дамытушылық  бағыттағы  сабақтар,  тәрбиелік  іс-
шаралар,  кішігірім  зерттеу  жұмыстары,  интеллектуалдық-дамытушылық 
ортадағы  мектептерді  зерттеу  кіреді.  Студенттер  педагогикалық  практика  
барысында  өздері    әзірлеген  музыка  пәнінің  сабағын,  тәрбиелік  іс-шараларды 
әзірлеу  кезінде  халық  музыкалық  шығармаларын  ендіруге  аса  мән  берілді. 
Мұндай  тапсырмаларды  орындау  кезінде  студенттердің  сараптамалық, 
зерттеушілік  дағдылары,  интеллектуалдық  қабілеті  дами  түсті.  Оны 


148 
 
эксперимент  тобындағы    аралық  динамикалық  кесіндіде  алынған  оң 
көрсеткіштер дәлелдейді.   
Болашақ педагог-музыканттардың ұлттық музыка  арқылы интеллектуалды 
дамуының  когнитивтік көрсеткіштегі деңгейін анықтау үшін  «Сараптама», 
«Сөзжұмбақ», «Шығарма және сауалнама» алынды.  
«Сараптама»  әдісінің  мақсаты  студенттер  өзінің  және  басқа  ұлттардың 
музыкалық шығармасының мазмұнын ұғынуын анықтау болды. Студенттердің 
сараптамасы  кең  және  көп  жақты  болса,  онда  халықтық  музыкалық 
шығармаларды  қабылдауы  жоғары    болады.  Сондықтан  біз  студенттерге 
мынадай тапсырмалар ұсынамыз (мысалы, толқын күшінің бейнесі, тынышсыз 
рух,  кескіндік  ерекшелік):  1)  орыс  музыка  немесе  батыс-еуропалық 
шығармалардан қазақ ұлттық музыкасының аналогиясын таңдау; 2) жеке кесте 
құрастыру.  
Алынған  мәліметтер  мынадай  талаптар  бойынша  өңделді:  шығармада 
бейнеленген ойды анықтау;  дұрыс жауаптардың саны; сараптамалық кестенің 
дұрыс  жалғастырылуы.  Осы  талаптар  бойынша  студенттердің  жиналған  балы 
есептелінеді  (әрбір сәйкестік  үшін  1  балл).  «Сараптама»  әдісі  қазақ халқының 
музыкалық  шығармасына  деген  қызығушылық  пен  терең  эстетикалық  қарым-
қатынасты  дамытуға  арналған  база  негізінде  музыкалық-есту  әсерін 
қалыптастыру,  батыс-еуропалық, ресей, қазақ музыкасының көркемдік әсеріне  
талдау жасай білу қабілетін дамыту.         
«Сөзжұмбақ»  әдісінің  мақсаты  болып  студенттердің  өз  халқының 
музыкалық  дәстүрінің  тарихы  мен  дамуы,  қазақ  ұлттық  музыкасының 
жанрларына  қарай  жіктемесі,  қазақ  ұлттық  музыкасы  саласындағы  өкілдер 
туралы  білімін  анықтау  табылады.  Өткізілу  барысы:  Студенттерге  30  сөзден 
тұратын  сөзжұмбақ  құрастыру  ұсынылады.  Олар  қазақ  халқының  музыкалық 
дәстүрі, халықтың музыкалық мәдениеті және т.б. тақырыптарда болуы мүмкін. 
Өзінің  білімінен  басқа  дерек  көздерін  қолдану  рұқсат  етілмейді.  Сөздерді 
таңдауға  байланысты  қиындық  туындағанда  студенттер  сөзжұмбақта 
толтырылмаған ұяшық қалдырып кетуі тиіс.  
Алынған  мәліметтерді  өңдеу  барысында  студенттердің  қазақ  халық 
музыка саласынан білімдерінің тереңдігі есепке алынды.  
Өйткені  студенттің  қазақ  ұлттық  музыка  саласынан  ұғымдық 
анықтамаларды  білуі,  оның  осы  аядағы  білімі  дейгейінің  көрсеткіші  болып 
табылады: 30-дан 20-ға дейін – жоғары деңгей; 20-дан 10-ға дейін орта деңгей; 
10-дан  5-ке  дейін  төмен  деңгей.  Студенттер  этномузыкалық  тақырыпқа  сай 
қызығушылықпен сөзжұмбақ жасап, шешімін тапты. Бұл халықтың музыкалық 
шығармашылығы  саласындағы  терминологияны  бекітуге  және  олардың  мәнін 
түсінуге мүмкіндік жасады.     
Дәстүрлі  және  дәстүрлі  емес  сабақ  формасын  қолдану,  сондай-ақ 
оқытудың  интербелсенді  әдісін  («миға  шабуыл»,  дебат,  тренинг, 
рефераттарды  қорғау,  интеллектуалдық  портфолио,  сөзжұмбақтар 
құрастыру,  байқаулар,  шығармалар  және  т.б.)  енгізудегі  шығармашылық 
қызығушылық пен студенттердің оқу-танымдық қызметін белсендендіру, қазақ 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау